Левакапен (150/37.5/200 мг)

МНН: Карбидопа, Леводопа, Энтакапон
Производитель: Teva Pharmaceutical Works Private Limited Company
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Леводопа в комбинации с ингибитором декарбоксилазы и ингибитором КОМТ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022348
Период регистрации: 22.08.2016 - 22.08.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Левакапен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 50/12.5/200 мг, 75/18.75/200 мг, 100/25/200 мг, 125/31.25/200 мг, 150/37.5/200 мг, 175/43.75/200 мг, 200/50/200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

- 50 мг, 75 мг, 100 мг, 125 мг, 150 мг, 175 мг, 200 мг леводопа

- 12,5 мг, 18,75 мг, 25 мг, 31,25 мг, 37,50 мг, 43,75 мг, 50 мг карбидопа (тиісінше, 13,5 мг, 20,25 мг, 27 мг, 33,75 мг, 40,50 мг, 47,25 мг, 54 мг карбидопа моногидраты түрінде)

- 200 мг энтакапон

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз лактоза (< 5 г), төмен орын басқан гидроксипропилцеллюлоза, повидон (К-30), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

50/12,5/200 мг доза үшін қабық құрамы: Опадрай 13М265001- титанның қостотығы (Е171), гипромеллоза, глицерол (< 10 мг/1 дозада), темірдің сары тотығы (Е172), полисорбат 80, темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172), магний стеараты.

75/18,75/200 мг доза үшін қабық құрамы: Опадрай 13М230003 – титанның қостотығы (Е171), гипромеллоза, глицерол (< 10 мг/1 дозада), темірдің сары тотығы (Е172), полисорбат 80, темірдің қызыл тотығы (Е172), магний стеараты.

100/25/200 мг доза үшін қабық құрамы: Опадрай 13М250006 - титанның қостотығы (Е171), гипромеллоза, глицерол (< 10 мг/1 дозада), полисорбат 80, қызыл аллюра АС алюминий лагы (Е129), кармин (Е120), магний стеараты.

125/31,25/200 мг доза үшін қабық құрамы: Опадрай 13М265006 - титанның қостотығы (Е171), гипромеллоза, глицерол (< 10 мг/1 дозада), темірдің сары тотығы (Е172), полисорбат 80, темірдің қызыл тотығы (Е172), магний стеараты.

150/37,5/200 мг доза үшін қабық құрамы: Опадрай 13М250000 - титанның қостотығы (Е171), гипромеллоза, глицерол (< 10 мг/1 дозада), полисорбат 80, темірдің қызыл тотығы (Е172), кармоизин алюминий лагы – 0,168 мг (Е122), магний стеараты.

175/43,75/200 мг доза үшін қабық құрамы: Опадрай 13М265007 – титанның қостотығы (Е171), гипромеллоза, глицерол (< 10 мг/1 дозада), темірдің сары тотығы (Е172), полисорбат 80, темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172), магний стеараты.

200/50/200 мг доза үшін қабық құрамы: Опадрай 13М265002 - титанның қостотығы (Е171), гипромеллоза, глицерол (< 10 мг/1 дозада), темірдің сары тотығы (Е172), полисорбат 80, темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172), магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес пішінді, бір жағында «50» таңбасы бар және екінші жағы тегіс ашық-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (50/12.5/200 мг доза үшін).

Сопақша, екі беті дөңес пішінді, бір жағында «75» таңбасы бар және екінші жағы тегіс ашық-қызғылт сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (75/18.75/200 мг доза үшін).

Ұзынша, екі беті дөңес пішінді, бір жағында «100» таңбасы бар және екінші жағы тегіс бозғылт-қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (100/25/200 мг доза үшін).

Дөңгелек, екі беті дөңес пішінді, бір жағында «125» таңбасы бар және екінші жағы тегіс сары-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (125/31.25/200 мг доза үшін).

Сопақша, екі беті дөңес пішінді, бір жағында «150» таңбасы бар және екінші жағы тегіс күңгірт-қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (150/37.5/200 мг доза үшін).

Эллипс тәрізді, екі беті дөңес пішінді, бір жағында «175» таңбасы бар және екінші жағы тегіс бозғылт-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (175/43.75/200 мг доза үшін).

Ұзынша, екі беті дөңес пішінді, бір жағында «200» таңбасы бар және екінші жағы тегіс қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

(200/50/200 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Паркинсонға қарсы препараттар. Допаминергиялық препараттар. Допа және оның туындылары. Леводопа, декарбоксилаза тежегіштері және КОМТ тежегіштері.

АТХ коды N04BA03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі және таралуы

Леводопа асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Көп мөлшердегі бейтарап амин қышқылдары мол ас ішу леводопаны кідіртуі және сіңуін азайтуы мүмкін. Қан плазмасы ақуыздарымен болымсыз байланысады (10-30%), сіңірілуі қабылданған дозадан 20-30% құрайды. Ішу арқылы қабылдағанда қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 2-3 сағаттан соң жетеді. Жекеше биожетімділігі 15-33% құрайды. Таралу көлемі – 1,6 л/кг.

Карбидопа, леводопамен салыстырғанда, біршама баяу сіңеді және жұтылады. Плазма ақуыздарымен шамамен 36% байланысады. Карбидопаның жекеше биожетімділігі 40-70% құрайды.

Энтакапон асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Қан плазмасы ақуыздарымен, негізінен альбуминмен 98% байланысады: емдік концентрацияларында кешен түзу қабілеті жоғары басқа дәрілік заттарды (варфарин, салицил қышқылы, фенилбутазон, диазепам және т.б.) ақуыздармен байланыстан ығыстырып шығарады. Бір рет ішу арқылы қабылдағанда жекеше биожетімділігі 35% құрайды. Бір рет ішке қабылдау кезінде ең жоғары концентрациясына 1 сағат өткенде жетеді. Таралу көлемі – 0,27 л/кг.

Метаболизмі және шығарылуы

Леводопа Дофа-декарбоксилаза (ДДК) және катехол - О- метилтрансфераза (КОМТ) көмегімен дофамин, норадреналин, адреналин және 3-О – метилдофаға дейін барлық тіндерде белсенді метаболизденеді. Қабылданған дозадан 75% метаболиттер түрінде 8 сағат ішінде бүйрекпен шығарылады. Өзгеріссіз күйде бүйрекпен (7 сағат ішінде 35%) және ішекпен шығарылады. Леводопаның жалпы клиренсі 0,55 – 1,38 л/кг/сағат. Жартылай шығарылу кезеңі – 0,6-1,3 сағат.

Карбидопа глюкуронидтер және байланыспаған құрылымдар түрінде несеппен шығарылатын негізгі екі метаболитке дейін метаболизденеді. Өзгеріссіз карбидопа бүйрек арқылы 30% несеппен шығарылады. Несеппен бөлінетін метаболиттер арасында негізгілері: альфа-метил-3-метокси-4-гидроксифенилпропион қышқылы және альфа-метил-3,4-дигидрокси-фенилпропион қышқылы. Жартылай шығарылу кезеңі – 2-3 сағат.

Энтакапон толық дерлік метаболизденеді. Бауыр арқылы «алғаш өту» әсеріне ие (Е)-изомер болып табылатын энтакапон (Z)-изомерге айналады, оның үлесіне қан плазмасындағы энтакапонның жалпы мөлшерінің 5% шамасы тиеді. Бүйрекпен 10-20% және ішек арқылы (нәжіспен және өтпен) 80-90% шығарылады. Энтакапон мен оның белсенді матаболитінің негізгі метаболизм жолы – глюкурон қышқылымен конъюгациялану. Жалпы клиренс 0,7 л/кг/сағатқа жуық құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі – 0,4-0,7 сағат.

Қайта қолданылғанда жартылай шығарылу кезеңінің қысқа болуына орай леводопа немесе энтакапонның шын мәнінде жиналуы жүрмейді.

Пациенттердің әртүрлі топтарына арналған ақпарат

Пациенттердің жаc топтары. Жастау (45-64 жас) және егделеу (65-75 жас) пациенттердегі фармакокинетикалық көрсеткіштері бірдей.

Жынысы. Леводопа биожетімділігі әйелдерде едәуір жоғары. Карбидопа мен энтакапон биожетімділігі пациенттердің жынысына байланысты емес.

Бауыр функциясының бұзылуы. Энтакапон метаболизмі бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А және Б кластары) бар пациенттерде баяулаған, бұл сіңірілу және шығарылу фазаларында қан плазмасындағы энтакапон концентрацияларының ұлғаюына алып келеді.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Бүйрек жеткіліксіздігі энтакапон фармакокинетикасына ықпал етпейді. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде леводопа мен карбидопа фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілмеген.

Фармакодинамикасы

Леводопа дофамин медиаторының ізашары болып табылады, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтіп, дофамин жеткіліксіздігі симптомдарын азайтады. Леводопаның паркинсонға қарсы әсері тікелей орталық жүйке жүйесінде (ОЖЖ) дофаминге айналумен жүзеге асады, бұл оның тапшылығын толықтырады.

Карбидопа шеткергі Дофа-декарбоксилаза (ДДК) тежегіші болып табылады, шеткергі тіндерде дофамин түзілуін төмендетеді, бұл жанама түрде ОЖЖ-не түсетін леводопа мөлшерінің артуына алып келеді.

Дофа-декарбоксилазаны тежеумен леводопа 3-О-метилдопаның (3-ОМД) аса қауіпті метаболиті катехол-О-метилтрансферазаға метаболизденеді.

Энтакапон, ең алдымен, шеткергі әсер ететін катехол-О- метилтрансферазаның (КОМТ) қайтымды, спецификалық тежегіші болып табылады. Энтакапон қан ағымынан леводопа клиренсін баяулатады, бұл оның емдік әсерін ұзартып, леводопа биожетімділігінің артуына алып келеді.

Қолданылуы

- Паркинсон ауруы

- леводопа+карбидопа біріктірілімін пайдалану тиімділігі аз жағдайлардағы паркинсонизм синдромы

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, аздаған тамақ мөлшерімен немесе тамақтанудан кейін, жеткілікті су мөлшерімен ішеді. Таблеткаларды сындыруға және бөліктерге бөлуге болмайды.

Левакапен препаратының оңтайлы тәуліктік дозасы әр пациент үшін жекеше дозаны мұқият таңдау арқылы белгіленуі тиіс. Левакапеннің жеті қолжетімді дозалануының біреуі арқылы тәуліктік дозаны оңтайландырған дұрыс. Бір реттік доза ретінде таңдалған дозалануынан тек бір таблетка қабылдау керек. Ең жоғары тәуліктік доза - 1,5 г леводопа, 375 мг карбидопа, 2 г энтакапон (Левакапен препаратының 150/37,5/200 мг дозаланған 10 таблеткасына, 175/43,75/200 мг дозаланған 8 таблеткасына және 200/50/200 мг дозаланған 7 таблеткасына сәйкес келеді). Дозаны қабылдау жиілігін емдеуші дәрігер белгілейді.

Левакапен препараты энтакапонды бір мезгілде қолданумен стандартты босап шығатын леводопа+ДДК тежегіші (карбидопа немесе бенсеразид) біріктірілімінің сәйкесті дозаларын қолдану тәжірибесі бар пациенттерге тағайындалады.

Леводопа+ДДК тежегіші+энтакапон біріктірілімін қабылдайтын пациенттерді Левакапен біріктірілген препаратына ауыстырғанда мына сызбаларды ескеру қажет:

Левакапеннің жеті қолжетімді дозаларының біріне тең дозадағы стандартты босап шығатын левадопа+карбидопа біріктілірімі мен энтакапонды бір мезгілде алатын пациенттер Левакапен препаратының сәйкесті дозасына бірден ауыса алады.

Левакапеннің жеті қолжетімді дозаларының біріне тең емес дозадағы левадопа+карбидопа біріктірілімі мен энтакапонды қазіргі уақытқа дейін қабылдап жүрген пациенттер үшін Левакапен препаратымен емдеу бастамасын көтергенде оңтайлы клиникалық жауап алу үшін Левакапеннің сәйкесті дозасын өте тиянақты таңдау керек. Емдеудің басында Левакапен дозалануы Левакапен препаратымен емдеу басталғанша пайдаланылған леводопаның жалпы тәуліктік дозасына мүмкіндігінше жуық сәйкес болуы тиіс.

Стандартты босап шығатын леводопа+бенсеразид біріктірілімі мен энтакапон қабылдайтын пациенттерде Левакапен препаратымен емдеу бастамасын көтергенде қабылдауды келесі таңда бастау керек болатын Левакапен препаратымен ем басталғанша бір түнге леводопа+бенсеразид қабылдауды тоқтату керек. Левакапеннің бастапқы дозасы Левакапен препаратымен емдеу басталғанша пайдаланылған леводопа дозасына сәйкес келуі немесе 5-10% көбірек болуы тиіс.

Леводопа+ДДК тежегіші біріктірілімін қабылдайтын пациенттерді (энтакапонмен емді қоспай) Левакапен біріктірілген препаратына ауыстырғанда:

Левакапен:

Левакапен препаратымен емдеуді стандартты босап шығатын леводопа+ДДК тежегіші біріктірілімі дозасының көмегімен жағдайы тұрақтанбаған пациенттерде ағымдағы емге сәйкес келетін дозаларда бастауға болады.

Дискинезияға шалдыққан пациенттер немесе 800 мг леводопадан жоғары тәуліктік дозаны алатын пациенттерде леводопа+ДДК тежегіші біріктірілімінен Левакапен біріктірілген препаратына тіке ауысу ұсынылмайды. Ондай пациенттерге жекелеген препарат ретінде энакапонмен ем жүргізу және Левакапен тағайындалар алдында леводопа дозасын түзету мақсатқа сай.

Энтакапон леводопа әсерлерін күшейтеді, осыған орай, әсіресе, дискинезиясы бар пациенттерде Левакапенмен емнің басталуынан кейінгі алғашқы апталарға дейін бірінші күндерде леводопа дозасын 10-30% азайту ұсынылады. Леводопаның тәуліктік дозасын, пациенттің клиникалық жағдайына қарай, қабылдау аралықтарын ұзарту есебінен және/немесе дозасына леводопа мөлшерін азайту есебінен төмендетуге болады.

Емделу үдерісінде дозаны реттеу

Леводопаны көп мөлшерде тағайындау қажет болса, Левакапен препаратын қабылдау жиілігін ұзарту және/немесе пациентті үлкен дозадағы препаратпен емдеуге (міндетті түрде ұсынылған доза шегінде!) көшіру керек.

Егер леводопа аз мөлшерде қажет болса, Левакапен препаратын қабылдау жиілігін қысқарту және/немесе пациентті аз дозадағы препаратпен емдеуге көшіру керек.

Егер Левакапен препаратымен бір мезгілде құрамында леводопа бар басқа препараттар қолданылса, препараттың жалпы тәуліктік дозасы жөніндегі нұсқауларды мұқият қадағалау керек.

Левакапен препаратымен емді тоқтату

Егер Левакапен біріктірілген препаратымен емдеуді тоқтату керек болып, ал науқас энтакапон қосылмайтын леводопа+ДДК тежегіші біріктірілімімен емге көшірілсе, Паркинсон ауруының симптомдарын бақылаудың жеткілікті деңгейіне жету үшін басқа да паркинсонға қарсы препараттардың дозалануын мұқият саралау қажет.

Пациенттердің әртүрлі топтарына арналған ақпарат

Егде жастағы адамдар. Егде жастағы адамдар үшін дозаны түзету қажет емес.

Балалар. 18 жасқа дейінгі балаларда препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы. Левакапен препаратын жеңілден орташа дәрежеге дейін бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А және Б кластары) дозаны азайту мүмкіндігімен абайлап тағайындау ұсынылады.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Бүйрек жеткіліксіздігі энтакапон фармакокинетикасына ықпал етпейді. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде леводопа мен карбидопа фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілмеген. Препарат, диализде жүрген пациенттерді қоса, бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге сақтықпен тағайындалу керек.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлер тізбесі көрініс беру жиілігіне сай берілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін анықтау мүмкін емес).

Өте жиі (>1/10)

- дискинезия, хореиморфты, дистониялық және басқа да еріктен тыс қимыл-қозғалыстарды қоса

- диарея, жүрек айну

- бұлшықеттердің, қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіннің ауырулары

- хроматурия

Жиі ( 1/100 және 1/10)

- анемия

- салмақтың кемуі, тәбеттің төмендеуі

- депрессия, елестеулер, сананың шатасу жағдайы, әдеттен тыс түстер көру, мазасыздық, ұйқысыздық

- паркинсонизм өршуі (брадикинезия, гиперкинезия), тремор, «қосылу және айырылу» феномені, дистония, атаксия, психикалық бұзылулар (жадының нашарлауы, ақыл-ес кемуі), блефароспазм, бруксизм, ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру

- көрудің нашарлауы

- ишемиялық жүрек аурулары (стенокардия), миокард инфарктісінен басқа, аритмия

- ортостатикалық гипотензия, гипертензия, флебит

- ентігу

- іш қату, құсу, диспепсия, метеоризм, іштің ауыруы және жайсыздануы, ауыздың кеберсуі, ауыздың кермек татуы, тілдің ашытуын сезіну, ықылықтау

- бөртпе, гипергидроз, тері жабындары гиперемиясы, қан «кернеулерін» сезіну

- бұлшықеттердің түйілуі, буындардың ауыруы

- несеп шығару жолдарының инфекциялары

- кеуденің ауыруы, шеткергі ісінулер, әлсіздік, жүріс-тұрыстың бұзылуы, астения, қатты қажу

Жиі емес ( 1/1000 және 1/100)

- тромбоцитопения, агранулоцитоз

- психоз, ажитация

- миокард инфарктісі

- асқазан-ішектен қан кетулер

- колит, дисфагия

- бауыр функциясын талдаудың аномальді нәтижелері

- терінің, тырнақтың, шаштың, тер бөліністерінің боялуы (күңгірттенуі)

- несеп іркілісі, несепті ұстай алмау, несеп түсінің өзгеруі, приапизм

- дімкәстану

Сирек ( 1/10000 және 1/1000)

- ангионевроздық ісіну

Жиілігі белгісіз

- суицидтік мінез-құлық

- қатерлі нейролептиктік синдром

- көптеген холестаздық симптомдармен қатар жүретін гепатит

- есекжем

- дисфония

- қатерлі меланома

- рабдомиолиз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- жабық бұрышты глаукома

- феохромоцитома

- А және В типті моноаминооксидазаның (МАО) іріктелмеген тежегіштерімен (мысалы, фенелзин, транилципромин) бірге қолдану

- МАО-А және МАО-В іріктелмеген тежегіштерімен бірге қолдану

- қатерлі нейролептиктік синдром және/немесе атравматикалық жедел рабдомиолиз (соның ішінде сыртартқыдағы)

- лактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Паркинсонға қарсы басқа да дәрілер. Левакапен препаратымен ем паркинсонға қарсы басқа препараттарды қолдануға кедергі болмайды. Левакапен препаратымен бір мезгілде қабылдағанда селегининнің тәуліктік дозасы 10 мг-ден аспауы тиіс.

Гипертензияға қарсы дәрілер. Кейбір гипотензиялық дәрілер алатын пациенттерде құрамында леводопа бар препаратты қосу симптоматикалық ортостатикалық гипотензияны туындатуы мүмкін. Сондықтан, Левакапен препаратымен емдеудің басында гипотензиялық препарат дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Антидепрессанттар. Левакапен имипраминмен және моклобемидпен үйлесімді. Левакапенді А типті МАО тежегіштерімен, үш циклды антидепрессанттармен, норадреналинді кері қармау тежегіштерімен (дезипрамин, мапротилин, венлафаксин), КОМТ метаболиздейтін дәрілік препараттармен (катехин-құрылымдас қосылыстар, пароксетин) бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Басқа да белсенді заттар.

Левакапен емдік әсері дофамин рецепторлары антагонистерімен (кейбір нейролептиктік және құсуға қарсы дәрілер), фенитоинмен, папаверинмен бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі мүмкін. Атап көрсетілген дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерде емдік жауапты жоғалтудың бар-жоғы қадағалануы тиіс.

Левакапен препаратының емдік әсері, леводопа мен кейбір амин қышқылдарының бәсекелі әсері есебінен, ақуызы жоғары диета ұстанатын пациенттерде төмендеуі мүмкін.

Темір препараттарымен бір мезгілде қабылдау кезінде Левакапен мен құрамында темір бар препараттарды қабылдау арасында 2-3 сағат уақыт аралығы қадағалану қажет, өйткені леводопа мен энтакапон асқазан-ішек жолында темір иондарымен хелатты кешендер түзеді.

Левакапен препараты В6 витамині препараттарымен (пиридоксин), диазепаммен, ибупрофенмен үйлесімді.

Левакапен препаратының құрамына кіретін энтакапон Р450 2С9 цитохромымен тектес, соның салдарынан метаболизмі осы ферментке тәуелді заттармен (мысалы, S-варфарин) өзара әрекеттесуі мүмкін. Левакапен препараты варфарин алатын пациенттерге тағайындалғанда ХҚҚ бақылауы ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты құрамында тек леводопа бар препараттарды алып жүрген пациенттерге тағайындауға болады, алайда Левакапен препаратымен емнің басталуынан, кем дегенде, 12 сағат бұрын леводопа қабылдау тоқтатылуы тиіс. Левакапен препаратының тәуліктік дозасы леводопаның дәл сондай немесе леводопаның алдыңғы тәуліктік дозасынан 5-10% көбірек мөлшерін қамтамасыз етуі тиіс.

Левакапен препараты дәрілік заттарды қабылдаудан туындайтын экстрапирамидалық реакцияларды басуға тағайындалмайды.

Левакапен препаратымен емделу кезінде импульстік бақылау бұзылуларының дамуына қатысты пациенттерге жүйелі мониторинг өткізілуі тиіс. Пациенттер және олардың қамқоршылары дофамин агонистерін және/немесе құрамында леводопа бар басқа да дофаминергиялық дәрілерді, соның ішінде Левакапен алатын пациенттерде туындауы мүмкін импульстік бақылаудың бұзылу симптомдарының (мысалы, ойынқұмарлық, гиперсексуалдық, либидоның артуы, компульсивтік шығындар немесе сатып алулар, компульсивті ашқарақтана тамақтану/қатты тойып ас ішу) болуы мүмкін екенінен хабардар болуы тиіс. Осындай симптомдар дамығанда емдеуді түзету ұсынылады.

Левакапен сыртартқыдағы жүрек-қантамыр жүйесінің және өкпенің ауыр ағымды аурулары, бронх демікпесі, сыртартқыдағы құрысулары, бүйрек, бауыр және эндокриндік жүйе аурулары бар пациенттерге, сондай-ақ сыртартқысында асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы бар пациенттерге (асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімінен қан кету мүмкіндігіне орай) сақтықпен тағайындалу керек.

Леводопа қолданылған жағдайлардағы сияқты, Левакапен препараты миокард инфарктісін бастан өткерген және жүрекшелік, түйінді немесе қарыншалық аритмиясы бар пациенттерге тағайындалғанда мұқият алдын ала тексеруден өту қажет. Осындай пациенттерде ерекше тиянақтылықпен – алғашқы доза тағайындалғанда және дозаларды таңдау кезеңінде жүрек қызметін қадағалау қажет.

Препарат ашық бұрышты глаукомасы бар пациенттерге абайлап және ем кезінде көзішілік қысымның тұрақты бақылану шартымен тағайындалу керек.

Леводопаны бұрын қабылдаған пациенттерде, сондай-ақ энтакапон және дофамин агонистерін (мысалы, бромкриптин), сондай-ақ селегинин немесе амантадин алатын пациенттерде дофаминнің көп мөлшерде түзілуі нәтижесіндегі дискинезияны байқауға болады. Левакапен біріктірілген препаратын тағайындағанда паркинсонға қарсы басқа да дәрілердің дозаларын ретке келтіру қажет.

Левакапен еріктен тыс қимыл-қозғалыс пен психикалық бұзылыстарды туындатуы мүмкін. Осы реакциялардың мидағы дофамин мөлшерінің көбею себебінен болатыны жорамалданады. Бұл құбылыстар дозаны азайтуды талап етуі мүмкін. Левакапен қабылдайтын пациенттердің бәрі суицидтік үрдістері бар депрессиялық жай-күйдің және қоғамға қарсы күрделі мінез-құлықтың басқа түрлерінің даму мүмкіндігімен байланысты қадағалауда болуы тиіс. Психоздары байқалатын пациенттерге емді таңдау кезінде сақ болу қажет болады.

Дофамин рецепторларын бөгеу қабілеті бар психотропты дәрілік заттарды, әсіресе, D2 рецепторлары антагонистерін және Левакапен препаратын бір мезгілде тағайындау кезінде де паркинсонға қарсы әсерінің төмендеуі немесе Паркинсон ауруы симптомдарының нашарлауы тұрғысынан алдын ала сақтану шараларын қадағалау керек.

Энтакапон леводопамен бірігіп ұйқышылдықты және қас-қағымда ұйықтап кету көріністерін туындатады. Автокөлік жүргізуден және машиналармен және механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту қажет.

Левакапен ортостатикалық гипотензияны туындатуы мүмкін, сондықтан гипотензиялық әсері бар өзге дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерге препарат абайлап тағайындалу керек.

Левакапенмен ұзақ уақыт емделген жағдайда бауыр функциясын, гемопоэз жүйесін, бүйрек, жүрек-қантамыр жүйесін мезгіл-мезгіл бақылау талап етіледі.

Паркинсонға қарсы препараттарды кенет тоқтатқанда немесе пациентті леводопа+карбидопа еміне (энтакапон қосусыз) күрт көшіргенде рабдомиолиз немесе бұлшықеттің сіресуін, дене температурасының көтерілуін, психикалық бұзылуларды және сарысулық креатинфосфокиназа концентрациясының ұлғаюын қамтитын қатерлі нейролептиктік синдром дамуы мүмкін. Сондықтан Левакапен препаратының дозасын күрт азайту немесе оны тоқтату кезеңінде пациенттерді, әсіресе, егер пациент нейролептиктер алатын болса, мұқият тексеру қажет. Левакапен препаратын левадопа+ДДК тежегіші біріктіріліміне (энакапон қосусыз) немесе басқа дофаминергиялық препаратқа ауыстыру леводопа дозасын арттырумен баяу жүргізілуі тиіс.

Егер жалпы анестезия қажет болса, Левакапенді пациентке сұйықтықтар мен дәрілерді ішу арқылы енгізуге рұқсат берілгенше қабылдауға болады. Егер емдеу уақытша тоқтатылса, пациент препаратты ішу арқылы қабылдайтын жағдайға жеткен бойда препарат қабылдауды әдеттегі дозасында жаңғыртуға болады.

Диареяны сезінетін пациенттерге шектен тыс төмендеп кету мүмкіндігіне жол бермеу үшін салмағын тұрақты түрде бақылау ұсынылады. Энтакапон пайдалану кезінде туындайтын ұзаққа созылатын немесе тұрақты диарея колиттің белгісі болуы мүмкін. Ұзаққа созылатын немесе тұрақты диарея жағдайында препарат тоқтатылып, тиісті медициналық тексеру және емдеу басталуы тиіс.

Салыстырмалы қысқа уақыт ішінде үдемелі анорексия, астения және салмақ кемуі болатын пациенттерге бауыр функциясының талдауын қамтитын медициналық тексеруден өтуге кеңес беріледі.

Леводопа+карбидопа несептік кетон талдауы кезінде жалған-оң нәтижеге түрткі болуы мүмкін. Глюкозурия талдауы да жалған-теріс нәтижені көрсете алады.

Препарат құрамында лактоза болуына байланысты, сирек тұқым қуалайтын лактозаны көтере алмаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер аталған дәрілік затты қабылдамауы тиіс.

Левакапен препаратының кейбір дозаларының құрамына қызыл аллюра АС алюминий лагы (Е129), кармоизин алюминий лагы (Е122) сияқты бояғыштар кіреді, осыған орай, аллергиялық реакцияларды байқауға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде леводопа+карбидопа+энтакапон біріктірілімін пайдалану жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Левакапен препаратын жүктілік кезінде тағайындау ұсынылмайды.

Леводопа емшек сүтімен бөлініп шығады. Карбидопа мен энтакапонның емшек сүтімен бөлінуі белгісіз. Сәбилерде леводопа+карбидопа+энтакапон біріктірілімін қолдану қауіпсіздігі белгісіз. Левакапен препаратын әйелге лактация кезеңінде тағайындау қажет болса, бала емізуді немесе препаратпен емдеуді тоқтатудың мақсатқа сай болуына қатысты мәселені шешіп алу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Левакапен препараты бас айналу, симптоматикалық ортостатизм, ұйқышылдық, кенеттен ұйықтап кету көріністері сияқты жағымсыз реакциялармен байланысты көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне елеулі ықпалын тигізуі мүмкін.

Зейін шоғырландыруды, көлік құралдарын және қозғалмалы механизмдер басқаруды талап ететін қызметпен айналысуға кеңес берілмейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: дозаға тәуелді емес сипатта болатын аллергиялық реакцияларды қоспағанда, жағымсыз әсерлердің күшеюі. Жедел симптомдар мен белгілер қозу, сананың шатасу жағдайын, кома, брадикардия, қарыншалық тахикардия, Чейн-Стокс тынысын, тері, тіл түсінің және конъюнктиваның өзгеруін, хроматурияны қамтиды.

Емі: ауруханаға жатқызу, асқазанды шаю, белсендірілген көмірді бірнеше рет қабылдау. Тыныс алу, жүрек-қантамыр және несеп шығару жүйелерінің функциясын бақылау, ЭКГ-мониторинг, қажет болса – аритмияға қарсы ем. Левакапен препаратымен артық дозалану кезінде пиридоксин тиімсіз.

Пациенттің басқа да дәрілік препараттарды қолдануы мүмкін екенін ескеру керек. Диализ пайдалануға қатысты деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Силикагель кептіргішімен ақ мөлдір емес полипропилен қақпақпен тығындалып, балалардың ашып алуынан қорғалған немесе алғашқы ашылуы бақыланатын тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған тиісті көлемдегі ақ мөлдір емес құтыға 30 немесе 100 таблеткадан салады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 құты картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Teva Pharmaceutical Works Private Limited Company, Венгрия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Teva Pharmaceutical Industries Limited, Израиль

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

«Teva Pharmaceutical Works Private Limited Company», Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19,

«Нұрлы тау» БО 1 Б, 603 кеңсе

Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com

 

 

Прикрепленные файлы

576821301477976157_ru.doc 138 кб
428313881477977447_kz.doc 173 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники