Лазея

МНН: Масло лаванды
Производитель: Др. Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие анксиолитики
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023418
Информация о регистрации в РК: 02.11.2022 - 02.11.2032
Номер регистрации в РБ: 10562/17
Информация о регистрации в РБ: 03.05.2017 - 03.05.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Лазея

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жұмсақ капсулалар, 80 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді затSilexan® лаванда майы (WS® 1265) 80.0 мг,

қосымша заттар: тазартылған рапс майы, глицерин 85%, сукцинилденген желатин, сорбиттің 70% ерітіндісі (кристалданбайтын), кармин қышқылы лагы (Е 120), титанның қостотығы (Е 171), патенттелген көк V, 21% лак (Е 131).

Сипаттамасы

Сопақша, мөлдір емес, күлгін түсті жұмсақ желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – өзіне тән иісі бар мөлдір май.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Психотроптық препараттар. Анксиолитиктер. Басқа анксиолитиктер

АТХ коды N05BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

I фазадағы клиникалық зерттеуде 80 мг Silexan® лаванда майын ішу арқылы қабылдағаннан кейін, лаванданың эфир майының негізгі компоненті - линалоолдың ең жоғарғы концентрациясының 22 нг/мл деңгейіндегі орташа мәні қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң тіркелген. Линалоолдың плазмадағы концентрациялары қабылдағаннан кейінгі алғашқы 5 сағат ішінде, «концентрация—уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC) 33 нг•сағ/мл деңгейіндегі орташа мәнімен төмендеген.

Фармакодинамикасы

Лазея – өсімдік текті дәрілік зат, оның әсер етуші заты Silexan® (WS® 1265) лаванда майы болып табылады.

Препарат антидепрессивтік, анксиолитиктік және босаңсытқыш әсер береді.

In vitro зерттеулер, Silexan® лаванда майы (WS® 1265) потенциал-тәуелді, негізінен P/Q типті кальций өзекшелерімен өзара әрекеттесетінін көрсетті, алайда әсер ету механизмі немесе кальций өзекшелерімен спецификалық байланысу орны анықталмаған болып табылады.

Лаванда майы ГАМҚА-рецепторларды модуляциялайтыны туралы хабарламалар бар. Анксиолитиктер немесе антидепрессанттар үшін басқа белгілі мақсатты құрылымдармен өзара әрекеттесулеріне дәлелдер алынған жоқ, атап айтқанда, бензодиазепиннің ГАМҚА-рецепторлармен байланысу орнында өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Қолданылуы

  • үрейлену, жүйке ширығуы, ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі ашушаңдық пен мазасыздықтың симптомдарын емдеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға күніне 1 капсуладан (бұл 80 мг лаванда майына сәйкес келеді). Капсулаларды шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен (дұрысы бір стақан ауыз сумен), ас ішуге байланыссыз қабылдау керек.

Дәрігер пациенттің жеке жағдайына қарай емдеу курсын тағайындайды.

Егер симптомдары өзгеріссіз күйінде қалса немесе екі апта емдеуден кейін нашарласа, дәрігерге қаралу қажет.

Жағымсыз әсерлері

  • асқазан-ішек жолының бұзылулары (негізінен, кекіру)

  • терінің аллергиялық реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • лаванда майының компоненттеріне немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • бауыр функциясының бұзылулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

Сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар пациенттерге Лазеяны қабылдамау керек.

Жүктілік және бала емізу кезінде қолданылуы

Лаванда майын жүктілік кезінде қолданылуы туралы клиникалық деректер жоқ. Лазеяны жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.

Бала емізу кезінде қолданудың қауіпсіздігі қазіргі уақытқа дейін зерттелген жоқ. Лаванда майының компоненттері немесе олардың метаболиттерінің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіндігі белгісіз. Лактация кезеңінде Лазеяны қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Белгісіз

Артық дозалануы

Артық дозаланған жағдайлар туралы хабарламалар түскен жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 капсуладан ПВХ/ПВДХ үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1, 2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

Др. Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ,

Вильмар-Швабе-Штрассе, 4, 76227 Карлсруэ, Германия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Др. Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ,

Вильмар-Швабе-Штрассе, 4, 76227 Карлсруэ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы мен мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі, Көкөзек кенті, 1044 учаске

Тел.: +7 701 035 7069, факс: 7 727 2323473

Электронды поштасы: pv.kz@alpenpharma.com

Прикрепленные файлы

10562_17_p.pdf 0.15 кб
10562_17_s.pdf 0.12 кб
Лазея_каз.doc 0.05 кб
Лазея_рус.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ