Ланзоптол

МНН: Лансопразол
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lansoprazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014351
Период регистрации: 23.07.2015 - 23.07.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Ланзоптол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лансопразол

Дәрілік түрі

30 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 30 мг лансопразол,

қосымша заттар: қант сфералары, гидроксипропилцеллюлоза, ауыр магний карбонаты, сахароза, жүгері крахмалы, натрий лаурилсульфаты, гипромеллоза, метакрил қышқылы - этилакрилат кополимері (1:1) 30% дисперсия, тальк, макрогол 6000, титанның қостотығы (E171),

капсуланың құрамы: титанның қостотығы (E171), желатин

Сипаттамасы

Ақ түсті корпусы және қақпақшасы бар, өлшемі №1 (ЕФ) капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақтан крем түстес-ақ немесе сарғыш түске дейінгі пеллеттер.

Фармакотерапиялық тобы

Ойық жараға қарсы препараттар және гастроэзофагеальді рефлюксті емдеуге арналған препараттар. Протонды сорғы тежегіштері. Лансопразол.

АТХ коды А02ВС03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Лансопразол париетальді жасушалардың қышқыл ортасында белсенді түрге биотрансформацияланатын белсенді екі энантиомердің рацематы болып табылады. Лансопразолдың белсенділігі асқазан сөлімен тез жойылатын болғандықтан, жалпы сіңуі үшін ол ішекте еритін пероральді түрде қолданылады.

Сіңуі және таралуы

Бір реттік дозадан кейін лансопразолдың биожетімділігі 80-90% құрайды. Қан плазмасында ең жоғары деңгейге 1,5 – 2,0 сағат ішінде жетеді. Тамақ ішу лансопразолдың сіңу деңгейін баяулатады және биожетімділігін шамамен жартысына төмендетеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы 97% құрайды.

Ашылмаған капсулалардағы лансопразолдың және ашылған капсулалардағы, кейіннен түйірлерінің апельсин, алма немесе томат шырының аздаған мөлшерімен араластырылатын немесе ас қасық алма немесе алмұрт езбесі, йогурт, пудинг немесе сүзбемен араластырылатын, лансопразолдың АUС мәндерінің ұқсастығы анықталды. AUC мәндерінің ұқсастығы назогастральді зонд арқылы енгізу үшін түйірлерді алма шырынымен араластырған кезде де көрсетілді.

Метаболизмі және шығарылуы

Лансопразол бауырда, негізінен, CYP2C19 ферментімен белсенді метаболизденіп, сульфон, сульфид және лансопразолдың 5-гидроксил туындыларын түзеді; метаболизмге сондай-ақ CYP3A4 ферменті де қатысады. Метаболиттердің секрецияға қарсы белсенділігі болмайды немесе төмен болады және бүйрек арқылы және өтпен бірге шығарылады.

Плазмадағы жартылай шығарылу кезеңі бір реттік немесе көп реттік дозаны қабылдағаннан кейін 1-ден 2 сағатқа дейін ауытқиды, жиналмайды.

Препараттың шамамен үштен бірі несеппен бірге және үштен екісі нәжіспен бірге шығарылады.

Егде жастағы емделушілерде лансопразол клиренсі төмендеген, жартылай шығарылу кезеңі шамамен 50% - 100%-ға артады. Егде жастағы емделушілерде қан плазмасындағы ең жоғары деңгейлер жоғарыламайды.

Педиатриялық емделушілерде (1-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерде) дене массасы 30 кг-ден аз балалар үшін 15 мг дозадағы және дене массасы 30 кг-ден көбірек балалар үшін 30 мг дозадағы лансопразолдың фармакокинетикасы ересектердегі фармакокинетикасына ұқсас болады. Дене бетінің әр м2 шаққанда 17 мг доза немесе дене массасының әр кг шаққанда 1 мг лансопразолды зерттеу 2-3 айлықтан бір жасқа дейінгі балаларда, ересектермен салыстырғанда, экспозияциясының ұқсас болатындығын көрсетті.

Бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін, дене массасының әр кг шаққанда 1,0 мг және 0,5 мг дозасында жасы 2-3 айлыққа толмаған балаларда, ересектермен салыстырғанда, лансопразолдың өте жоғары экспозициясы байқалды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігіндегі фармакокинетикасы

Лансопразолдың әсері бауыр функциясы жеткіліксіздігінің жеңіл түрінде екі еселенеді және бауыр функциясының орташа және ауыр түрлері бар емделушілерде едәуір жоғарылайды.

CYP2C19 баяу метаболизаторлары

CYP2C19-ға генетикалық полиморфизм себеп болады және баяу метаболизаторлар (PMs) деп аталатын тұрғындардың 2-6%-ы CYP2C19 генінің мутантты аллелі үшін гомозиготалар болып табылады, сондықтан CYP2C19 функциональді ферментінің жеткіліксіздігін бастан кешіреді. PMs-де лансопразолдың әсері тез метаболизаторларға (EMs) қарағанда бірнеше есе жоғары.

Фармакодинамикасы

Лансопразол протонды сорғы тежегіші (ПСТ) болып табылады, асқазан сөлінің түзілуінің ақырғы сатысын бөгеп, асқазанның париетальді жасушаларында H+/K+ АТФаза белсенділігін баяулатады. Тежелуі дозаға байланысты және қайтымды болады, асқазан сөлінің базальді де, сондай-ақ стимуляцияланған секрециясына да ықпалын тигізеді. Лансопразол париетальді жасушаларда шоғырланады және олардың қышқыл ортасында белсенді болады, мұндайда препарат H+/K+АТФазаның сульфгидрилді тобымен реакцияға түсіп, ферменттердің әсерін баяулатады.

Асқазан сөліне ықпалы

30 мг лансопразолдың бір реттік пероральді дозасы асқазан сөлінің пентагастри-стимуляцияланған секрециясын шамамен 80%-ға тежейді. Жеті күн бойы күн сайын қайталап қолданғаннан кейін асқазан сөлі секрециясының тежелуі шамамен 90%-ға жетеді. Бұл асқазан сөлінің базальді секрециясына тиісті ықпалын тигізеді. Бір реттік пероральді 30 мг дозасы базальді секрецияны шамамен 70%-ға төмендетеді және симптомдар, сәйкесінше, алғашқы дозаны қабылдаудан бастап төмендейді. Сегіз күн қайталап қолданудан кейін шамамен 85%-ға төмендейді. Симптомдардың тез арада жеңілдеуіне күн сайын бір капсуладан (30 мг) қабылдау арқылы қол жеткізуге болады, және он екі елі ішектің ойық жарасы бар емделушілердің көбісінде 2 апта ішінде, асқазанның ойық жарасы және рефлюкс-эзофагиті бар емделушілерде 4 апта ішінде қалпына келеді. Асқазанның қышқылдылығын төмендете отырып, лансопразол антибиотиктердің H. рylori-ге қарсы тиімді болуына мүмкіндік беретін орта жасайды.

Қолданылуы

  • асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасын емдеуге

  • рефлюкс-эзофагитті емдеуде және алдын алуда

  • Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясында H. рylori-мен байланысты ойық жара ауруларын емдеу үшін бактерияларға қарсы тиісті дәрілермен біріктіріп

  • ҚҚСП ұзақ емделуді қажет ететін емделушілерде қабынуға қарсы стероиды емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдаудан туындаған асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеуде және алдын алуда

  • клиникалық көріністері бар гастроэзофагиальді рефлюксте

  • Золлингер-Эллисон синдромында

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеуді күніне 2 рет –таңертең бір рет, кешке бір рет қабылдау сызбасы бойынша жүргізу керек болған кездегі H. рylori эрадикациялау үшін қолданылатын жағдайларды қоспағанда, оңтайлы әсер үшін Ланзоптолдың 30 мг капсуласын күніне бір рет таңертең қабылдаған жөн.

Ланзоптолды тамақ ішуден ең кемінде 30 минут бұрын қабылдаған жөн. Капсулаларды шайнамай, сұйықтықпен ішіп, тұтастай жұтқан жөн.

Жұтынудың қиындауынан зардап шегіп жүрген емделушілерде қабылдауды жеңілдету үшін, капсулаларды ашуға және түйірлерін судың, алма/томат шырынының азғантай мөлшерімен араластыруға немесе жеңіл тамақтың азғантай мөлшеріне (мысалы, йогуртқа, алма езбесіне) себуге болады.

Сондай-ақ капсуланы ашуға және түйірлерді назогастральді зонд арқылы енгізу үшін 40 мл алма шырынымен араластыруға болады. Суспензияны немесе қоспаны дайындағаннан кейін препаратты кідіртпей енгізген жөн.

Он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу

Ұсынылатын доза 2 апта бойы күніне бір рет 30 мг құрайды. Осы кезең ішінде толық емделмеген емделушілер үшін осы дозада емдеу келесі 2 апта бойы жалғастырылуы мүмкін.

Асқазанның ойық жарасын емдеу

Ұсынылатын доза 4 апта бойы күніне бір рет 30 мг құрайды. Ойық жара әдетте 4 апта ішінде жазылады, бірақ осы кезең ішінде толық емделмеген емделушілерде емдеу келесі 4 апта бойы сол дозада жалғастырылуы мүмкін.

Рефлюкс-эзофагит

Ұсынылатын доза 4 апта бойы күніне бір рет 30 мг құрайды. Осы кезең ішінде толық емделмеген емделушілерде емдеу келесі 4 апта бойы сол дозада жалғастырылуы мүмкін.

Рефлюкс-эзофагиттің алдын алу

Күніне бір рет 30 мг.

Helicobacter pylori эрадикациясы

Тиісті біріктірілген емді таңдағанда бактериялық төзімділікке, қолдану ұзақтығына (көптеген жағдайларда 7 күн, бірақ кейде 14 күнге дейін) және бактерияларға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты жергілікті ресми методологиялық қағидаттарды қарастырған жөн.

Ұсынылатын доза 7 күн бойы күніне екі рет келесі препараттардың бірімен үйлестірілген 30 мг лансопразолды құрайды:

күніне екі рет 250-500 мг кларитромицин + күніне екі рет 1 г амоксициллин

күніне екі рет 250 мг кларитромицин + күніне екі рет 400-500 мг метронидазол.

H. pylori эрадикациялау деңгейі кларитромицинді лансопразолмен және амоксициллинмен немесе кларитромицинді лансопразолмен және метронидазолмен біріктіріп қолданғанда 90%-ға дейін жетеді.

Эрадикацияны сәтті емдеуден кейін 6 айдан соң жұқпаның қайта пайда болу қаупі төмендейді, осыған байланысты аурудың қайталануы екіталай.

қолданылуы

ҚҚСП ұзақ қабылдау қажет болған емделушілердегі ҚҚСП қабылдау әсерінен туындаған асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу

4 апта бойы күніне бір рет 30 мг Ланзоптол. Осы кезең ішінде толық емделмеген емделушілерді емдеу тағы 4 аптаға ұзартылуы мүмкін. Жоғары қаупі немесе емделуі қиын ойық жарасы бар емделушілерде емдеудің өте ұзақ курсы және/немесе өте жоғары дозалар қолданылуы мүмкін.

ҚҚСП-пен емдеуді жалғастыруды қажет ететін, жоғары қаупі (жасы > 65 немесе асқазанның немесе он екі елі ішектің созылмалы ойық жарасы) бар емделушілерде, ҚҚСП әсерінен туындаған асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының алдын алу

Күніне бір рет 30 мг.

Клиникалық көріністері бар гастроэзофагеальді рефлюкс

Ұсынылатын доза күн сайын 30 мг құрайды. Симптомдардың бәсеңдеуі тіпті бірден басталады. Дозаны жекелей таңдауды қарастыру қажет. Егер симптомдар күн сайынғы 30 мг дозадан төмендемесе, әрі қарай зерттеу ұсынылады.

Золлингер-Эллисон синдромы

Ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 60 мг құрайды. Дозаны жекелей таңдаған жөн және емдеуді, бұл қанша қажет болса, соншаға жалғастыру керек. Сондай-ақ 180 мг-ге дейінгі тәуліктік дозалар қолданылады. 120 мг-ден артық дозаларды қолдану қажет болғанда дозаны 2 қабылдауға бөлу қажет.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде дозаны түзету қажет емес.

Орташа немесе ауыр дәрежедегі бауыр ауруы бар емделушілер ұдайы бақылауда болуы тиіс, тәуліктік дозаны 50%-ға төмендету ұсынылады.

Егде жастағы емделушілерде лансопразол клиренсінің төмендеуі себебінен жекелей көрсетілімдерге негізделген дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Егде жастағы емделушілерде, клиникалық көрсетілімдердің амалсыз жағдайларын қоспағанда, тәуліктік 30 мг дозаны арттырмаған жөн.

Балалар

Клиникалық деректер шектеулі болғандықтан, лансопразол балаларға қолдану үшін ұсынылмайды. Жасқа толмаған нәрестелерді емдеуге жол бермеген жөн, өйткені қолда бар деректер гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеуде оң әсер көрсеткен жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥1/100 < 1/10 дейін);

  • бас ауыру, бас айналу

  • жүректің айнуы, диарея, іштің ауыруы, іш қату, құсу, метеоризм, ауыз ішінің немесе тамақтың құрғауы

  • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

  • есекжем, терінің қышуы, бөртпелер

  • шаршау

Жиі емес (≥1/1 000-нан <1/100 дейін);

  • тромбоцитопения, эозинофилия, лейкопения

  • депрессия

  • артралгия, миалгия, ортан жіліктің, білезіктің немесе омыртқаның сынуы

  • ісіну

Сирек (≥1/10 000-нан < 1/1 000 дейін);

  • aнемия

  • ұйқысыздық, елестеулер, сананың шатасуы

  • мазасыздық, вертиго, парестезия, ұйқышылдық, тремор

  • көрудің бұзылулары

  • тілдің қабынуы, өңеш кандидозы, панкреатит, дәм сезудің бұзылуы

  • гепатит, сарғаю

  • петехия, пурпура, шаштың түсуі, эритема, жарыққа сезімталдық

  • интерстициальді нефрит

  • гинекомастия

  • қызба, қатты терлеу, Квинке ісінуі, анорексия, импотенция

Өте сирек (< 1/10 000);

  • агранулоцитоз, панцитопения

  • колиттер, стоматиттер

  • Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз

  • анафилактикалық шок

  • холестерин мен триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, гипонатриемия

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтауға келмейді)

  • гипомагниемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • лансопразолға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • асқазан-ішек жолында қатерлі жаңа түзілімдер

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • атазинавирмен бір мезгілде қолдану

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Лансопразолдың басқа препараттарға ықпалы

Сіңуі pH-қа тәуелді дәрілік препараттар

Лансопразол препараттардың сіңуіне биожетімділік үшін асқазан сөлінің pH шешуші болған жағдайларда ықпалын тигізуі мүмкін.

Лансопразолды (күніне бір рет 60 мг) 400 мг атаназивирмен бір мезгілде қолдану атазанавирдің концентрациясын едәуір төмендетуі мүмкін (AUC және Cmax мәндерінде төмендеу шамамен 90%). Лансопразолды атазанавирмен бірге қолданбаған жөн («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Асқазан-ішек жолында кетоканазолдың және итраконазолдың сіңуі асқазан қышқылының қатысуымен күшейеді. Лансопразолды бір мезгілде қолдану кетоконазолдың және итраконазолдың субтерапиялық концентрацияларын туындатуы мүмкін, сондықтан бұлай үйлестіруге жол бермеу қажет.

Лансопразолды және дигоксинді бір мезгілде қолдану қан плазмасында дигоксин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, қан плазмасында дигоксиннің деңгейін лансопразолмен емдеудің басында және соңында бақылау және дигоксиннің дозасын түзету керек.

P450 ферменттерімен метаболизденетін дәрілік препараттар

Лансопразол CYP3A4-пен метаболизденетін препараттардың қан плазмасындағы концентрацияларын арттыруы мүмкін. Лансопразолды CYP3A4-пен метаболизденетін және емдік ауқымы тар препараттармен біріктіргенде сақтық таныту ұсынылады.

Лансопразол қан плазмасында теофилиннің концентрациясын төмендетеді, ол осы дозада күтілетін клиникалық әсерді төмендетуі мүмкін. Осы екі препаратты біріктіргенде сақтық таныту ұсынылады.

Лансопразолмен бірге қолдану қан плазмасында такролимустың концентрациясын (CYP3A және P-gp субстраты) арттырады. Лансопразол такролимустың орташа концентрациясын 81%-ға дейін арттырады. Лансопразолмен біріктірілген емді бастаған немесе аяқтаған жағдайда қан плазмасындағы такролимустың концентрациясын бақылау ұсынылады.

P-гликопротеинмен тасымалданатын дәрілік препараттар

Іn vitro зерттеулерде тасымалдайтын ақуыз P-гликопротеинді (P-gp) лансопразолдың тежейтіні байқалды. Мұның клиникалық мәні белгісіз.

Басқа препараттардың лансопразолға ықпалы

CYP2C19 тежейтін препараттар

Лансопразолды CYP2C19 тежегішімен, флувоксаминмен біріктіргенде қан плазмасында лансопразолдың концентрациясы 4 есеге дейін жоғарылайды. Оларды бір мезгілде қолдану қажет болғанда, лансопразолдың дозасын төмендетуді қарастырған жөн.

CYP2C19 және CYP3A4 индукциялайтын препараттар

CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерін индукциялайтын рифампицин және шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum) препараттары сияқты дәрілік заттарды бірге қолданғанда, бұл қан плазмасында лансопразол концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Басқа препараттар

Сукральфат/антацидтер лансопразолдың биожетімділігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан лансопразолды осы препараттарды қабылдағаннан кейін, ең кемінде, 1 сағаттан соң қабылдаған жөн.

Лансопразол ҚҚСП-пен клиникалық тұрғыдан өзара әрекеттесуді көрсеткен жоқ; дегенмен осыған ұқсас өзара әрекеттесуіне формальді зерттеулер жүргізілген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Ойық жараға қарсы емнің басқа түрлері сияқты, асқазанның ойық жарасын лансопразолмен емдегенде қатерлі қарыншалық ісіктердің бар-жоқтығын анықтау қажет, өйткені лансопразол симптоматиканы бүркемелеуі және диагностиканы қиындатуы мүмкін.

Лансопразолды бауыр дисфункциясының орташа және ауыр түрі бар емделушілерге сақтықпен қолданған жөн.

Лансопразолды пайдаланғанда асқазан сөлінің қышқылдылығы төмендеп, әдетте асқазан-ішек жолында болатын асқазан бактерияларының мөлшері ұлғаюы мүмкін. Лансопразолмен емдеу Сальмонелла және Кампилобактер сияқты асқазан-ішектік жұқпалардың пайда болу қаупіннің аздап ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін.

Гастро-дуоденальді ойық жара симптомдары бар емделушілерде этиологиялық фактор ретінде H. Pylori жұқпасының пайда болуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Лансопразолды H. pylori эрадикациялау мақсатында антибиотиктермен біріктіріп қолданған жағдайда осы антибиотиктерді қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды орындаған жөн.

1 жылдан астам демеуші емде жүрген емделушілер үшін қауіпсіздігі жөніндегі деректер шектеулі болғандықтан, емдеуді ұдайы қайта қарастыру және пайда/қаупіне мұқият баға беру керек.

Лансопразол қабылдап жүрген емделушілерде колиттердің пайда болуының өте сирек жағдайлары байқалды. Сондықтан ауыр және/немесе ұзаққа созылатын диарея жағдайында емдеуді тоқтатуды қарастырған жөн.

Жоғары қаупі (мысалы, асқазан-ішектік қан кетулерін бастан кешірген, ойық жарасы тесілген, егде жас, жоғары гликемиялық индекстің пайда болу мүмкіндігін арттыратын дәрілік заттарды (мысалы, кортикостероидтарды немесе антикоагулянттарды) бір мезгілде қолдану), қатар жүретін күрделі аурулары бар, немесе ҚҚСП ең жоғары ұсынылатын дозаларын ұзақ қолданғанда) ҚҚСП ұзақ емдеуді керек ететін емделушілерде пептикалық ойық жаралардың алдын алу үшін лансопразолды қолдануды шектеу қажет.

Протонды сорғы тежегіштерімен (ПСТ) ем қабылдап жүрген емделушілерде, ең кемінде, үш ай, және көп жағдайларда – жыл бойы, ауыр түрдегі гипомагниемияның даму жағдайлары байқалды. Шаршау, тетания, сандырақтау, құрысулар, бас айналу және қарыншалық аритмия сияқты гипомагниемияның күрделі көріністері пайда болуы мүмкін, бірақ олар айқын симптомдарсыз және елеусіз көрініс беруі мүмкін. Зардап шеккен емделушілердің көбісінде магний жеткіліксіздігінің орнын толтырғаннан кейін және ПСТ-мен емдеуді тоқтатқаннан кейін гипомагниемия қайтты. Алда ПСТ-мен ұзақ емдеу немесе ПСТ-ні дигоксинмен немесе гипомагниемияны туындатуы мүмкін препараттармен (мысалы, диуретиктер) емдеу керек болатын емделушілерді ПСТ-мен емдер алдында және емделу кезінде мезгіл-мезгіл магний деңгейіне өлшеу жүргізген жөн.

ПСТ-ні әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ уақыт (> 1 жыл) бойы қолдану ортан жіліктің, білезіктің және омыртқаның сынуын, көбіне егде жаста немесе басқа жалпыға мәлім қауіп факторлары бар болған жағдайда аздап арттыруы мүмкін. Протонды насос тежегіштері сынудың жалпы қаупін 10-40%-ға арттыруы мүмкін екендігі анықталды. Бұл ішінара басқа қауіп факторларымен байланысты болуы мүмкін. Остеопороздың даму қаупі бар емделушілер ағымдағы клиникалық нұсқауларға сәйкес жәрдем алуы және D витамині мен кальцийді жеткілікті шамада қабылдауы тиіс.

Қосымша заттары жөнінде арнайы ақпарат

Лансоптолдың құрамында сахароза бар, сондықтан сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар емделушілердің осы препаратты қабылдамағаны жөн.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Бас айналу, вертиго, көрудің бұзылулары және ұйқышылдық сияқты ықтимал жағымсыз әсерлерді ескеріп, автомобильді басқарғанда және қауіпті механизмдермен жұмыс жасағанда сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/полиэтиленді/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 капсуладан салынған.

Картон қорапшаға медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пішінді ұяшықты 2 қаптамадан салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д.д., Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново Место, Словения

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

1 б корпус, 2-ші қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

Прикрепленные файлы

272846171477976390_ru.doc 103.5 кб
372375441477977590_kz.doc 125.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники