Ламизил® Дермгель

МНН: Тербинафин
Производитель: Новартис Консьюмер Хелс СА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Terbinafine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013703
Период регистрации: 02.09.2014 - 02.09.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Ламизил® Дермгель

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тербинафин

Дәрілік түрі

1 гель

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді зат – 10 мг тербинафин бар

қосымша заттар: бензил спирті, карбомер (бензолдан бос), изопропилмиристат, бутилгидрокситолуол, сорбитан лаураты, полисорбат 20, натрий гидроксиді, этанол 96%, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ түстен ақ дерлік түске дейінгі жылтыр гель.

Фармакотерапиялық тобы

Зеңге қарсы сыртқа қолдануға арналған басқа да препараттар. Тербинафин.

АТХ коды D01AE15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тербинафинді жергілікті қолданған кезде сіңірілуі - 5-дан аз, болмашы жүйелік әсері бар. Тері арқылы тез өтеді және май бездерінде жиналады. Жоғары концентрациясы шаш фолликулаларында және шашта болады. Теріге жаққаннан кейін препарат ең жоғары концентрациясына 4 сағаттан соң жетеді. Препаратты бір апта бойы күніне бір рет жаққан кезде оның мүйізді қабаттағы ең жоғары концентрациясы (Сmах) артады. 7 күндік емдеу курсынан кейін препарат келесі 7 күн бойы анықталады.

Фармакодинамикасы

Ламизил® Дермгель зеңге қарсы жергілікті қолдануға арналған, белсенділік өрісі ауқымды препарат. Аздаған концентрацияларда дерматофиттерге, өңездік және белгілі диморфты зеңдерге қатысты фунгицидті (зең жасушаларын өлтіреді) әсер етеді. Ашытқы зеңдерге қатысты белсенділігі, олардың түріне байланысты фунгицидті немесе фунгистатикалық (зең жасушасының өсуін кідіртеді) болуы мүмкін.

Ламизил Дермгель зеңдерде жүретін стеролдар биосинтезінің ерте сатысын ерекше түрде өзгертеді. Бұл зең жасушалары өлуін туғызатын эргостерол тапшылығына және скваленнің жасушаішілік жиналуына әкеледі. Әсер етуі зең жасушасы жарғақшасына орналасқан скваленэпоксидаза ферментінің тежелуі арқылы жүзеге асады.

Ламизил® Дермгель қабынуға қарсы, қышуға қарсы, эпителизациялайтын әсер көрсетеді. Ламизил® Дермгель гельді компонентінің салқындатқыш әсері бар.

Ламизил® Дермгель адамда Р450 цитохромы жүйесіне және тиісінше, гормондардың немесе басқа дәрілік препараттардың метаболизміне әсер етпейді.

Қолданылуы

  • Trichophyton (оның ішінде T.rubrum, T.mtntagrophytes, T.verrucosum, T.violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum сияқты дерматофиттерден туындаған тері зеңді жұқпаларының, оның ішінде табан микоздарының (табан «зеңі»), шап эпидермофитиясының (tinea cruris), дененің тегіс терісі зеңді зақымдануларының (tinea corporis) алдын алуда және емдеуде

  • Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur деген атпен де белгілі) туындатқан түрлі түсті теміреткіде (Pityriasis versicolor).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерде 1-ші аптаның ішінде тәулігіне 1 рет қолданылады.

Сыртқа. Ламизил® Дермгельді көрсетілімдердің кез келгені бойынша күніне бір рет қолданады. Препаратты қолданар алдында зақымданған жерлерді мұқият тазартып, құрғату қажет. Ламизил® Дермгельді зақымданған жерге де, сондай-ақ оған іргелес жанасқан теріге де аздап жағады. Базданумен қатар жүретін жұқпалар жағдайында (сүт бездері астына, саусақтар арасына, бөксе және шап қыртыстарына) дермгель жағылатын жерді, әсіресе түнгі мезгілде, дәкемен жабуға болады.

Клиникалық байқалу айқындылығының азаюы әдетте емнің алғашқы күндері білінеді. Жүйесіз емделген жағдайда немесе оны мезгілінен бұрын тоқтатқанда жұқпаның қайталану қаупі бар.

Егер бір апта емдегеннен кейін жақсару белгілері білінбесе, диагнозды қайта қараған жөн.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы адамдар үшін препараттың дозасын өзгерту қажет етіледі немесе жастау емделушілердегіден айырмашылығы болатын жағымсыз әсерлер байқалады деп алдын ала пайымдауға негіз жоқ.

Препаратты қалай пайдалану керек

Препаратты алғаш қолданар алдында бұрандалы қалпақша сыртына жасалған үшкір ұшының көмегімен жабылған жарғақшаны тескен жөн.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- қызару, жаққан орындарда терінің қабыршықтануы

Жиі емес

  • терінің зақымдануы, қабыршақ, тері аурулары, пигментацияның бұзылуы, қызаруы, терінің күйдіруін сезіну

  • препарат жаққан тұстағы терінің ауыруы және тітіркенуі

Сирек

  • аллергиялық реакциялар (жайылған бөртпе, есекжем, ангионевротикалық ісіну, қайталанатын аллергиялық реакция)

  • көздің тітіркенуі

  • терінің құрғауы, жанаспалы дерматит, экзема

  • аса жоғары сезімталдық, бөртпе

Қолдануға болматын жағдайлар

  • тербинафинге немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ламизил® Дермгельдің қандай да бір дәрілермен өзара әрекеттесуі сипатталмаған

Айрықша нұсқаулар

Ламизил® Дермгельді терінің зақымданған жеріне жаққан кезде сақ болған жөн, өйткені спирт тітіркендіруі мүмкін.

Ламизил® Дермгель тек сыртқа қолдануға арналған. Препаратты бетке жағуға болмайды. Оны көзге тигізіп алмаған жөн, өйткені ол тітіркендіруі мүмкін. Препаратты көзге байқамай тигізіп алған кезде, оны дереу ағынды сумен шайған жөн, ал тұрақты тітіркену құбылысы дамыған жағдайда дәрігерден ақыл-кеңес алу қажет.

Егер бір апта емдегеннен кейін жақсару белгілері білінбесе, диагнозды анықтаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: кездейсоқ ішке қабылданған кезде бас ауыру, бас айналу, жүрек айну, іш тұсының ауыруы байқалады.

Емі: белсендірілген көмір, қажет болған кезде – симптоматикалық демеуші ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г препараттан жарғақшаны тесуге арналған ұштықпен қамтамасыз етілген, пропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар алюминий сықпада.

1 сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария

Novartis Consumer Health SA., Switzerland

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Новартис Консьюмер Хелс СА», Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ., Луганский к-сі, 96

тел. 8-800-080-0650 (Қазақстан Республикасы бойынша барлық стационар телефондарынан тегін)

факс: (727) 258-33-03

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

 

Прикрепленные файлы

627320051477976667_ru.doc 49 кб
487109291477977808_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники