Ларнамин®

МНН: Л-орнитин-Л-аспартат
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний печени
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022601
Информация о регистрации в РК: 13.07.2021 - 13.07.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Ларнамин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішу үшін ерітінді дайындауға арналған түйіршіктер, 3 г/5 г

Құрамы

1 сашенің ішінде

белсенді зат - 100 % затқа шаққанда L-орнитин L-аспартаты – 3 г

қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, апельсин хош иістендіргіші, лимон хош иістендіргіші, натрий сахарині, натрий цикламаты, күн батар түстес сары ҒСҒ (Е 110), повидон, мальтит (Е 965).

Сипаттамасы

Ақ және қызғылт-сары түсті өлшемдері әртүрлі түйіршік қоспалары.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар. Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды А05ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

L-орнитин L-аспартатының іn vivo әсері аммиак детоксикациясының екі шешуші әдістері: мочевина синтезі және глутамин синтезі көмегімен орнитин және аспартатпен амин қышқылдарына негізделген.

Мочевина синтезі қақпа жанындағы гепатоциттерде жүреді, атап айтқанда, орнитин екі ферменттің активаторы: карбамоилтрансфераза және карбамоилфосфат синтетаза орнитині, cондай-ақ мочевина синтезінің субстраты ретінде көрінеді.

Глутамин синтезі веналар жанындағы гепатоциттерде жүреді. Атап айтқанда, патологиялық жағдайлар кезінде орнитин метаболизмі өнімдерін қоса, аспартат және дикарбоксилат жасушаларға сіңіріледі және онда аммиакты глутамин түрінде байланысуы үшін пайдаланылады.

Глутамат – бұл физиологиялық әрі патологиялық жағдайларда аммиакты байланыстыратын амин қышқылдары. Алынған амин қышқылы – глутамин – аммиак шығарылуы үшін уытсыз түрі болып қана табылмайды, сонымен қатар глутаминнің жасушаішілік алмасуын белсендіреді.

Физиологиялық жағдайларда орнитин мен аспартат мочевина синтезін лимиттемейді.

Жануарларға эксперименттік зерттеулер L-орнитин L-аспартатының аммиак деңгейін төмендету қабілеттілігі жеделдетілген глутамин синтезіне негізделген. Жеке клиникалық зерттеулерде бұл жақсарулар аминқышқылы/хош иістендіргіш  амин қышқылдарының тармақталған тізбегіне қатысты  көрсетілді.

L-орнитин L-аспартат жылдам сіңеді және орнитинге және аспартатқа ыдырайды. Екі аминқышқылдың да жартылай шығарылу кезеңі қысқа – 0,3-0,4 сағат. Аспартаттың бөлігі өзгермеген түрде несеппен шығарылады.

Қолданылуы

  • асқын аммониямен қатар жүретін бауырдың жедел және созылмалы аурулары (оның ішінде цирроз, вирустық гепатит, майлы дистрофия кезінде алкогольмен улану аясында бауырдың токсикалық зақымдануы)

  • бауыр энцефалопатиясында (жасырын және айқын)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ларнаминнің® 1-2 саше ішіндегісін ерітіп, тәулігіне 3 ретке дейін қабылдау керек.

Ларнамин® сашесін сұйықтықтың көп мөлшеріне (мысалы стақан суға немесе шырынға) ерітіп, тағам қабылдаған кезде немесе тағам қабылдағаннан кейін.

Емдеу ұзақтығын науқастың клиникалық жағдайына байланысты дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Кейде (≥1/1000, <1/100)

- тыныс алудың қиын (демікпе ұстамасы) түріндегі аллергиялық симптомдар және тері бөртпесі

- жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы, метеоризм, диарея

Өте сирек (≥1/10)

- буындардың ауыруы

Бұл жағымсыз реакциялар әдетте қысқа мерзімді және препаратты қабылдауды тоқтатуды талап етпейді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- L-орнитин L-аспартатына немесе қосымша заттардың кезкелгеніне аса жоғары сезімталдық

- креатинин деңгейі 3 мг/100 мл-ден жоғары кезде бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (созылмалы немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі)

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуі бойынша зерттеулер жүргізілмеген. Деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Балаларға қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан препаратты педиатриялық тәжірибеде қолданбайды.

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану

Ларнаминді жүктілік кезінде қолдану туралы деректер жоқ. L-орнитин L-аспартатын қолданумен жануарларға зерттеулер өсу функциясына оның уытты әсер етуіне зерттеу үшін жүргізілген жоқ. Осылайша жүктілік кезеңінде Ларнаминді қолданудан аулақ болу керек.

L-орнитин L-аспартатының емшек сүтіне өтетіні белгісіз. Сондықтан бала емізіп жүрген кезеңде препаратты қоланбаған жөн.

Көлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне препараттың әсер ету ерекшеліктері

Ауру салдарынан автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілеті L-орнитин L-аспартатмен емдеу кезінде нашарлауы мүмкін, сондықтан емдеу кезеңінде мұндай қызмет түрінен аулақ болған жөн.

Артық дозалануы

L-орнитин L-аспартаттың артық дозалануы салдарынан болған уыттану белгілері қазіргі кезге дейін байқалмаған.

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Фольга үлбірден жасалған саше де ішу үшін ерітінді дайындауға арналған түйіршіктер 5 г-ден.

30 сашеден медициналық қолдануға арналған мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 74.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы.

Қазақстан Республикасындағы «Фармак» ЖАҚ өкілдігі,

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., индекс 050012, Амангелді к-сі 59 "А" "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат.

Тел +7 (727) 267 64 63, факс +7 (727) 267 63 73, электрондық пошта: a.liadobruk@gmail.com

Прикрепленные файлы

Ларнамин_инструкция_рус.doc 0.07 кб
Ларнамин_инструкция_каз.doc 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники