Кулз™ (со вкусом апельсина)

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Кулз™
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Апельсин дәмі бар, жалбыз дәмі бар, манго дәмі бар және құлпынай дәмі бар шайнайтын таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар – алюминийдің құрғақ сулытотығы - 300 мг, магний трисиликаты - 50 мг, магний сулытотығы - 25 мг, симетикон - 10 мг,
қосымша заттар: сахароза, натрий хлориді, натрий бензоаты, аспартам, кросповидон, Пирлитол SD 200, ментол, магний стеараты.
апельсин дәмі бар таблеткалардың қосымша заттары: сансетті сары лак Е110, апельсин дәмді капсорама DC 116, апельсиннің тәтті сұйық хош иістендіргіші №1;
жалбыз дәмі бар таблеткалардың қосымша заттары: бриллиантты көк лак Е133, бұрыш жалбызының құрғақ хош иістендіргіші AVS, бұрыш жалбызының сұйық хош иістендіргіші №1;
манго дәмі бар таблеткалардың қосымша заттары: хинолинді сары лак Е104, манго хош иістендіргіш заты DS 217 «pH», мангоның сұйық хош иістендіргіші AVS
құлпынай дәмі бар таблеткалардың қосымша заттары: қан қызыл лак 4R, құлпынай хош иістендіргіші AVS, құлпынайдың сұйық хош иістендіргіші АВ 640
Сипаттамасы
Ақшыл-сары түсті (манго дәмі бар), ақшыл-көк түсті (жалбыз дәмі бар), ақшыл-қызыл сары түсті (апельсин дәмі бар), ақшыл-қызғылт түсті (құлпынай дәмі бар) квадрат түріндегі, беті тегіс, теңбілдері бар, апельсин, жалбыз, манго немесе құлпынай дәмі бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа препараттармен біріктірілген антацидтер
ATЖ коды A02AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Алюминий гидрототығы
Ішке қабылдағаннан кейін алюминийдің өте аз мөлшері ғана сіңеді. Алюминий сіңгеннен кейін сүйектерге, өкпелерге және жүйке жүйесінің тіндеріне сіңеді.
Магний сулытотығы және магний трисиликаты
Асқазан сөлінің әсерімен магний хлоридіне айналады, сол күйінде сіңуге ұшырайды. Магний хлоридінің және магний сулытотығының биожетімділігі бірдей және 10%-дан астамды құрайды.
Шығарылуы негізінен бүйректер арқылы. Бүйрек қызметі бұзылған кезде магний организмге жиналуы мүмкін.
Симетикон
Сіңуі өте төмен, препарат асқазан-ішек жолы кеңістігінде әсер етеді. Симетикон ішу арқылы қолданылғаннан кейін АІЖ-дан сіңбейді. Химиялық инерттілігі салдарынан АІЖ-дағы микроорганизмдер мен ферменттерге ықпал етпейді. Астың сіңуін азайтпайды, реакцияны және асқазан сөлінің көлемін өзгертпейді.
Тік ішек арқылы өзгермеген күйінде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Алюминий гидрототығы және магний қосылыстары спиртте және суда дерлік ерімейді, антацидтік дәрілер болып табылады. Осы заттардың комбинациясы асқазандағы тұз қышқылының бейтараптануы, простагландиндердің бөлініп шығуының ынталануы, өт қышқылдары мен пепсиннің сіңуі арқылы әсер етеді. Пепсиннің белсенділігін азайтады, цитопротективті әсер береді (шырыш қабатының бикарбонаттармен сақталуын стимуляциялайды). Препараттың өзінің құрамында алюминий және магний тұздары біріккен, бұл ішектің қалыпты жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Симетикон – іштен желді айдайтын дәрі, химиялық тұрғыдан инертті, жүйелік әсер етпейді. Симетикон (белсенділендірілген диметикон) – бұл метилденген тізбекті силоксан полимерлерінің кремнийдің қостотығымен триметилсилоксил топтары арқылы тұрақтандырылған комбинациясы. Фаза бөлімдерінің шекарасындағы беткейлік тартылуды төмендете отырып, тағамдық жүзгіндерде және асқазан-ішек жолы (АІЖ) шырышында газ көпіршіктерін түзуге және оның бұзылуына мүмкіндік береді. Мұндайда босап шығатын газдар ішек қабырғаларына сіңуі немесе ішектің жиырылуының арқасында шығарылуы мүмкін. Бұл іштің ауыртатын желденуін тудыратын үлкен газ-шырыштық конгломераттардың түзілуіне жол бермейді.
Препараттың антацидтік әсері әдетте бірнеше сағатқа созылады, жүйелік сіңуі мардымсыз. Препарат организмді сілтілендірмейді.
Қолданылуы
- гастритте және асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруларындағы ауырсыну мен қыжылда
- рефлюкс–эзофагитте
- күйзеліс тудыратын ойық жараның алдын алуға
- метеоризмде, іштің желденуінде, шаншуында
- ойық жаралы емес диспепсияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге: 1-2 таблеткадан тәулігіне 3-4 рет шайнайды.
Ең жоғары бір реттік доза: 2 таблетка.
Ең жоғары тәуліктік доза: 8 таблетка.
Емдеу ұзақтығы 15-20 күннен аспауы тиіс.
Кулз таблеткаларын ас қабылдаудан кейін 1-2 сағат ішінде немесе ұйықтар алдында қабылдаған жөн.
Жағымсыз әсерлері
-
іш қату, жүректің айнуы, асқазанның түйілуі, дәм сезімінің өзгеруі
-
гипермагниемия, гипофосфатемия, гипокальциемия, гиперкальциурия, остеомаляция, остеопороз, гипералюминиемия
-
аллергиялық реакциялар
-
нефрокальциноз, бүйрек қызметінің бұзылуы
Сирек
- энцефалопатия
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі қоса қабаттасқан науқастарда – шөлдеу, артериялық қысымның төмендеуі, гипорефлексия.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне сезімталдық жоғары болғанда
-
фруктоза жақпағанда
-
бүйрек қызметінің айқын бұзылуында
-
Альцгеймер ауруында
-
жүктілікте және лактация кезеңінде
-
18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Алюминий гидрототығы барбитураттардың және бензодиазепиндердің сіңуін кідіртеді, сондықтан Кулз™ препаратын, жеткілікті сіңуін қамтамасыз ету үшін, аталған дәрілік заттарды қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң қабылдаған дұрыс.
Алюминий гидрототығы қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің (ҚҚСД), мысалы, дифлунизалдың, индометациннің және напроксеннің биожетімділігін төмендетеді.
Магний қосылыстары пропранолол, изониазид, преднизолон сияқты препараттардың, дифлунизал, индометацин және напроксен сияқты қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің биожетімділігін төмендетуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы
Кулз™ препаратының жүктілік кезінде қолданылуы жөнінде деректер жоқ болғандықтан, оны жүктілік кезінде тек өте қажет болған жағдайларда ғана тағайындаған жөн. Аталған препарат емшек еметін балаларда диареяны тудыруы мүмкін, өйткені магнийдің аздаған мөлшері емшек сүтімен бірге бөлініп шығады, сондықтан препаратты бала емізетін әйелдерге тағайындамайды.
Егде жаста қолданылуы
Препаратты бүйрек аурулары бар егде жастағы емделушілерге тағайындағанда сақ болған жөн.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ықпалын тигізбейді
Артық дозаланғанда
Артық дозалану жағдайлары жөнінде қазіргі таңға дейін мәлімделмеген. Қатты артық дозаланғанда гипермагниемия дамып, өршіген жүйке-бұлшықет тосқауылын дамытуы және магний қосылыстарының әсер етуі нәтижесінде тереңдегі сіңір рефлекстері жоғалуы мүмкін.
Емдеу: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір және жалпы демеуші ем тағайындау.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған ұяшықсыз пішінді қаптамада 4 таблеткадан.
Пішінді 5 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 250C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Плетхико Фармасьютикалз Лтд., Үндістан
Тұрғылықты мекенжайы:
A.Б. Роуд, Манглия - 453 771, Индор (М.П.), Үндістан
Заңды мекенжайы:
37/37А, Индастриал Истейт, Полограунд, Индор
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
Плетхико Фармасьютикалз Лтд., Үндістан
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Резлов Лтд» ЖШС
100009 Қарағанды қ-сы, Ермеков к-сі, үй 116
Тел.: /7212/ 44 22 20, 44 22 21;
Тел./факс: /7212/ 44 22 27;
e-mail rezlov@mail.ru