Ксофиго®

МНН: Радия хлорид (223 Ra)
Производитель: Институт энергетических технологий
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Радия (223Ra) дихлорид
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022177
Период регистрации: 17.05.2016 - 17.05.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 2 310 492 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ксофиго®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 1100 кБк/мл ерітінді

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді затбақылау күніне 6.6 МБк радий-223 дихлориді,

қосымша заттар: натрий цитраты, натрий хлориді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Радиотерапиялық дәрілер. Басқа да радиофармацевтикалық емдік препараттар. Әртүрлі емдік радиофармацевтикалық препараттар. Радий (223Ra) дихлориді. АТХ коды V10XX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетика, биотаралу және дозалау режимінің деректері I фазаның 3 зерттеуі негізінде алынған.

Фармакокинетика деректері 51-ден 276 кБк дейінгі (0.00138-ден 0.00746 мКи дейінгі) / кг дозалау режиміндегі 25 пациенттен алынған. Фармакокинетика, биотаралу және дозалау режимінің деректері 6 пациентте 6 апта аралықпен 110 кБк (0.00297 мКи) / кг дозаны, ал 10 пациентте 55 (0.00149 мКи), 110 (0.00297 мКи) немесе 221 кБк (0.00597 мКи) / кг дозалануында алынған.

Сіңуі

Ксофиго® көктамыр ішіне енгізіледі, осылайша, оның биожетімділігі 100% құрайды.

Таралуы

Көктамырішілік инъекциядан кейін радий-223 қаннан тез шығарылады және көбінесе сүйек тініне және сүйектегі метастаздар аумағына енгізіледі немесе ішекте бөлінеді.

Көктамырішілік инъекциядан кейін 15 минуттан соң енгізілген белсенді заттың 20% жуығы қанда қалады. Енгізілген белсенді заттың 4% жуығы 4 сағаттан соң қанда қалады, оның мөлшері инъекциядан кейін 24 сағаттан соң 1%-дан азға дейін төмендеген. Таралу көлемі айналымдағы қан көлемінен асып кеткен, бұл шеткергі тіндерде таралуын айғақтайды.

Инъекциядан кейін 10 минуттан соң белсенді зат сүйектерден және ішектен табылады. Сүйек тініндегі белсенділік деңгейі инъекциядан кейін 4 сағаттан соң 44% және 77% аралығындағы диапазонда болды.

Инъекциядан кейін 4 сағаттан соң препараттың жүрек, бауыр, бүйрек, қуық және көкбауыр сияқты басқа ағзаларда қандай да бір елеулі жиналуы анықталмаған.

Метаболизмі

Радий-223 – бұл ыдырайтын және метаболизденбейтін изотоп.

Шығарылуы

Организмнен негізгі шығарылу жолы нәжіспен шығарылуы болып табылады. Несеппен 5% жуығы шығарылады, гепатобилиарлы экскрециясын дәлелдейтін белгілер жоқ.

Бүкіл организмнің радиобелсенділігін өлшеу инъекциядан кейін 7 күннен соң (ыдырауына жасалған түзетуден кейін) организмнен, орта есеппен, 76% енгізілген белсенді заттың шығарылғанын көрсетті. Асқазан-ішек жолынан радий-223 дихлоридінің шығарылу деңгейіне ішектің қалыпты босатылу жиілігі қауымдағы ішіндегісінің ішек арқылы өту жылдамдығының күніне бір реттен аптасына бір ретке дейінгі жоғары өзгергіштігі ықпал етті.

Дозаға байланыстылығы/байланыссыздығы

Зерттелген дозалау диапазонында (51-ден 276 кБк дейін (0.00184-тен 0.00746 мКи дейін) / кг) радий-223 дихлоридінің фармакокинетикасы дозаға байланысты болды.

Пациенттердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетикасы

Балалар жасындағы пациенттер

Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде Ксофиго® қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде фармакокинетика зерттеулері жүргізілмеген. Радий-223 изотоп болып табылады және метаболизденбейді, бауыр функциясы бұзылуының радий-223 дихлориді фармакокинетикасына ықпал етпейтіні жорамалданады.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде фармакокинетика зерттеулері жүргізілмеген. Бүйрекпен тым аз бөлінетіндіктен, негізгі шығарылуы нәжіс арқылы жүреді, бүйрек функциясы бұзылуының радий-223 дихлориді фармакокинетикасына ықпал етпейтіні жорамалданады.

Фармакодинамикасы

Ксофиго® – бұл сүйек метастаздарына таргетті ісікке қарсы әсер ететін емдік альфа-сәулелендіретін радиофармацевтикалық препарат.

Ксофигоның® белсенді әсер етуші заты – радий-223 изотопы (радий-223 дихлориді түрінде) кальцийге ұқсас болып келеді және сүйектерге, әсіресе, метастаздармен зақымданған аумақтарға гидроксиапатит сүйек минералы бар кешендердің түзілу жолымен таңдамалы әсер етеді. Альфа-сәулелендіргіштер энергиясының желілік жоғары берілу деңгейі (80 кэВ/микрометр) іргелес ісік жасушаларында ДНҚ екі тізбекті үзілуінің жоғары жиілігіне алып келеді, бұл жергілікті қуатты ісікке қарсы әсер көрсетеді. Остеобласттар мен остеокласттарды қоса, ісіктің микроқоршауына әсер етуі in vivo әсерін де толықтырады. Радий-223 альфа-бөлшектерінің таралу диапазоны 100 микрометрден аз (10 жасушалық диаметрден аз) құрайды, бұл қоршаған сау тіндерге зиян келуін кемітеді.

Фармакодинамикалық әсерлері

II фазаның рандомизацияланған зерттеуінде зерттелген сүйек тінінің қайта үлгіленуінің бүкіл бес сарысулық биомаркері бойынша, плацебомен салыстырғанда, Ксофиго® пайдасына елеулі айырмашылық анықталған (сүйек түзілу маркерлері: сілтілі фосфатазаның (СФ) сүйек изоферменті, жалпы сілтілік фосфатаза және I типті проколлаген N-терминалдық пропептиді [PINP], сүйектің сіңірілу маркерлері: I типті коллаген деградациясының C-терминалдық өнімдері [S-CTX-I] және I типті коллагеннің С-терминалдық телопептиді [ICTP]).

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Қуық асты безінің кастрациялық-төзімді обыры және сүйек метастаздары бар пациенттерде көп рет енгізілуімен Ксофиго® клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі III фазаның салыстырмалы жасырын рандомизацияланған көп орталықтық зерттеу0000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000 (ALSYMPCA) аясында бағаланды.

Тиімділігінің алғашқы бағалану көрсеткіші жалпы тіршілік қабілеті болды. Екіншілік бағалау көрсеткіштерінде клиникалық көріністері бар қаңқа асқынуларына дейінгі уақыт, СФ және ПСА деректері бойынша қарқыны қамтылды.

Жоспарланған аралық талдау үшін деректер жинаудың аяқталу күніне қарай, жалпы жиынтығы 809 пациент 6 цикл бойына әр 4 апта сайын көктамыр ішіне енгізілген 55 кБк (0.00149 мКи) / кг дозада Ксофиго® (N=541), бұған қоса, үздік стандартты ем немесе плацебо, бұған қоса, үздік стандартты ем (N=268) алу үшін 2:1 арақатынасында рандомизацияланған. Үздік стандартты емде, оның ішінде қашықтықтан жүргізілетін сыртқы сәулелі емді (EBRT), бисфосфонаттар, кортикостероидтар, антиандрогендер, эстрогендер, эстрамустин немесе кетоконазолды қамтыды. Деректерге мониторинг жасайтын Тәуелсіз Комитет нұсқаулары бойынша, зерттеу алдын ала белгіленген тоқтату критерийлерінің негізінде аралық талдауда тиімділігі дәлелденген соң ашық түрде жасалды. Қауіпсіздігі мен жалпы тіршілік қабілетінің толықтырылған сипаттамалық талдауы емнің алмастырылуына дейін (яғни, плацебо тобындағы пациенттерге Ксофигомен® емделуді ұсыну) рандомизацияланған 921 пациентте жасалды.

Бастапқы аурудың демографиялық сипаттамалары және клиникалық көрінісі (аралық талдау жасалатын қауым) Ксофиго® және плацебо емін алған топтар арасында салыстырмалы болды және төменде Ксофиго® үшін ұсынылған:

  • Пациенттердің орташа жасы 70 жас (49-дан 90 жасқа дейін) болды.

  • Қамтылған пациенттердің 87% ECOG шкаласы бойынша 0-1 статусын иеленді.

  • 41%-ы бисфосфонаттар алды.

  • Бұған дейін пациенттердің 42% доцетаксел емінен бас тарту немесе қарсы көрсетілімдер себебінен доцетаксел алмаған.

  • Пациенттердің 46% ауыруды сезінбеген немесе ДДҰ шкаласы бойынша 1 дәрежедегі ауыруы болды (симптомдарсыз немесе тым аз симптомдармен), 54%-да ДДҰ шкаласы бойынша 2-3 дәрежедегі ауыру болды.

  • Пациенттердің 16%-да < 6 сүйектердегі метастаздар, пациенттердің 44%-да 6-дан 20 дейін сүйектердегі метастаздар, пациенттердің 40%-да 20-дан астам сүйектердегі метастаздар немесе «суперскан» болды.

Емделу кезеңінде пациенттердің 83% бір мезгілде рилизинг-гормон лютеиндеуші гормон (РГЛГ) агонистерін алды және пациенттердің 26% антиандрогендер алды.

Аралық талдаудың да, толықтырылған талдаудың да нәтижелері Ксофиго® емін, бұған қоса үздік стандартты ем алған пациенттерде, плацебо, бұған қоса үздік стандартты ем алған пациенттермен салыстырғанда, жалпы тіршілік қабілеті едәуір жоғары болғанын көрсетті (1 кестені қараңыз).

Плацебо тобында қуық асты безінің обырымен байланыссыз өлімге ұшырау жиілігінің едәуір жоғары (плацебо тобындағы 23/268, 8,6%-бен салыстырғанда, Ксофиго® емін алған топта 26/541, 4,8%) екені білінді.

Аралық талдауда өлім қаупінің 30%-дан аса төмендеуімен Ксофигомен®, бұған қоса үздік стандартты еммен емделу кезінде, плацебомен, бұған қоса үздік стандартты еммен салыстырғанда, жалпы тіршілік қабілеті медианасының 2,8 айға (Қауіптер қатынасы (HR) = 0.695 (95% сенім аралығы (CI) 0.552/0.875), p = 0.00185, жалпы тіршілік қабілеті медианасы: тиісінше, 11.2 айға қарама-қарсы 14.0 ай) ұзаруы анықталған. Талдауға қосымша Ксофигомен®, бұған қоса үздік стандартты еммен емделу кезінде, плацебомен, бұған қоса үздік стандартты еммен салыстырғанда, жалпы тіршілік қабілеті медианасының 3.6 айға ұзаруы көрсетілді (Қауіптер қатынасы (HR) =0.695 (95%) Сенім аралығы (CI) 0.581/0.832), жалпы тіршілік қабілетінің медианасы: тиісінше, 11.3 айға қарама-қарсы 14.9 ай).

1 кесте: ALSYMPCA III фаза зерттеуіндегі тіршілікке қабілеттілік

нәтижелері

 

Ксофиго®

Плацебо

Аралық талдау

Өліммен аяқталу саны (%)

Жалпы тіршілік қабілеті медианасы (айлар)

(95% СА)

N=541

191 (35,3%)

14,0 (12,1-15,8)

N=268

123 (45,9%)

11,2 (9,0-13,2)

Қауіптер қатынасыб (95% СА)

pамәні (екі жақты)

0,695 (0,552-0,875)

0,00185

Қосымша талдау

Өліммен аяқталу саны (%)

Жалпы тіршілік қабілеті медианасы (айлар)

(95% СА)

N=614

333 (54,2%)

14,9 (13,9-16,1)

N=307

195 (63,5 %)

11,3 (10,4-12,8)

Қауіптер қатынасыб (95% СА)

0,695 (0,581-0,832)

СА = сенім аралығы

а ALSYMPCA III фаза зерттеуінде тиімділік көрсеткіштерін зерттеу аралық талдаудан кейін тоқтатылды. Қосымша талдау сипаттау мақсатында берілгендіктен p мәні қарастырылмаған.

б Қауіптер қатынасы (плацебомен салыстырмалы Ксофиго®) < 1 Ксофиго® пайдасына

Аралық талдаудың да, қосымша талдаудың да нәтижелері Ксофигомен® ем алған топта, плацебо тобымен салыстырғанда, бүкіл негізгі екіншілік бағаланатын көрсеткіштер бойынша едәуір жақсаруды да көрсетті (2 кестені қараңыз). СФ бойынша үдеуге қатысты СФ қалыпқа түсуі және 12-ші аптадағы СФ деректері бойынша жауап түрінде статистикалық тұрғыда мәнді артықшылығы білінді.

2 кесте. ALSYMPCA III фаза зерттеуінде екіншілік бағаланатын тиімділік көрсеткіштері (аралық талдау)

 

Жиілігі

[пациенттер (%) саны]

Оқиғаға дейінгі уақыт талдауы (95% СА)

[айлар санының медианасы]

Ксофиго®

N=541

Плацебо

N=268

Ксофиго®

N=541

Плацебо

N=268

Қауіптер

қатынасы

<1 Ксофиго® пайдасына

р мәні

Симптоматикалық қаңқа оқиғасы (СҚО)

СҚО жиынтық

көрсеткішіа

132

(24.4%)

82

(30.6%)

13.5

(12.2 – 19.6)

8.4

(7.2 – NE)b

0.610

(0.461 – 0.807)

0.00046

Компоненты ССС

Ауыруды

жеңілдету үшін қашықтықтан жасалатын сыртқы

сәулелі ем (EBRT)

122

(22.6%)

72

(26.9%)

17.0

(12.9 – БЖ)

10.8

(7.9 – БЖ)

0.649

(0.483 – 0.871)

0.00375

Жұлын

компрессиясы

17

(3.1%)

16

(6.0%)

БЖ

БЖ

0.443

(0.223 – 0.877)

0.01647

Хирургиялық араласу

9

(1.7%)

5

(1.9%)

БЖ

БЖ

0.801

(0.267 – 2.398)

0.69041

Сүйектердің сынуы

20

(3.7%)

18

(6.7%)

БЖ

БЖ

0.450

(0.236 – 0.856)

0.01255

Жалпы СФ бойынша үдемелікc

79

(14.6%)

116

(43.3%)

БЖ

3.5

(4.1)

0.162

(0.120 – 0.220)

<0.00001

ПСА бойынша үдемелік d

288

(53.2%)

141

(52.6%)

3.6

(3.5 – 3.7)

3.4

(3.3 – 3.5)

0.671

(0.546 – 0.826)

0.00015

СФ – сілтілік фосфатаза; СА = сенім аралығы; БЖ – бағасы жоқ; ПСА - простат-спецификалық антиген; СҚО – симптоматикалық қаңқа оқиғасы

aСҚО келесі оқиғалардың кез келгенінің туындауы түрінде айқындалған: ауыруды

жеңілдету үшін қашықтықтан жасалатын сыртқы сәулелі ем немесе патологиялық сыну немесе жұлын компрессиясы немесе ісікті алып тастайтын ортопедиялық хирургиялық араласу

b БЖ: бағасы жоқ, медианадан кейінгі оқиғалардың жеткіліксіз саны

c Бастапқы деңгеймен/ең төмен деңгеймен салыстырғанда ≥ 25% артуы түрінде

айқындалады.

d Бастапқы деңгеймен/ең төмен деңгеймен салыстырғанда ≥ 25% ұлғаюы және абсолютті мәнінің кем дегенде 2 нг/мл артуымен айқындалады.

Қосалқы топтардағы тіршілік қабілетін талдау

Қосалқы топтарда жасалған тіршілік қабілетінің талдауы жалпы сілтілік фосфатаза (СФ) деңгейіне, бисфосфонаттардың бастапқы қолданылуына және доцетакселмен алдыңғы емге байланыссыз Ксофиго® пайдасына тіршілік қабілетіне қатысты тұрақты артықшылығын көрсетті.

Өмір сапасы

Денсаулықпен байланысты өмір сапасы (ДБӨС) арнаулы сауалнамалар: EQ-5D (жалпы сауалнама) және FACT-P (қуық асты безімен науқастарға арналған сауалнама) пайдаланылатын ALSYMPCA III фазасының зерттеуінде бағаланды. Екі топта да өмір сапасының төмендеуі байқалды. Плацебомен салыстырғанда, өмір сапасының төмендеуі EQ-5D пайдалылық индексінің (-0,109 қарама-қарсы -0,040; р = 0,001), Көріністік ұқсастық шкаласы бойынша (КҰШ) EQ-5D денсаулық жағдайын өзіндік бағалау (-5,860 қарама-қарсы -2,661; р = 0,018) және жиынтық балл (-7,651 қарама-қарсы -3,880, р = 0,006) көрсеткіштерінің негізінде Ксофигомен® емделу аясында баяулау жүрді, бірақ ең төмен мәнді айырмашылықтардың жариялануына жетті. Емделу кезеңінен кейін ДБӨС төмендеуінің баяулауы туралы шектеулі деректер бар.

Ауыруды басу

ALSYPMCA III фазасының зерттеу деректері Ксофиго® тобындағы жағымсыз құбылыс ретінде ауыруды жеңілдету және сүйектері ауыратын пациенттер санын азайту үшін қашықтықтан жүргізілетін сыртқы сәулелі емге дейінгі уақыт (EBRT) бойынша сүйектердегі ауыруға қатысты оң әсер көрсетеді.

Әріқарайғы цитоуытты ем

ALSYMPCA рандомизацияланған зерттеуі барысында (2:1 арақатынасындағы рандомизация) Ксофиго® тобындағы 93 (17%) пациент және плацебо тобындағы 54 (16,8%) пациент соңғы емдеу курсынан кейінгі әртүрлі уақытта цитоуытты химиялық ем алды. Осы екі топ арасындағы гематологиялық көрсеткіштерде елеулі айырмашылықтар болмаған.

Қолданылуы

- симптоматикалық сүйек метастаздарымен болатын және расталған висцеральді метастаздары болмайтын қуық асты безінің кастрациялық-төзімді обырында

Қолдану тәсілі және дозалары

Енгізу әдісі

Ксофиго® препараты баяу көктамырішілік инъекция түрінде (әдетте 1 минутқа дейін) енгізіледі.

Ксофиго® инъекциясына дейін және одан кейін көктамырішілік катетерді натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен жуып-шаю қажет.

Төмендегі «Дәрілік затты енгізу/дайындау жөніндегі нұсқаулық» бөлімінде енгізу жөніндегі қосымша нұсқаулар берілген.

Дозалау режимі

Ксофигомен® емдеу курсы 4 апта аралықпен кг дене салмағына енгізілетін 55 кБк 6 инъекциядан тұрады. Ксофигоны® 6 инъекциядан асып кететін курспен қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Препараттың енгізуге қажетті көлемін есептеу бойынша толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі«Дәрілік затты енгізу/дайындау туралы нұсқаулық» бөлімін қараңыз.

Дәрілік затты енгізу/дайындау туралы нұсқаулық

Жалпы нұсқаулар

Ксофигоны® (альфа-сәулелендіретін радиофармацевтикалық препарат) тиісті медициналық мекемеде және пациентті білікті дәрігердің бағалауынан кейін радиофармацевтикалық препараттармен жұмыс істеу өкілеттігі бар маман алуы, пайдалануы және енгізуі тиіс.

Ксофигоны® алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау және жою нормативтік талаптарға және/немесе құзырлы ресми ұйымның тиісті лицензияларына сәйкес атқарылуы тиіс.

Ксофигомен® жұмыс істеу радиациялық қауіпсіздік талаптарына да, фармацевтикалық препараттар сапасына қойылатын талаптарға да сәйкес болатындай атқарылуы тиіс. Тиісті асептикалық алдын ала сақтану шаралары қабылдануы тиіс.

Радиациялық қорғаныс

Радий-223 және оның еншілес ыдырау өнімдерінің ыдырауымен байланысты гамма-сәулелену Ксофиго® радобелсенділігін өлшеуге және стандартты аспаптармен ластануын анықтауға мүмкіндік береді. Ксофиго® енгізу радиациямен немесе несеп, нәжіс және құсық сиықты биологиялық сұйықтықтармен ластанумен байланысты басқа адамдар үшін (мысалы, медициналық қауым, науқастарға күтім жасайтын медициналық қызметкерлер, пациенттердің отбасы мүшелері) әлеуетті қауіптермен байланысты. Осы орайда ұлттық және жергілікті талаптарға сәйкес радиациялық қорғаныс шараларын қабылдау қажет. Осындай биологиялық сұйықтықтар тиіп кеткен жаймалар сияқты материалдармен жұмыс істегенде сақ болу керек. Радий-223 көбінесе альфа-бөлшектер сәулелендіргіші болып табылады, дегенмен де, гамма- және бета-сәулелендіргіш радий-223 және оның еншілес ыдырау өнімдері ыдырағанда туындайды. Пациенттер үшін дозалар дайындаумен байланысты сыртқы радиациялық сәулелену, емдік мақсаттарда пайдаланылатын басқа да радиофармацевтикалық дәрілермен салыстырғанда, едәуір төмен, өйткені алынатын радиобелсенділік, әдетте, 8 МБк (0.216 мКи) төмен болады. Алайда, ALARA тұжырымдамасына сәйкес («As Low As Reasonably Achievable» - мүмкін болатын ең төмен әсері бар нәтижеге жету), радиациялық әсерді әбден азайту үшін радиациялық аймақтарда өткізілетін уақытты азайта түсу, радиация көздеріне дейінгі қашықтықты барынша ұзарту және сәулеге шалдығудан тиісінше қорғануды пайдалану ұсынылады.

Кез келген пайдаланылмаған өнімдер немесе дәрілік затты дайындауға немесе енгізуге қатысты пайдаланылған материалдар радиобелсенді қалдықтар ретінде қарастырылып, жергілікті нормативтерге сәйкес жойылуы тиіс.

Ксофиго®дәрілік препаратын дайындау туралы нұсқаулықтар Аталған дәрілік препарат оны пайдаланар алдында қарап тексерілуі тиіс. Ксофиго® препараты – бұл түсі өзгерген, механикалық қосылыстар білінген немесе контейнер бүлінген жағдайда пайдаланылмауы тиіс мөлдір түссіз ерітінді.Ксофиго® препараты дайын ерітінді түрінде болады және кез келген басқа ерітінділермен сұйылтылмауы немесе араластырылмауы тиіс. Әр құты тек бір рет қолдануға арналған. Осы пациентке енгізілуі тиіс ерітінді көлемі былайша есептелуі тиіс:

  • Пациенттің дене салмағы (кг)

  • Дозалар (55 кБк (0.00149 мКи) / кг дене салмағына)

  • Бақыланатын күнгі дәрілік заттың көлемді радиобелсенділігі (1100 кБк/мл; 0.0297 мКи/мл). Осы бақылау күні құтыда және қорғасын контейнердің таңбасында көрсетілген.

  • Радий-223 физикалық ыдырауын түзету үшін радиобелсенділік ыдырауына (DK) жасалатын түзету факторы. Әр құты үшін радиобелсенділік ыдырауына (DK) жасалатын түзету факторларының кестесі беріледі.

Пациентке енгізілуге тиісті ерітіндінің жалпы көлемі мына формула бойынша есептеледі:

Енгізілуі тиіс ерітіндінің көлемі (мл)

=

Дене салмағы (кг)  доза (55 кБк (0.00149 мКи) / кг дене

салмағына)

Ыдырауды түзету факторы  1100 кБк (0.0297 мКи)/мл

Дозиметрия

Сіңірілген сәулелену дозасын есептеу биологиялық таралуының клиникалық деректерінің негізінде жүргізіледі. Сіңірілген дозаларын есептеу белгілі болған бета және гамма-сәулелендіргіш радионуклидтер үшін кеңінен пайдаланылатын ішкі иондаушы сәулелендірудің медициналық дозасының алгоритмі негізінде OLINDA/EXM (Organ Level INternal Dose Assessment – Ағзаларды ішкі сәулелендіретін дозаларын бағалау /EXponential Modeling – Экспоненциальді үлгіленуі) бағдарламалық қамту (MIRD) көмегімен жүргізілді. Бірінші кезекте, альфа-бөлшектер сәулелендіргіші ретіндегі радий-223 үшін Ксофигоның® сіңірілген дозасының мүмкін болатын ең үздік есептеулерін қамтамасыз ету мақсатында, оның бақылау арқылы алынған биотаралуы мен спецификалық сипаттамаларын назарға ала отырып, ішек, қызыл сүйек кемігі және сүйектің остеобласттары/остеогендік жасушаларына қосымша жорамалдар жасалды.

4.025 МБк (0.1086 мКи) (73 кг ересек үшін кг дене салмағына 55 кБк (0.001495 мКи)) мөлшерінде енгізілген белсенді зат үшін сүйек (остеогенді жасушалар) үшін сіңірілген дозалар 4.6255 Гр (462.55 рад) және қызыл сүйек кемігі үшін 0.5572 Гр (50.66 рад) құрайды. Бөліп шығаратын негізгі ағзалар үшін есептелген сіңірілген дозалар жіңішке ішек қабырғасы үшін 0.0292 Гр (2.92 рад), проксимальді жуан ішек қабырғасы үшін 0.1298 Гр (12.98 рад) және дистальді жуан ішек қабырғасы үшін 0.1865 Гр (18.65 рад) құрады.

Басқа ағзалар үшін есептелген сіңірілген дозалар төменде: жүрек қабырғасы (0.0069 Гр, 0.69 рад), өкпе (0.0003 Гр, 0.03 рад), бауыр (0.0119 Гр, 1.19 рад), бүйрек (0.0129 Гр, 1.29 рад), қуық қабырғасы (0.01627 Гр, 1.62 рад), аналық бездер (0.0003 Гр, 0.03 рад) және көкбауыр (0.0004 Гр, 0.04 рад).

Ксофигомен® емдеу кезіндегі клиникалық зерттеулер барысында анықталған гематологиялық жағымсыз дәрілік реакциялар едәуір сирек кездесті және аз күрделі болды, осыны қызыл сүйек кемігі үшін есептелген сіңірілген дозалардан күтуге болады. Бұл альфа-бөлшектердің кеңістікте таралуымен байланысты болуы мүмкін, ол қызыл сүйек кемігін сәулелендіру дозасының әркелкі таралуына алып келеді.

Пациенттердің ерекше санаттары бойынша қосымша ақпарат

Балалар және жасөспірімдер

Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде Ксофиго® қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Егде жастағы пациенттер

III фаза зерттеуінде Ксофиго® емін алған 600 пациенттен 447 пациент (74.5%) 65 жаста және одан асқан болды, 196 пациент (32.7%) 75 жаста және одан асқан болды.

Дәрілік затты егде (≥ 65 жас) және жастау пациенттерде (< 65 жас) қолдану кезінде қауіпсіздігі мен тиімділігінің елеулі айырмашылықтары анықталмаған.

Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерБауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Ксофиго® қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Радий-223 бауырда метаболизденбейтіндіктен және өтпен шығарылмайтындықтан, бауыр жеткіліксіздігі радий-223 дихлориді фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді деп жорамалданады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

III фазаның клиникалық зерттеуінде бүйрек жеткіліксіздігі болымсыз (креатинин клиренсі [КК]: 50-80 мл/мин) және бүйрек функциясы қалыпты пациенттер арасындағы қауіпсіздігі мен тиімділігінде елеулі айырмашылықтар байқалмаған. Бүйрек жеткіліксіздігі орташа (КК: 30-50 мл/мин) пациенттерге қатысты шектеулі деректер бар. Ауыр (КК <30 мл/мин) немесе терминалдық бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қатысты деректер жоқ. Несеппен шығарылуы тым аз және препарат көбінесе нәжіспен шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі радий-223 дихлориді фармакокинетикасына ықпал етпейді деп жорамалданады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Ксофигоның® жалпы қауіпсіздік бейіні III фаза зерттеуінде Ксофигомен® емделген 600 пациенттен алынған деректерге негізделген.

Айрықша нұсқаулар

Ксофиго® алатын пациенттерде ең жиі байқалатын жағымсыз әсерлері (³ 10%) диарея, жүрек айну, құсу және тромбоцитопения болды.

Ксофигомен® емдеу кезінде байқалған жағымсыз әсерлері төмендегі кестеде берілген. Клиникалық зерттеулерде аталған жағымсыз әсерлері олардың пайда болу жиілігіне сәйкес топтастырылған.

Өте жиі (> 1/10)

- тромбоцитопения;

- диарея, құсу, жүрек айну

Жиі (> 1/100 және <1/10)

- нейтропения, панцитопения, лейкопения

- енгізген жердегі реакциялар

Жиі емес ( > /1 000 және <1/100)

- лимфопения

Жекелеген жағымсыз әсерлер сипаттамасы

Тромбоцитопения және нейтропения

Айрықша нұсқаулар

Нейтропения (барлық дәрежелері) жағдайлары Ксофигомен® емделген пациенттердің 5%-да және плацебо тобындағы пациенттердің 1%-да аталды. Нейтропения 3 және 4 дәрежеде Ксофигомен® емделген пациенттердің 2.2%-да және плацебо тобындағы пациенттердің 0.7%-да байқалды. Жалпы, 3 және 4 дәрежедегі нейтропенияның пайда болу жиілігі, осыған дейін доцетаксел алған пациенттермен (Ксофигомен®0000000000000000о этого не получали 00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000 емделгенде 3.2 және плацебо тобында 0.6%) салыстырғанда, бұған дейін доцетаксел алмаған пациенттерде төмен ых было сообщено в течение клинических исследований ены в порядке 000000000000000( Ксофигомен®0000000000000000о этого не получали 00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000 емделгенде 0.8% және плацебо тобында0000000000000000о этого не получали 00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000 0000000000000000о этого не получали 000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000.8%) болды.

I фаза зерттеуінде нейтрофилдер мен тромбоциттердің ең төмен деңгейлері Ксофигоны® бір рет көктамыр ішіне енгізуден соң 2-ден 3 аптаға дейін туындады.

Енгізген жердегі реакциялар

Ксофигомен® емделген пациенттердің 1.2%-да және плацебо алған пациенттердің 0%-да енгізген жерде эритема, ауыру және ісіну сияқты 1 және 2 дәрежедегі реакциялар тіркелген.

Салдарлы қатерлі ісіктер

Ксофигомен® емдеу пациенттің жалпы жинақталған сәулеленуімен қатар жүреді. Ұзақ мерзімді келешекте бұл обырдың және туа біткен даму ақауларының жоғары қаупіне әкелуі мүмкін. Үш жыл бойы бақыланатын клиникалық зерттеулер кезінде Ксофиго® қолданудан кейін бір де бір обыр жағдайы тіркелмеген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуіне клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Кальциймен және фосфатпен өзара әрекеттесуі жоққа шығарылмайтындықтан, құрамында осы заттар және/немесе D витамині бар препараттарды Ксофигомен® емдеу басталғанша бірнеше күн бұрын тоқтату керек.

Қатарлас химиялық ем сүйек кеміктік өсіндінің бәсеңдеуіне аддитивті әсерін көрсетуі мүмкін.

Ксофиго® емінің аясында қатар жүргізілетін химиялық емнің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі

Ксофигомен® емделген пациенттерде сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, атап айтқанда, тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения және панцитопения туралы хабарламалар алынған.

Осыған орай, пациенттер Ксофиго® емі басталғанша және оны әрбір келесі енгізу алдында гематологиялық тексеруден өткізілуі тиіс. Ксофигоны® алғашқы енгізудің алдында нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС) 1.5 x 109/л, тромбоциттер саны ≥ 100 x 109/л және гемоглобин ≥ 10.0 г/дл болуы тиіс. Кейінгі енгізулердің алдында НАС ≥ 1.0 x 109/л және тромбоциттер саны ≥ 50 x 109/л болуы тиіс. Жүргізілген стандартты емге қарамастан Ксофигоның® соңғы енгізілуінен кейін 6 апта бойы осы мәндердің қалыпқа келуі болмаса, әріқарай Ксофиго® препаратымен емдеу пайда/қауіп арақатынасын тиянақты талдаудан кейін ғана жалғастырылуы тиіс.

Сүйек кеміктік қордың, мысалы, цитоуытты химиялық емнен және/немесе сәуле емінен (EBRT) кейін белгілі төмендеуі бар пациенттерді немесе сүйек кемігінің кең таралған диффуздық инфильтрациясы болатын қуық асты безінің обырына шалдыққан пациенттерді (EOD4; «суперскан») емдеу кезінде сақ болу керек.

Ксофигомен® емделуден кейінгі цитоуытты химиялық емнің тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген. Қолда бар шектеулі деректер Ксофигомен® емделуден кейін химиялық ем алған пациенттерде гематологиядық бейіннің плацебодан кейін химиялық ем алған пациенттердегі осындайдан ерекшеленбеуін көрсетеді.

Крон ауруы және спецификалық емес ойық жаралы колит

Крон ауруы және спецификалық емес ойық жаралы колиті бар пациенттерде Ксофиго® қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Ксофигоның® нәжіспен экскрециялануына орай, радиация ішектің жедел қабыну ауруының нашарлауына әкелуі мүмкін. Ішектің жедел қабыну ауруларына шалдыққан пациенттерде Ксофиго® пайдасы мен қаупін мұқият бағалаудан кейін тағайындалу керек.

Жұлын компрессиясы

Қатерлі немесе диагностикаланған жұлын компрессиясы емделмеген пациенттердегі стандартты ем, клиникалық көрсетілімдерге сәйкес, Ксофигомен® емдеу басталғанша немесе жаңғыртылғанша аяқталуы тиіс.

Сүйектердің сынуы

Сүйек сынулары бар пациенттерде сынуларды ортопедиялық тұрақтандыру Ксофиго® емінің басталуына немесе жаңғыртылуына дейін жүзеге асырылуы тиіс.

Жақсүйек остеонекрозы

Бисфосфонаттар және Ксофиго® алған пациенттерде жақсүйек остеонекрозының (ЖОН) жоғары қаупін жоққа шығаруға болмайды. III фаза зерттеуінде ЖОН жағдайлары, плацебо тобындағы пациенттердің 0,33%-мен (1/301) салыстырғанда, Ксофиго® тобындағы пациенттердің 0,67%-да (4/600) сипатталған. Алайда, ЖОН бар пациенттердің бәрі осының алдында немесе қатар жүргізілген бисфосфонаттармен (мысалы, золедрон қышқылы) және алдыңғы химиялық (мысалы, доцетаксел) емді де алған.

Салдарлы қатерлі ісіктер

Ксофиго® пациенттердің жалпы ұзақ мерзімді жинақталатын сәулеге шалдығуына ықпал етеді. Осылайша, ұзақ мерзімді жинақталатын сәулелену обырдың және тұқым қуалайтын даму ақауларының жоғары қаупімен астасуы мүмкін. Атап айтқанда, остеосаркома, миелодисплазия синдромы мен лейкоздар қаупі артуы мүмкін. Кейіннен 3 жылға дейін бақыланатын клиникалық зерттеулерде Ксофиго® әсерімен индукцияланған обыр жағдайлары тіркелмеген.

Белгілі әсері бар қосымша заттар

Енгізілген көлеміне қарай, аталған препарат құрамында 2,35 ммоль (54 мг) дейін бір дозада натрий болуы мүмкін. Бұл тағамдағы натрий бақыланатын пациенттерде ескерілу қажет.

Контрацепция

Радиобелсенді сәулеге ұшыраумен байланысты сперматогенезге әлеуетті ықпал етуіне орай, ерлерге Ксофигомен® емделу кезінде және одан кейін 6 ай бойы тиімді контрацепция әдістерін пайдалануға кеңес беру қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ксофиго® әйелдерде қолдануға арналмаған.

Ксофиго® жүкті болып жүрген немесе болуы мүмкін әйелдерде, сондай-ақ лактация кезеңінде қолданылмауы тиіс.

Фертильділік

Ксофигоның® адамдағы фертильділікке ықпал ету деректері жоқ.

Ксофиго® пайдалану кезіндегі радиобелсенді сәулелену фертильділікке жайсыз әсер етуге әкелу мүмкін деген зор қауіп бар. Емделуге дейін шәуһетті консервациялауға қатысты дәрігермен кеңесу қажет.

Балалар жасындағы пациенттер

Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде Ксофиго® қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Басқа дәрілік заттармен үйлеспеушілігі

Дәрілік үйлесімділігіне жүргізілген зерттеудің болмауына орай, Ксофигоны® басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Ксофигоның® автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін екенін дәлелдейтін деректер немесе болжамдар жоқ.

Артық дозалануы

Клиникалық зерттеулер кезінде Ксофигоның® көзделмеген артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарланбаған.

Ксофиго® дозаны шектейтін уыттанудың дамуынсыз кг дене салмағына 276 кБк (0,00746 мКи) дозаларда бір рет енгізілген.

Емі: арнайы у қайтарғысы жоқ. Көзделмеген артық дозалану жағдайында болжамды гематологиялық және асқазан-ішектік уыттануға жасалатын мониторингті қоса, жалпы демеуші шаралар қабылдау қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий қалпақшамен қаусырылған және фольгаланған ETFE бромбутилден немесе силикондалған хлорбутилден жасалған сұр резеңке тығынмен тығындалған сыйымдылығы 10 мл I типті түссіз шыны құтыға 6 мл препараттан құйылады.

Құты пластик негізі және қақпағы цилиндр пішінін қалыптайтын мөлдір жабысқақ үлбірге оралады.

Цилиндр пішініндегі құты қорғасыннан құйылған көріністейтін контейнерге салынады.

Қорғасын контейнерді медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге контейнерді тұрақтандыратын ендірмелері және радиациялық қауіпсіздік белгісінің көрсетілімі бар картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Радиациялық қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сай сақталады.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

28 тәулік

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін

пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Препарат тек стационарлық қолдануға арналған.

Өндіруші

Энергетикалық технологиялар институты, Кьеллер, Норвегия

Тіркеу куәлігінің иесі

Байер Фарма АГ, Берлин, Германия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы,15 пав.

050057 Алматы, Қазақстан Республикасы

тел. +7 727 258 80 40,

факс: +7 727 258 80 39,

e-mail: kz.claims@bayer.com

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік зат қауіпсіздігінің

тіркеуден кейінгі қадағалануына жауапты ұйымның атауы,

мекенжайы және байланыс деректері.

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы,15 пав.

050057 Алматы, Қазақстан Республикасы

тел.: +7 701 715 78 46 (тәулік бойына)

тел.:+7 727 258 80 40, ішкі 106 (жұмыс сағаттарында)

факс: +7 727 2588 039

e-mail: pv.centralasia@bayer.com

Прикрепленные файлы

051655251477976225_ru.doc 163.5 кб
258390231477977475_kz.doc 216.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники