Леволет (500 мг)

МНН: Левофлоксацин
Производитель: Др. Редди'с Лабораторис Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levofloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016575
Период регистрации: 03.03.2017 - 03.03.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 283.1 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Леволет

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левофлоксацин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар 250 және 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – левофлоксацин гемигидраты 256,233 мг және 512,466 мг

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 101), микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 102), жүгері крахмалы, кросповидон, гипромеллоза 15 cps, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты,

қабығының құрамы:ақ опадри OY 58900, гипромеллоза 5 сР, титанның қостотығы Е 171, макрогол/PEG 400, тазартылған су

Сипаттамасы

Бір жағында «DRY» және екінші жағында «279» (250 мг доза үшін) өрнегі бар екі беті дөңес капсула пішінді ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Бір жағында «DRY» және екінші жағында «280» (500 мг доза үшін) өрнегі бар екі беті дөңес капсула пішінді ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Микробқа қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Левофлоксацин.

АТХ коды J01MA12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі. Левофлоксацин ішке қабылданғанда жылдам және толық дерлік сіңіріледі, тағам қабылдау абсорбция жылдамдығына және толықтығына аз ықпал етеді, тағам қабылдау оның абсорбциясына аз ықпал етеді. Ішке қабылдағандағы абсолютті биожетімділігі 99–100% құрайды.

Бір рет қабылдағаннан кейін левофлоксациннің қан плазмасындағы Cmax  1–2 сағ ішінде қол жетеді және 250 мг доза үшін (2,8±1,2) мкг/мл және 500 мг доза үшін (5,2±1,2) мкг/мл құрайды. Левофлоксацин фармакокинетикасы 50-ден 1000 мг дейінгі доза диапазонда дозаға тәуелді болып табылады. Тәулігіне 1 немесе 2 рет 500 мг левофлоксацинді қабылдағанда қан плазмасындағы левофлоксациннің Css 48 сағ ішінде қол жетеді.

Тәулігіне 1 рет 500 мг левофлоксацинді қабылдаудың 10-күні қан плазмасындағы левофлоксациннің Cmax  (5,7±1,4) мкг/мл құрады, ал левофлоксациннің қан плазмасындағы Cmin  (кезекті дозаны қабылдау алдындағы концентрация) (0,5±0,2) мкг/мл құрады.

Тәулігіне 2 рет 500 мг левофлоксацинді қабылдаудың 10-күні қан плазмасындағы левофлоксациннің  Cmax  (7,8±1,1) мкг/мл, ал Cmin — (3±0,9) мкг/мл құрады.

Таралуы. Қан сарысуының ақуыздарымен байланысы 30–40% құрайды. 500 мг левофлоксацинді бір рет немесе қайта қабылдаудан кейін Vd  орташа есеппен шамамен 100 л құрайды, бұл левофлоксациннің адам организмінің ағзалары мен тіндеріне жақсы өтетінін көрсетеді.

Бронхтардың шырышты қабығына, эпителиальді қабаттың сұйықтығына, альвеолярлы макрофагқа өтуі. 500 мг левофлоксацинді бір рет ішке қабылдағаннан кейін левофлоксациннің Cmax бронхтардың шырышты қабығына және эпителиальді қабаттың сұйықтығына 1 - 4 сағ ішінде қол жетеді және тиісінше 1,1–1,8 және 0,8–3 құрайтын қан плазмасындағы концентрациямен бронхтардың шырышты қабығының және эпителиальді қабат сұйықтығының пенетрация коэффициенттерімен салыстырғанда тиісінше 8,3 мкг/г және 10,8 мкг/мл құрады.

500 мг левофлоксацинді 5 күн ішке қабылдағаннан кейін препаратты эпителиальді қабаттың сұйықтығына соңғы қабылдаудан кейін 4 сағ соң левофлоксациннің орташа концентрациялары 9,94 мкг/мл және альвеолярлы макрофагтарда – 97,9 мкг/мл құрады.

Өкпе тініне өтуі. 500 мг левофлоксацинді ішке қабылдағаннан кейін өкпе тініндегі Cmax  шамамен 11,3 мкг/г құрады және 2–5 пенетрация коэффициенттерін қан плазмасындағы концентрациямен салыстырғанда препаратты қабылдағаннан кейін 4-6 сағ соң қол жеткізілді.

Альвеолярлы сұйықтыққа өтуі. 500 мг левофлоксацинді тәулігіне 1 немесе 2 рет 3 күн қабылдаудан кейін левофлоксациннің альвеолярлы сұйықтағы Cmax  тиісінше 4 және 6,7 мкг/мл құрады, қан плазмасындағы концентрациямен 1 пенетрация коэффициентін салыстырғанда препаратты қабылдағаннан кейін 2-4 сағ соң қол жеткізілді.

Сүйек тініне өтуі. Левофлоксацин жамбас сүйегінің проксимальді, сондай-ақ дистальді бөлімдерінде де кортикальді және кеуекті сүйек тініне 0,1–3 пенетрация коэффициентімен (сүйек тіні/қан плазмасы) жақсы өтеді. 500 мг препаратты ішке қабылдағаннан кейін жамбас сүйегінің проксимальді бөлігінің кеуекті сүйек тініндегі левофлоксациннің Cmax шамамен 15,1 мкг/г (препаратты қабылдағаннан кейін 2 сағ соң) құрады.

Жұлын-ми сұйықтығына өтуі. Левофлоксацин жұлын-ми сұйықтығына нашар өтеді.

Қуық асты безінің тініне өтуі. 500 мг левофлоксацинді 3 күн бойы тәулігіне 1 рет ішке қабылдағаннан кейін левофлоксациннің қуық асты безінің тініндегі орташа концентрациясы 8,7 мкг/г құрады, қуық асты безі/қан плазмасы концентрацияларының орташа арақатынасы 1,84 құрады.

Несептегі концентрациялар. Левофлоксациннің 150, 300 және 600 мг дозаларын ішке қабылдағаннан кейін 8-12 сағ соң несептегі орташа концентрациялар тиісінше 44, 91 және 162 мкг/мл құрады.

Метаболизмі. Левофлоксацин болмашы деңгейде (қабылданған дозаның 5%) метаболизденеді. Оның метаболиттері бүйрек арқылы шығарылатын деметиллевофлоксацин және N-оксидлевофлоксацин болып табылады. Левофлоксацин стереохимиялық тұрғыдан тұрақты және хиральді айналыстарға ұшырамайды.

Шығарылуы. Ішке қабылдағаннан кейін левофлоксацин қан плазмасынан салыстырмалы түрде баяу шығарылады (T1/2 — 6–8 сағ). Шығарылуы көбінесе (қабылданған дозаның 85% астамы) бүйрек арқылы жүзеге асады. Бір рет 500 мг қабылдаудан кейін левофлоксациннің жалпы клиренсі (175±29,2) мл/мин құрады.

Левофлоксацинді к/і енгізгендегі және ішке қабылдағандағы фармакокинетикасында елеулі айырмашылықтар жоқ, бұл к/і енгізу мен ішке қабылдауды өзара алмастыруға болатынын растайды.

Пациенттердің жеке топтарындағы фармакокинетикасы.  Левофлоксациннің еркектер мен әйелдердегі фармакокинетикасында айырмашылық жоқ.

Егде жастағы пациенттердегі фармакокинетикасы креатинин клиренсіндегі өзгешеліктермен байланысты фармакокинетиканың өзгешеліктерін қоспағанда жас пациенттердегі осындайдан айырмашылығы жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігінде левофлоксациннің фармакокинетикасы өзгермейді. Бүйрек функциясының төмендеуіне қарай бүйрек арқылы шығарылу және бүйрек клиренсі төмендейді, ал жартылай шығарылу кезеңі ұлғаяды.

Бүйрек жеткіліксіздігінде 500 мг Таваник® препаратын бір рет ішке қабылдағаннан кейінгі фармакокинетикалық көрсеткіштер кестеде келтірілген.

Креатинин Cl , мл/мин

<20

20–49

50–80

Бүйрек клиренсі, мл/мин

13

26

57

T1/2, сағ

35

27

9

Фармакодинамикасы

Леволет - әсер ету ауқымы кең фторхинолондар тобының антибиотигі. Офлоксациннің солға бұрайтын изомері болып табылады, ДНҚ-гиразаны (топоизомеразаны II) және топоизомеразаны IV бөгейді, суперспирализацияны және ДНҚ үзілуінің тігілуін бұзады, ДНҚ синтезін тежейді, цитоплазмада, жасуша қабырғасында және микроорганизм жарғақшаларында терең морфологиялық өзгерістер туындатады. Леволет микроорганизмдердің көптеген штаммдарына қатысты белсенді:

- аэробты грамоң микроорганизмдер: Corynebacterium diphtheriae, Enterococcus faecalis, Listeria monocytogenes, Staphylococcus spp., оған қоса Staphylococcus aureus, epidermidis, Streptococcus pyogenes, agalactiae, pneumoniae, Streptococcus (C, G топтары), Viridans group streptococci

- аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Acinetobacter spp., оған қоса Acinetobacter anitratus, baumannii, calcoaceticus, Actinobacillus actinomycetemcomitans, Bordetella pertussis, Citrobacter freundii, diversus, Eikenella corrodens, Enterobacter spp., оған қоса Enterobacter aerogenes, agglomerans, cloacae, sakazakii, Escherichia coli, Gardnerella vaginalis, Haemophilus ducreyi, influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Helicobacter pylori, Klebsiella spp., оған қоса Klebsiella oxytoca, pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Morganella morganii, Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitides, Pasteurella spp., оған қоса Pasteurella canis, dagmatis, multocida, Proteus mirabilis, vulgaris, Providencia spp., оған қоса Providencia rettgeri, stuartii, Pseudomonas spp, оған қоса Pseudomonas aeruginosa, fluorescens, Salmonella sppю., Serratia spp., оған қоса Serratia marcescens

- анаэробты микроорганизмдер: Bacteroides fragilis, Bifidobacterium spp., Clostridium perfringens, Fusobacterium spp., Peptostreptococcus, Propionibacterium spp., Veillonella spp

- басқа да микроорганизмдер: Bartonella spp., Chlamydia pneumoniae, psittaci, trachomatis, Legionella spp., оған қоса Legionella pneumophila, Mycobacterium spp., оған қоса Mycobacterium leprae, tuberculosis, Mycoplasma pneumoniae; Rickettsia spp., Ureaplasma urealyticum

Қолданылуы

- ЛОР-жүйелерінің инфекциялары (синусит, ортаңғы отит)

- төменгі тыныс алу жолдарының қабынуы: созылмалы бронхиттің өршуі, ауруханадан тыс пневмония

- несеп шығару жолдарының асқынбаған және асқынған инфекциялары (оған қоса пиелонефрит), простатит

- жыныс мүшелерінің инфекциялары (оның ішінде урогенитальді хламидиоз)

- тері мен жұмсақ тін инфекциялары (іріңдеген атерома, абсцесс, фурункулдар)

- жоғарыда тізілген көрсетілімдермен байланысты септицемия

Қолдану тәсілі және дозалары

Леволет таблеткаларын ішке, тамақтануға дейін немесе тағам қабылдаулар арасында, шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сумен қабылдайды. Синусит кезінде – тәулігіне 1 рет 500 мг; созылмалы бронхиттің асқынуында - тәулігіне 1 рет 250 - 500 мг. Пневмонияда - тәулігіне 1-2 рет 250 - 500 мг (тәулігіне 500 - 1000 мг). Несеп шығару жолдарының инфекцияларында - тәулігіне 1 рет 500 мг. Созылмалы простатитте - тәулігіне бір рет 500 мг, 28 күн бойы. Тері мен жұмсақ тін инфекцияларында - тәулігіне 1-2 рет ішке 250 - 500 мг. Бүйрек ауруларында дозаны функцияның бұзылу деңгейіне сәйкес төмендетеді: креатинин клиренсі 20 - 50 мл/мин болғанда - тәулігіне 1-2 рет 125 - 250 мг; 10 - 19 мл/мин болғанда – 1 рет 125 мг 12 - 48 сағат; 10 мл/мин аз болғанда- 24 немесе 48 сағаттан соң 125 мг. Емдеу ұзақтығы – 7 - 10 (14 дейін) күн

Жағымсыз әсерлері

жиі

- жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі,

- бауыр ферменттері (АлАТ, АсАТ) белсенділігінің жоғарылауы, билирубин мен қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, бауырлық реакциялар

- эозинофилия, лейкопения

кейбір жағдайларда

- бас ауыруы, бас айналуы, мелшию, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы,

- іш ауыруы, диарея, ас қорытудың бұзылуы

- гемолитикалық анемия, панцитопения

- бұлшықеттің зақымдануы (рабдомиолиз)

- қышыну, терінің қызаруы, күн және ультракүлгін сәулеленуге сезімталдықтың жоғарылауы, (Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), экссудативті көп формалы эритема

сирек

- колит, оның ішінде жалған жарғақшалы (гемморагиялық диареямен байқалады)

- қол ұшындағы парестезия, діріл, мазасыздық, қорқынышты күй, құрысу ұстамалары, сананың шатасуы

- тахикардия, артериялық қысымның түсуі, қантамырлық коллапс

- сіңірлердің зақымдануы (тендинитті қоса), бұлшықет әлсіздігі, буын және бұлшықет ауыруы, сіңірлердің жыртылуы

- нейтропения, тромбоцитопения (қан құйылуға немесе қан кетуге бейімдік)

өте сирек

- анафилактикалық және анафилактоидтық реакциялар, (есекжем, бронх түйілуі, Квинке ісінуі)

- агранулоцитоз, гемолитикалық анемия (қант диабетінде ескеру керек)

- көру мен естудің бұзылуы, дәм және иіс сезудің бұзылуы, тактильді сезімталдықтың төмендеуі, елестеулер мен депрессиялар типті психоздық реакциялар, қозғалыстың, оның ішінде жүру кезіндегі бұзылуы

- порфирияның өршуі

- бүйрек функциясының жедел бүйрек жеткіліксіздігіне дейін нашарлауы

Басқа да жағымсыз әсерлер; жекелеген жағдайларда астения

өте сирек

- қызба, аллергиялық пневмонит, васкулит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- левофлоксацинге немесе басқа да хинолондарға аса жоғары сезімталдық

- эпилепсия

- хинолондармен бұрын ем жүргізгендегі сіңірлердің зақымдануы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Леволет препараты ішек моторикасын бәсеңдететін препараттардың, сукральфаттың, құрамында магний- және алюминий бар антацидті дәрілердің және темір тұздарының әсерін азайтады, препаратты бұл дәрілерді қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын немесе кейін қабылдау керек. Леволет препараты мен стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды, теофиллинді біріктіріп қабылдағанда құрысулық дайындықты жоғарылатады. Циметидин және өзекшелік секрецияны бөгейтін препараттар Леволет препаратының шығарылуын баяулатады. Леволет циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңін ұлғайтады. Леволет препаратын К витаминінің антагонистерімен біріктіргенде қан ұю жүйесін бақылау қажет. Глюкокортикоидтар сіңірлердің жыртылу қаупін жоғарылатады. Алкоголь реакциялық қабілетті және зейін шоғырландыру қабілетін нашарлата отырып, ОЖЖ тарапынан болатын жағымсыз әсерлерді (бас айналуы немесе мелшию, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы) күшейтуі мүмкін.

QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттар

Айрықша нұсқаулар

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесу бойынша зерттеулерде левофлоксацин теофиллиннің (маркерлік субстрат CYP1A2) фармакокинетикасына ықпал көрсетпеді, бұл левофлоксацин CYP1A2 тежегіші болып табылмайтынын көрсетеді.

Басқа да өзара әрекеттесу түрлері

Тағам

Тағаммен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулері белгіленбеді. Осылайша, Леволет таблеткаларын тағамға қарамай қабылдауға болады.

Айрықша нұсқаулар

Емдеу кезінде фотосенсибилизацияға жол бермеу үшін қатты күн және жасанды ультракүлгін сәулеленуден аулақ болу қажет. Жалған жарғақшалы колитке күдік болғанда Леволетті дереу тоқтатып, тиісті ем бастау керек. Тендинит белгілері пайда болғанда Леволет қабылдауды дереу тоқтатады. Сыртартқысында миы зақымданған (инсульт, ауыр жарақат) науқастарда құрысудың дамуы, глюкoза-6-фосфатдeгидpoгeназа жеткіліксіздігінде - гемолиз даму қаупі болуы мүмкін екенін ескеру керек. Осыған байланысты, мұндай науқастарды Леволет препаратымен емдеуді үлкен сақтықпен жүргізу керек. Леволет прапаратын қант диабетімен ауыратын науқастарға тағайындағанда гипогликемияның даму мүмкіндігін ескеру қажет.

Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған науқастарда қолдану

Препаратты бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені мұндай науқастарда Леволет препаратының жартылай шығарылу кезеңі ұлғаяды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе аса қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қызметтің аса қауіпті түрлерімен айналысудан бас тарта тұру қажет.

QT аралығының ұзаруы

Фторхинолондарды, оған қоса левофлоксацинді QT аралығының ұзару қаупінің төмендегідей белгілі факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек:

- QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромы

- QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттарды (мысалы, IA және III класты аритмияға қарсы препараттар, үшциклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қатар қолдану

- электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылыстары (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)

- жүрек ауруы (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфаркты, брадикардия).

Егде жастағы науқастар мен әйелдер QT аралығының ұзаруын туындататын препараттарға аса сезімтал болуы мүмкін. Демек, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды аталған пациенттер тобында сақтықпен қолдану керек («Қолдану тәсілі және дозалары» қар. Егде жастағы пациенттер, «Дәрілермен өзара әрекеттесуі», «Жағымсыз әсерлер», «Артық дозалануы»).

Артық дозалануы

Симптомдары: сананың шатасуы, бас айналуы, сананың бұзылуы, құрысу ұстамалары; асқазан-ішек бұзылыстары, шырышты қабықтың зақымдануы; QT аралығының ұзаруы

Емі: симптоматикалық, арнайы у қайтарғысы жоқ. Леволет гемодиализ және перитонеальді диализ арқылы шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қаптайды.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Д-р Редди’с Лабораторис Лтд», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, 050057 Алматы қ., 22 линия к-сі, 45,

абонент жәшігі 7, тел: 8(701)7633805, факс: 8(727)3941294

Прикрепленные файлы

011678311477976331_ru.doc 141.5 кб
980561191477977585_kz.doc 105.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники