Ксилат

МНН: Калия хлорид, Кальция хлорид, Ксилитол, Магния хлорид, Натрия ацетат, Натрия хлорид
Производитель: Юрия-Фарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019768
Информация о регистрации в РК: 27.07.2023 - 27.07.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Ксилат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 200 мл, 400 мл ерітінді

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат: 5.00 г ксилитол, 0.26 г натрий ацетаты, 0.60 г натрий хлориді, 0.01 г кальций хлориді, 0.03 г калий хлориді, 0.01 г магний хлориді,

қосымша зат инъекцияға арналған су.

Препараттың иондық және мольдік құрамы:

  мг/мл моль/л

Na+

3.089 134.4

K+

0.157 4.0

Сa++

0.036 0.9

Mg++

0.026 1.1

Сl-

3.921 110.6

СН3СОО-

1.871 31.7

Теориялық осмолярлығы – 610 мОсм/л-ге жуық

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазманың орнын алмастыратын және перфузиялық ерітінділер. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділерге үстемелер. Электролиттік ерітінділер. Басқа препараттармен біріктірілген электролиттер.

АТХ коды В05ХА31

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Натрий ацетаты 1,5-2 сағат бойы натрий гидрокарбонатының баламалы мөлшеріне толық метаболизденеді, мидың жасушаішілік интерстициальді ісіну құбылыстарын және тромбоциттер мен эритроциттердің агрегациясының жоғарлауын тудырмайды. Ацетат метаболизмінде оттегіні қажетсіну лактаттың метаболизміндегіге қарағанда едәуір аз, бұл шығу тегі әртүрлі ауыр шокты емдеу үшін маңызды мәнге ие.

Ксилитол – бес атомды спирт, оны көктамыр ішіне енгізгенде жалпы метаболизмге тез қосылады, 80%-ы бауырда сіңеді және гликоген түрінде жиналады.

Натрий хлориді, айналымдағы қан көлемін уақытша ғана арттырып, қантамыр арнасынан тез шығарады. Диурезді күшейтеді. Натрий көбіне бүйректер арқылы, аздаған мөлшері нәжістермен және термен бірге шығарылады.

Енгізілген магний тез сіңеді. Организмде метаболизденбейді. Сарысудағы және шумақтық сүзілудегі концентрацияларына пропорциональді мөлшерде бүйректер арқылы ғана шығарылады.

Көктамыр ішіне енгізілген калий жасушадан тыс сұйықтық пен жасушааралық кеңістік арасындағы тепе-теңдікке жетеді. Калий динамикалық болып табылады, организмнің қажетіне қарай, жасушаішілік және жасушадан тыс кеңістік арасында ұдайы ауысып отырады. Калий көбіне бүйректер арқылы, сондай-ақ аз мөлшерде тері арқылы және нәжіспен бірге шығарылады, мұндайда калийдің көбісі ішекте кері сіңеді.

Кальций хлоридін қанға көктамырішілік енгізгенде, кальций қосылыстар және иондалған (белсенді және иондалған кальций) күйінде болады. Сүйек тіндеріне жиналады, онда организмдегі бүкіл кальцийдің 99%-ға жуығы болады. Организмнен негізінен ішек арқылы, ішінара несеппен бірге шығарылады.

Хлорид жасушадан тыс кеңістіктің ең маңызды анионы болып табылады. Хлорид-иондар барлық осмостық белсенді бөлшектердің үштен бірін құрайды және, жасушадан тыс кеңістік көлеміне ықпалы жөнінен екінші болып табылады. Ол сондай-ақ жарғақшалық потенциалға жауап береді.

Бүйрек өзекшелерінде хлорид-иондар гидрокарбонат-иондарға алмасады, осылайша, қышқыл-сілтілік теңгерімді реттеуге қатысады. Хлоридтер организмнен негізінен несеппен бірге (90%), сондай-ақ термен және нәжіспен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Препараттың негізгі әсер етуші заты ксилитол және натрий ацетаты болып табылады.

Ксилат көп компонентті, полифункциональді гиперосмолярлы ерітінділер тобына жатады, антикетогендік, гемодинамикалық, уытсыздандырғыш, реологиялық, энергетикалық, сілтілендіргіш және осмодиуретикалық әсері бар.

Ксилитол антикетогендік әсер білдіреді, инсулиннің метаболизміне байланысты емес қуат көзі болып табылады.

Ксилитол – адамда көмірсу алмасудың аралық табиғи өнімі, сондықтан уыттылығы төмен және жағымдылығы жақсы.

Фруктозадан айырмашылығы – бауырда нуклеотидтерді (АТФ, АДФ, АМФ) төмендетпейді, сондай-ақ фруктоза жақпайтын немесе фруктозо-1,6-дифосфатаза ферментінің тапшылығы бар науқастарға енгізу үшін қауіпсіз.

Натрий ацетаты баяу әсер ететін сілтілендіргіш дәрілерге жатады. Ол буферленген препарат метаболизмі есебінен негіздің жиналуын туындатады және Н+ шамадан тыс жиналуы баяу жүретін метаболикалық ацидоз түрлерінде (мысалы, бүйректік және тапшы тыныстық емес ацидозда) қолданылады. Натрий ацетатын пайдаланғанда, натрий гидрокарбонаты ерітіндісінен айырмашылығы, метаболикалық ацидоздың түзетілуі баяу жүреді, рН-тың күрт өзгеруін туындатпайды.

Бикарбонат ерітіндісінен айырмашылығы – метаболикалық ацидозды натрий лактатының жәрдемімен түзету оның зат алмасуға енгізілуіне қарай баяу жүреді, рН-тың күрт өзгеруін туындатпайды. Натрий лактатының әсері енгізгеннен кейін 20-30 минуттан соң білінеді.

Натрий хлориді – регидратациялық әсер білдіреді, әртүрлі патологиялық жағдайларда натрий және хлор иондары тапшылығының орнын толтырады.

Кальций хлориді кальций иондары тапшылығының орнын толтырады. Кальций иондары жүйке импульстарының берілу үдерісін жүзеге асыруы, қаңқа және тегіс бұлшықеттердің жиырылуы, миокард қызметі, сүйек тіндерінің түзілуі, қанның ұюы үшін қажет. Жасушалардың және қантамыр қабырғаларының өткізгіштігін төмендетеді, қабыну реакцияларының пайда болуын төмендетеді, организмнің жұқпаларға төзімділігін арттырады.

Калий хлориді су-электролиттік теңгерімді қалпына келтіреді. Теріс хроно - және батмотроптық әсер, жоғары дозаларда – теріс ино-, дромотроптық және орташа диуретикалық әсер білдіреді. Жүйке импульстарын өткізу үдерісіне қатысады. Ацетилхолин мөлшерін арттырады және вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімін қоздырады. Бұлшықет дистрофиясында, миастенияда қаңқа бұлшықеттердің жиырылуын жақсартады.

Калий, магний, кальций және натрий иондарының жасушаішілік және жасушадан тыс арақатынасы миокардтың жиырылу қабілетіне ықпалын тигізеді. Ішкі ортадағы калий және/немесе магний иондарының төмен деңгейі проаритмогендік әсер етуге қабілетті, артериялық гипертензияның, коронарлы артериялардың атеросклерозының дамуына және миокардта метаболикалық өзгерулердің пайда болуына бейім етеді.

Калийдің өте маңызды физиологиялық қызметтерінің бірі нейрондардың, миоциттердің және миокард тіндерінің басқа да қозатын құрылымдарының жарғақшалық потенциалына демеу болып табылады. Калийдің жасушаішілік және жасушадан тыс мөлшерінің арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы миокардтың жиырылғыштығының төмендеуіне, аритмияның, тахикардияның пайда болуына және жүрек гликозидтерінің уыттылығының жоғарылауына әкеледі.

Магний энергетикалық метаболизмнің және ақуыздар мен нуклеин қышқылдары синтезінің 300-ден астам ферментативтік реакцияларының кофакторы болып табылады. Магний жиырылу кедергісін және ЖЖЖ төмендетіп, миокардтың оттегіні қажетсінуінің азаюына әкеледі. Магний миокард тіндерінде ишемияға қарсы әсер береді. Артериолалар, соның ішінде коронарлы артериолалар қабырғаларының тегіс бұлшықеттеріндегі миоциттердің жиырылғыштығының төмендеуі вазодилатацияға және коронарлы қан ағысының күшеюіне әкеледі.

Калий және магний иондарының бір препаратта қосылуы организмде калий тапшылығының магний тапшылығымен жиі қатар жүретіндігіне негізделген және организмде екі ионның да мөлшерін бір мезгілде түзетуді қажет етеді. Осы электролиттер деңгейін бір мезгілде түзеткенде аддитивті әсер байқалады, бұдан басқа, калий мен магний жүрек гликозидтерінің уыттылығын төмендетіп, олардың оң инотроптық әсеріне ықпалын тигізбейді.

Полиэлектролиттік теңдестірілген инфузиялық Ксилат ерітіндісі — құрамында физиологиялық тиімді арақатынаста болатын иондары бар, плазманың орнын алмастыратын ерітінді. Препараттың әсері су-электролиттік теңгерімге, қышқыл-сілтілік жағдайды және су мөлшерін түзетуге бағытталған. Осы факторлар теңгерімінің бұзылуы метаболизм үдерісін бұзатын және өмірге қауіп төндіретін зардаптарға әкелетін ауыр патофизиологиялық синдром болып табылады.

Қолданылуы

- жарақаттан болған, геморрагиялық және күйіктен болған шокта уыттануды азайту, микроайналымды жақсарту үшін (қандағы және несептегі осмолярлығын есепке ала отырып)

- қант диабетінде және глюкоза утилизациясындағы басқа да бұзылуларда пайда болатын көмірсуларға қажеттілікті ішінара жабу үшін

- операциядан кейінгі кезеңде

- жедел қан жоғалтуда

- күйік ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге көктамыр ішіне тамшылатып, минутына 50-70 тамшы жылдамдықпен, яғни 2.1- 3.0 мл/кг/сағ. немесе 150-210 мл/сағ. енгізеді.

Ең жоғары доза: ересектерге – тәулігіне 2100 мл немесе дене салмағының әр кг-на шаққанда тәулігіне 1.5 г ксилитол.

Инфузияның ең жоғары жылдамдығы – 210 мл/сағ. (минутына 70 тамшы) = дене салмағының әр кг-на шаққанда 0,15 ксилитол/сағ.

Ересектерге

Науқастардың, соның ішінде қант диабеті бар науқастарды парентеральді түрде тамақтандыру үшін

600-1000 мл-ден (науқастың 1 кг дене салмағына шаққанда 10-15 мл), тәулік ішінде бір рет және қайталап.

Жарақаттық, геморрагиялық және күйіктік шоктарда уыттануды азайту, микроайналымды жақсарту үшін

600-1000 мл-ден (науқастың 1 кг дене салмағына шаққанда 10-15 мл), тәулік ішінде бір рет және қайталап.

Жедел қан жоғалтқанда

1000- 1400 мл-ден (20 мл/кг дейін). Мұндай жағдайда Ксилат препаратымен инфузияны ауруханаға дейінгі кезеңде, мамандандырылған «Жедел жәрдем» машинасында жүргізу керек.

Операциядан кейінгі кезеңде

400- 600 мл-ден (6-10 мл/кг), тамшылатып, бір рет немесе қайталап, күн сайын, 3-5 күн бойы.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (қышу, есекжем)

Сирек

- тахикардия

- жүректің айнуы, іштің желденуі, іш өту, іштің ауыруы

- дене температурасының жоғарылауы

- енгізген жерде шеткергі көктамырлардың тітіркенуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гиперосмолярлық кома

- анурия

- ісінулер

- миға қан құйылу

- тромбоэмболия

- жүрек-қантамырлық декомпенсация

- артериялық гипертензияның ІІІ дәрежесі

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты фосфат- және карбонаты бар ерітінділермен араластыруға болмайды. Ксилат басқа препараттар үшін тасымал ерітінді болмауы тиіс. Препараттарды қосу физикалық және химиялық өзгерулерге әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Гемодинамикалық әсерге қол жеткізу үшін Ксилатты ересектерге көктамыр ішіне минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізеді.

Қажет болған жағдайда минутына 30 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізуге сынама жүргізгеннен кейін, препаратты сорғалатып енгізуге болады. 15 тамшы енгізгеннен кейін препаратты енгізуді тоқтатады, ал 3 минуттан кейін реакция болмаса, сорғалатып енгізеді.

Препараттың кетогенге қарсы қасиеттері ксилитолдың утилизациясы жылдамдығына тең жылдамдықпен енгізгенде білінеді.

Бауыр ауруларында препаратты бауыр қызметінің көрсеткіштерін бақылай отырып, қолданады. Ксилаттың өт жүргізгіш әсері бар болғандықтан, оны өт-тас ауруында енгізуді дәрігердің мұқият бақылауымен жүзеге асырған жөн.

Ксилат препаратын қант диабеті бар науқастарға енгізуді қандағы глюкоза мөлшерін бақылай отырып, жүзеге асыру қажет.

Организмнің сусыздануымен қатар жүретін ауруларда оны абайлап тағайындаған жөн, өйткені Ксилат гиперосмолярлы ерітінді ретінде сұйықтықтың тіндерден қантамыр арналарына өтуі есебінен оны күшейтуі мүмкін.

Жалпы сусыздануда және су-электролиттік алмасу бұзылғанда препаратты қолдануға болмайды. Гипертензивті реакция пайда болуы мүмкін, гипотензивтік дәрілерді мұндай жағдайда, артериялық қысымды бақылай отырып, енгізеді.

Балалар

Балаларға қолдануға зерттеу жүргізілмеді, деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ксилатты жүкті әйелдерге, емшек емізу кезеңінде қолдануға зерттеу жүргізілмеді, деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты тек стационарлық жағдайда ғана қолданады.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, іштің желденуі, іш өту, іштің ауыруы, су-электролиттік теңгерімнің гипертензивтік реакция түрінде бұзылуы.

Емдеу: артық дозаланған жағдайда препаратпен инфузияны тоқтату немесе ерітіндіні енгізу жылдамдығын едәуір азайту қажет. Организмнің физиологиялық реакцияларына мониторинг жүргізген жөн және өмір үшін маңызды қызметтерін демеу керек. Емдеу – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузияға арналған 200 мл, 400 мл ерітінді

Резеңке тығынмен тығындалған, алюминий қалпақшалармен немесе алюминий-пластик қалпақшалармен қаусырылған, қанға, трансфузиялық және инфузиялық препараттарға арналған шыны бөтелкелерге 200 мл немесе 400 мл препараттан құйылған.

Термоорнықтырғыш үлбірмен қапталған бөтелкелер медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тең мөлшердегі нұсқаулықтармен бірге гофрланған картон жәшікке салынған.

Сақтау шарттары

2°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Юрия-Фарм» ЖШҚ

Украина, 03680, Киев қ-сы, Н. Амосов к-сі, 10.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Юрия-Фарм» ЖШҚ

Украина, 03680, Киев қ-сы, Н. Амосов к-сі, 10.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«GOOD LOOK сауда үйі» ЖШС

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Тараз қ-сы, 6-шы Кошеней тұйығы, 16.

Телефон нөмірі: 8(726) 2438219

Электронды поштасы: goodlook@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

967942491477976902_ru.doc 82 кб
625662981477978072_kz.doc 86 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники