Кызыл Май с прополисом®

МНН: Кызыл май масло полифитовое, Прополис
Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и противомикробные препараты для лечения гинекологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010592
Информация о регистрации в РК: 11.08.2021 - 11.08.2031

Инструкция

Саудалық атауы

«Қызыл май прополиспен»®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: прополис 0.05 г, «Қызыл май» полифитті майы 0.5 г.

қосымша заттар: сары балауыз, какао майы.

Сипаттамасы

Аздаған прополис иісі бар, крем тәрізді-қоңырдан қоңыр түске дейінгі суппозиторийлер. Тоңазытқышта сақтаған кезде бөлме температурасында жоғалып кететін балауыз кристалдары пайда болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да антиcептиктер мен микробқа қарсы препараттар.

АТХ коды G01АX

Фармакологиялық қасиеттері

«Қызыл май» полифитті майы қабынуға қарсы, регенерациялайтын, сергітетін, спазмолитикалық, антиоксиданттық, уыттануға қарсы, жараны жазатын қасиеттерге ие, жеңіл іш жібітетін әсер береді.

Прополис зарарсыздандыратын, зеңге қарсы, қышынуға қарсы, қабынуға қарсы және репарациялық қасиеттерге ие.

«Қызыл май прополиспен» суппозиторийлері қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, сондай-ақ, ауыруды басатын, қышынуға қарсы және иммунитетті көтермелейтін қасиеттерге ие.

Қолданылуы

  • кольпитте, цервицитте, эрозияда

  • проктитте, колитте, геморройда

  • циститте, простатитте

Қолдану тәсілі мен дозалары

1 суппозиторийден күніне 1-2 рет 10-15 күн бойы ректальді (немесе қынапқа) енгізеді

Жағымсыз әсерлері

- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгіленген жоқ

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Зерттелген жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүкті және бала емізетін аналарға емдік дозаларда пайдалануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталған жоқ

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 немесе 10 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Бір (10 суппозиторийден) немесе екі (5 суппозиторийден) пішінді қаптаманы қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

10 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

 

3

 

Прикрепленные файлы

395268151477976807_ru.doc 40 кб
635721791477977964_kz.doc 45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники