Кызыл май с маслом облепиховым
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Қызыл май шырғанақ майы қосылған
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Суппозиторий
Құрамы
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар:шырғанақ майы 0,05 г
«Қызыл май» полифитті майы 0,2 г
қосымша заттар: какао майы, сары балауыз
Сипаттамасы
Сары-қызылдан қошқыл-қызыл түске дейінгі суппозиторий. Тоңазытқышта сақталғанда балауыздың кристалдары пайда болуы мүмкін, олар бөлме температурасында жоқ болып кетеді
Фармакотерапиялық тобы
Интрақынаптық қолдануға арналған қабынуға қарсы препараттар. АТХ коды G02CC
Фармакологиялық қасиеттері
Препараттың құрамында бета-каротин, Е витамині, К тобындағы витаминдер, С витамині, В2, В 3, В1 витаминдері, алма, шарап қышқылы, иіткіш заттар, флавоноид кверцетин бар. Шырғанақ майы қабынуға қарсы, ауыруды басатын, жараны жазатын, микробтарға қарсы қасиетке ие, зақымданған тіндердің қалпына келу процестерін көтермелейді, май алмасуын реттейді.
Суппозиторий құрамына кіретін «Қызыл май» полифит майы мен шырғанақ майының кешені қабынуға қарсы, репаративті, ауыруды басатын, жараны жазатын әсерге ие.
Қолданылуы
Кешенді ем кезінде:
- кольпитте, цервицитте, жатыр мойнының эрозиясында
- циститте, простатитте
- проктитте, колитте, геморройда, сәулелік зақымдануда, тік ішектің жарылуында, ойық жараларында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ректальді күніне 1-2 рет (немесе қынапқа) 1 суппозиторийден. Емдеу курсы 10-15 күн.
Жағымсыз әсері
- қышыма, бөртпе
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жеке жоғарғы сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолдануы
Препаратты балалар практикасында қолдану тәжірбиесі жоқ.
Жүктілік және лактация
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.
Көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі
Препаратты қолдану көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі мен қаптамасы
5 суппозиторийден поливинилхлорид үлбірден жаслаған пішінді қаптамада.
Екі пішінді қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге қорапшалық картоннан жасалған қорапшаға салынады. медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық мәтінін тікелей қорапқа салуға жол беріледі.
Сақтау шарттары
100 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан
Алматы қ., Ипподром к-сі, 6
Тіркеу куәлігінің иесі
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ-сы, Ипподром к-сі, 6
т. 382-20-27, факс 382-19-20
Е – mail: reception@kyzylmay.com
3