Ламиас® 150



Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ламиас® 150
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ламивудин
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар, 150 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 150.0 мг ламивудин,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, магний немесе кальций стеараты,
қабықтың құрамы: Опадрай ақ Y-1-7000 (гипромеллоза, полиэтиленгликоль/ макрогол, титанның қостотығы (Е 171)).
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелік пайдалануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозидтер – кері транскриптаза тежегіштері. Ламивудин
АТХ коды: J05AF05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Ламивудин асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Ішке қабылдағаннан кейін ересектердегі ламивудиннің биожетімділігі әдетте 80-85 % құрайды. Сарысудағы ламивудиннің ең жоғары концентрациясына (Смах) орташа жету уақыты (Тmax) шамамен 1 сағатты құрайды. Ламивудинді емдік дозаларда (тәулігіне 12 сағат аралықпен 2 қабылдауға 4 мг/кг) тағайындағанда Смах 1-1,9 мкг/мл құрайды.
Ламивудинді тамақпен бірге қабылдау Тmax жоғарылауына және Сmax төмендеуіне әкеледі (47% дейін), алайда «концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисық астындағы аудан негізінде есептелген жалпы сіңірілу дәрежесіне әсер етпейді сондықтан ламивудинді тамақпен бірге қабылдағанда дозаны түзету қажет емес.
Таблеткаларды ұнтақтау және оларды жартылай қатты астың немесе сұйықтықтың азғана мөлшерімен қабылдау препараттың фармакологиялық қасиеті мен клиникалық әсерін өзгертпейді. Бұл қорытындылар физика-химиялық және әсер етуші заттың фармакокинетикалық сипаттамаларына негізделген.
Қан плазмасы ақуыздарымен таралуы және байланысуы
Ламивудинді көктамыр ішіне енгізген кезде таралу көлемі орта есеппен 1,3 л/кг, ал жартылай шығарылу кезеңі 5-7 сағатты құрайды.
Дозалардың емдік ауқымында ламивудиннің фармакокинетикасы дозаға тәуелді және елеусіз дәрежеде қан плазмасы ақуыздарымен байланысады.
Ламивудиннің орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) және жұлын-ми сұйықтығына өтетіні анықталған. Ішке қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң ламивудиннің ликвордағы және сарысудағы концентрациясының арақатынасы шамамен 0,12 құраған.
Метаболизмі және шығарылуы
Орта есеппен ламивудиннің жүйелік клиренсі шамамен 0,32 л/кг/сағ құрайды. Ламивудин белсенді өзекшелік секреция арқылы (органикалық катиондардың тасымалдану жүйесі) негізінен бүйрекпен (70%-дан астамы), сондай-ақ бауырдағы метаболизмі арқылы (10%-дан кемі) шығарылады. Ламивудиннің белсенді түрі жасушаішілік ламивудин трифосфатының оның плазмадан жартылай шығарылу кезеңімен (5-7 сағат) салыстырғанда жасушалардан жартылай шығарылу кезеңі барынша ұзақ (16-19 сағат). Тәулігіне 1 рет 300 мг дозада қабылдағанда ламивудиннің фармакокинетикалық параметрлері тепе-тең жағдайда ламивудин трифосфаты үшін 24 сағат бойы (AUC24) және Сmax «концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисық астындағы аудан көрсетілімдері бойынша тәулігіне 2 рет 150 мг дозада қабылдағанда осындайға баламалы.
Бауырдағы метаболизмі шектеулі болуы, плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі елеусіз болуы және ламивудиннің өзгермеген күйде бүйрекпен толық дерлік шығарылуы салдарынан ламивудиннің басқа препараттармен жағымсыз өзара әрекеттесу ықтималдығы өте аз.
Ерекше топтағы пациенттер
Балалар
Жалпы алғанда балаларда ламивудиннің фармакокинетикасы ересектердегі осындайға ұқсас. Алайда, абсолюттік биожетімділігі (шамамен 55-65%) 12 жастан кіші балаларда төмен және барынша өзгеретін болған. Қосымша ретінде, жүйелік клиренс көрсеткіштері кіші жастағы балаларда жоғары және 12 жасқа қарай ересек пациенттердің деңгейіне жете отырып, өсу шамасы бойынша төмендейді. Үлбірлі қабықпен қапталған таблетка түріндегі ламивудиннің фармакокинетикалық зерттеулері препаратты күніне бір рет қабылдау AUC24 көрсеткіші бойынша препаратты күніне екі рет қабылдауға баламалы болғанын көрсетті. Ламивудинді ұсынылған дозада қабылдағанда AUC24 орташа көрсеткіштері шамамен 7,1-13,7 мкг* ч/мл жеткен, бұл препаратты күніне бір рет қабылдағанда ересектерде AUC24 көрсеткіштерімен салыстырмалы болды.
Егде жастағы пациенттер
65 жастан асқан пациенттерде ламивудиннің фармакокинетикасы бойынша деректер жоқ.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде плазмада ламивудиннің концентрациясы жоғары, себебі оның организмнен шығарылуы баяу. Клиренс креатинині 50 мл/мин аз науқастарға ламивудин дозасын төмендету қажет.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауырдың орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ламивудинді қолдану туралы деректер бауыр функциясының бұзылуы ламивудиннің фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейтінін көрсетті.
Жүктілік
Жүкті әйелдерде ламивудиннің фармакокинетикасы жүкті емес әйелдердегі осындайдан ерекшеленбейді. Зерттеулер ламивудиннің плацента арқылы өтетінін көрсетті. Жаңа туған нәрестелердің сарысуындағы ламивудиннің концентрациясы туған кезде ананың сарысуындағы және кіндік қандағыға ұқсас.
Фармакодинамикасы
Ламивудин АИТВ-1 және АИТВ-2 in vitro репликациялардың тиімділігі жоғары таңдаулы тежегіші болып табылады. Сондай-ақ зидовудинге төзімді АИТВ штаммдарына қатысты белсенді.
Жасушалар ішінде ламивудин 5'-трифосфатқа (белсенді түрі) дейін метаболизденеді, оның жасушалардан жартылай шығарылу кезеңі 16-19 сағатты құрайды. Ламивудин-5'-трифосфат елеусіз дәрежеде РНҚ- және ДНҚ-тәуелді АИТВ кері транскриптазасын тежейді. Оның негізгі әсер ету механизмі - АИТВ кері транскриптаза үдерісінде ДНҚ өсу тізбегі синтезін бөгеу. Ламивудиннің жасушалар өсіріндісінде АИТВ репликациясын бәсеңдете отырып, басқа антиретровирустық препараттарға, бәрінен бұрын зидовудинге қатысты аддитивті немесе синергиялық әсер көрсететіні көрсетілген.
Ламивудин ДНҚ қалыпты жасушалық метаболизмін бұзбайды және сүтқоректілердің жасушаларында ядролық және митохондриялық ДНҚ мөлшеріне айтарлықтай әсер етпейді.
In vitro зерттеулерде ламивудин шеткері қан лимфоциттеріне, сондай-ақ лимфоциттік және моноцитарлық-макрофагальді жасушалық желілер мен сүйек кемігінің басқа да бірқатар діңді жасушаларға әлсіз цитоуытты әсер көрсетеді. Осылайша, in vitro ламивудин жоғары емдік индекске ие.
Фармакодинамикалық әсерлері
Ламивудинге АИТВ-1 төзімділігінің даму себептерінің бірі – АИТВ кері транскриптазасының белсенді орталығымен тығыз байланысқан M184V вирустық геномға өзгерістердің пайда болуы. АИТВ-1 штаммдары M184V мутацияларымен in vitro, ламивудинді қоса, біріктірілген антиретровирустық ем қабылдап жүрген науқастардың организмінде де пайда болуы мүмкін. Мұндай вирус штаммдары ламивудинге сезімталдығының төмендігімен және in vitro репликациясына ықпалының әлсіздігімен сипатталады. Зидовудинге төзімді іn vitro АИТВ штаммдары ламивудинге резистенттілігі бір мезгілде дамыған жағдайда оған сезімталдық пайда болуы мүмкін. Бұл құбылыстың клиникалық маңызы анықталмаған.
M184V кодонындағы мутациялар кері транскриптазасының нуклеозидтік тежегіштері тобының препараттарына ғана АИТВ айқаспалы төзімділігінің туындауына әкеледі. Зидовудин мен ставудин ламивудинге төзімді АИТВ-1 штаммдарына қатысты өзінің белсенділігін сақтайды. Абакавир ламивудинге төзімді M184V мутациясы бар АИТВ-1 штаммдарына қатысты антиретровирустық белсенділігін сақтайды. M184V мутациялары бар АИТВ штаммдарында диданозин мен залцитабинге сезімталдығының ең көбі 4 еселік төмендеуі анықталады; бұл құбылыстың клиникалық мәні анықталмаған. Түрлі антиретровирустық in vitro препараттарға АИТВ сезімталдық тестілері стандартталмаған, сондықтан олардың нәтижелеріне түрлі методологиялық факторлар әсер етуі мүмкін.
Клиникалық зерттеу деректеріне сәйкес зидовудинмен біріктіріп ламивудинді қолдану қандағы АИТВ-1 вирустық жүктемесін төмендетеді және CD4-лимфоциттер мөлшерін арттырады. Ламивудин зидовудинмен біріктіргенде немесе зидовудинмен және басқа препараттармен АИТВ-инфекцияның үдеу қаупін және өліммен аяқталу қаупін айтарлықтай төмендететіні анықталған. Ламивудин қабылдаған науқастардан бөлінген АИТВ штаммдарында in vitro ламивудинге сезімталдықтың төмендегені байқалды.
Бұрын антиретровирустық ем қабылдамаған пациенттерде ламивудинмен және зидовудинмен біріктірілген ем қолдану зидовудинге төзімді АИТВ штаммдарының пайда болуын кідіртеді. Ламивудин кері транскриптазаның басқа нуклеозидті тежегіштерімен немесе басқа топтың препараттарымен (протеаза тежегіштері, кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері) бірге біріктірілген антиретровирустық ем компоненті ретінде кеңінен таралған.
Ламивудинді қоса, біріктірілген антиретровирустық емдеу M184V кодонында мутацияларымен АИТВ штаммдарына қатысты тиімді.
Іn vitro ламивудинге және клиникалық емдеу әсеріне АИТВ сезімталдығы арасында өзара байланысты анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет.
Қолданылуы
- ересектер мен балаларда біріктірілген антиретровирустық ем құрамында АИТВ-инфекцияны емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
АИТВ инфекцияны емдеуде тәжірибесі бар дәрігер ғана ем тағайындай алады.
Ламиас® 150 мг тамақпен бірге немесе онсыз қолданылуы мүмкін.
Толық дозаның енгізілуін қамтамасыз ету үшін таблетканы (-ларды) ұсатпай тұтас жұту ұсынылады.
Таблеткаларды жұта алмайтын пациенттер үшін балама ретінде таблетканы (-ларды) ұсатып, аздаған мөлшерін жартылай сұйық тағамға немесе сұйықтыққа қосуға болады, оны дереу және толықтай ішу керек.
Ересектер, жасөспірімдер мен балалар (салмағы 25 кг-ден кем емес):
Ламиас® 150 ұсынылатын дозасы күніне 300 мг құрайды. Күніне екі рет 150 мг-ден немесе күніне бір рет 300 мг енгізіледі.
Балалар (салмағы 25 кг-ден төмен):
Ламиас® 150 таблеткалары үшін доза салмақ категориясы бойынша ұсынылады.
Салмағы ≥ 20 кг < 25 кг дейінгі балалар: Ұсынылатын доза күніне 225 мг құрайды. Таңертең 75 мг (150 мг таблетканың жартысы) және кешке 150 мг (150 мг бір бүтін таблетка) немесе күніне бір рет 225 мг (150 мг бір жарым таблетка) енгізілуі мүмкін.
Салмағы 14 кг < 20 кг дейінгі балалар: Ұсынылатын доза күніне 150 мг құрайды. Күніне екі рет 75 мг-ден (150 мг таблетканың жартысы) немесе күніне бір рет 150 мг (150 мг бір бүтін таблетка) енгізілуі мүмкін.
Үш айлық жастан кіші балалар: Қолда бар деректердің жеткіліксіздігіне байланысты доза бойынша ұсыныстар беру мүмкін болмай отыр. Қабылдау режимін күніне екі реттен күніне бір ретке ауыстыратын пациенттер екі реттік режим бойынша соңғы дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 12 сағаттан соң ұсынылатын бір реттік дозаны қабылдауы тиіс (жоғарыда көрсетілгендей), содан соң ұсынылатын бір реттік күндізгі дозаны (жоғарыда көрсетілгендей) шамамен 24 сағаттан кейін қабылдауды жалғастыру керек. Екі реттік режимге қайта көшкен кезде пациенттер ұсынылатын екі реттік күндізгі дозаны соңғы бір реттік күндізгі дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 24 сағаттан соң қабылдауы тиіс.
Ерекше топтар:
Егде жастағылар
Айрықша мәлімет жоқ; алайда, бауыр функциясының төмендеуінде және гематологиялық көрсеткіштердің өзгеруінде білінетін жас өзгерістеріне байланысты бұл топқа ерекше назар аудару керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Орташа және ауыр дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде плазмадағы ламивудиннің концентрациясы клиренсінің төмендеуі салдарынан жоғарылаған. Осыған байланысты креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен түсетін пациенттер үшін доза өзгертілуі немесе препаратты қабылдау тоқтатылуы тиіс.
Ересектерге, жасөспірімдерге және балаларға арналған дозалау жөніндегі ұсынымдар (салмағы 25 кг-ден артық):
Креатинин клиренсі (мл/мин) |
Бастапқы доза |
Демеуші доза |
≥50 |
300 мг или 150 мг |
күніне бір рет 300 мг күніне екі рет 150 мг |
30-<50 |
150 мг |
күніне екі рет 150 мг |
Бүйрек функциясы бұзылған балаларда ламивудинді пайдалану бойынша жеткілікті деректер жоқ. Креатинин клиренсі мен ламивудин клиренсі балалар мен ересектерде бірдей өзара байланыста болатындығы болжамы негізінде бүйрек функциясы бұзылған балаларда ересектердегідей пропорцияда креатинин клиренсіне байланысты дозаны төмендету ұсынылады.
3 айдан асқан және салмағы 25 кг-ден төмен балаларға арналған доза бойынша ұсынымдар:
Креатинин клиренсі (мл/мин) |
Бастапқы доза |
Демеуші доза |
≥50 |
8 мг/кг немесе 4 мг/кг |
күніне бір рет 8 мг/кг күніне екі рет 4 мг/кг |
30 <50-ге дейін |
4 мг/кг |
күніне бір рет 4 мг/кг |
15 <30-ға дейін |
4 мг/кг |
күніне бір рет 2,6 мг/кг |
5 <15-ке дейін |
4 мг/кг |
күніне бір рет 1,3 мг/кг |
<5 |
1,3 мг/кг |
күніне бір рет 0,7 мг/кг |
Креатинин клиренсі 30 мл/мин болғанда басқа дәрілік түрін – ішке қабылдауға арналған ерітіндіні қолдану ұсынылады.
Бауыр функциясының бұзылуы
Орташадан ауыр дәрежеге дейінгі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде алынған деректер бауыр функциясының бұзылуы ламивудиннің фармакокинетикасына айтарлықтай әсер етпейтінін көрсетті. Осы деректер негізінде егер ол бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүрмесе, орташа немесе ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны өзгерту қажет емес.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ламивудинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы 14 кг-ден аз балалар)
- креатинин клиренсі 30 мл/мин аз бүйрек функциясының бұзылуы
- бала емізу кезеңі
- жүктілік.
Сақтықпен:
креатинин клиренсі 30 мл/мин көп және 50 мл/мин аз бүйрек жеткіліксіздігі, жүктілік, егде жас
Жағымсыз әсерлері
Төменде сипатталған жағымсыз реакциялар монотерапия ретінде де, оны басқа ретровирустық препараттармен бірге қолданғанда да ламивудинмен АИТВ-инфекцияны емдеген кезде байқалды. Алайда, көптеген жағымсыз реакцияларға қатысты олардың дәрілік препараттардан туындағаны немесе АИТВ-инфекцияның асқынулары болып табылатыны белгісіз.
Құбылыстар жиілігі былай анықталады: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1000, <1/100), сирек (>1/10,000, <1/1000), өте сирек (<1/10000).
Қан түзу ағзалары тарапынан: жиі емес – нейтропения, анемия, тромбоцитопения; өте сирек – сүйек кемігінің эритроидті өсіріндісінің шынайы аплазиясы.
Зат алмасуы тарапынан: жиі – сарысудағы сүт қышқылы концентрациясының жоғарылауы; жиі емес - гипертриглицеридемия, гиперхолистеринемия, инсулинге төзімділік, гипергликемия; сирек – лактатацидоз; теріасты-шелмайының қайта таралуы/жинақталуы – даму жиілігі көптеген факторларға, соның ішінде антиретровирустық препараттардың нақты біріктіріліміне байланысты
Жүйке жүйесі тарапынан: жиі – бас ауыруы, ұйқысыздық, өте сирек –парестезиялар; шеткері нейропатияның даму жағдайлары сипатталған, алайда бұл асқынудың ламивудинмен емдеумен байланысы дәлелденген жоқ.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиі – жүрек айнуы, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, диарея; сирек - панкреатит, бірақ бұл асқынудың ламивудинмен емдеумен байланысы дәлелденген жоқ; сарысу амилазасы белсенділігінің жоғарылауы.
Гепатобилиарлық жүйе тарапынан: жиі емес – бауыр ферменттері белсенділігінің транзиторлық жоғарылауы (аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартатаминотрансфераза (АСТ)); сирек – гепатит.
Тері және оның туындылары тарапынан: жиі - бөртпе, алопеция.
Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан: жиі- артралгия, бұлшықет бұзылулары; сирек – рабдомиолиз.
Тыныс алу жүйесі тарапынан: жиі - жөтел, мұрын симптомдары
Аллергиялық реакциялар: ангионевроздық ісіну
Басқалар: жиі – шаршау сезімі, дімкәстік, қызба.
АИТВ-инфекцияның кеш сатылары немесе ұзаққа созылған біріктірілген антиретровирустық ем (кездесу жиілігі белгісіз) сияқты қауіп факторы бар пациенттерде остеонекроз жағдайлары туралы хабарланған.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ламивудиннің басқа препараттармен метаболизмдік өзара әрекеттесуі өте төмен, себебі ламивудин өте әлсіз метаболизденеді, елеусіз дәрежеде плазма ақуыздарымен байланысады және негізінен өзгермеген күйде бүйрекпен шығарылады.
Ламивудин организмнен негізінен органикалық катиондардың тасымалдану жүйесі арқылы белсенді өзекшелік секреция жолымен шығарылады. Ламивудиннің шығарылу механизмі осындай препараттармен, мысалы триметоприммен өзара әрекеттесу мүмкіндігін ескеру керек. Басқа препараттар (мысалы, ранитидин, циметидин) көрсетілген механизмнің көмегімен тек ішінара шығарылады және ламивудинмен өзара әрекеттеспейді.
Органикалық аниондардың тасымалдану жүйесі немесе шумақтық сүзіліс арқылы негізінен белсенді бүйрек секрециясы жолымен шығарылатын препараттар ламивудинмен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуге түспейді.
Зидовудин. Ламивудин мен зидовудинді бір мезгілде қолданғанда плазмада зидовудиннің Сmax орташа ұлғаюы (28 %-ға) байқалады, бұл ретте AUC айтарлықтай өзгермейді. Зидовудин ламивудиннің фармакокинетикасына әсер етпейді.
Триметоприм/сульфаметоксазол. Триметопримді/сульфаметоксазолды (ко-тримоксазол) 160/800 мг дозада бір мезгілде қолдану қан плазмасында ламивудиннің концентрациясын шамамен 40 %-ға арттырады (триметоприммен өзара әрекеттесу есебінен). Алайда бүйрек функциясының бұзылуы болмағанда ламивудин дозасын төмендету қажет емес. Триметоприм мен сульфаметоксазолдың фармакокинетикасына ламивудин әсер етпейді. Ламивудинді пневмоцисттік пневманияны емдеу үшін тағайындалатын ко-тримоксазолдың жоғары дозаларымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Залцитабин. Ламивудин мен залцитабинді бір мезгілде тағайындағанда ламивудин соңғысының жасушаішілік фосфорлануын тежеуі мүмкін. Осыған байланысты препараттардың бұл біріктірілімі ұсынылмайды.
Кладрибин. Ламивудин мен кладрибинді бір мезгілде тағайындағанда ламивудин кладрибиннің жасушаішілік фосфорлануын тежеуі мүмкін. Осыған байланысты препараттардың бұл біріктірілімі ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Ламивудинмен емдеуді АИТВ-инфекциясы бар науқастарды емдеуде тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс.
6 жасқа дейінгі балаларда таблетка түріндегі дәрілік форманы қолдану ұсынылмайды, сондықтан балаларды емдеу үшін басқа дәрілік түрін – ішуге арналған ерітіндіні қолдану қажет («Қолдану тәсілі мен дозалары» бөлімін қараңыз).
Ламивудинді монотерапия ретінде қолдану ұсынылмайды.
Пациенттерге антиретровирустық препараттармен, соның ішінде ламивудинмен емдеу жыныстық қатынас кезінде немесе қан құйғанда АИТВ-ның басқа адамдарға берілу қаупінен сақтандыра алмайтынын ескерту керек. Сондықтан пациенттер тиісті сақтық шараларын орындаулары тиіс.
Ламивудин немесе басқа да антиретровирустық препараттар қабылдайтын пациенттерде оппортунистік инфекциялар немесе басқа да асқынулар дамуы мүмкін, сондықтан олар АИТВ-инфекциясын емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.
Остеонекроз.
Этиология көп факторлы болып саналғанмен (кортикостероидтарды пайдалануды, алкоголь қолдануды, иммунитетті ауыр басуды, дене салмағының жоғары индексін қоса), остеонекроз жағдайлары АИТВ ауруының үдемелі сатысы бар пациенттерде және/немесе біріктірілген антиретровирустық ұзақ емдеуде жиі байқалған. Буындар ауырғанда және қақсағанда, буындар қарысқанда немесе қозғалыс қиындағанда пациенттер медициналық көмекке жүгінуі тиіс.
Нуклеозидтермен үштік емдеу.
Нуклеозидтермен үштік ем тағайындағанда (ламивудинді тенофовир дизопроксил фумаратымен және абакавирмен біріктіру, сондай-ақ ламивудинді тенофовир дизопроксил фумаратпен және диданозинмен біріктіру) ерте сатыда препараттарды тәулігіне бір рет қабылдағанда вирусологиялық жауаптың болмауы және төзімділіктің даму жағдайлары туралы хабарланған.
Митохондриялық дисфункция.
Іn vitro және in vivo жағдайларында нуклеотидтік және нуклеозидтік аналогтардың митохондриялардың түрлі дәрежедегі зақымдануын туғызу қабілеті анықталған. Жатыр ішінде немесе туғаннан кейін бірден нуклеозидтік аналогтар әсеріне ұшыраған АИТВ-жағымсыз балаларда митохондриялық дисфункция жағдайлары байқалды.
Бүйрек функциясының бұзылуы.
Орташа және ауыр дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде плазмада ламивудиннің концентрациясы препарат клиренсінің төмендеуі салдарынан арттырылған, сондықтан дозаны түзету қажет. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде креатинин клиренсі <30 мл/мин болғанда басқа дәрілік түрін – ішуге арналған ерітіндіні қолдану қажет («Қолдану тәсілі мен дозалары» бөлімін қараңыз).
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Орташа және ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде егер бауыр функциясының бұзылуы бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүрмесе, ламивудин дозасын төмендету қажет емес.
Панкреатит.
Ламивудин қабылдаған пациенттерде панкреатиттің бірнеше даму жағдайлары байқалған. Алайда, бұл асқынудың ламивудинмен немесе АИТВ-инфекцияның өзімен туындағаны белгісіз болып қалып отыр. Ламивудин қабылдаған пациентте іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу немесе биохимиялық көрсеткіштердің өзіне тән өзгеруі пайда болғанда панкреатитті жоққа шығару керек. Панкреатиттің диагнозы жоққа шығарылғанға дейін препаратты қабылдауды тоқтата тұру керек.
Лактат-ацидоз/бауырдың майлы дистрофиясымен айқын гепатомегалия.
Монотерапия ретінде немесе ламивудинмен біріктіріп нуклеозидтер аналогтары тобының антиретровирустық препараттарын қабылдаған, АИТВ жұқтырған пациенттерде (көбінесе әйелдерде) лактат-ацидоза жағдайлары сипатталған, олар әдетте айқын гепатомегалия және соның ішінде өліммен аяқталатын бауырдың майлы дистрофиясымен қатар жүрген. Лактат-ацидозаның дамуын көрсететін симптомдарға мыналар жатады: жалпы әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, кенеттен түсініксіз салмақ жоғалту, асқазан-ішек жолы мен тыныс алу жүйесі тарапынан болатын бұзылулар (ентігу).
Ламивудинмен емдеу үнемі сақ болуды қажет етеді және әсіресе пациентте бауыр ауруы дамуының қауіп факторлары болғанда. Лактат-ацидозаның немесе бауыр функциясы бұзылуының (тіпті, бауыр трансаминазалары белсенділігінің айқын жоғарылауы болмағанда гепатомегалияны және бауырдың майлы дистрофиясын қоса) клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болған жағдайда ламивудин қабылдауды тоқтату керек.
Лактат-ацидоза даму қаупінің жоғарылауына байланысты интерферон альфа мен рибавирин қабылдайтын, қатар жүретін С гепатиті бар пациенттерге нуклеозидті аналогтарды тағайындаған кезде сақ болуы керек. Мұндай пациенттерге мұқият клиникалық және зертханалық мониторинг жүргізілуі тиіс.
Теріасты-шелмайының таралуы
Кейбір пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем теріасты шелмайының таралуымен/жинақталуымен, соның ішінде шеткері шелмайы мөлшерінің төмендеуімен және висцеральді майдың ұлғаюымен, аяқ-қол мен беттің аруымен, сүт бездерінің ұлғаюымен және мойын мен арқаның артқы беткейінде майдың жиналуымен («буйвол өркеші»), сондай-ақ қан плазмасында глюкоза липидтері концентрациясының жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.
Липодистрофия деп жиі айтылатын жалпы синдроммен байланысты жоғарыда атап көрсетілген жағымсыз реакциялардың бірін немесе бірнешеуін протеаза тежегіштері және кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері класының барлық препараттары туғызуы мүмкін болғанмен, жиналған деректер осы жағымсыз реакцияларды туғызу қабілеттілігіне қатысты препараттардың көрсетілген кластарының жеке өкілдерімен арада айырмашылықтар барын білдіреді.
Липодистрофия синдромының көп факторлы этиологиясы барын айта кету керек; мысалы, АИТВ-инфекция сатысы, егде жас және антиретровирустық емдеу ұзақтығы осы асқынудың дамуында маңызды, бәлкім, синергиялық рөл атқарады. Көрсетілген жағымсыз реакциялардың кейбір салдарлары қазіргі уақытта анықталған жоқ. Пациенттерді клиникалық тексеру майлы тіннің қайта таралуының физикалық белгілерін бағалауды қамтуы тиіс. Сондай-ақ, қан плазмасында глюкоза липидтері концентрациясын өлшеу қажет. Клиникалық көріністерін басшылыққа ала отырып, липидтік алмасудың бұзылуын түзету қажет.
Иммунитетті қалпына келтіру синдромы.
Ауыр иммунитет тапшылығы бар АИТВ жұқтырған пациенттерде антиретровирустық емдеуді бастаған кезде симптомсыз немесе оппортунистік инфекцияға байланысты қабыну үдерісі өршуі мүмкін, бұл жай-күйдің күрделі нашарлауына немесе симптоматиканың ушығуына себеп болуы мүмкін. Әдетте, мұндай реакциялар антиретровирустық емдеуді бастағаннан кейін алғашқы аптада немесе айларда байқалған. Барынша көбірек маңызы бар мысалдар – цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе ошақты микобактериялық инфекция және пневмоцисттік пневмония. Кез келген қабыну симптомдарын дереу анықтап, кешіктірмей емді бастау керек.
Аутоиммундық аурулар (Грейвс ауруы, Вагнер синдромы, полимиозит, Гийен-Барре синдромы және т.б.) иммунитетті қалпына келтіру аясында байқалған, алайда бастапқы көріністер уақыты құбылып отырған және ауру емдеуді бастағаннан кейін көп айдан соң туындауы және атипиялық ағымы болуы мүмкін.
Бір мезгілде АИТВ және В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттер
Бір мезгілде АИТВ және В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттерде ламивудинмен емдеуді аяқтағаннан кейін гепатит қайталануының клиникалық немесе зертханалық белгілері білінуі мүмкін, бұл бауыр функциясын декомпенсациялағанда ауыр салдары болуы мүмкін. Ламивудинмен емдеуді аяқтағаннан кейін бірнеше ай бойы АИТВ және В гепатиті вирусын жұқтырған пациенттердегі бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерін және В гепатиті вирусы репликациясының маркерлерін бақылап отыру қажет.
Басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану
Бауырдағы метаболизмі шектеулі, плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі елеусіз болуы және өзгермеген күйде ламивудиннің бүйрекпен толық дерлік шығарылуы салдарынан ламивудиннің басқа препараттармен жағымсыз өзара әрекеттесу ықтималдығы өте аз.
Ламивудин негізінен катиондық тасымалдану жүйесінің көмегімен шығарылады, ламивудиннің шығарылу жолы сондай дәрілік заттармен, мысалы, триметоприммен өзара әрекеттесу мүмкіндігін ескеру керек. Ламивудиннің негізінен аниондық тасымалдау жүйесі немесе шумақтық сүзіліс арқылы шығарылатын дәрілік препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.
Ламивудинді залцитабинмен, кладрибинмен, сондай-ақ пневмоцисттік пневмонияны емдеу үшін қолданылатын ко-тримоксазолдың жоғары дозаларымен бір мезгілде тағайындауға болмайды («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Ламивудин мен иммунодепрессанттарды (мысалы, циклоспорин А) бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде стандартты дозаларда клиникалық маңызды жағымсыз өзара әрекеттесуі байқалмаған. Арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Ламивудин мен интерферон альфа арасында жағымсыз фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Ықтималды АИТВ жұқтырғаннан кейінгі профилактикасы
Халықаралық ұсынымдарға сәйкес (Ауруды бақылау жөніндегі орталық, 1998 жыл, маусым), АИТВ жұқтырған адамның қаны арқылы ықтималды жұқтырғанда (мысалы, инъекциялық ине арқылы) дереу (жұқтыру сәтінен бастап 1-2 сағат ішінде) зидовудинмен және ламивудинмен біріктірілген ем тағайындау керек. Жұқтыру қаупі жоғары болған жағдайда антиретровирустық емдеу сызбасына протеаза тежегіштері тобының препараты енгізілуі тиіс. Профилактикалық емді 4 апта бойы жүргізу ұсынылады. АИТВ кездейсоқ жұқтырғаннан кейін профилактикалық емнің тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз; бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Антиретровирустық препараттармен емнің тез басталуына қарамастан сероконверсия мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдану
Жүктілік
Жүктілік кезінде ламивудиннің қауіпсіздігі туралы деректер қазіргі уақытта жеткіліксіз. Зерттеулер ламивудиннің плацента арқылы өтетінін көрсетті. Ламивудинді жүктілік кезінде егер ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін ықтималды қауіптен асатын болса ғана қолдану керек. Жануарларға жүргізілген эксперимент нәтижелерін үнемі адамға қолдануға болмағанмен, үй қояндарына жүргізілген зерттеулер жүктіліктің ерте мерзімінде өздігінен болатын аборттың ықтималды қаупін білдіреді.
Лактация
Сарапшылардың пікірінше, барлық АИТВ жұқтырған әйелдер емшек сүті арқылы вирустың балаға берілуін болдырмау үшін мүмкіндігінше бала емізуден бас тарту керек. Ішке қабылдағаннан кейін ламивудин емшек сүтімен бөлініп шығарылады, бұл ретте емшек сүтіндегі оның концентрациясы іс жүзінде сарысудағы осындайдан (1-8 мкг/мл) ерекшеленбейді. АИТВ мен ламивудин емшек сүтіне өткендіктен, ламивудин қабылдайтын әйелдерге бала емізу ұсынылмайды.
Автокөлік және қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік және қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетіне препараттың әсерін зерттеу бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, ламивудиннің фармакологиялық қасиеттеріне қарай мұндай әсер ету ықтималдығы аз. Дегенмен, пациенттің автокөлікті және қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетін бағалағанда оның жалпы жай-күйін, сондай-ақ ламивудиннің жағымсыз реакциялар сипатын назарға алу керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: адамда ламивудиннің жедел артық дозалану салдарлары туралы аздаған деректер бар, өліммен аяқталу тіркелмеген, барлық науқастардың жай-күйі қалпына келтірілген. Ламивудиннің артық дозалануының қандай да бір спецификалық белгілері немесе симптомдары анықталған жоқ.
Емі: асқазанды шаю, адсорбенттерді қабылдау пациенттің жай-күйін бақылау және стандартты демеуші ем жүргізу ұсынылады. Ламивудин организмнен диализдің көмегімен шығарылатындықтан, үздіксіз гемодиализ қолданылуы мүмкін, алайда арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қабылдауға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы обл.,
Іле ауд., Өндірістік аймақ 282
тел.: +7 (727) 232-44-85
Тіркеу куәлігінің иесі
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,
электрондық поштасы: info@aigp.kz