Ламотриджин (100 мг)

МНН: Ламотриджин
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Lamotrigine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017696
Период регистрации: 03.06.2014 - 03.06.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 93.33 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ламотриджин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ламотриджин

Дәрілік түрі

25 мг, 50 мг, 100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 25 мг, 50 мг, 100 мг ламотриджин

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний немесе кальций стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон, натрий крахмалының гликоляты

Сипаттамасы

Ақ түсті, екі жақ беті дөңес, дөңгелек таблеткалар (25 мг доза үшін)

Ақ түсті, жалпақ цилиндрлі, бір жақ бетінде кертігі және сызығы бар дөңгелек таблеткалар (50 мг доза үшін).

Ақ түсті, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде сызығы бар дөңгелек таблеткалар (100 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Эпилепсияға қарсы препараттар. Эпилепсияға қарсы басқа да препараттар. Ламотриджин.

АТХ коды N03АX09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Ламотриджин ішектен тез және толық сіңеді. Плазмада ең жоғары концентрацияға препаратты ішке қабылдағаннан кейін 2,5 сағаттан соң жетеді. Тамақ ішкеннен кейін ең жоғары концентрацияға жету уақыты сәл артады, бірақ сіңірілу деңгейі өзгермеген күйінде қалады. 450 мг-ге дейінгі дозада қабылдағанда фармакокинетикасы дозаға байланысты сипатта болады.

Таралуы

Ламотриджиннің плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі – 55%-ға жуық, бұл плазмалық протеиндердің алмасуымен байланысты препараттың уыттылығына аз ықпал етуі ықтимал екендігін айғақтайды. Таралу көлемі – 0,92-1,22 л/кг.

Метаболизмі

Ламотриджиннің метаболизміне глюкуронилтрансфераза ферменті қатысады. Ламотриджин дозаға байланысты өзінің метаболизмін біршама дәрежеде күшейтуі мүмкін. Дегенмен, ламотриджиннің эпилепсияға қарсы басқа препараттардың фармакокинетикасына ықпалы анықталған жоқ, және ламотриджин мен Р450 цитохромы жүйесі арқылы метаболизденетін басқа препараттар арасында өзара әрекеттесудің болуы екіталай.

Шығарылуы

Ересектерде ламотриджиннің клиренсі орта есеппен 30 мл/мин (39±14 мл/мин) құрайды. Ламотриджин несеппен бірге шығарылатын глюкуронидтерге дейін метаболизденеді. Препараттың 10%-дан азы несеппен бірге өзгермеген күйінде, 2%-ға жуығы нәжіспен бірге бөлініп шығады. Клиренсі және жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты емес. Ламотриджиннің жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) орта есеппен 33 сағатты (24-тен 35 сағатқа дейінді) құрайды және препараттарды қатар қабылдауға байланысты. Сонымен, карбомазепинмен және фенитоинмен бірге тағайындағанда жартылай шығарылу кезеңі 14 сағатқа дейін азаяды және вальпроатпен бірге тағайындағанда 70 сағатқа дейін артады.

Жильбер синдромы бар пациенттерге жүргізілген зерттеулерде, бақыланатынмен салыстырғанда, орташа клиренсі 32%-ға төмендегені анықталды, бірақ мәндері жалпы популяция үшін ауқым шегінде болды.

Балалар

Дене салмағы бойынша есептелген ламотриджин клиренсі, ересектерге қарағанда, балаларда жоғары болды; ол 5 жасқа дейінгі балаларда өте жоғары. Ламотриджиннің жартылай шығарылу кезеңі, ересектерге қарағанда, балаларда әдетте қысқа болады. Сонымен, орташа көрсеткіштері карбомазепин және фенитоин сияқты энзим-индукциялаушы препараттармен бірге тағайындағанда 7 сағатқа жуықты, және вальпроатпен бірге тағайындағанда 45-50 сағатты құрайды.

Егде жастағы пациенттер

Қолда бар деректер, жас пациенттермен салыстырғанда, егде жастағы науқастарда ламотриджиннің клиренсінде маңызды айырмашылықтардың жоқтығын көрсетеді.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Ламотриджин клиренсінің орташа мәндері бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттер және гемодиализде жүрген пациенттер үшін 0,42 мл/мин/кг (бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі), 0,33 мл/мин/кг (гемодиализ сеанстары арасында) және 1,57 мл/мин/кг (гемодиализ кезінде) құрайды. Жартылай шығарылуының орташа кезеңі, бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегі 26,2 сағатпен салыстырғанда, сәйкесінше, 42,9 сағатты, 57,4 сағатты және 13,0 сағатты құрайды. Гемодиализдің 4 сағаттық сеансы ішінде организмнен ламотриджиннің 20%-ға жуығы (5,6 – 35,1%) шығарылады. Сөйтіп, бүйрек функциясы бұзылғанда ламотриджиннің бастапқы дозасы эпилепсияға қарсы препаратты тағайындаудың стандартты сызбасына сәйкес есептеледі.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Ламотриджин клиренсінің орташа көрсеткіштері бауыр функциясының бұзылуы жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А, В және С сатылары) пациенттерде, бауыр функциясы қалыпты пациенттердегі 0.34 мл/мин/кг шамасымен салыстырғанда, сәйкесінше, 0.31, 0.24 және 0.10 мл/мин/кг құрады.

Жалпы, ламотриджиннің дозасы бауыр функциясының орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде 50%-ға және бауыр функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде 75%-ға төмендетілуі тиіс. Бастапқы және арттырылатын дозасы жүргізілетін емге клиникалық жауапқа байланысты түзетілуі тиіс.

Фармакодинамикасы

Ламотриджин нейрондардың пресинапстық жарғақшаларының потенциал-тәуелді өзектерінің блокаторы болып табылады. Ламотриджин нейрондардың тұрақты қайталанатын белсенділенуін басады және эпилепсиялық ұстамалардың дамуында негізгі рөлді атқаратын нейромедиатор – глутаматтың босап шығуын тежейді.

Биполярлы бұзылыстарда ламотриджиннің емдік әсерін қамтамасыз ететін механизмдер анықталған жоқ. Натрий өзектерінің кедергісімен өзара әсері бар деп болжам жасалады.

Қолданылуы

Эпилепсия

Ересектер және 13 жастан асқан жасөспірімдер

- тонусты-клонустық құрысуларды қоса парциальді құрысуларды немесе жайылған құрысуларды емдеу үшін біріктірілген ем құрамында немесе монотерапия ретінде

- Леннокс-Гасто синдромымен астасқан құрысуларда. Ламотриджин Ленокс-Гасто синдромын емдеу үшін біріктірілген ем құрамында, сондай-ақ эпилепсияға қарсы бастама препарат ретінде қолданылуы мүмкін.

2-ден 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- тонусты-клонустық құрысуларды қоса парциальді құрысуларды немесе жайылған құрысуларды емдеу үшін біріктірілген ем құрамында

- типтік абсанттардың монотерапиясында

Биполярлы бұзылыс

18 жастан асқан пациенттер

- депрессиялық көріністермен білінетін биполярлы бұзылысы бар пациенттердегі депрессиялық көріністердің профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ламотриджин таблеткаларын тұтастай және сындырмай түгел жұтқан жөн. Егер ламотриджиннің есептелген дозасы (мысалы, эпилепсиясы бар балаларды немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу үшін) толық таблеткалардың санына сәйкес келмейді, емдеу үшін таблеткалардың азырақ мөлшерін пайдаланған жөн.

Ламотриджинмен емдеуді қайта жаңғырту

Ламотриджинді қабылдауды ауырлығы ауыр дәрежедегі бөртпелердің даму қаупімен байланысты, негізінен ламотриджиннің жоғары бастама дозаларымен және ұсынылған біртіндеп ұлғайтылған дозасын арттырумен байланысты кез келген себеп бойынша тоқтатқан пациенттерде ламотриджинмен емдеуді қайта жаңғыртқанда демеуші дозаны арттыру жөнінде шешім қабылдамас бұрын оның қажеттілігін жақсылап таразылаған жөн.

Соңғы дозаны қабылдаған сәттен бастап неғұрлым көбірек уақыт өткен сайын, демеуші дозаны арттыру жөніндегі шешім қабылдауды соғұрлым мұқият таразылау керек. Егер соңғы дозаны қабылдаған сәттен бастап жартылай шығарылуының бес кезеңіне тең уақыт аралығы өткен жағдайда, ламотриджиннің дозасын тиісті сызба бойынша демеуші дозаға дейін біртіндеп арттырған жөн.

Бұрын бөртпенің дамуы салдарынан ламотриджинмен емдеуді тоқтатуға тура келген пациенттерге, егер пайдасы қаупінен басым болмаса, ламотриджинді қолдану ұсынылмайды.

Эпилепсия

Дозаны және демеуші дозаны арттырудың ұсынылған сызбалары 1 Кестеде ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдер үшін, 2 Кестеде 2-ден 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін көрсетілген. Бөртпенің даму қаупі бар болғандықтан, ұсынылатын бастапқы дозаны және дозаны көбейту адымын арттыруға ұсыныс жасалмайды.

Эпилепсияға қарсы қатар қолданылатын препараттарды тоқтатқанда немесе эпилепсияға қарсы/басқа препараттарды қосқанда олардың ламотриджиннің фармакокинетикасына ықпалын ескерген жөн.

1 Кесте. Ересектер және 13 жастан асқан жасөспірімдер.

Емдеу режимі

1+2 апта

3+4 апта

Әдеттегі демеуші доза

Мотонотерапия

Күніне 25 мг, бір рет

Күніне 50 мг, бір рет

Күніне 100-200 мг (бір реттік немесе 2 қабылдауға)

Емдік мақсатқа қол жеткізу үшін дозаны тиімді емдік әсерге қол жеткізгенге дейін 1 немесе 2 аптада бір рет 50-100 мг-ге арттыруға болады.

Кейбір пациенттерде әсерге қол жеткізу үшін күніне 500 мг қажет етіледі.

Вальпроаттармен біріктірілген ем (ламотриджин глюкурондану тежегіштері)

Дозалаудың бұл режимі, басқа дәрілік заттарды қабылдауға қарамай-ақ, вальпроатпен біріктіріп пайдаланылады

Тәулігіне 12,5 мг

(немесе күнара 25 мг-ден)

Тәулігіне 25 мг

(күніне бір рет)

Тәулігіне 100 – 200 мг

(күніне бір немесе екі рет)

Доза тиімді демеуші дозаға қол жеткізгенге дейін әрбір 1-2 апта сайын 25-50 мг-ге арттырылады.

Эпилепсияға қарсы басқа препараттармен (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен біріктірілген ем

Біріктірілген ем

(фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ритонавир)

Тәулігіне 50 мг

(күніне бір рет)

Тәулігіне 100 мг

(күніне екі рет)

Тәулігіне 200 – 400 мг

(күніне екі рет)

Доза тиімді демеуші дозаға қол жеткізгенге дейін әрбір 1-2 апта сайын 100 мг-ге арттырылады.

Бауыр ферменттеріне ықпалын тигізбейтін басқа препараттармен біріктірілген ем

Дозалаудың бұл режимі бауыр ферменттеріне маңызды тежегіш әсерін тигізбейтін басқа медициналық препараттарды қабылдаған кезде пайдаланылады.

Тәулігіне 25 мг

(күніне бір рет)

Тәулігіне 50 мг

(күніне бір рет)

Тәулігіне 100 – 200 мг

(күніне бір немесе екі рет)

Доза тиімді демеуші дозаға қол жеткізгенге дейін әрбір 1-2 апта сайын 50-100 мг-ге арттырылады.

Басқа препараттар

Ламотриджинмен өзара әрекеттесуі белгісіз құрысуға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге ламотриджинді натрий вальпроатымен бірге қабылдап жүрген пациенттердегідей дозаларды арттыру сызбасын қолдану ұсынылады.

2 Кесте: 2-ден 12 жасқа дейінгі балалар – эпилепсияда ұсынылатын режим

11

1+2 апта

3+4 апта

Әдеттегі демеуші доза

Типтікі абсанстармен монотерапия

Тәулігіне 0,3 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Тәулігіне 0,6 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Тәулігіне 1-15 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Препарат дозасы тиімді демеуші дозаға қол жеткізгенге дейін әрбір 1-2 апта сайын күніне ең жоғары дегенде 0,6 мг/кг арттырылуы мүмкін.

Ең жоғары тәуліктік доза –

тәулігіне 200 мг

Вальпроаттармен біріктірілген ем (ламотриджин глюкурондану тежегіштері)

Дозалаудың бұл режимі, басқа дәрілік заттарды қабылдауға қарамай-ақ, вальпроатпен біріктіріп пайдаланылады

Тәулігіне 0,15 мг/кг*

(күніне бір рет)

Тәулігіне 0,3 мг/кг

(күніне бір рет)

Тәулігіне 1-5 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Препарат дозасы тиімді демеуші дозаға қол жеткізгенге дейін әрбір 1-2 апта сайын күніне ең жоғары дегенде 0,3 мг/кг арттырылуы мүмкін.

Ең жоғары тәуліктік доза – тәулігіне 200 мг

Эпилепсияға қарсы басқа препараттармен (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен біріктірілген ем

Дозалаудың осы режимі, мысалы,

фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ритонавир препараттарымен біріктіріп қолданылады

Тәулігіне 0,6 мг/кг

(күніне екі рет)

Тәулігіне 1,2 мг/кг

(күніне екі рет)

Тәулігіне 5-15 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Препарат дозасы тиімді демеуші дозаға қол жеткізгенге дейін әрбір 1-2 апта сайын күніне ең жоғары дегенде 1,2 мг/кг арттырылуы мүмкін.

Ең жоғары тәуліктік доза – тәулігіне 400 мг

Бауыр ферменттеріне ықпалын тигізбейтін басқа препараттармен біріктірілген ем

Дозалаудың осы режимі бауыр ферменттеріне маңызды тежегіш әсерін тигізбейтін басқа медициналық препараттарды қабылдаған кезде пайдаланылады

Тәулігіне 0,3 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Тәулігіне 0,6 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Тәулігіне 1-10 мг/кг

(күніне бір немесе екі рет)

Препарат дозасы тиімді демеуші дозаға қол жеткізгенге дейін әрбір 1-2 апта сайын күніне ең жоғары дегенде 0,6 мг/кг арттырылуы мүмкін.

Ең жоғары тәуліктік доза – тәулігіне 200 мг

Басқа препараттар

Ламотриджинмен өзара әрекеттесуі белгісіз құрысуға қарсы препараттарды қабылдап жүрген балаларға ламотриджинді натрий вальпроатымен бірге қабылдап жүрген пациенттердегідей дозаларды арттыру сызбасын қолдану ұсынылады.

* егер вальпроат қабылдап жүрген пациенттерде есептік тәуліктік доза тәулігіне 1 – 2 мг болса, онда алғашқы екі апта ішінде күнара тәулігіне 2 мг ламотриджин қабылдауға рұқсат етіледі.

Егер вальпроатпен біріктірігендегі есептік тәуліктік доза тәулігіне 1 мг-ден аз болса, онда ламотриджинді тағайындау ұсынылмайды.

2 жасқа толмаған балалар

Ламотриджин 2 жасқа толмаған балаларға, осы жас тобында препаратты дозалау жөніндегі нұсқаулар жоқ болғандықтан, пайдалану үшін ұсынылмайды.

1 айлықтан бастап 2 жасқа дейінгі балаларда парциальді ұстамаларда қосымша ем ретінде ламотриджиннің тиімділігі және қауіпсіздігі жөніндегі деректер саны шектеулі. 1 айлыққа дейінгі балаларға қатысты ешқандай деректер берілмеген.

Биполярлы бұзылыстар

Ламотриджин 18 жастан кіші адамдарда биполярлы бұзылыстарды емдеу үшін қолданылмайды. Емдеу сызбасы өзіне алты апта ішінде ламотриджинді бастапқы дозасынан демеуші дозаға дейін ауыстыруды қамтиды (3 кесте), содан кейін басқа психотроптық дәрілік заттар және/немесе эпилепсияға қарсы препараттар (ЭҚП) тоқтатылуы мүмкін (4 кесте). Басқа психотроптық дәрілік заттарды және/немесе ЭҚП қосқаннан кейін дозаны түзету төменде берілген (5 кесте).

Бөртпенің пайда болуына жол бермеу үшін бастапқы доза және кейінгі дозалар ұсынылғаннан арттырылмауы тиіс.

3 кесте. 18 жастан асқан адамдардағы биполярлы бұзылыстарда дозалау режимі

Емдік сызба

1-2-ші апта

3-4-ші апта

5-ші апта

Демеуші доза

(6-шы аптадан бастап)*

Ламотриджинмен монотерапия немесе бауыр ферменттерінің метаболизміне ықпалын тигізбейтін препараттармен біріктіріп

Тәулігіне 25 мг (күніне бір рет)

Тәулігіне 50 мг

(күніне бір немесе екі рет)

Тәулігіне 100 мг

(күніне бір немесе екі рет)

Тәулігіне 200 мг

(күніне 1 немесе 2 рет)

Клиникалық зерттеулерде тәулігіне 100 - 400 мг пайдаланылды

Вальпроатпен біріктіріп емдеу

Тәулігіне 12,5 мг

(күнара 25 мг-ден тағайындау керек)

Тәулігіне 25 мг

(күніне бір рет)

Тәулігіне 50 мг

(күніне бір немесе екі рет)

Тәулігіне 100 мг

(күніне 1 немесе 2 рет)

Ең жоғары тәуліктік доза – 200 мг

Бауыр ферменттерін индукциялайтын, эпилепсияға қарсы препараттармен біріктірілген ем **

(вальпроатты қоспағанда)

50 мг/сут

(күніне бір рет)

100 мг/сут

(күніне екі рет)

200 мг/сут

(күніне екі рет)

300 мг (екі қабылдауға) емдеудің 6 аптасында.

Қажет болғанда - дозаны емдеудің 7 аптасында, екі рет қабылданатын 400 мг-ге дейін арттыру керек

*Тұрақтанатын доза клиникалық әсеріне байланысты өзгереді

** мысалы: фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон және басқалар

Ламотриджинмен өзара әрекеттесуі белгісіз құрысуға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге ламотриджинді натрий вальпроатымен бірге қабылдап жүрген пациенттердегідей дозаларды арттыру сызбасын қолдану ұсынылады.

Тәуліктік демеуші тұрақтандырғыш дозаға қол жеткізілу бойына, басқа психотроптық препараттар тоқтатылуы мүмкін (4 кестені қараңыз).

4 кесте. Биполярлы бұзылыстарда қатар қолданылатын психотроптық немесе эпилепсияға қарсы препараттарды тоқтатқаннан кейінгі ламотриджиннің демеуші тәуліктік дозасы – 18 жастан асқан және одан үлкен ересектер

Емдік сызбалар

Қазіргі таңда қабылданатын демеуші доза

1 апта

2 апта

3 апта және әрі қарай*

Вальпроатты тоқтатқаннан кейін:

Демеуші дозаны аптасына

100 мг-ден асырмай екі еселеу керек.

Тәулігіне 100 мг

Тәулігіне 200 мг

Тәулігіне екі қабылданатын 200 мг дозаны сақтау керек.*

Тәулігіне 200 мг

Тәулігіне 300 мг

Тәулігіне 400 мг

Тәулігіне 400 мг дозаны демеу керек

Бауыр ферменттерін индукциялайтын ЭҚП (мысалы, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ритонавир) тоқтатқаннан кейін, бастапқы дозаға байланысты

Тәулігіне 400 мг

Тәулігіне 400 мг

Тәулігіне 300 мг

Тәулігіне 200 мг

Тәулігіне 300 мг

Тәулігіне 300 мг

Тәулігіне 225 мг

Тәулігіне 150 мг

Тәулігіне 200 мг

Тәулігіне 200 мг

Тәулігіне 150 мг

Тәулігіне 100 мг

Басқа психотроптық препараттарды немесе ламотриджинмен өзара әрекеттесуі белгісіз сипаттағы ЭҚП (мысалы, литий, бупропион) тоқтатқаннан кейін

Демеуші доза – тәулігіне 200 мг (екі қабылдауға)

(100 мг-ден 400 мг-ге дейін)

*қажет болғанда доза тәулігіне 400 мг дейін арттырылуы мүмкін

5 кесте: 18 жастан асқан пациенттер – биполярлы бұзылыстарды емдеуге арналған басқа препараттарға қосқаннан кейінгі ламотриджиннің дозалану режимінің модификациясы.

Биполярлы бұзылыстарды емдеуге арналған басқа препараттарға қосқаннан кейінгі ламотриджиннің дозалану режимінің модификациясы жөнінде клиникалық деректер жоқ. Алайда, басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулерді негізге алсақ, келесі нұсқауларды шамалауға болады:

Емдік сызбалар

Қазіргі таңда қабылданаьын демеуші доза

1 апта

2 апта

3 апта және әрі қарай

Вальпроатты ламотриджиннің бастапқы дозасына байланысты қосу

Тәулігіне 200 мг

Тәулігіне 100 мг

Дозаны сақтау керек (тәулігіне 100 мг)

Тәулігіне 300 мг

Тәулігіне 150 мг

Дозаны сақтау керек (тәулігіне 150 мг)

Тәулігіне 400 мг

Тәулігіне 200 мг

Дозаны сақтау керек (тәулігіне 200 мг)

ЭҚП (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттарды (мысалы, фенитоинді, карбамазепинді, фенобарбитонды, примидонды және басқаларды) ламотриджиннің бастапқы дозасына байланысты қосу

Тәулігіне 200 мг

Тәулігіне 200 мг

Тәулігіне 300 мг

Тәулігіне 400 мг

Тәулігіне 150 мг

Тәулігіне 150 мг

Тәулігіне 225 мг

Тәулігіне 300 мг

Тәулігіне 100 мг

Тәулігіне 100 мг

Тәулігіне 150 мг

Тәулігіне 200 мг

Бауыр ферменттеріне маңызды тежегіш әсерін тигізбейтін басқа дәрілік заттарды қосу

Тәулігіне екі қабылданатын демеуші 200 мг (100 мг-ден 400 мг дейін) дозаны сақтау керек

Биполярлы бұзылыстарда ламотриджинді тоқтату

Ламотриджинді бірден тоқтату, плацебомен салыстырғанда, кездесу жиілігін немесе ауыр жағымсыз реакцияларды арттырмайды. Пациенттер ламотриджин, дозасын біртіндеп төмендетпей-ақ, бірден тоқтатуы мүмкін.

18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер

Ламотриджин 18 жасқа толмаған пациенттерге қолдануға ұсынылмайды, өйткені рандомизацияланған зерттеулер айтарлықтай әсерінің жоқтығын және суицидтер туралы мәлімдемелер жиілігінің артқандығын көрсетті.

Пациенттердің ерекше топтарында ламотриджинді дозалау жөнінде жалпы нұсқаулар

Гормональді контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдер

Этинилэстрадиол / левоноргестрел (30 мг/150 мкг) біріктірілімін қолдану ламотриджиннің клиренсін екі есе дерлік арттырады, ол ламотриджин деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Титрлегеннен кейін ламотриджиннің өте жоғары (екі еседен астам) дозаларын демеу ең жоғары емдік әсерге қол жеткізу үшін қажет болуы мүмкін. Апта ішінде ұрықтануға қарсы таблеткаларды тоқтатқанда, ламотриджин деңгейінің екі есе артатыны байқалды. Дозамен байланысты жағымсыз құбылыстарды жоққа шығару мүмкін емес. Осылайша, емдеудің алғашқы желісі ретінде препаратты қабылдауда апталық үзіліссіз контрацепция әдістерін қолдануға (мысалы, үзіліссіз гормональді контрацептивтер, немесе гормональді емес әдістер) көңіл бөлінуі тиіс.

Ламотриджиннің демеуші дозаларымен ем қабылдайтын және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттарды қолданбайтын пациенттердің гормональді контрацепцияны қабылдай бастауы

Ламотриджиннің демеуші дозасы көптеген жағдайларда екі есе арттырылуы тиіс. Контрацептивтерді қабылдауды бастаған сәттен бастап ламотриджиннің дозасын, жекелей клиникалық жауапқа сәйкес, әрбір апта сайын тәулігіне 50-100 мг-ге арттыру ұсынылады. Жүргізілген емге талапқа сай клиникалық жауап болған жағдайда, доза ұсынылған шектен асырылмауы тиіс.

Гормональді контрацептивтерді қолданғанға дейін және қолданудан кейін сарысудағы ламотриджин концентрациясын өлшеу ламотриджиннің базалық концентрациясының қазіргі таңда сақталуының айғағы деп есептеуге болады. Қажет болғанда, доза бейімделуі тиіс. Белсенді емделмейтін бір аптаны («таблетка қолданылмайтын апта») қамтыған, гормональді контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдерде сарысудағы ламотриджин деңгейін бақылау емдеудің 3-ші аптасы ішінде, яғни таблетканы қабылдаудың 15-тен бастап 21 цикліне дейін жүргізілуі тиіс. Осылайша, емдеудің алғашқы желісі ретінде, таблетка қабылданбайтын аптасыз контрацепциялық заттарды пайдалануға (мысалы, үзіліссіз гормональді контрацептивтер, немесе гормональді емес әдістер) көңіл бөлінуі тиіс.

Ламотриджиннің демеуші дозаларымен ем қабылдап жүрген және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттарды қолданбайтын пациенттердің гормональді контрацептивтерді қабылдауды тоқтатуы

Ламотриджиннің демеуші дозасы, көптеген жағдайларда жекелеген клиникалық жауапқа сәйкес, 50%-ға төмендетілуі тиіс. Тиімді клиникалық жауапқа қол жеткізілгенге дейін 3 апта бойы әрбір апта сайын препарат дозасын 50-100 мг-ге төмендету ұсынылады.

Гормональді контрацептивтерді қабылдауды тоқтатқанға дейін және тоқтатқаннан кейін ламотриджиннің концентрациясын өлшеу ламотриджиннің базалық концентрациясының қазіргі таңда сақталуының айғағы деп есептеуге болады. Белсенді емделмеген бір аптаны («Таблеткасыз апта») қамтыған, гормональді контрацептивтерді қабылдауды тоқтатуды қалайтын әйелдерде сарысудағы ламотриджин деңгейін бақылау белсенді емдеудің 3-ші аптасы ішінде, яғни таблетканы қабылдаудың 15-тен бастап 21 циклі күндерінде жүргізілуі тиіс. Таблеткаларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін алғашқы апта ішінде ұрықтануға қарсы таблеткаларды тұрақты тоқтатқаннан кейін ламотриджин деңгейіне баға беру үшін үлгілер жинаудың керегі жоқ.

Емдеуге дейін гормональді контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдерде ламотриджинмен емдеуді бастау

Дозаны арттыруды жоғарыда берілген кестелерде сипатталған, қалыпты ұсынылған дозаға сәйкес жүргізген жөн.

Ламотриджиннің демеуші дозаларын қабылдап жүрген, сондай-ақ ламотриджиннің глюкурондалу индукторларын қабылдап жүрген пациенттерде гормональді контрацептивтерді қабылдауды бастау және тоқтату.

Ламотриджиннің ұсынылған демеуші дозасын түзету қажет емес.

Атазанавирмен/ритонавирмен бірге қолдану

Ламотриджиннің плазмалық концентрациясын атазанавир/ритонавирдің төмендететініне қарамастан, ламотриджиннің ұсынылған дозасын түзетудің және монотерапияда немесе біріктірілген емде қолданылатын емдеу сызбасын өзгертудің қажеті жоқ.

Ламотриджиннің демеуші дозасын глюкуронизация индукторларынсыз қабылдап жүрген пациенттерде атазанавирді/ритонавирді тағайындағанда ламотриджин дозасын арттыруды немесе, атазанавир/ритонавирді тоқтатқан жағдайда, оны азайтуды қажет етуі мүмкін.

Лопинавирмен / ритонавирмен бірге қолдану

Ағымдағы лопинавирмен / ритонавирмен емдеуге қосқанда, ламотриджиннің ұсынылған дозасын түзетудің қажеті жоқ.

Ламотриджиннің демеуші дозасын қабылдап жүрген және глюкурондау индукторларын қабылдамайтын пациенттерде ламотриджиннің дозасы, егер оған лопинавир / ритонавир қосылатын болса, арттырылуы немесе, егер лопинавирді/ритонавирді қолдану тоқтатылса, азайтылуы тиіс. Плазмадағы ламотриджинге мониторингті, ламотриджин дозасын түзетудің қажеттілігін анықтау үшін, лопинавирді/ритонавирді қосқанға дейін және қосқаннан кейін 2 апта ішінде жүргізген жөн.

Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер

Препараттың дозалау сызбасын өзгерту қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бастапқы, арттырылатын және демеуші дозаны бауыр функциясының жеткіліксіздігінің дәрежесі орташа (Чайлд-Пью индексі 7-9, n=8) және ауыр (Чайлд-Пью индексі >9, n=4) болатын пациенттерде, сәйкесінше, шамамен 50%-ға және 75%-ға азайтқан жөн. Арттырылатын және демеуші дозалар жекелей клиникалық әсерін байланысты түзетілуі тиіс.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде Ламотриджиннің бастапқы дозасын эпилепсияға қарсы препараттарды тағайындаудың стандартты сызбасына сәйкес белгілейді. Бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігінде демеуші дозаны азайту ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Төменде берілген жағымсыз құбылыстар кездесу жиілігіне сәйкес берілген, ол былайша белгіленген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 және < 1/10), жиі емес (≥ 1/1 000 және < 1/100), сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1 000), өте сирек (< 1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса). Жиілік санаттары препаратты клиникалық зерттеу негізінде құрылған. Бақыланатын клиникалық сынақ деректері жоқ болған жағдайда, санат жиілігі басқа клиникалық тәжірибеден алынды.

Қан түзу жүйесі және лимфалық жүйе тарапынан:

Өте сирек:

- нейтропенияны, лейкопенияны, анемияны, тромбоцитопенияны, панцитопенияны қоса гематологиялық ауытқулар, апластикалық анемия, агранулоцитоз

Белгісіз:

- лимфаденопатия

Иммундық жүйе тарапынан:

Өте сирек:

  • Аса жоғары сезімталдық синдромы (қызба, лимфаденопатия, беттің ісінуі, қан және бауыр көрсеткіштерінің ауытқулары, қанның диссеминацияланған ұю синдромы, мультиағзалық жеткіліксіздік сияқты симптомдарды қоса)

Психикалық бұзылулар:

Жиі

- озбырлық

- ашушаңдық

Өте сирек:

- сананың шатасуы

- елестеулер

Белгісіз:

- түнгі қорқыныштар

Жүйке жүйесі тарапынан:

Өте жиі:

- бас ауыру

Жиі:

- ұйқышылдық

- бас айналу

- тремор

- ұйқысыздық

- ажитация

Жиі емес:

- атаксия

Сирек:

- нистагм

Өте сирек:

- орнықсыздық

- жүріс-тұрыс мәнерінің өзгеруі

- Паркинсон ауруы барысының өршуі

- экстрапирамалық бұзылулар

- хореоатетоз

- құрысу жиілігінің жоғарылауы

Сирек:

- асептикалық менингит

Көрудің бұзылулары:

Жиі емес:

- диплопия

- көрудің тұмандануы

Сирек:

- сирек

Асқазан-ішек жолы тарапынан:

Жиі:

- жүректің айнуы

- құсу

- диарея

- ауыз ішінің құрғауы

Гепатобилиарлы бұзылулар:

Өте сирек:

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- бауыр дисфункциясы

- бауырдың функциялық көрсеткіштері мәндерінің жоғарылауы

Тері мен теріасты тіндері тарапынан:

Өте жиі:

- бөртпе

Жиі емес:

- алопеция

Сирек:

- Стивен-Джонсон синдромы

Өте сирек:

- уытты эпидермальді некролиз

- эозинофилия және жүйелік симптомдар

Қаңқа бұлшықеті тарапынан:

Жиі:

- артралгия

Өте сирек:

- жегі тәрізді синдром

Жалпы бұзыллар:

Жиі:

- шаршау

- ауыру

- арқаның ауыру

Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

  • Гематологиялық бұзылулар және лимфаденопатия аса жоғары сезімталдық синдромымен астасуы мүмкін

  • Аса жоғары сезімталдық синдромының даму белгісі қызба, лимфоаденопатия, беттің ісінуі, гематологиялық бұзылулар және бауырдың зақымдануы сияқты жүйелік симптомдармен астасқан тері бөртпесі болуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық синдромының ауырлығы кең ауқымда ауытқуы және, сирек жағдайларда, ДТҰ-синдромның дамуына және полиағзалық зақымдануларға әкеп соғуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық синдромының ерте көріністері (қызба, лимфоаденопатия және т.б.) тері бөртпелерінсіз болуы мүмкін, және мұндай жағдайда пациент өз жағдайын білу үшін дәрігерге дереу қаралуы тиіс екендігін ескеруі маңызды және осы біліністердің өзге этиологиясы жоқ болса, ламотриджинмен емдеу тоқтатылуы тиіс.

  • Қолдану кезінде мәлімделген реакциялар: ламотриджин Паркинсон ауруы әлі диагностикаланбаған пациенттерде Паркинсон ауруы симптомдарының барысын өршітуі мүмкін, ол мұндай жағдайда экстрапирамидалық симптомдар және хореоатетоз түрінде көрініс береді.

  • Бауыр функциясының бұзылулары аса жоғары сезімталдық реакцияларымен астасады, бірақ жекелеген жағдайлары да кездесті.

  • Ересектерге жүргізілген зерттеулерде ламотриджин қабылдаған пациенттерде, Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді (Лайел синдромы), препаратқа эозинофилия және жүйелік симптомдар түріндегі реакцияларды қоса, тері бөртпесі 8-12% жағдайларда көрініс берді. Олардың көбісі ламотриджинді тоқтатқан кезде қайтқанына қарамастан, кейбір пациенттерде симптомдар қайтымсыз өзгерулерге, және сирек жағдайларда өлімге әкеп соқты.

    Жалпы, бөртпенің даму қаупі мыналармен байланысты:

    - ламотриджиннің жоғары бастапқы дозаларымен және ұсынылған демеуші дозадан артық дозаны қабылдаумен;

    - вальпроаттарды қатар қабылдаумен.

    Бөртпе жүйелік симптомдардың әртүрлі ауытқуымен бірге, аса жоғары сезімталдық синдромы нәтижесінде де дамыды. Ламотриджинді ұзақ қабылдап жүрген пациенттерде сүйек тінінің минералды тығыздығының төмендеуі, остеопения, остеопороз жағдайлары мен сынулардың болғаны жөнінде мәлімделді. Осы құбылыстардың даму механизмі белгісіз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ламотриджинге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- эпилепсиясы бар 2 жасқа дейінгі балалар

- биполярлы бұзылулары бар 18 жасқа дейінгі пациенттер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуіне зерттеулер тек ересектерде ғана жүргізілді.

Ламотриджиннің метаболизміне глюкуронилтрансфераза ферменті қатысады. Ламотриджин дозаға байланысты өзінің механизмін біршама дәрежеде күшейтуі мүмкін, бірақ әсері соншама маңызды емес, және айтарлықтай клиникалық зардаптарының болуы күмәнді. Дегенмен, плазмалық концентрацияларының аздап өзгеретініне қарамастан, эпилепсияға қарсы басқа препараттардың фармакокинетикасына ламотриджиннің ықпалы байқалған жоқ. Ламотриджин мен Р450 цитохромы жүйесі арқылы метаболизденетін басқа препараттар арасында өзара әрекеттесудің болуы екіталай.

Ламотриджиннің глюкуронизациясын едәуір баяулататын дәрілік

препараттар

Ламотриджиннің глюкуронизациясын едәуір индукциялайтын

дәрілік

препараттар

Ламотриджиннің глюкуронизациясын айтарлықтай баспайтын және стимуляцияламайтын дәрілік

препараттар

Вальпроат

Фенитоин

Окскарбазепин

 

Карбамазепин

Фелбамат

 

Фенобарбитон

Габапентин

 

Примидон

Леветирацетам

 

Рифампицин

Прегабалин

 

Лопинавир / ритонавир

Топирамат

 

Этинилэстрадиол / левоноргестрел*

Зонисамид

 

Атазанавир / ритонавир

Литий

   

Бупропион

   

Оланзапин

   

Арипипразол

*Басқа пероральді контрацептивтер және емдеудің HRT әдістері, олар фармакокинетикалық параметрлерге ықпалын тигізуі мүмкін болса да, зерттелген жоқ.

Эпилепсияға қарсы препараттармен өзара әрекеттесуі

Ламотриджиннің глюкурондалуын тежейтін вальпроат ламотриджиннің метаболизмін төмендетеді және ламотриджиннің жартылай шығарылуының орташа кезеңін шамамен екі есе арттырады. Вальпроатпен қатарластыра ем қабылдап жүрген пациенттер үшін емдеудің тиісті сызбасын пайдаланған жөн.

Эпилепсияға қарсы препараттар (фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, пиримидон), сондай-ақ парацетамол глюкуронизацияны индукциялайды, сонысымен ламотриджиннің метаболизмін жылдамдатады және оның жартылай шығарылу кезеңін 2 есе қысқартады. Фенитоинмен, карбамазепинмен, фенобарбитонмен немесе примидонмен қатарластыра ем қабылдап жүрген пациенттер үшін емдеудің тиісті сызбасын пайдаланған жөн.

Карбамазепинмен емдеуге ламотриджинді қосқанда карбамазепиннің дозасын төмендеткен кезде жоғалатын бас айналу, атаксиялар, диплопиялар, көрудің жіті болмауы және жүректің айнуы дамуы мүмкін.

Бұл симптомдар окскарбазепинді тағайындаған кезде пайда болады, оның дозасын төмендеткенде бұл симптомдар қайтады. 1200 мг окскарбазепинмен емдеуге 200 мг доза ламотриджинді қосқанда осы препараттардың метаболизміне ықпалы болмайды.

Фелбаматпен (күніне екі рет 1200 мг) емдеуге 10 күн бойы күніне екі рет 100 мг доза ламотриджинді қосқанда ламотриджиннің фармакокинетикасы өзгерген жоқ.

Габапентинді бірге тағайындау ламотриджиннің клиренсіне ықпалын тигізбейді.

Ламотриджин мен леветирацетамды бірге қолдану екі препараттың да фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ.

Ламотриджинмен емдеуге тәулігіне 3 рет 200 мг доза прегабалинді қосу ламотриджиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді..

Топирамат ламотриджиннің плазмалық концентрациясына ықпалын тигізбейді. Бірге қолданғанда топираматтың концентрациясы 15%-ға артады.

Тәулігіне 200-400 мг зонизамидті тәулігіне 150-500 мг ламотриджинмен бірге қабылдау 35 күн ішінде ламотриджиннің фармакокинетикасына айтарлықтай ықпалын тигізбейді.

Басқа психобелсенді заттармен өзара әрекеттесуі

6 күн бойы тәулігіне екі рет 2 г сусыз литий глюконатымен емдеуге тәулігіне 100 мг доза ламотриджинді қосқанда литийдің фармакокинетикасы өзгермейді.

Бупропионды қайталап қабылдау, ламотриджин глюкурониді үшін «концентрация-уақыт арақатынасы қисығы астындағы аудан» көрсеткішінің аздап артуын қоспағанда, ламотриджиннің фармакокинетикасына айтарлықтай ықпалын тигізбейді.

200 мг дозадағы ламотриджин оланзапиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Тәулігіне ≥100 мг доза ламотриджинді тәулігіне арипипразолмен бірге қабылдағанда ламотриджиннің AUC және Cmax мәндерінің шамамен 10%-ға төмендегені байқалды, бұның ерекше клиникалық маңызы жоқ.

Іn vitro зерттеу нәтижелері амитриптилинмен, бупропионмен, клонозепаммен, флуоксетинмен, галоперидолмен, лоразепаммен бірге тағайындағанда ламотриджиннің алғашқы метаболиті 2-N-глюкуронидтің өте аз әсерге ұшырайтынын көрсетті. Буфуралол метаболизмінің деректері ламотриджин CYP2D6 арқылы метаболизденетін препараттардың клиренсін төмендетпейді деп жорамалдайды. Іn vitro деректері клозапинді, фенелзинді, рисперидонды, сертралинді немесе тразодонды қатар тағайындау ламотриджиннің клиренсіне ықпалын тигізбейтінін көрсетті.

Ламотриджинді рисперидонмен біріктіріп емдеу ұйқышылдықты туындатуы мүмкін.

Гормональді контрацептивтермен өзара әрекеттесуі

Ламотриджиннің фармакокинетикасына гормональді контрацептивтердің ықпалы

Этинилэстрадиол/левоноргестрел (30 мкг/150 мкг) біріктірілімі ламотриджин клиренсінің шамамен 2 есе артуына әкеліп, оның AUC және Cmax мәндерін, сәйкесінше, 52%-ға және 39%-ға төмендетеді.

Ламотриджин мен гормональді контрацептивтердің біріктірілімі левоноргестрелдің бөлініп шығуының орташа артуына және сарысуда FSH және LH көрсеткіштерінің өзгеруіне әкеледі.

Сарысудағы ламотриджиннің деңгейі белсенді емделмейтін аптасы (соның ішінде «таблетка қабылданбайтын» апта) барысында артады, алдын ала алынған дозаларының концентрациялары белсенді емделмейтін аптасының соңында, біріктіріп емдеу кезіндегіге қарағанда, шамамен екі есе жоғары болады.

Ламотриджиннің демеуші дозасы көп жағдайларда гормональді контрацептивтерді қолдануды бастағанда, немесе тоқтатқанда арттырылуы, немесе азайтылуы тиіс.

Гормональді контрацептивтердің фармакокинетикасына ламотриджиннің ықпалы

Ламотриджиннің тұрақты жағдайдағы 300 мг дозасы ұрықтануға қарсы ішілетін біріктірілген дәрілерінің этинилэстрадиолды компонентінің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Ішілетін левоноргестрел клиренсінің орташа артып, AUC және Cmax мәндерінің, сәйкесінше, орта есеппен 19%-ға және 12%-ға төмендеуіне әкелетіні байқалады. Сарысудағы прогестеронды өлшегенде овуляцияның гормональді дәлелдерінің жоқтығы айғақталса да, сарысудағы FSH, LH және экстрадиол деңгейлерін өлшеу кейбір әйелдерде аналық гормональді қызметтің басылуының біршама төмендегенін көрсетеді. Левоноргестрел клиренсінің орташа артуының және FSH мен LH сарысулық деңгейлеріндегі өзгерулердің аналық овуляциялық қызметке ықпалы белгісіз. Күніне 300 мг-ден басқа, ламотриджиннің басқа дозаларының әсерлері зерттелмеді, және әйелдердің басқа гормональді препараттарымен де зерттеулер жүргізілген жоқ.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Бірге қолданғанда рифампицин ламотриджиннің клиренсін арттырады және оның жартылай шығарылу кезеңін төмендетеді, осыған байланысты, мұндай жағдайда ламотриджинді дозалаудың бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен біріктірілімі үшін көрсетілген режимі ұсынылады.

Лопинавир/ритонавирді бірге қолданғанда ламотриджиннің плазмалық концентрациялары екі есе дерлік төмендейді, осыған байланысты мұндай жағдайда ламотриджинді дозалаудың бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен біріктірілімі үшін көрсетілген режимі ұсынылады.

Атазанавир/ритонавир (300 мг/100 мг) бірге қолданғанда AUC және Cmax мәндерін, сәйкесінше, 32%-ға және 6%-ға төмендетеді.

Зертханалық зерттеулерді бағалау деректері ламотриджиннің, бірақ глюкуронидтің N (2)- метаболиті емес, потенциалды клиникалық маңызды концентрациялардағы органикалық катиондық тасымалдаушы 2 (OCT 2) тежегіші болып табылатындығын көрсетті. Бұл деректер бүйректің өзекшелік секрециясын ОТС 2 ақуызы арқылы ламотриджиннің басатындығын көрсетеді, бұл организмнен осы механизм бойынша шығарылатын препараттардың плазмалық концентрацияларын жоғарылатуы мүмкін. Ламотриджин және емдік индексі тар ОТС 2 субстраттары (дофетилид) тағайындауға ұсынылмайды.

Ламотриджинді бүйрек арқылы OCT2 механизмі бойынша шығарылатын дәрілік заттармен (мысалы, метформин, габапентин және варениклин) бірге қолдану қан плазмасында осы дәрілік заттардың концентрацияларының артуына әкелуі мүмкін. Мұның клиникалық маңыздылығы нақты анықталған жоқ, алайда осы дәрілік заттар енгізілетін пациенттерге қатысты сақтық танытқан жөн.

Ламотриджинді қабылдау, әсіресе фенциклидинге жалғаоң нәтижелер бере отырып, несепте дәрілік препараттардың қалдықтарының мөлшерін анықтауға ықпалын тигізуі мүмкін. Осыған байланысты оң нәтижелерді айғақтау үшін өте спецификалық балама әдістерді қолдану ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Тері бөртпелері

Тері бөртпелерінің дамуы әдетте ламотриджинмен емдеуді бастағаннан кейін алғашқы 8 апта ішінде білінеді. Көптеген жағдайларда тері бөртпелері аздап білінеді және өздігінен қайтады, бірақ сонымен бірге кейде пациентті ауруханаға жатқызуды және ламотриджинді тоқтатуды қажет ететін ауыр жағдайлар (мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз) байқалады.

Препаратты ұсынылған дозаларда қабылдап жүрген, эпилепсиясы бар пациенттерде ауыр бөртпелердің кездесу жиілігі 1:500 құрайды (олардың жартысы Стивенс-Джонсон синдромы бар пациенттерді құрайды); биполярлы бұзылыстары бар пациенттерде бұл көрсеткіш 1:1000 құрайды.

Балалар популяциясында бөртпелер қаупі ересектерге қарағанда жоғары (ауруханаға жатқызуды қажет ететін жағдайлар 1: 100/300 құраған).

Тері бөртпелерінің алғашқы белгілері балаларда қателесіп инфекция деп қабылдануы мүмкін болатындықтан, дәрігерлер емдеудің алғашқы 8 аптасы ішінде бөртпелер мен қызба пайда болатын балаларда препаратқа жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкін екендігін ескеруі қажет.

Тері патологияларының пайда болу қаупі келесі жағдайларда ұлғаюы мүмкін:

- ламотриджиннің бастапқы жоғары дозасы немесе монотерапияда ламотриджиннің дозасын шамадан тыс арттыру

- вальпроатпен қатарластыра емдеу

Ламотриджинді басқа ЭҚП қабылдауға аллергиялық реакциялары бар пациенттерге тағайындағанда сақ болған жөн, өйткені ламотриджинді қабылдағаннан кейін бөртпелердің даму қаупі мұндай пациенттерде үш есе жоғары болады.

Тері бөртпелері бар барлық пациенттердің жағдайына мұқият бақылау жүргізу және бөртпелердің этиологиясы айғақталғанға дейін ламотриджин қабылдауды тоқтата тұру қажет. Ламотриджинді қабылдау, егер емдеу бөртпенің даму себебінен тоқтатылса, егер қабылдаудың болжамды пайдасы ықтимал қаупінен басым болмаса, қайта жаңғыртылмауы тиіс.

Аса жоғары сезімталдық синдромының даму белгісі қызба, лимфоаденопатия, беттің ісінуі, гематологиялық бұзылулар, бауырдың зақымдануы және асептикалық менингит сияқты жүйелік симптомдармен астасқан тері бөртпесі болуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық синдромының ауырлығы кең ауқымда өзгеруі мүмкін және, сирек жағдайларда, ДТҰ-синдромның дамуына және полиағзалық зақымдануларға әкеп соғуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық синдромының ерте көріністері (қызба, лимфоаденопатия және т.б.) тері бөртпелерінсіз болуы мүмкін екендігін есте ұстау маңызды, және мұндай жағдайда пациент өзінің жағдайын білу үшін дәрігерге дереу қаралуы тиіс және осы көріністердің басқа этиологиясы жоқ болған жағдайда Ламотриджин® препаратын қолдануды тоқтату керек.

Асептикалық менингит көптеген жағдайларда препаратты тоқтатқан кезде қайтымды болды, бірақ ламотриджинді қайталап тағайындағанда кейбір жағдайларда осы патология қайта жаңғырды және ол өте тез басталуымен және барысының өте ауыр болуымен сипатталды, осыған байланысты, егер оны қабылдау асептикалық менингиттің дамуы себебінен тоқтатылса, ламотриджинді тағайындау ұсынылмайды.

Суицидтік қауіп

Депрессия және/немесе биполярлы бұзылыстар симптомдары эпилепсиясы бар пациенттерде орын алуы мүмкін, және мұндай пациенттер суицидке бейімділік қаупі бар топқа жатады. Биполярлы бұзылыстары бар пациенттердің 25-тен 50%-ға дейіні, олардың емді, соның ішінде ламотриджинді қабылдайтынына немесе қабылдамайтынына қарамастан, ең жоқ дегенде бір рет өзін өлтіруге әрекет жасайды. Эпилепсиясы бар науқастардың ішінде суицидтің мүмкін болуының жоғары екендігін айғақтайтын дәлелдер бар.

Ламотриджинмен ем қабылдап жүрген, биполярлы бұзылыстары бар пациенттер, әсіресе емдеу курсын бастаған кезде немесе препарат дозасын өзгерткенде, жаңа симптомдарды және суицидтің дамуын қоса, клиникалық нашарлауға қатысты мұқият тексерілуі тиіс.

Анамнезінде суицидтік әрекеттер немесе өзін өлтіру жөнінде ойлары бар пациенттер, сондай-ақ жас пациенттер емдеудің барлық курсы ішінде дәрігерлік бақылауда болуы тиіс.

Науқастар, жаңа белгілердің, өзін өлтіру жөніндегі ойлардың және/немесе оған ниеттің болуын қамтитын ахуалдың нашарлау жағдайында, мұны дереу дәрігерге мәлімдеуі керек екендігінен хабардар болуы тиіс. Мұндай жағдайларда дәрігер емдеу сызбасын өзгерту немесе препарат қабылдауды тоқтату жөнінде шешім қабылдауы тиіс.

Гормональді контрацептивтер

Этинилэстрадиол/левоноргестрел (30 мкг/150 мкг) біріктірілімі ламотриджин клиренсінің артуына әкеледі, бұл оның плазмалық концентрациясын шамамен 2 есе төмендетеді. Ламотриджиннің өте жоғары (2 еседен көбірек) емдік дозалары ең жоғары емдік әсерге қол жеткізу үшін қажет болуы мүмкін. Бауыр ферменттерінің индукторларын қабылдамайтын және, белсенді емделмеген 1 аптаны (таблеткадан бос апта) қоса, гормональді контрацептивтерді қабылдайтын пациенттерде ламотриджиннің деңгейін біртіндеп қысқа мерзімдік арттыру белсенді емделмеген аптасы кезінде жүргізіледі.

Ламотриджин мен гормональді контрацептивтер біріктіріліп қолданылған кезде левоноргестрелдің бөлініп шығуы орташа артады және сарысудағы FSH мен LH өзгереді. Осы өзгерулердің овуляциялық белсенділікке ықпалын тигізуі белгісіз. Осы өзгерістердің ықтималдылығы контрацепциялық тиімділіктің артуына әкелуі мүмкін. Ламотриджинмен емделу аясында ішке қабылдауға арналған гормональді контрацептивтерді қолданып жүрген әйелдер дәрігерге етеккір оралымындағы кез келген өзгерулер туралы, сондай-ақ ламотриджинді қабылдау аясында контрацептивтерді қабылдауды бастағаны немесе тоқтатқаны жөнінде мәлімдеуі тиіс.

Гормональді контрацептивтерді қабылдауды бастағанда немесе тоқтатқанда емдеуші дәрігер тарапынан мұқият мониторинг жасау және көптеген жағдайларда ламотриджиннің қабылданатын дозасын түзету қажет. Ішке қабылданатын басқа контрацептивтердің және орнын басатын гормональді емнің ықпалы зерттелген жоқ, бірақ олардың ламотриджиннің фармакокинетикасына ықпалы ұқсас болуы мүмкін.

Дигидрофолатредуктаза

Ламотриджин дигидрофолатредуктазаның әлсіз тежегіші болып табылады, және сондықтан ол ұзақ қолданған кезде фолаттардың метаболизміне ықпалын тигізуі мүмкін. Алайда, тіпті ұзақ қолданғанда, ламотриджин қанда гемоглобин мөлшерінің, формалық элементтердің орташа көлемінің, фолаттардың сарысудағы концентрацияларының (1 жылға дейінгі ұзақтықта қабылдағанда) немесе эритроциттердің (5 жылға дейінгі ұзақтықта қабылдағанда) күрделі өзгерулерін туындатпайды.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Глюкуронид метаболиттерінің жиналып қалуы мүмкін болғандықтан сақтықпен қолданылуы керек.

Құрамына ламотриджин кіретін басқа препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттер ламотриджинді дәрігердің кеңесінсіз қабылдамағаны жөн.

Кейбір жағдайларда, эпилепсиялық жағдайды қоса, ауыр құрысу ұстамалары рабдомиолиздің, полиағзалық дисфункцияның, кейде өліммен аяқталатын қанның диссеминацияланған қантамырішілік ұюының дамуына әкеп соғады. Осындай жағдайлар ламотриджинмен емдеу аясында да байқалды.

Эпилепсия кезінде дозалау жөніндегі жалпы нұсқаулар

Ламотриджинмен бірге тағайындалған эпилепсияға қарсы препараттарды тоқтатқан кездегідей, сонымен қатар керісінше, ламотриджинді қамтитын біріктірілген емге эпилепсияға қарсы басқа препараттар қосылатын емдеудің кез келген өзгеруінде ламотриджиннің фармакокинетикасының өзгеруі мүмкін екендігін ескеру қажет. Ламотриджинді күрт тоқтату оның синдромының дамуымен байланысты ұстамалар жиілігін өршітуі мүмкін. Пациенттің жағдайы препаратты шұғыл тоқтатуды қажет ететін жағдайларды (мысалы, тері бөртпелері пайда болғанда) қоспағанда, ламотриджиннің дозасын 2 апта ішінде біртіндеп төмендеткен жөн.

«Эпилептикус статусын» қоса, ауыр құрысу ұстамалары рабдомиолиздің, мультиағзалық зақымданулардың және кейде өліммен аяқталатын ДТҰ-синдромның дамуына әкеп соғуы мүмкін екендігі жөнінде деректер бар. Осыған ұқсас жағдайлар ламотриджинді қабылдау аясында байқалды.

Миоклонустық ұстамалар ламотриджинді қолданғанда өршуі мүмкін.

Типтік абсанстарды емдеу үшін ламотриджинді қабылдап жүрген балалардағы тиімділік барлық пациенттерде бірдей сақталуы мүмкін емес.

Балалардың дамуы

Балаларда бойдың өсуіне, жыныстық жетілуге және когнитивті, эмоционалды және мінез-құлық өзгерулеріне ықпалын тигізуі жөнінде ешқандай деректер жоқ.

Жүктілік

Бірінші триместр кезінде жүкті әйелдерге ламотриджинді қолдану жөніндегі деректердің көбісі (8700-ден көбірек) жарық таңдай сияқты туа біткен ауытқулардың даму қаупін көрсеткен жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер дамуға уытты әсер ететіндігін көрсетті.

Жүктілік кезінде ламотриджинмен емдемеу мүмкін болмайтын жағдайда емдік өте аз дозаларды пайдалану қажет.

Ламотриджин дигидрофолатредуктазаға аздаған тежегіш әсер береді, демек, теориялық тұрғыдан алғанда фолий қышқылының деңгейін төмендету жолымен эмбриональді зақымдану қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Фолий қышқылын жүктілікке дейін және жүктілік кезінде қабылдау қажет.

Жүктілік кезінде организмде жүретін физиологиялық өзгерулер ламотриджиннің концентрациясына немесе емдік әсеріне ықпалын тигізуі мүмкін. Қан плазмасында ламотриджин концентрациясының құрысуға қарсы әсері болмайтын төмендеу жағдайлары жөнінде мәлімделді. Босанғаннан кейін ламотриджиннің концентрациясы дозаға байланысты жағымсыз реакциялардың көріністерімен күрт артуы мүмкін. Демек, ламотриджиннің концентрацияларына мониторингті жүктілікке дейін, жүктілік кезінде және жүктіліктен кейін жүргізген жөн. Қажет болғанда, ламотриджиннің дозасын жүктілік кезіндегі концентрациясының деңгейіне немесе клиникалық әсеріне қарай таңдаған жөн. Сондай-ақ босанғаннан кейін жағымсыз реакцияларға мониторинг жүргізу қажет.

Лактация

Ламотриджин ана сүтіне нәрестенің плазмасындағы ламотриджиннің концентрациясын анадағы концентрациясының 50%-на дейінгі деңгейіне әкелетін әртүрлі концентрацияларда енеді. Демек, кейбір нәрестелерде ламотриджиннің сарысулық концентрациялары оның фармакологиялық әсері көрініс беретін мәнге дейін жетуі мүмкін. Осындай нәрестелердің аздаған тобында жағымсыз реакциялар байқалған жоқ. Алайда жағымсыз реакцияларының зор қаупін және пайдасын таразылау қажет.

Фертильділік

Жануарларға жүргізілген зерттеулер ламотриджинің фертильділікке теріс ықпалын байқаған жоқ.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде зейінділікті және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұру қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты ұсынылғаннан 10-20 есе артық дозада қабылдағанда өліммен аяқталулар байқалды. Препарат артық дозаланғанда нистагм, атаксиялар, тонусты-клонустық құрысулар және комалар дамуы, сондай-ақ QRS аралығы ұзаруы (қарыншаішілік өткізгіштіктің кідіруі) мүмкін.

Емі: ауруханаға жатқызу және уытсыздандыру емін жүргізу. Алғашқы жәрдемге асқазанды шаю жатады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мг, 50 мг, 100 мг таблеткалар.

Поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. Пішінді ұяшықты 3 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282

тел.: +7 (727) 232-44-85

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркелгеннен кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы және мекенжайы:

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электронды поштасы: info@aigp.kz

Прикрепленные файлы

768823681477976682_ru.doc 204 кб
978158251477977816_kz.doc 270 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники