Кулз™ (суспензия со вкусом клубники)

МНН: Алюминия гидроксид, Магния гидроксид, Магния трисиликат, Симетикон
Производитель: Плетхико Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антациды в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004973
Информация о регистрации в РК: 16.09.2013 - 16.09.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Кулз™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Құлпынай дәмі бар суспензия, 200 мл

Құрамы

5 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: 300 мг алюминий гидроксиді, 50 мг магний трисиликаты, 25 мг магний гидроксиді,10 мг симетикон,қосымша заттар: 70% сорбитол ерітіндісі, натрий сахарині, натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий бензоаты, ксантан шайыры, аспартам, маннитол, ментол, кармоизин, құлпынай хош иістендіргіші, тазартылған су.

 
 

Сипаттамасы

Құлпынай иісі және тәтті дәмі бар қызғылт түсті суспензия

Фармакотерапиялық тобы

Қышқылдылық бұзылуына байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Антацидтер. Басқа препараттармен біріктірілген антацидтер

ATХ коды A02AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Алюминий гидроксиді

Ішке қабылдағаннан кейін алюминийдің өте аз мөлшері ғана сіңеді. Сіңгеннен кейін алюминий сүйектерде, өкпеде және жүйке жүйесі тіндерінде жинақталады.

Магний гидроксиді және магний трисиликаты

Асқазан сөлінің әсерінен магний хлоридіне айналады, сол күйінде сіңуге ұшырайды. Магний хлориді мен магний гидроксидінің биожетімділігі бірдей және 10%-дан астамды құрайды.

Шығарылуының негізгі жолы бүйрек арқылы. Бүйрек функциясының бұзылуы кезінде магний организмде жинақталуы мүмкін.

Симетикон

Сіңуі өте төмен, препарат асқазан-ішек жолының саңылауында әсер етеді. Симетикон ішу арқылы енгізгеннен кейін АІЖ-нан сіңбейді. Химиялық инерттілігі салдарынан микроорганизмдер мен АІЖ-да болатын ферменттерге әсер етпейді. Астың сіңуін азайтпайды, асқазан сөлінің реакциясы мен көлемін өзгертпейді.

Өзгеріссіз күйде тік ішек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Алюминий гидроксиді мен магний қосылыстары спирт пен суда мүлдем ерімейді деуге болатын антацидтік дәрілер болып табылады. Бұл заттардың біріктірілімі асқазанның тұз қышқылын бейтараптандырудың, простагландиндердің бөлініп шығуын көтермелеудің, өт қышқылдары мен пепсинді адсорбциялаудың есебінен әсер етеді. Пепсиннің белсенділігін азайтады, цитопротективтік әсер береді (бикарбонаттармен шырыш қабатының сақталуын көтермелейді). Препараттың құрамында алюминий және магний тұздарының қосылысы бар, бұл ішектің қалыпты жұмыс жасауына ықпал етеді. Симетикон – жел айдағыш дәрі, химиялық инертті, жүйелік әсері жоқ. Симетикон (белсенділендірілген диметикон) - бұл кремнийдің қостотығы бар триметилсилоксил топтарымен тұрақтандырылған метилденген желілік силоксан полимерлерінің біріктірілімі. Фазалар бөлімі шегіндегі беткейлік тартылуды төмендете отырып, қоректік жүзіндідегі және асқазан-ішек жолы (АІЖ) шырышындағы газ көпіршіктерінің түзілуін қиындатады және ыдырауына ықпал етеді. Бұл кезде босап шығатын газдар ішек қабырғасына жұтылып кетуі немесе перистальтиканың арқасында шығарылуы мүмкін. Бұл іштің ауырсындырып кебуін тудыратын үлкен газды-шырышты конгломераттардың түзілуінің алдын алады.

Препараттың антацидтік әсері әдетте бірнеше сағатқа созылады, жүйелі сіңуі болымсыз. Препарат организмнің сілтіленуін тудырмайды.

Қолданылуы

- гастрит және асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы кезіндегі ауыру мен қыжылдауда

- рефлюкс-эзофагитте

- кейбір дәрілік заттарды (глюкокортикостероидтарды, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды) қолдану нәтижесінде туындайтын диспепсиялық құбылыстарда (және олардың профилактикасында)

- эпигастрийдегі жайсыздық және ауыру, қыжыл, диета ауытқуларынан, кофені, никотинді, алкогольді шамадан тыс қолданғаннан кейін туындайтын қышқыл кекірікте

- метеоризмде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге: тәулігіне 3 – 4 рет 5 – 10 мл-ден (дәрігердің тағайындауы бойынша).

Ең жоғарғы бір реттік доза: 10 мл.

Ең жоғарғы тәуліктік доза: 40 мл.

Емдеу ұзақтығы 15-20 күннен аспауы тиіс.

Препаратты ас ішкеннен кейін 1-2 сағаттан соң немесе ұйықтар алдында қабылдау керек.

Жағымсыз әсерлері

  • іш қатуы, жүрек айнуы, асқазанның түйілуі, дәм сезудің бұзылуы

  • асқазан-ішектен жедел қан кету, ішектің тесілуі

  • гипермагниемия, гипофосфатемия, гипокальциемия, гиперкальциурия, остеомаляция, остеопороз, гипералюминиемия

  • аллергиялық реакциялар

  • нефрокальциноз, бүйрек функциясының бұзылуы

Сирек

- энцефалопатия, деменция

- проксимальді миопатия

- ішек функциясының бұзылуы, перистальтиканың ұзақ уақыт бойы бұзылуы

Қатарлас бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда – шөлдеу, артериялық қысымның төмендеуі, гипорефлексия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ұзаққа созылған іш қатулар (механикалық және физикалық себептерден туындаған)

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • фруктозаны көтере алмаушылық

  • бүйрек функциясының айқын бұзылуы

  • Альцгеймер ауруы

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • остемаляция

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Алюминий гидроксиді барбитураттар мен бензодиазепиндердің сіңуін тежейді, сондықтан жеткілікті сіңуін қамтамасыз ету үшін, Кулз™ препаратын аталған дәрілік заттарды қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын немесе 2 сағаттан соң қабылдаған дұрыс. Алюминий гидроксиді дифлунизал, индометацин және напроксен сияқты қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің (ҚҚСД) биожетімділігін төмендетеді. Магний қосылыстары пропранолол, изониазид, преднизолон сияқты препараттардың, дифлунизал, индометацин және напроксен сияқты қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің (ҚҚСД) биожетімділігін төмендетуі мүмкін. Ішекте еритін препараттармен бір мезгілде қабылдағанда асқазан сөлінің жоғары қышқылдылығы қабығының жылдам бұзылуына алып келуі және асқазан мен он екі елі ішектің тіріткенуін тудыруы мүмкін. М–холиноблокаторлар, асқазанның босауын баяулата отырып, препараттың әсерін күшейтеді және ұзартады.

Айрықша нұсқаулар

Кулзтм препараты мен басқа дәрілік заттарды қабылдаулар аралығы 1-2 сағатты құрауы тиіс.

Ұзақ уақыт бойы қолданғанда (20 күннен астам) жүйелі түрде дәрігердің бақылауы қажет. Препараттың құрамында сорбитол бар, ол туа біткен фруктозаны көтере алмаушылық кезінде қарсы көрсетілімді.

Егде жастағыларда қолданылуы

Препаратты егде жастағы пациенттерге бүйрек аурулары бар кезде тағайындағанда сақ болу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Кулз™ препаратын жүктілік кезінде қолдану жөнінде мәліметтер жоқ болғандықтан, препарат жүктілік кезінде тағайындалмайды. Бұл препарат емшектегі балаларда диарея туғызуы мүмкін. Магнийдің аздаған мөлшері емшек сүтімен бөлініп шығатындықтан, препаратты бала емізетін аналарға тағайындамайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, препарат психикалық және қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығына әсер етпейді және көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: үдемелі жүйке-бұлшықет блокадасымен және терең сіңір рефлекстерінің жоғалуымен жүретін гипермагниемия дамуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді тағайындау, симптоматикалық және демеуші ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

200 мл препаратты ақ түсті полиэтиленнен жасалған тығыздығы жоғары (HDPE), пластик қақпақпен тығындалған құтыларға құяды.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшағае салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші Plethico Pharmaceuticals LTD. Дхаравара, Калария – 453 001, Индор (М.П.), Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Plethico Pharmaceuticals LTD., ҮндістанҚазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы«Резлов ЛТД» ЖШС, 100009, Қарағанды қ., Ермеков к-сі 110/2тел.+7(212)48-16-44, факс +7(212)48-17-44электронды поштасы: rezlov_ltd@mail.ru, rezlov-ltd@rambler.ru

 

Прикрепленные файлы

833456611477976857_ru.doc 60 кб
323462431477978015_kz.doc 72 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники