Лавомакс®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Лавомакс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Тилорон
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар, 125 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 125 мг тилорон дигидрохлориді,
қосымша заттар:
ядросы: магний гидроксикарбонат пентагидраты, повидон, кальций стеараты,
қабығы: сахароза, повидон, коповидон, магний гидроксикарбонат пентагидраты, титанның қостотығы (Е 171), коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил А-380), тропеолин-О, макрогол-6000, ара балауызы, сұйық парафин, тальк.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, сарыдан қызыл-сары түске дейінгі, қабықпен қапталған таблеткалар. Таблетканың ядросы қызыл-сары түсті.
Фармакотерапиялық тобы
Вирустарға қарсы басқа да препараттар
АТХ коды J05AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін тилорон асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді. Биожетімділігі 60 %-ды құрайды. Тилоронның шамамен 80 %-ы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады.
Тилорон іс жүзінде өзгермеген түрде нәжіспен (70 %) және несеппен (9 %) шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 48 сағатты құрайды. Тилорон биологиялық өзгеріске ұшырамайды және организмде жинақталмайды.
Фармакодинамикасы
Лавомакс® организмде α, β және γ-интерферондар түзілуін көтермелейді. Тилоронды енгізгенге жауап ретінде интерферонның негізгі продуценттері ішектің эпителий жасушалары, гепатоциттер, Т-лимфоциттер және нейтрофилдер болып табылады. Ішке қабылдағаннан кейін интерферон өнімінің ең көбі ішек-бауыр-қанда рет-ретімен 4-24 сағаттан соң анықталады. Тилоронның иммуномодуляциялайтын және вирустарға қарсы әсері бар. Сүйек кемігі діңгектік жасушаларын көтермелейді, антиденелер түзілуін күшейтеді, иммунодепрессия дәрежесін азайтады, Т-хелперлер/Т-супрессорлар арақатынасын қалпына келтіреді. Әр түрлі вирусты жұқпаларға, сонымен бірге тұмау, басқа жедел респираторлық жұқпаларға, гепатиттер вирусына және герпесвирустарға, цитомегаловирустарға және нейротропты вирустарға қарсы тиiмдi. Вирустарға қарсы әсер ету механизмі жұқпа жұқтырған жасушаларда вирустық-спецификалық ақуыздардың тасымалдануын тежеуге байланысты, нәтижесінде вирустардың репродукциясы бәсеңдейді.
Қолданылуы
Ересектерде:
-
вирустық А гепатитінде кешенді ем құрамында
-
герпестік, цитомегаловирустық жұқпаларда кешенді ем құрамында
-
жұқпалы-аллергиялық және вирустық энцефаломиелиттерде (жайылған склероз, лейкоэнцефалиттер, увеоэнцефалиттер және т.б.) кешенді ем құрамында
-
урогенитальді және респираторлық хламидиозда, гонококктық емес уретриттерде, өкпе туберкулезінде (дәлелденген иммунитет жеткіліксіздігінде) кешенді ем құрамында
-
тұмау және басқа да жедел респираторлық вирустық жұқпаларды (ЖРВЖ) емдеу және алдын алуда
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты ішке, тамақтанудан кейін қабылдайды.
Дәрігердің тағайындауы бойынша кешенді ем құрамында:
Вирустық А гепатитінде – бірінші күні 1 таблеткадан (ол 125 мг тилоронға сәйкес) тәулігіне 2 рет, содан соң әрбір 48 сағат сайын 1 таблеткадан. Курстық доза – 10 таблетка (ол 1,25 г тилоронға сәйкес).
Тұмауды және басқа ЖРВЖ емдегенде – аурудың алғашқы екі тәулігінде 1 таблеткадан (ол 125 мг тилоронға сәйкес), содан соң әрбір 48 сағат сайын 1 таблеткадан (125 мг). Курстық доза – 6 таблетка (ол 750 мг тилоронға сәйкес).
Тұмау және басқа ЖРВЖ алдын алуда Лавомаксты® аптасына бір рет 1 таблеткадан (125 мг) 6 апта бойы (емдеу курсына – 125 мг-ден 6 таблетка) тағайындайды.
Герпестік және цитомегаловирусты жұқпада - алғашқы екі тәулікте Лавомаксты® тәулігіне 1 таблеткадан (125 мг), содан соң әрбір 48 сағат сайын 1 таблеткадан (125 мг) қабылдайды. Курстық доза – Лавомакстың® 20 таблеткасы (ол 2,5 г тилоронға сәйкес).
Урогенитальді және респираторлық хламидиозда – алғашқы екі тәулікте Лавомаксты® тәулігіне 1 таблеткадан (ол 125 мг тилоронға сәйкес), содан соң әрбір 48 сағат сайын 1 таблеткадан (125 мг) қабылдайды. Курстық доза – Лавомакстың® 10 таблеткасы (ол 1,25 г тилоронға сәйкес).
Өкпе туберкулезінде – алғашқы екі тәулікте тәулігіне 2 таблеткадан (ол 250 мг тилоронға сәйкес), содан соң әрбір 48 сағат сайын 1 таблеткадан (125 мг) қабылдайды. Курстық доза – 36 күн бойы Лавомакстың® 20 таблеткасы (ол 2,5 г тилоронға сәйкес).
Жұқпалы-аллергиялық және вирустық энцефаломиелиттерде – дозаны әр адамға жеке анықтайды, емдеу курсы 4 аптаны құрайды.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар
-
диспепсиялық құбылыстар
-
қысқа мерзімді қалтырау
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
18 жасқа дейінгі балалар
-
сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы (препарат құрамында сахароза бар)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Лавомакс® антибиотиктермен, вирустық және бактериялық ауруларды дәстүрлі емдеу дәрілерімен үйлесімді.
Лавомакстың® антибиотиктермен, вирустық және бактериялық ауруларды дәстүрлі емдеу дәрілерімен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Дәрілік препараттың автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Лавомакстың® артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
3, 6 немесе 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
веб сайт: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігінің иесі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Нижфарм» АҚ ҚР Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e–mail: almaty@stada.kz