Кукурузы столбики с рыльцами

МНН: Кукурузы столбики с рыльцами
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний печени и желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№019236
Период регистрации: 02.06.2016 - 02.06.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Жүгерінің тұмсықты тіреулері

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұмсықты тіреулер

Құрамы

Бір қорапшаның ішінде

белсенді зат - 25 г, 30 г жүгерінің тұмсықты тіреулері

Сипаттамасы

Тесіктерінің диаметрі 8 мм електен өтетін жіп тәрізді, түсі қоңыр, қоңырлау-қызыл немесе ақшыл-сары үзінділер. Иісі әлсіз, өзіне тән. Шырыштылығын сезіндіретін дәмі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар

АТХ коды А05

Фармакологиялық қасиеттері

Жүгері тұмсықтарының құрамында К витамині, аскорбин, пантотен қышқылы, ащы гликозидтер, эфир және майлы майлар, инозит, шайырлы және қантты заттар, танин, шайырлар, витаминдердің көп мөлшері мен басқа да пайдалы заттар бар. Мұндай бірегей құрам жүгері тұмсықтарын өт айдағыш, несеп айдағыш және қан тоқтататын дәрі ретінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Жүгері тұмсықтарында К витамині құрамы жоғары болуы қан ұйығыштығының жақсаруына ықпал етеді. Айқын несеп айдайтын қасиеттерді иелене отырып, жүгері тұмсықтары ісінулермен, әсіресе іркілу сипатындағылармен күресуге жәрдемдеседі. Құрамында осындай заттары бар препарат өттің өнуін ұлғайтып, оның тұтқырлығын неғұрлым азайта түседі және шығуын жақсартады.

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде

- холециститте

- холангитте

- гепатитте

- өт шығару жолдарының дискинезиясында

- бүйректің бұзылуына байланысты ісіну синдромында

Қолдану тәсілі және дозалары

10 г (3 ас қасық) препаратты шыны немесе эмальданған ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнап тұрған су құяды да, қақпақпен жауып, су бұлауында 15 мин бойы қыздырады. Бөлме температурасында 45 мин бойы салқындатқаннан кейін сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Дайындалған тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Күніне 1/2 стақаннан тамаққа байланыссыз ішке қабылдайды.

Емдеу курсының ұзақтығы әр аурудың сипаты мен ағым дәрежесіне қарай дәрігермен жеке тағайындалады.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- гипертония

- жоғары қан ұйығыштық

- тромбофлебитке бейімділік

- жүктілік, лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

25 г және 30 г препараттан полипропилен пакетке немесе полимерлі және біріктірілген материалдан жасалған немесе картон қорапшаға салынған полиэтилен пакеттерге, олар қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша аңдатпа жазылған картон қорапшаға салынған.

Қорапша полипропилен үлбірмен немесе полимерлі және біріктірілген материалдан несеме полиэтиленмен жабылып, сонан соң медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзауыт ы/а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзауыт ы/а, 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@zerdefito.kz

 

3

 

Прикрепленные файлы

147779261477976221_ru.doc 51.5 кб
454804711477977482_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники