Ксилометазолин-Тева (Капли назальные 0,05%)

МНН: Ксилометазолин гидрохлорид
Производитель: Меркле ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№019106
Информация о регистрации в РБ: 08.12.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Ксилометазолин-Тева

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

0,05 % және 0,1 % мұрынға тамызатын дәрі

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 0,5 мг немесе 1 мг ксилометазолин гидрохлориді,

қосымша заттар: лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, глицерин (85%), инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз дерлік ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Мұрынға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар мен мұрынға арналған басқа препараттар. Симпатомиметиктер. Ксилометазолин.

АТХ коды R01AA07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ксилометазолиннің әсері 30 секундтан бірнеше минутқа дейінгі уақытта басталады және бірнеше сағат бойына жалғасады (орташа 6-8 сағат). Мұрын ішіне қолданғанда сіңірілген мөлшері жүйелі әсерге әкелуі мүмкін (орталық жүйке жүйесіне және жүрек-қантамырлары жүйесіне).

Фармакодинамика

Ксилометазолин, имидазолин туындысы, a–адреномиметик болып табылады. Мұрын шырышының қан тамырларының тарылуын туындатады, осылайша мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын болдырмайды. Ринитте мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді.

Қолданылуы

Мұрынның бітелуінің, аллергиялық емес риниттің (вазомоторлық) немесе аллергиялық ринит симптомдарын жақсарту үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалағыш құрылғыны толтыру үшін бірінші қолдану алдында помпаны бірнеше рет басу керек, өйткені олай болмаған жағдайда мұрын тамшылар дозалағыш құрылғыға түспейді. Пайдалану кезінде құтының ұшын төмен қаратып ұстау керек, шалқасынан немесе басын төмен салып жату керек.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға

Ксилометазолин-Тева 0,1 % әр мұрын жолына 1-2 тамшыдан (қажет болғанда тәулігіне 3 ретке дейін қайталауға болады).

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға – әр мұрын жолына Ксилометазолин-Тева 0,05% 1 тамшыдан (қажет болғанда тәулігіне 3 ретке дейін қайталауға болады).

7 күннен астам қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі және/немесе ұзақ қолданған кезде

- мұрын жұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуі және/немесе құрғауы, шымылдатып ашыту, шаншу, тәуелділік, түшкіру, гиперсекреция, мұрын шырышы атрофиясы, созылмалы ринит

Сирек

- мұрын шырышы қабығының ісінуі

- жүрек қағуы, тахикардия, аритмия, артериялық қысымның жоғарылауы

- бас ауыруы, ұйқысыздық

- көрудің нашарлауы

- құсу

- аллергиялық реакциялар (ісіну, бөртпе)

- депрессия (жоғары дозада ұзақ қолданған кезде)

Өте сирек

- ұйқысыздық, седация, елестеулер немесе құрысулар (балаларда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- МАО тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау

- артериялық гипертензия, тахикардия

- айқын атеросклероз

- жабықбұрышты глаукома

- феохромацитома

- атрофиялық ринитте

- гипертироез

- ми қабыршығына транссфеноидальді гипосектомиядан немесе хирургиялық араласулардан кейінгі жай-күй

- 6 жасқа дейінгі балалар (дозалануы 0,1%) және 2 жасқа дейінгі балалар (дозалануы 0,05%)

Сақтықпен

- порфирия

- қуық асты безі гиперплазиясы

- қант диабеті

- жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ксилометазолин-Тева және мыналарды: - МАО тежегіштерін, трициклді антидепрессанттар, гипертензиялық дәрілерді бір мезгілде қолданғанда – артериялық қысым жоғарылауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт бойына, мысалы созылмалы ринитте, қолдануға болмайды. 7 күннен асырмай қабылдау керек. Ұсынылатын дозадан асыруға болмайды. Айқаспалы жұқтыруды болдырмас үшін препаратты бір тұлға ғана пайдалануы тиіс.

Гигиеналық себептеріне байланысты препаратты ашқаннан кейін 28 күннен астам пайдалануға болмайды.

Гипертониясы, жүрек-қан тамырлары аурулары, гипертиреозы, тар бұрышты глаукомасы немесе қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен қабылдау ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде препарат тек дәрігер бақылауымен, анасы мен шарана үшін қаупі мен пайдасының арақатынасын мұқият бағалаудан кейін қолданылуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ксилометазолин көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомы: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан ұштығы және қорғағыш қалпақшасы бар күңгірт шыны құтыда. 1 құтыдан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурда сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтының бірінші ашылуынан кейін препарат 6 ай бойына жарамды.

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші\Қаптаушы

«Меркле ГмбХ», Германия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ратиофарм ГмбХ», Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050059 (А15Е2Р), Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 17/1, Нұрлы Тау БО, 5Б, 6 қабат. Телефон: (727)3251615

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050059 (А15Е2Р), Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 17/1, Нұрлы Тау БО, 5Б, 6 қабат. Телефон: (727)3251642, ұялы телефон: +7(701)9240368, е-mail: safety.kazakhstan@tevapharm.com

Прикрепленные файлы

Ксилометазолин_капли_каз.doc 0.05 кб
Ксилометазолин_капли_рус.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту