Лднил (10 мг)

МНН: Розувастатин
Производитель: MSN Laboratories Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rosuvastatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018758
Информация о регистрации в РК: 26.09.2023 - 26.09.2033
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 68.34 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Лднил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Розувастатин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг және 20 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10.40 немесе 20.80 мг кальций розувастатині (тиісінше 10 немесе 20 мг розувастатинге баламалы),

қосымша заттар: кальций фосфаты (DC), микрокристалды целлюлоза (РН 102), бутилденген гидрокситолуол, повидон К-30, натрий кроскармеллозасы, кремнийдің коллоидты қостотығы, магний стеараты, қабықтың құрамы: әмбебап ақ инстакоат IC-U-1308 (гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171)), тазартылған су.

Сипаттамасы

Екі жақ беті дөңес, дөңгелек, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағы да бірдей таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. HMG CоА редуктаза тежегіштері.

АТЖ коды С10АА07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Розувастатин қан плазмасында ең жоғары концентрацияға (Сmax) оны ішу арқылы қабылдағаннан кейін шамамен 3-5 сағаттан соң жетеді. Сmax және «концентрация-уақыт» қисық астындағы аудан (AUC) көрсеткіштері розувастатин дозасына шамамен пропорционалды түрде артады. Тәуліктің уақыты және ас қабылдау AUC мәніне ықпалын тигізбейді. Абсолюттік биожетімділігі шамамен 20% құрайды. Розувастатин көбіне бауыр арқылы сіңеді. Розувастатиннің таралу көлемі шамамен 134 л құрайды. Розувастатиннің шамамен 88%-ы плазма ақуыздарымен, негізінен, альбуминмен байланысады. Розувастатин шектеулі метаболизмге ұшырайды (10%-ға жуық). Негізгі метаболиті N-дисметилрозувастатин болып табылады, ол Р450 2С9 цитохромының әсерімен түзіледі. Айналымдағы HMG CоА редуктазаны тежеу жөнінен фармакологиялық белсенділігінің 90%-дан астамы розувастатинмен, қалғаны оның метаболиттерімен жүзеге асырылады.

Розувастатин дозасының 90%-ға жуығы өзгермеген күйінде нәжістермен бірге (сіңген және сіңбеген розувастатинді қоса) шығарылады. Қалған бөлігі несеппен бірге шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) шамамен 19 сағатты құрайды. Препарат дозасын арттырған кезде Т1/2 өзгермейді.

Ерекше клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы

Науқастың жынысы және жасы розувастатиннің фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан елеулі әсер етпейді.

Розувастатиннің фармакокинетикасына салыстырмалы жүргізілген зерттеулер еуропалықтарға қарағанда азиялықтарда AUC орташа мәнінің шамамен екі есе артатындығын көрсетті. Фармакокинетикалық параметрлердегі алынған айырмашылықтарға генетикалық факторлардың және қоршаған орта факторларының ықпалы байқалған жоқ. Емделушілердің әртүрлі этникалық топтарының арасында фармакокинетикалық талдама жасағанда еуропалықтар, латынамерикандықтар, қара нәсілдер немесе афроамерикандықтар арасында клиникалық маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ.

Бүйрек қызметінің жеңіл және орташа білінетін жеткіліксіздігі бар емделушілерде розувастатиннің немесе N-дисметилдің плазмалық концентрацияларының шамасы айтарлықтай өзгермейді.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі айқын (креатинин клиренсі (КК)<30 мл/мин) емделушілерде қан плазмасында розувастатиннің концентрациясы 3 есе жоғары, ал N-дисметил концентрациясы 9 есе жоғары. Қан плазмасындағы розувастатин концентрациясы гемодиализдегі емделушілерде шамамен 50%-ға жоғары болды.

Бауырдың созылмалы аурулары бар емделушілерде алкогольге тәуелділік аясында препаратты қабылдағанда розувастатиннің Cmax және AUC көрсеткіштері аздап артты.

Фармакодинамикасы

Лднил - гиполипидемиялық препарат, З-гидрокси-3-метилглутарилкоэнзим А-ны холестериннің (Хс) ізашары - мевалонатқа айналдыратын ГМГ-КоА-редуктаза ферментінің селективті бәсекелес тежегіші болып табылады. Розувастатиннің әсер ететін негізгі нысанасы бауыр болып табылады, онда холестерин (Xc) синтезі және тығыздығы төмен липопротеидтердің (ТТЛП) катаболизмі жүзеге асады.

Лднил жасушалардың сыртында бауырдағы ТТЛП рецепторларының санын арттырып, ТТЛП қармалуын және катаболизмін арттырады, ол өз кезегінде тығыздығы өте төмен липопротеидтердің (ТӨТЛП) тежелуіне әкеліп, осылайша, ТТЛП мен ТӨТЛП-тің жалпы мөлшерін азайтады.

Лднил Xc-ТТЛП-тің, жалпы холестериннің, триглицеридтердің (ТГ) жоғары мөлшерін төмендетеді, Xc-ТЖЛП мөлшерін арттырады, сондай-ақ В аполипопротеиннің (АпоВ), ТЖЛП емес-Хс, ТӨТЛП-Хс, ТӨТЛП-ТГ мөлшерін де төмендетеді және аполипопротеин A-1 (АпоА-1) деңгейін арттырады, ТТЛП-Хс/ТЖЛП-Хс, жалпы Хс/ТЖЛП-Хс мен ТЖЛП емес-Хс/ТЖЛП-Хс арақатынасын және АпоВ/АпоА-1 арақатынасын төмендетеді.

Емдік әсері Розустормен емді бастағаннан кейін 1 апта ішінде пайда болады, 2 апта емдегеннен кейін мүмкін болатын ең жоғары әсердің 90%-на жетеді. Ең жоғары емдік әсерге әдетте 4 аптада жетеді және жүйелі қабылдаған жағдайда сақталады.

Қолданылуы

- алғашқы гиперхолестеринемияда (IIa типі, отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемияны қоса есептегенде, ересектерде және 10-17 жастағы балаларға) немесе аралас гиперхолестеринемияда (IIb типі) ем-дәм және басқа да дәрі-дәрмектік емес емдеу әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағының төмендеуі) жеткіліксіз болған жағдайда ем-дәмге қосымша ретінде

- отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемияда ем-дәмге және холестеринді төмендететін басқа да емдерге (мысалы, ТТЛП-аферез) немесе осындай ем емделушіге жарамаған жағдайларда қосымша ретінде

- ересек емделушілерде атеросклероздың өршуін баяулату үшін жалпы холестерин (ЖХС) және ТТЛП ХС деңгейлерін мақсатқа сай деңгейлерге дейін төмендетуге арналған емнің бір бөлігі ретінде ем-дәмге қосымша.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ас қабылдауға қарамай-ақ, тәуліктің кез келген уақытында ішке қабылдайды. Таблетканы шайнамай және ұсақтамай, сумен ішіп, тұтастай жұтқан жөн.

Лднилмен емдеуді бастағанға дейін емделуші стандартты гиполипидемиялық ем-дәмді сақтауы және оны емделу кезінде жалғастыруы тиіс. Препарат дозасын көрсетілімдеріне және емдік жауабына қарай, липидтердің мақсаттық деңгейі жөнінде ағымдағы нұсқауларға көңіл бөле отырып, әр адамға жекелей таңдаған жөн.

Ересектерге. Лднилдің ұсынылатын бастапқы дозасы препаратты қабылдай бастаған емделушілер үшін, немесе ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қабылдаудан көшкен емделушілер үшін тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Бастапқы дозаны таңдаған кезде емделушілердегі холестерин мөлшерін басшылыққа алған және жүрек-қантамыр ауруларының асқыну қаупіне көңіл бөлген жөн, сондай-ақ жағымсыз әсерлердің даму қаупіне баға беру қажет. Қажет болған жағдайда 4 аптадан кейін доза арттырылуы мүмкін.

40 мг дозаны қабылдаған кезде жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігіне байланысты, дозаны ең жоғары 40 мг-ға дейін арттыру, 20 мг дозаны қабылдаған кезде қалаған нәтижеге қол жеткізілмеген, тек ауыр гиперхолестеринемиясы бар және жүрек-қантамыр асқынуларының қаупі жоғары емделушілерде ғана (әсіресе отбасылық гиперхолестеринемиясы бар емделушілерде) қарастырылуы мүмкін. Препаратты 40 мг дозада қабылдап жүрген емделушілерді бақылауға алу керек.

40 мг дозаны бұрын мамандарға қаралмаған емделушілерге тағайындауға болмайды. 2-4 апталық емнен кейін және/немесе Лднил дозасын арттырған кезде липидтік алмасу көрсеткіштерін бақылап отыру қажет, қажет болған жағдайда дозаны түзету талап етіледі.

Курс ұзақтығы – 4 апта және одан көбірек, емдік әсерге байланысты және дәрігер белгілейді.

Бүйрек қызметінің ауырлығы жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі бар (КК<30 мл/мин) емделушілерде емдеуге қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (>1/100, <1/10)

- бас ауыру, бас айналу

- жүректің айнуы, іштің ауыруы, іш қату

- миалгиялар

- астениялық синдром

- қант диабеті (ашқарында қандағы глюкоза деңгейі 5,6-6,9 ммоль/л болатын емделушілерде)

Жиі емес (> 1/1000, < 1/100)

- қышу, бөртпе, есекжем

Сирек (> 1/10 000, < 1/1 000)

- жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевротикалық ісінуді қоса есептегенде

- миопатия, рабдомиолиз

- «бауыр» трансаминазасы деңгейінің жоғарылауы

- артралгиялар

Өте сирек (< 1/10 000)

- сары ауру, гепатит

- полинейропатия

- жадыдан айрылу

- гематурия

- депрессия, ұйқының бұзылуы

- жыныс қызметінің бұзылуы

- өкпелердің интерстициальді аурулары

Тағы басқалар

Лднил қабылдап жүрген емделушілерде протеинурия білінуі мүмкін. Көптеген жағдайларда протеинурия емдеу үдерісінде азаяды немесе жоғалады және бүйректердің жедел ауруларының пайда болғанының немесе бұрыннан бар бүйрек ауруының асқынуының белгісі емес.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • розувастатинге және препараттың басқа да компоненттеріне сезімталдық жоғары болғанда

  • бауыр ауруларының белсенді сатысында, трансаминазаның сарысулық белсенділігінің тұрақты жоғарылауын қоса есептегенде және қан сарысуында трансаминаза белсенділігінің кез келген жоғарылауында (БІГ-мен салыстырғанда 3 еседен астамға)

  • бүйрек қызметінің айқын бұзылуларында (КК<30 мл/мин)

  • циклоспоринмен бір мезгілде қабылдауға

  • миоуытты асқынулардың, миопатияның дамуына бейім болғанда

  • контрацепцияның талапқа сай әдістері жоқ болғанда

  • жүктілікте және лактация кезеңінде

  • балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге 

40 мг доза үшін

  • ауырлығы орташа дәрежелі бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі минутына 60 мл-ден аз)

  • гипотиреозда

  • розувастатиннің плазмалық концентрациясының артуына әкелуі мүмкін жағдайларда

  • фибраттарды бір мезгілде қабылдауға

  • азиаттық нәсілге жататын емделушілерге

  • сыртартқысында бұлшықет аурулары бар болғанда

  • сыртартқыда ГМГ–КоА-редуктазаның басқа да тежегіштерін немесе фибраттарды қабылдау аясында миоуыттылық бар болғанда

  • алкогольді шамадан тыс пайдаланғанда.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Лднил мен циклоспоринді біріктіріп қолдану қан плазмасында розувастатиннің (Сmax) мен AUC мәндерінің, тиісінше, 11 есе және 7 есе артуына әкеледі. Циклоспориннің плазмалық концентрациясына ықпалын тигізбейді.

Розувастатинмен емдеуді бастау немесе препарат дозасын арттыру К витаминін (мысалы, варфарин) бір мезгілде қабылдап жүрген емделушілерде протромбинді уақыттың (МНО) артуына әкелуі мүмкін. Лднилді тоқтату немесе оның дозасын азайту МНО-ны азаюына әкелуі мүмкін (мұндай жағдайларда МНО-ны бақылау ұсынылады).

Лднил мен гемфиброзилді біріктіріп қолдану розувастатиннің қан плазмасындағы Cmax және АUC мәндерінің 2 есе артуына әкеледі. Мұндай жағдайларда препараттарды біріктіріп қабылдауға болмайды.

Өзара әрекеттесуінің нүктелі механизміне қарамастан, Лднил мен протеаза тежегіштерін (липонавир/ритонавир) біріктіріп қабылдау розувастатиннің Cmax және AUC мәндерінің едәуір артуына әкелуі мүмкін, сондықтан біріктіріп қолданбаған жөн.

Лднилді және құрамында алюминий мен магний гидроксиді бар антацидтерді бір мезгілде қолдану розувастатиннің плазмалық концентрациясын шамамен 50%-ға төмендетеді. Бұл әсер, егер антацидтер Лднилді қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қолданылса, әлсіздеу білінеді. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы зерттелген жоқ.

Лднилді және эритромицинді бір мезгілде қолдану розувастатиннің AUC мәнін 20%-ға және Cmax мәнін 30%-ға азайтады, бұл эритромицинді қабылдаудан ішектің жиырылуының күшеюі нәтижесінде болуы мүмкін.

Розувастатинді және ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді бір мезгілде қолдану этинилэстрадиолдың және норгестрелдің AUC мәндерін, тиісінше, 26%-ға және 34%-ға арттырады. Плазмалық концентрацияның осылай артуы Лднилді қолдану аясында ішу арқылы қабылданатын контрацептивтердің дозасын таңдаған кезде ескерілуі тиіс. Лднил мен гормонның орнын басатын емді бір мезгілде қолдану жөнінде фармакокинетикалық деректер жоқ, демек, осы біріктіруді қолданған кездегі осыған ұқсас әсерді де жоққа шығаруға болмайды.

Лднил мен ниацинді біріктіріп қабылдаған кезде қаңқа бұлшықетіне ықпал ету қаупі артуы мүмкін. Мұндай жағдайда дозаны төмендету керек.

Лднилдің дигоксинмен немесе фенофибратпен бірге қолданылуынан клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу күтілмейді.

Гемфиброзил, басқа да фибраттар және никотин қышқылының гиполипидемиялық дозалары (тәулігіне 1 г-нан асатын немесе баламалы) ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде миопатияның даму қаупін арттырды. Монотерапия ретінде пайдаланған кезде олардың миопатияны тудыруы мүмкін екендігіне де байланысты болуы ықтимал.

Розувастатин Р450 цитохромы жүйесі ферменттерінің тежегіші де, индукторы да емес. Бұдан басқа, розувастатин осы ферменттер үшін әлсіз субстрат болып табылады. Лднил мен флуконазол (CYP2C9 және CYP3A4 тежегіші) және кетоконазол (CYP2A6 және CYP3A4 тежегіші) арасында клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу байқалған жоқ. Препарат пен итраконазолды (CYP3A4 тежегішін) біріктіріп қолдану розувастатиннің AUC мәнін 28%-ға арттырады (клиникалық тұрғыдан маңызды емес). Осылайша, Р450 цитохромы жүйесіне байланысты өзара әрекеттесу күтілмейді.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр аурулары сыртартқысында болған жағдайда, сепсисте, артериялық гипотензияда, ауқымды хирургиялық араласымдарда, жарақаттарда, ауыр метаболизмдік, эндокриндік немесе электролиттік бұзылуларда, бақылауға келмейтін эпилепсияда; миопатия/рабдомиолиздің даму қаупі бар болғанда: бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, гипотиреозда, жеке басының және отбасылық сыртартқысында бұлшықеттердің тұқым қуалаған аурулары бар болғанда немесе мұның алдында сыртартқысында ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қолданғанда бұлшықеттің уыттануы болғанда, 65 жастан асқанда, қан плазмасында розувастатин концентрациясының жоғарылағаны білінген жағдайда, азиаттық нәсілге абайлап қолдану керек.

Лднилді 40 мг дозада қолданған кезде бүйрек қызметінің көрсеткіштерін бақылау керек.

Рабдомиолиз қаупінің факторлары бар емделушілерде күтілетін пайдасы мен потенциалды қаупі арақатынасын алдын ала ескеру және клиникалық бақылау жүргізу қажет.

Күтпеген жерден, әсіресе дімкәстік және қызба біріккен, бұлшықеттің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі немесе бұлшықет түйілулері пайда болған жағдайларда дәрігерге дереу айту қажеттілігі жөнінде емделушіні хабардар еткен жөн. Мұндай емделушілерде креатинфосфокиназа (КФК) деңгейін анықтаған жөн. Емдеуді, егер КФК деңгейі едәуір артқан болса (бүйрек үсті безінің іштен туа болған гиперплазиясымен (БІГ) салыстырғанда 5 еседен астам немесе егер бұлшықет симптомдары кенеттен білінсе және күн сайын жайсыздық тудырса (тіпті егер КФК деңгейі БІГ-мен салыстырғанда 5 есе аз болса) емдеуді тоқтатқан жөн. Егер симптомдар жоғалса, және КФК деңгейі қалпына келсе, Лднилді немесе ГМГ-КоА-редуктазаның басқа да тежегіштерін аз дозаларда қайталап тағайындау жөніндегі мәселені, емделушіні мұқият бақылауға ала отырып, жүргізген жөн.

Қарқынды дене жүктемелерінен кейін немесе КФК-нің артуының басқа да себептері болған жағдайда КФК-ні анықтамаған жөн, ол алынған нәтижелердің сенімді емес интерпретациясына әкелуі мүмкін. Егер бастапқы КФК деңгейі едәуір жоғарылаған болса (БІГ-ден 5 есе жоғары), 5-7 күннен кейін қайталап өлшеген жөн. Егер қайталанған тест КФК-нің бастапқы деңгейін (БІГ-ден 5 есе жоғары) дәлелдесе, емдеуді бастамаған жөн.

Симптомдар болмаған кезде КФК-ні мониторингілеуді дағдыға айналдыру жөнсіз.

Лднилді біріктірілген ем құрамында қолданған кезде қаңқа бұлшықетке уытты әсерінің арту белгілері байқалған жоқ. ГМГ-КоА-редуктазаның басқа да тежегіштерін фибрин қышқылының туындыларымен (гемфиброзилді қоса есептегенде) біріктіріп, циклоспоринді, никотин қышқылын, зеңге қарсы азольді препараттарды, протеаза тежегіштерін және макролидтік антибиотиктерді қабылдаған емделушілерде миозит және миопатия жағдайлары санының артқаны жөнінде мәлімделген.

Емді бастағанға дейін және бастағаннан кейін 3 айдан соң бауыр көрсеткіштерін анықтауды жүргізу керек. Лднилді қабылдауды, егер қан сарысуындағы трансаминаза белсенділігінің деңгейі БІГ-ден 3 есе артық болса, тоқтатқан немесе препарат дозасын азайтқан жөн.

Гиперхолестеринемиясы бар емделушілердегі, гипотиреоз немесе нефротикалық синдром салдарынан, негізгі ауруларды емдеу Лднилмен емдеуді бастаудан бұрын жүргізілуі тиіс.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін (бас айналу) ескеріп, көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: КФК-ны мониторингілеумен бірге симптоматикалық ем. Өзіне тән ерекше у қайтарғысы жоқ. Гемодиализдің тиімділіг аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг және 20 мг таблеткалар.

10 таблетка бір жақ беті алюминий фольгадан және басқа жақ беті баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

MSN Laboratories Limited

Plot No 42, Anrich Industrial Estate, Bollaram,

Medak District - 502 325. A. P., Үндістан.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

MSN Laboratories Limited, Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050046, Алматы қ-сы, Солодовников к-сі, 21/289

Тел. (727) 392-74-05

 

Прикрепленные файлы

600903071477977083_ru.doc 89.5 кб
608672701477978250_kz.doc 96 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники