Леволет (750 мг)

МНН: Левофлоксацин
Производитель: Др. Редди'с Лабораторис Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levofloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021616
Информация о регистрации в РК: 15.09.2015 - 15.09.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 287.27 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Леволет

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левофлоксацин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар 750 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 768.70 мг левофлоксацин гемигидраты 750.0 мг левофлоксацинге баламалы

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 101), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 102), жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон, гипромеллоза 15 cps.

қабықтың құрамы: магний стеараты, Опадрай ақ OY-58900, су

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған, модификацияланған капсула сияқты пішіндегі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Микробтарға қарсы дәрілер - хинолон туындылары. Фторхинолондар. Левофлоксацин.

АТХ коды J01MA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Левофлоксацинді пероральді қабылдағанда жылдам және толық дерлік сіңеді, плазмадағы шыңдық концентрациясына 1-2 сағат ішінде жетеді.

Абсолюттік биожетімділігі 99 - 100% құрайды.

Тамақ левофлоксациннің сіңуіне елеулі әсер етпейді.

Препараттың тұрақты концентрациясына тәулігіне 1 немесе 2 рет 500 мг дозадағы сызба бойынша қабылдағаннан кейін 48 сағат ішінде жетеді.

Таралуы

Левофлоксациннің 30 - 40% жуығы қан плазмасындағы ақуыздармен байланысады. Левофлоксациннің орташа таралу көлемі бір рет және қайталап 500 мг дозада енгізуден кейін шамамен 100 л құрады, бұл организмнің тіндеріне кең таралатынын көрсетеді.

Дененің тіндеріне және сұйықтығына өтуі

Левофлоксациннің бронхтың шырышты қабығына, эпителиалдық қабат жабынының сұйықтығына, альвеолярлық макрофагтарға, өкпе тіндеріне, теріге (интерстициальді сұйықтық), простата тіні мен несепке өтетіні көрсетілген.

Алайда левофлоксацин жұлын-ми сұйықтығына нашар өтеді.

Биотрансформациясы

Левофлоксацин толық дерлік метаболизденеді, дезметил-левофлоксацин және N-оксид левофлоксацин метаболиттері болып табылады. Бұл метаболиттер құрамында препарат дозасы <5% және несеппен бөлінеді. Левофлоксацин стереохимиялық тұрақты және хиральді инверсияға ұшырамайды.

Шығарылуы

Левофлоксацинді ішке қабылдағаннан немесе к/і енгізуден кейін препарат плазмадан салыстырмалы түрде баяу шығарылады (t/2: 6 - 8 сағат). Негізінен бүйрекпен шығарылады (енгізілген дозаның >85%).

Бір реттік 500 мг дозаны енгізуден кейінгі левофлоксациннің орташа болжамды жалпы клиренсі 175 +/- 29,2 мл/мин құрады.

Көктамырішілік және пероральді тәсілмен қолдануда левофлоксацин фармакокинетикасының елеулі айырмашылығы жоқ, бұл оларды өзара алмастыруға болатынын растайды.

Дозаға байланыстылығы

Левофлоксациннің фармакокинетикасы 50-ден 1000 мг дейінгі доза диапазонында дозаға байланысты болып табылады.

Ерекше топтағы емделушілер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Левофлоксацин фармакокинетикасына бүйрек жеткіліксіздігі әсер етеді. Бүйрек функциясы төмендеуінде препараттың бүйрекпен шығарылуы және бүйрек клиренсі төмендейді, жартылай шығарылу кезеңі төмендегі кестеде көрсетілгендей ұлғаяды.

Бүйрек жеткіліксіздігіндегі пероральді бір реттік 500 мг дозаны қабылдағаннан кейінгі фармакокинетикасы.

Clкр [мл/мин]

<20

20 - 49

50 - 80

Clпоч. [мл/мин]

13

26

57

t1/2 [сағ]

35

27

9

Егде жастағы емделушілер

Жас емделушілер және егде жастағы емделушілердің левофлоксацин фармакокинетикасында креатинин клиренсіне байланысты айырмашылықтарынан басқа, елеулі айырмашылық жоқ.

Жыныстық айырмашылықтар

Әйел және еркек жынысты емделушілерге қатысты жеке талдау левофлоксацин фармакокинетикасында жынысына қарай елеусіз ғана айырмашылық барын көрсетті. Бұл жыныстық айырмашылықтардың клиникалық елеулі екендігіне нақты дәлел жоқ.

Фармакодинамикасы

Левофлоксацин фторхинолондар класының синтетикалық антибактериялық препараты, офлоксацин рацемиялық белсенді затының S (-) энантиомері болып табылады.

Әсер ету механизмі

Хинолон туындыларының антибактериялық препараты ретінде левофлоксацин топоизомераза IV және ДНҚ - ДНҚ-гираза кешеніне әсер етеді.

ФК/ФД арақатынасы

Левофлоксациннің бактерицидтік белсенділік дәрежесі сарысудағы ең жоғары концентрациясы (Cmax) немесе фармакокинетикалық қисық астындағы аудан (AUC) және ең төмен бәсеңдетуші концентрация (ЕТБК) арасындағы арақатынасқа тәуелді.

Резистенттілігінің механизмі

Левофлоксацинге резистенттілік топоизомеразалары II типті, ДНҚ-гираза және топоизомераза IV нысана-сайт мутациясы жолымен біртіндеп жүре пайда болады. Өткізгіштіктің бөгеттері (Pseudomonas aeruginosa таралған) және тіндерден шығатын заттар ағыны сияқты басқа да резистенттілік механизмдері де левофлоксацин шалдыққыштығына әсер етуі мүмкін.

Левофлоксацин және басқа да фторхинолондар арасында айқаспалы резистенттілік байқалды. Әсер ету механизмінің ерекшелігіне байланысты негізінен левофлоксацин және басқа класты бактерияға қарсы препараттардың арасында айқаспалы резистенттілік жоқ.

Шектік мәндері

Сезімтал және сезімталдығы орташа микроорганизмдердің, сондай-ақ сезімталдығы орташа және резистентті микроорганизмдердің арасындағы айырмашылыққа левофлоксацин үшін ЕТБК шектік мәніне жүргізілген микробтарға қарсы препараттарға сезімталдығын тестілеу бойынша Еуропалық комитет (EUCAST) ұсынған шектік мәні ЕТБК (мг/л) төменде келтірілген кестеде берілген.

Левофлоксацин үшін микробтарға қарсы препараттарға сезімталдығын тестілеу бойынша Еуропалық комитет ұсынған клиникалық шектік мәніне ЕТБК (нұсқасы 2.0, 01.01.2012 ж.):

Патоген

Сезімталдығы

Резистенттілігі

Энтеробактериялар

≤1 мг/л

>2 мг/л

Pseudomonas spp.

≤1 мг/л

>2 мг/л

Acinetobacter spp.

≤1 мг/л

>2 мг/л

Staphylococcus spp.

≤1 мг/л

>2 мг/л

S. pneumoniae 1

≤2 мг/л

>2 мг/л

Streptococcus A, B, C, G

≤1 мг/л

>2 мг/л

H. influenzae 2 3

≤1 мг/л

>1 мг/л

M. catarrhalis 3

≤1 мг/л

>1 мг/л

Микроорганизмдер түріне4байланыссыз

шектік мәндер

≤1 мг/л

>2 мг/л

  • Левофлоксацинге арналған шектік мәнінің препараттың жоғары дозаларын қолданумен емге қатысы бар.

  • Фторхинолондарға резистенттіліктің төмен деңгейі байқалуы мүмкін (ципрофлоксацин препаратының ЕТБК 0,12-0,5 мг/л), алайда бұл резистенттіліктің H. influenzae таяқшаларымен тыныс алу жолдарының инфекциясында клиникалық мәні барына нақты дәлел жоқ.

  • Шектік мәннен жоғары ЕТБК мөлшері бар штаммдар өте сирек кездеседі немесе олар туралы әлі мәлімделмеген. Осыған ұқсас кез келген изолятты пайдалана отырып, микробқа қарсы препараттарға сәйкестендіру және сезімталдығына талдауды қайталау керек және егер нәтиже расталса, изолятты анықтамалық зертханаға жіберу керек. Резистенттіліктің осы сәттегі қолданыстағы шектік мәні ЕТБТ асып түскен изоляттар үшін клиникалық жауапқа растау алынғанша бұндай изоляттар резистентті болып саналуы тиіс.

  • Шектік мәндер 500 мг x 1 немесе 500 мг x 2 ішу арқылы қабылданатын дозалар үшін және 500 мг x 1 - 500 мг x 2 к/і енгізуге арналған дозалар үшін жарамды.

    Резистенттіліктің таралуы орналасқан орны және уақыты (жекелеген түрлер үшін) бойынша ауытқиды, әсіресе ауыр жұқпаларды емдегенде резистенттілігі туралы оқшау ақпараттар алынғаны дұрыс. Егер оқшау резистенттілігі таралуы препаратты қолдану бойынша пайдасына, ең болмағанда, жұқпаның кейбір типтерінде күдік тудыратындай болса, қажет болғанда маман кеңесіне жүгінген дұрыс.

    Микроорганизмдердің әдеттегі сезімтал түрлері

    Аэробтық грамоң бактериялар

    Bacillus anthracis

    Метициллинге сезімтал Staphylococcus aureus

    Staphylococcus saprophyticus

    Streptococci, группа C және G

    Streptococcus agalactiae

    Streptococcus pneumoniae

    Streptococcus pyogenes

    Аэробтық грамтеріс бактериялар

    Eikenella corrodens

    Haemophilus influenzae

    Haemophilus para-influenzae

    Klebsiella oxytoca

    Moraxella catarrhalis

    Pasteurella multocida

    Proteus vulgaris

    Providencia rettgeri

    Анаэробтық бактериялар

    Peptostreptococcus

    Басқалары

    Chlamydophila pneumoniae

    Chlamydophila psittaci

    Chlamydia trachomatis

    Legionella pneumophila

    Mycoplasma pneumoniae

    Mycoplasma hominis

    Ureaplasma urealyticum

    Жүре пайда болған резистенттілік проблема тудыруы мүмкін түрлер

    Аэробтық грамоң бактериялар

    Enterococcus faecalis

    Метициллин-резистентті# Staphylococcus aureus

    Коагулазанегативті Staphylococcus spp

    Аэробтық грамтеріс бактериялар

    Acinetobacter baumannii

    Citrobacter freundii

    Enterobacter aerogenes

    Enterobacter cloacae

    Escherichia coli

    Klebsiella pneumonia

    Morganella morganii

    Proteus mirabilis

    Providencia stuartii

    Pseudomonas aeruginosa

    Serratia marcescens

    Анаэробтық бактериялар

    Bacteroides fragilis

    Табиғи резистенттілікке ие штаммдар

    Аэробтық грамоң бактериялар

    Enterococcus faecium

    #Метициллин-резистентті S. aureus сондай-ақ левофлоксацинді қоса, фторхинолонарға ко-резистенттілікке иелігінің ықтималдығының үлесі жоғары.

Қолданылуы

Ересек емделушілердегі төмендегі жұқпаларды емдеуге арналған («Айрықша нұсқаулар» және «Фармакодинамикасын» қараңыз):

- жедел бактериялық синусит

- созылмалы бронхиттің өршуі

- ауруханадан тыс және ауруханаішілік пневмония

- тері және жұмсақ тіндердің асқынған жұқпасы

- пиелонефрит, несеп шығару жолдарының асқынбаған және асқынған жұқпалары («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- созылмалы бактериялық простатит

- асқынбаған цистит (оның ішінде урогенитальді хламидиоз) («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- сібір ойық жарасының өкпелік түрі: жанасудан кейінгі алдын алу және ем («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

Таблеткадағы Леволет препараты сондай-ақ левофлоксацинді көктамырішілік енгізетін стартты ем жүргізуден кейін жақсару байқалған емделушілерде емдеу курсын аяқтау үшін қолданылуы мүмкін.

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану бойынша ресми нұсқауды орындау керек.

- жоғарыда аталған көрсетілімдерге байланысты септицемия

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды ішке тәулігіне 1-2 рет қабылдайды. Дозалау жұқпаның түрі мен ауырлығына, сондай-ақ қоздырғыштың болжамды сезімталдығына байланысты.

Таблеткадағы Леволет препараты сондай-ақ левофлоксацинді көктамырішілік енгізетін стартты ем жүргізуден кейін жақсару байқалған емделушілерде емдеу курсын аяқтау үшін қолданылуы мүмкін; парентеральді және пероральді түрлерінің биобаламалылығы жағдайында сол дозаны пайдалануға болады.

Дозалау

Леволет таблеткаларда төмендегі дозаларда қолданылады:

Бүйрек функциясы қалыпты ересек емделушілерге арналған дозалау

(креатинин клиренсі ≥50 мЛ/мин)

Инфекция түрі

Тәуліктік доза

Ұзақтығы (күн)

Нозокомиальді (ауруханалық) пневмония

750 мг

7-14

Ауруханадан тыс (ауруханалық емес) пневмония

500 мг

7-14

Ауруханадан тыс (ауруханалық емес) пневмония

750 мг

5

Жедел бактериялық синусит

750 мг

5

 

500 мг

10-14

Созылмалы бронхиттің жедел бактериялық өршуі

500 мг

7

Тері және құрылымының асқынған жұқпалары (SSSI)

750 мг

7-14

Тері және құрылымының асқынбаған жұқпалары

500 мг

7-10

Созылмалы бактериялық простатит

500 мг

28

Несеп шығару жолдарының асқынған жұқпасы немесе жедел пиелонефрит

750 мг

5

Несеп шығару жолдарының асқынған жұқпасы немесе жедел пиелонефрит

250 мг

10

Несеп шығару жолдарының асқынбаған жұқпасы

250 мг

3

Емделушілердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 50 мл/мин)

Препараттың қосымша дозасын енгізу талап етілмейді.

Қалыпты бүйрек

функциясындағы доза, әрбір 24 сағатта

Креатинин клиренсі

20-дан 49 мЛ/мин дейінгі

Креатинин клиренсі

10 -нан 19 мЛ/мин дейін

Гемодиализ немесе созылмалы амбулаторлық перитонеальді диализ

(CAPD)

750 мг

750 мг әрбір 48 сағатта

Бастапқы доза 750 мг, содан кейін 500 мг әрбір 48 сағатта

Бастапқы доза 750 мг, содан кейін 500 мг әрбір 48 сағатта

500 мг

Бастапқы доза 500 мг, содан кейін 250 мг-ден әрбір 24 сағатта

Бастапқы доза 500 мг, содан кейін 250 мг әрбір 48 сағатта

Бастапқы доза 750 мг, содан кейін 250 мг әрбір 48 сағатта

250 мг

Дозаны реттеу талап етілмейді

250 мг әрбір 48 сағатта. Күрделі асқынулары жоқ несеп шығару жолдарын емдеу уақытында дозаны реттеу талап етілмейді.

Дозаны реттеу туралы ақпарат жоқ.

Емделушілердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 50 мл/мин)

препараттың қосымша дозасын енгізу талап етілмейді.

Бауыр функциясының бұзылуы

Препараттың дозасын түзету талап етілмейді, өйткені левофлоксацин бауырда елеусіз дәрежеде метаболизденеді және негізінен бүйрекпен шығарылады.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде бүйрек функциясына байланысты жағдайдан өзге кез келген себеп бойынша препараттың дозасын түзету талап етілмейді

(«Айрықша нұсқауларды» қараңыз - «Тендинит және сіңір үзілуі» және «QT аралығының ұзаруы»).

Балалық жастағы емделушілер

Леволет® таблеткаларын балаларда және жасөспірімдерде қолдануға қарсы көрсетілім бар («Қолдануға болмайтын жағдайларды» қараңыз).

Қолдану тәсілі

Таблеткаларды шайнамай және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен іше отырып, тұтас жұту керек. Препаратты тамақ ішу уақытында немесе тамақ ішу аралығында қабылдауға болады. Леволет® таблеткаларын темір тұздарын, мырыш, құрамында магний немесе алюминий бар антацидті препараттарды, болмаса диданозин (құрамында алюминий немесе магний қосылыстарымен буферлік заттар бар диданозин дәрілік түрі ғана) қабылдар алдында 2 сағаттан кем емес уақыт бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағат өткен соң қабылдау керек, сондай-ақ сукральфат тағайындауға, өйткені бұл арада препарат сіңуінің төмендеуі бақылануы мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз).

Дәрілік заттардың барлық қалған жағдайларындағы сияқты пайдаланылмаған препаратты жергілікті табиғатты қорғау ережелеріне сәйкес тиісті түрде утилизациялау керек.

Жағымсыз әсерлері

Төменде келтірілген ақпарат 8300 астам емделушілер қатыстырылған клиникалық зерттеулер деректеріне, сондай-ақ постмаркетингтік бақылау тәжірибесіне негізделген.

Әр топтың ішінде туындау жиілігіне қарай қалыптасқан жағымсыз әсерлер олардың ауырлығы төмендеу тәртібімен берілген.

Жиі (≥1/100, <1/10)

- ұйқысыздық, бас ауыруы, бас айналуы

- жүрек айнуы, құсу, диарея

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (АЛТ/АСТ, сілтілік фосфатаза, ГГТ)

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

- Candida жұқпасын қоса, зеңдік жұқпа

- патогеннің төзімділігі

- лейкопения, эозинофилия

- анорексия

- мазасыздану

- сананың шатасу жағдайы, жоғары қозғыштық

- ұйқышылдық, тремор, дисгевзия

- вертиго

- ентігу

- іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, іш қатуы

- қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе, қышыну, есекжем, гипергидроз

- артралгия, миалгия

- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

- астения

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- тромбоцитопения, нейтропения

- ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- гипогликемия, әсіресе диабетпен емделушілерде («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- психоздық реакциялар (мысалы, елестеулермен, параноямен

- депрессия, ажитация

- әдеттегіден тыс шым-шытырақ түстер көру, түнгі қорқынышты түстер

- конвульсиялар («Қолдануға болмайтын жағдайларды» және «Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- парестезия

- бұлыңғырлану секілді көрудің бұзылуы («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- тиннитус

- тахикардия, жүрек қағуы

- гипотензия

- тендинитті қоса, сіңірлердің аурулары (мысалы, ахилл сіңірі) («Қолдануға болмайтын жағдайларды» және «Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- миастения грависпен науқастарда ерекше мәні бар бұлшықет әлсіздігі («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі (мысалы, интерстициальді нефрит салдарынан)

- пирексия

Жиілігі белгісіз

- панцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия

- анафилактикалық шок (анафилактикалық және анафилактоидтық реакциялар кейде тіпті препараттың бірінші дозасын енгізгеннен кейін туындауы мүмкін)

- анафилактоидтық шок (тері-шырышты қабық реакциялары кейде препараттың бірінші дозасын енгізгеннен кейін де пайда болуы мүмкін)

- гипергликемия

- гипогликемиялық кома («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- суицидтік ойларды немесе суицид әрекеттерін қоса, емделушінің өзіне қауіпті болып табылатын әрекеттермен психоздық бұзылыстар («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- шеткергі сенсорлық нейропатия («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- шеткергі сенсомоторлық нейропатия («Айрықша нұсқауларды» қараңыз) - аносмияны қоса паросмия

- дискинезия, экстрапирамидтік бұзылыстар

- агевзия

- естен тану

- қатерсіз бассүйекішілік гипертензия

- уақытша көрмей қалу («Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- естудің бұзылуы, естімей қалу

- жүректің тоқтап қалуына әкелетін, қарыншалық тахикардия.

- қарыншалық аритмия және қарыншалардың дірілдеуі- жыпылықтауы (негізінен QT аралығының ұзаруының қауіп факторы бар емделушілерде байқалады), ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы («Айрықша нұсқауларын» және «Артық дозалануын» қараңыз)

- бронхтүйілуі, аллергиялық пневмонит

- геморрагиялық диарея, өте сирек жағдайларда энтероколиттің барын көрсететін жалғанжарғақшалы колит, («Айрықша нұсқауларды» қараңыз) панкреатит,

- сарғаю және өліммен аяқталатын жедел бауыр жеткіліксіздігі жағдайларын қоса, бауырдың ауыр зақымдануы ең бастысы, ауыр негізгі аурумен («Айрықша нұсқауларды» қараңыз) емделушілерде, гепатит

- уытты эпидермальді некролиз Стивенс-Джонсон Синдромы, полиморфты эритема, фотосенсибилизация («Айрықша нұсқауларды» қараңыз), реакциясы, лейкоцитокластық васкулит, стоматит

- рабдомиолиз, сіңірлердің үзілуі (мысалы, ахилл сіңірі) («Қолдануға болмайтын жағдайларды» және «Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- байламдардың, бұлшықеттің үзілуі

- артрит

- ауыру (арқаның, кеуде және аяқ-қолдың ауыруын қоса)

Осы аурумен науқастарда порфирия ұстамасын қоса, фторхинолондарды қолданумен байланысты басқа да жағымсыз әсерлері

Қолдануға болмайтын жағдайлар

-

левофлоксацинге немесе басқа да хинолондарға, сондай-ақ басқа қосымша заттарына аса жоғары сезімталдығы бар емделушілер

-

эпилепсиясы бар емделушілер

-

сыртартқысындағы фторхинолондарды қолдануға байланысты сіңір аурулары бар емделушілер

-

18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

-

жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттардың Леволетке әсері

Құрамында магний немесе алюминий, диданозин бар антацидті препараттар, темір тұзы, мырыш

Леволет® препаратын темір тұздарын, мырыш, құрамында магний немесе алюминий бар антацидті препараттарды, болмаса диданозин (құрамында алюминий немесе магний қосылыстарымен буферлік заттар бар диданозин дәрілік түрі ғана) таблеткаларымен бір уақытта қолданғанда левофлоксациннің сіңуі елеулі төмендейді.

Фторхинолондарды және құрамында мырыш бар поливитаминді препараттарды бір мезгілде қабылдау пероральді қабылдағанда олардың сіңуін азайтады. Леволет® таблеткадағы препаратын қабылдар алдында 2 сағаттан кем емес уақыт бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағат өткен соң темір тұздарын, мырыш, құрамында магний немесе алюминий бар антацидті препараттарды, болмаса диданозин (құрамында алюминий немесе магний мен буферлік заттары бар дәрілік түрі ғана) сияқты екі немесе үш валентті катиондар бар препараттарды қабылдау ұсынылмайды («Қолдану тәсілі және дозалары» қараңыз). Кальций тұздары пероральді қабылдағанда левофлоксацин сіңуіне өте төмен әсер етеді.

Сукральфат

Леволет препаратының таблеткасының биожетімділігі сукральфатпен бір мезгілде қолданғанда елеулі төмендейді. Егер емделушіге Леволет және сукральфат қабылдау қажет болса, сукральфатты таблеткадағы Леволет препаратын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдаған дұрыс («Қолдану тәсілі және дозалары» қараңыз).

Теофиллин, фенбуфен немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

Клиникалық зерттеулер барысында левофлоксацин мен теофиллиннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері анықталмады. Алайда фторхинолондар және теофиллинмен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен немесе құрысу дайындығы шегін төмендететін басқа препараттармен бір мезгілде тағайындауда эпилепсиялық құрысу шегінің елеулі төмендеуі бақылануы мүмкін. Препаратты фенбуфенмен бір мезгілде қолданғанда левофлоксациннің концентрациясы шамамен 13%-ға жоғары болды.

Пробенецид және Циметидин

Пробенецид және Циметидин левофлоксацин шығарылуына стаистикалық елеулі әсер етті.

Левофлоксациннің бүйректік клиренсі циметидин (24%) және пробенецид (34%) препараттарын қолданғанда төмендеген. Бұл дәрілік препараттардың екеуінің де левофлоксациннің өзекшелік сөлінісін бөгеуге қабілеттілігімен түсіндіріледі. Алайда зерттеу барысында пайдаланылған дозаларда қолданғанда статистикалық елеулі кинетикалық айырмашылығының клиникалық мәні болуының ықтималдығы аз.

Левофлоксацинді пробенецид және циметидин сияқты, өзекшелік сөлініске әсер ететін препараттармен бірге, әсіресе бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Басқа да маңызды ақпараттар

Клиникалық фармакологияны зерттеулер бұл препаратты төмендегі дәрілік заттар: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидинмен бірге қолданудың левофлоксацин фармакокинетикасына ешбір клиникалық елеулі әсер етпегенін көрсетті.

Леволет препаратының басқа дәрілік заттарға әсері

Циклоспорин

Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі левофлоксацинмен бірге қолданғанда 33%-ға ұлғайды.

К витаминінің антагонистері

Левофлоксацин және К витаминінің антагонистерінің (мысалы, варфарин) біріктірілімін қолданумен ем алып жүрген емделушілерде коагуляциялық сынама көрсеткіштерінің жоғарылауы (ПУ/ХҚК) және/немесе қан кету туындауы, ауыр болуы да мүмкін, жағдайлары туралы хабарланған.

Осылайша, К витаминінің антагонистерін қолданумен ем алып жүрген емделушілерде коагуляциялық сынама нәтижелеріне мониторинг жүргізу керек («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).

QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттар

Левофлоксацинді, басқа фторхинолондар сияқты, QT аралығының ұзаруын туындататын (мысалы, ІА және ІІІ класының аритмияға қарсы препараттары, үшциклдық антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) препараттарды қабылдайтын емделушілерде сақтықпен қолдану керек («Айрықша нұсқауларды» қараңыз, QT аралығының ұзаруы).

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеулерде левофлоксацин теофиллиннің фармакокинетикасына әсер етпейді (маркерлік субстраты CYP1A2), ол левофлоксациннің CYP1A2 тежегіші болып табылмайтынын көрсетеді.

Өзара әрекеттесулердің басқа түрлері

Тамақ

Тамақпен клиникалық елеулі өзара әрекеттесулері анықталмаған. Осыған байланысты таблеткадағы Леволет препаратын тамақ ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Айрықша нұсқаулар

Метициллинге төзімді алтын түстес стафилококтардың левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болуының мүмкіндігі жоғары. Сондықтан, левофлоксацинді метициллинге төзімді стафилококтармен туындаған белгілі немесе болжанған жұқпаларды емдеу үшін, егер зертханалық зерттеулер нәтижесінде микроорганизмдердің левофлоксацинге сезімталдығы (сондай-ақ, әдетте метициллинге төзімді стафилококпен туындаған жұқпаларды емдеуде тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану талапқа сай емес деп саналғанда) нақтыланбаған болса қолдану ұсынылмайды.

Левофлоксацинді осы жұқпалар дұрыс диагностикаланған жағдайда жедел бактериялық синуситті және созылмалы бронхиттің асқынуын емдеуде қолдануға болады.

Несеп шығару жолдарының жұқпасын туындататын кеңірек таралған патоген E. coli фторхинолондарға резистенттілігі Еуропалық одақ елдерінде ауытқып отырады. Препараттарды тағайындағанда E. coli фторхинолондарға резистенттілігінің жергілікті таралуын ескеру ұсынылады.

Сібір ойық жарасының өкпелік түрі: адамдарда қолданылуы Bacillus anthracis сезімталдығы бойынша in vitro деректеріне және шектеулі клиникалық деректермен қатар, клиникаға дейінгі деректерге негізделген.

Сібір ойық жарасына қатысты емдеуді дәрігерлер келісілген ұлттық және/немесе халықаралық құжаттарға сүйенуі керек.

Тендинит және сіңір үзілуі

Сирек жағдайларда тендинит пайда болуы мүмкін. Ахилл сіңірі жиірек зақымданады, тендинит сіңірдің үзілуіне әкелуі мүмкін. Тендинит және сіңірдің үзілуі кейбір жағдайларда екі жақты, және левофлоксацинмен емді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болуы мүмкін, сондай-ақ аталған патологиялардың емді тоқтатқаннан кейін бірнеше айдың ішінде пайда болу жағдайлары туралы хабарланды. Тендинит және сіңір үзілуі қаупі 60 жастан асқан емделушілерде, 1000 мг тәуліктік дозаны қабылдайтын емделушілерде, сондай-ақ кортикостероидтарды қабылдауда ұлғая түседі. Егде жастағы емделушілерде тәуліктік дозаны креатинин клиренсіне байланысты түзету керек («Қолдану тәсілі және дозалары» қараңыз).

Сондықтан, левофлоксацинді тағайындауда емделушілерге мұқият мониторинг жүргізу керек. Тендинит симптомдары пайда болғанда барлық емделушілер дәрігермен кеңесуі тиіс. Тендинитке күдік туындағанда левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату және зақымданған сіңірге тиісті ем бастау керек (мысалы, оның жеткілікті иммобилизациясын қамтамасыз ету сияқты) («Қолдануға болмайтын жағдайларды» және «Жағымсыз әсерлерін» қараңыз).

Clostridium difficile туындаған ауру

Левофлоксацинмен емдеу уақытында немесе емді аяқтағаннан кейінгі (емді аяқтағаннан кейінгі бірнеше аптаны қоса), әсіресе ең ауыр, тұрақты және/немесе қан аралас диарея Clostridium difficile туындайтын ауру симптомы болуы мүмкін. Clostridium difficile туындаған аурулар ауырлық дәрежесіне қарай жеңілден өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқуы мүмкін, бұл кезде ең ауыр формасы жалғанжарғақшалы колит болып табылады («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Осылайша, егер левофлоксацинді қолданумен ем кезінде немесе емдеуден кейін емделушілерде ауыр диарея дамыса, аталған диагнозды ескерудің маңызы зор. Clostridium difficile туындаған ауруға күдік туындаса, левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату және сәйкес емді кешіктірмей бастау керек. Аталған клиникалық жағдайда ішек перистальтикасын тежейтін препараттарды қолдануға болмайды.

Құрысу дамуына бейім емделушілер

Хинолондар құрысуға дайындық шегін төмендетуі және құрысуға түрткі болуы мүмкін. Левофлоксацинді сыртартқысында эпилепсиясы («Қолдануға болмайтын жағдайларды» қараңыз) бар емделушілерге қолдануға болмайды және басқа да хинолондар сияқты, аталған препарат құрысуға бейім емделушілерде немесе белсенді заттары (мысалы, теофиллин) құрысуға дайындық шегін төмендететін дәрілік заттармен қатар емдегенде айрықша сақтықпен қолданылуы тиіс («Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз). Конвульсивті құрысулар дамыған жағдайда левофлоксацинді қолданумен емді тоқтату керек («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз).

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар емделушілер

Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылуы бар емделушілерде хинолонды бактерияға қарсы препараттармен емдеуде гемолиздік реакцияларға бейімділік байқалуы мүмкін.

Осылайша, левофлоксацинді осы емделушілерде қолдану қажет болғанда оларды гемолиздің пайда болуына бақылау керек.

Бүйрек функциясының бұзылуымен емделушілер

Левофлоксацин негізінен бүйрек арқылы экскрецияланатындықтан олардың функциясының бұзылуымен емделушілерде Леволет препаратының дозасы түзетілуі тиіс («Қолдану тәсілі және дозалары» қараңыз).

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Левофлоксацин аса жоғары сезімталдық реакциясының ауыр және потенциалды өлімге әкелетін реакцияларын туындатуы мүмкін (мысалы, анафилактикалық шокқа дейін жететін ангионевроздық ісіну), бұл кейде препараттың бірінші дозасын қабылдағаннан кейін дамуы мүмкін («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Емделушілер емді тоқтатуы және тезірек тиісті жедел көмек үшін дереу емдеуші дәрігерге немесе жедел жәрдем дәрігеріне қаралуы тиіс.

Ауыр буллезді реакциялар

Левофлоксацинді қолдануда Стивенс–Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз секілді ауыр буллезді тері реакцияларының даму жағдайы туралы хабарланды («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Емделушілерге теріде/шырышты қабатта реакция дамыған жағдайда емді жалғастырмас бұрын дереу емдеуші дәрігермен байланысуды ұсыну керек.

Дисгликемия

Барлық хинолондарды қолданғандағы сияқты, әдетте пероральді гипогликемиялық препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді қолданумен қатар ем алатын диабетпен емделушілерде байқалатын гипо-, сондай-ақ гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза құрамының бұзылуының пайда болуы туралы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Диабетпен емделушілерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау керек («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз).

Фотосенсибилизацияның алдын алу

Левофлоксацинді қолданғанда фотосенсибилизацияның пайда болуы туралы хабарланды («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 48 сағаттың ішінде фотосенсибилизацияның дамуының алдын алу үшін емделушілерге күшті күннің немесе жасанды УК сәуленің әсеріне (мысалы, УК лампа, солярий) қажетсіз ұшырауына болмайды,

К витамині антагонистерін қабылдаумен ем алудағы емделушілер

Левофлоксацин мен К витамині антагонисінің (мысалы, варфарин) біріктірілімін қолданумен ем алудағы емделушілерде, аталған препараттарды бір мезгілде қолданғанда коагуляциялық сынамалар көрсеткіштерінің (ПУ/ХҚК) және/немесе қан кетудің пайда болуының жоғарылау мүмкіндігіне байланысты коагуляциялық сынамалар нәтижесіне мониторинг жүргізу керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз).

Психикалық реакциялар

Левофлоксацинді қоса, хинолондар қабылдаған емделушілерде психикалық реакциялардың пайда болғаны туралы хабарланған. Өте сирек жағдайларда, кейде тіпті левофлоксациннің бір ғана дозасын қабылдағаннан кейін осындай реакциялар емделушінің өзіне қауіпті болып саналатын суицидтік ойлар мен іс әрекеттердің пайда болуына дейін үдеген («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Осындай реакциялар туындаған жағдайда левофлоксацин қабылдауды тоқтату және тиісті шараларға жүгіну керек. Психозбен немесе сыртартқысында психикалық аурулары бар науқастарда левофлоксацинді сақтықпен қолдану ұсынылады.

QT аралығының ұзаруы

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды QT аралығы ұзаруының төмендегідей белгілі қауіп факторы бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек:

- QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромы

- QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттарды қатар қолдану (мысалы, IA және III класының аритмияға қарсы препараттары, үшциклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)

-электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)

-жүрек ауруы (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).

Егде жастағы науқастар және әйелдер QT аралығының ұзаруын туындататын препараттарға сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды емделушілердің аталған тобында сақтықпен қолдану керек («Қолдану тәсілі және дозалары»

Жағымсыз әсерлері

Шеткергі нейропатия

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар қабылдаған емделушілерде жылдам дамуы мүмкін шеткергі сенсорлық нейропатия және шеткергі сенсомоторлық нейропатия туралы хабарланған («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Нейропатия симптомдары пайда болса, болуы мүмкін қайтымсыз бұзылыстардың дамуының алдын алу үшін левофлоксацинді қолдануды тоқтату керек.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылыстар

Левофлоксацинді қолданғанда негізінен, ауыр аурулармен мысалы сепсиспен емделушілерде өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігіне дейін бауыр некрозы жағдайлары туралы хабарланды («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз). Емделушілерге анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну және іштің ауыруы секілді бауыр ауруларының белгілері мен симптомдары пайда болғанда емді тоқтату және емдеуші дәрігермен байланысу ұсынылады.

Миастения гравистің өршуі

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықеттік бөгейтін белсенділік иеленген және миастения грависпен зардап шегетін емделушілерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Өлім жағдайын және постмаркетингтік бақылау кезеңінде пайда болған өкпені жасанды қосымша желдетудің қажеттігін қоса елеулі жағымсыз реакциялар миастения грависпен зардап шегетін емделушілерде, фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Емделушінің сыртартқысында миастения гравис болғанда левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды.

Көрудің бұзылуы

Көрудің бұзылуы пайда болғанда немесе препаратты қабылдаудың көзге әсері байқалғанда шұғыл түрде офтальмолог дәрігерге қаралу керек.

Асқынжұқпа

Левофлоксацинді әсіресе ұзақ уақыт бойы қолдану оған сезімтал емес микроорганизмдердің күшті көбеюіне алып келуі мүмкін.

Емделу кезінде асқынжұқпа пайда болғанда сәйкес шаралар қабылдау керек.

Зертханалық зерттеулердің нәтижесіне әсері

Левофлоксацинді қолданумен ем алудағы емделушілерде, несептегі апиындарды анықтауға талдау жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Апиындардың барына талдау нәтижесін спецификалық әдістерді қолданумен растау қажет болуы мүмкін.

Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін бәсеңдетуі мүмкін, сондықтан, туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған теріс нәтижесінің себебі болуы мүмкін.

Жүктілік

Левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер шектеулі.

Клиникаға дейінгі зерттеулерде, репродуктивті уыттылығы тұрғысынан тікелей немесе қосымша зиянды әсерлері анықталған жоқ. Әйтсе де клиникалық деректер болмаған жағдайда, сондай-ақ эксперименталдық деректер фторхинолондармен өсіп келе жатқан организмде салмақ жүктемесін ұстайтын сіңірлердің зақымдану қаупін растайды, сондықтан, левофлоксацинді жүкті әйелдерде қолдануға болмайды.

Лактация кезеңі

Левофлоксацинді емшекпен қоректендіру кезінде қолдануға болмайды.

Қазіргі уақытта левофлоксациннің емшек сүтімен бөлінуіне қатысты ақпараттар жеткіліксіз; бірақ басқа фторхинолондардың емшек сүтімен бөлінетіні белгілі. Клиникалық деректер болмаған жағдайда, сондай-ақ эксперименталдық деректер фторхинолондармен өсіп келе жатқан организмде салмақ жүктемесін ұстайтын сіңірлердің зақымдану қаупін растайды, сондықтан, левофлоксацинді емшекпен қоректендіру кезінде қолдануға болмайды.

Фертильділігі

Левофлоксацин клиникаға дейінгі зерттеулерде фертильділігі немесе ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуын туындатпады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кейбір жағымсыз әсерлер (мысалы, бас айналуы /вертиго, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы) емделушінің зейін шоғырландыру және реакция төмендету қабілетін нашарлатуы мүмкін, және сондықтан бұл сапа өте маңызды болатын жағдайларда қауіп тудыруы мүмкін (автокөлік басқару немесе жабдықтармен жұмыс істеу).

Артық дозалануы

Симптомдары: сананың шатасуы, бас айналуы, сананың бұзылуы және конвульсивтік құрысулар, QT аралығының ұзаруы сияқты жүйке жүйесі тарапынан, сондай-ақ жүрек айнуы және АІЖ шырышты қабығының эрозиясы сияқты асқазан-ішек жолдары тарапынан реакциялар.

Постмаркетингтік бақылау барысында сананың шатасуы, конвульсиялар, елестеулер және тремор сияқты ОЖЖ тарапынан әсерлер анықталды.

Емі: симптоматикалық. QT аралығының ұзаруы мүмкіндігінен ЭКГ-мониторинг жүргізу керек. Асқазанның шырышты қабығын қорғау үшін антацидті дәрілер қолдану керек. Перитонеальді диализді және ПАПД қоса гемодиализ левофлоксацинді организмнен шығаруға тиімсіз. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан қапталады.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Д-р Редди’с Лабораторис Лтд», Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Д-р Редди’с Лабораторис Лтд», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед» Қазақстан Республикасындағы компания өкілдігі, 050057 Алматы қ., 22 линия к-сі, 45,

абонент жәшігі 7, тел: 8(701)7633805, факс: 8(727)3941294

 

Прикрепленные файлы

879525431477976394_ru.doc 143 кб
784801761477977592_kz.doc 186.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники