Ксеникал

МНН: Орлистат
Производитель: Рош С.п.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Orlistat
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013261
Период регистрации: 19.02.2015 - 19.02.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Ксеникал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Орлистат

Дәрілік түрі

120 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 120 мг орлистат бар

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликолаты, повидон К 30, натрий лаурилсульфаты, тальк,

капсуланың қабығы: индигокармин (Е132), титанның қостотығы (Е171), желатин.

Сипаттамасы

Өлшемі №1, корпусында «XENICAL 120» және қақпағында «ROCHE» қара сиямен таңбаланған, көгілдір түсті қақпағы мен корпусы бар мөлдір емес қатты желатин капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті пеллеттер.

Фармакотерапиялық тобы

Семіздікті емдеуге арналған препараттар (диуретикалық өнімдерді қоспағанда). Семіздікті емдеуге арналған шеткергі әсер ететін препараттар. Орлистат

АТХ коды А08АВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін орлистат асқазан-ішек жолынан (АІЖ) мүлде сіңірілмейді. 360 мг препаратты ішке қабылдағаннан кейін 8 сағаттан соң өзгермеген орлистат қан плазмасында анықталмайды, бұл оның қан плазмасындағы концентрациясының 5 нг/мл төмен екенін білдіреді. Емдік дозаларын қабылдағаннан кейін қан плазмасында өзгеріссіз орлистатты анықтаудың сирек жағдайларда ғана сәті түсті (ұзақ емдеу нәтижесінде), бұл орайда оның концентрациялары тіптен аз болды (< 10 нг/мл немесе 0,02 мкмоль). Жинақталу нышандары болған жоқ, бұл препараттың өте аз сіңетінін білдіреді.

Орлистаттың өте төмен сіңірілуіне орай, таралу көлемі анықталмайды. Ол қан плазмасының ақуыздарымен толық дерлік байланысады (негізінен, липопротеиндермен және альбуминмен). Ең төменгі мөлшерде орлистат эритроциттерге өтуі мүмкін.

Орлистат метаболизмі, негізінен, жүйе алдындағы деңгейде жүзеге асады. Қан плазмасында екі негізгі метаболиті - М1 (төрт мүшелік гидролизденген лактондық сақина) және М3 (N-формиллейциннің М1 ыдыратылған қалдығымен) анықталады. М1 және М3 молекулалары липазаны әлсіз тежейді (орлистаттан гөрі, тиісінше, 1000 және 2500 есе әлсіз).

Препараттың емдік дозаларын қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы төмен белсенділігінің және төмен концентрациясының (орташа алғанда, тиісінше, 26 нг/мл және 108 нг/мл) есебімен, бұл метаболиттер фармакологиялық белсенді емес болып қарастырылады.

Препараттың қабылданған дозасының 97%-ы нәжіспен, олардың 83%-ы – өзгермеген күйде шығарылады. Орлистатпен құрылымды байланысқан барлық субстанциялардың жинақталған бүйректік шығарылуы қабылданған дозаның 2%-дан азын құрайды. Препараттың ағзадан толық шығарылу кезеңі (нәжіспен және несеппен) - 3-5 күн. Орлистат және оның метаболиттері өтпен бөлініп шығарылуы мүмкін. Қалыпты және артық мөлшердегі дене салмағы бар адамдарда орлистаттың шығарылу жолдары бірдей болды.

Емделушілердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Орлистат тым аз сіңетіндіктен, емделушілердің ерекше топтарында (егде жастағыларда, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар адамдарда) Ксеникал фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілген жоқ.

Фармакодинамикасы

Ксеникал – асқазан-ішектік липазалардың әсер етуі ұзартылған спецификалық қуатты тежегіші. Оның емдік әсер етуі асқазанның және ішектің жіңішке бөлігінің саңылауында жүзеге асып, асқазандық және панкреатиттік липазалардың белсенді сериндік қатысуы арқылы ковалентті байланыс түзуімен түйінделеді. Белсенділігі жойылған фермент бұл орайда сіңіретін бос май қышқылдары мен моноглицеридтерге триглицеридтер түрінде түсетін тамақ майларын ыдырату қабілетін жоғалтады. Ыдырамаған майлар сіңбейтіндіктен, организмге түсетін калориялар мөлшерінің азаюы жүреді, соған сәйкес емделушінің дене салмағы төмендейді. Осылайша, препараттың емдік әсер етуі оның жүйелі қан ағымына сіңуінсіз жүзеге асады.

Препараттың әсері қабылдағаннан кейін 24-48 сағаттан соң-ақ көрініс береді. Препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін нәжістегі май мөлшері 48-72 сағаттан соң, әдетте, (ем басталғанша) бастапқы деңгейге оралады.

Семіздікке шалдыққан науқастарда салмақтың төмендеуі ем басталуынан 2 аптадан соң-ақ, оның үстіне теріасты шелмайының есебінен байқалады. Препаратты қабылдау оның басқа емдеу әдістері нәтижесінде төмендеуінен кейін дене салмағының арту қаупін кемітеді.

2 типті қант диабеті бар науқастарда Ксеникал препаратын қолданумен байланысты дене салмағының төмендеуі көмірсу алмасудың жақсаруына әкеледі.

Қолданылуы

Ксеникал орташа гипокалориялы емдәммен біріктіріп:

- семіздігі бар науқастарды (дене салмағы индексі 30 кг/м2 және одан көп),

- қатар жүретін қауіп факторы болған кезде артық дене салмағы бар науқастарды (дене салмағы индексі 27 кг/м2 және одан көп) емдеу үшін көрсетілген.

Емді бастағаннан бастап 12 апта өткеннен кейін бастапқы көрсеткіштен ең кемі 5%-ға салмақ төмендетілмеген жағдайда препаратпен емдеуді тоқтатады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

120 мг бір капсуладан әр негізгі ас ішумен (тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін бір сағат өтуінен кеш емес). Егер ас ішу уақыты өтіп кетсе немесе тамақ құрамында май болмаса, онда препарат қабылдауды да өткізіп жіберуге болады.

Емдеу кезеңінде 30%-ы майдан тұратын теңгерімді, орташа гипокалориялық емдәмді ұстану ұсынылады. Жеміс-жидектер тұтыну ұсынылған. Майларды, ақуыздарды және көмірсуларды тәуліктік тұтынуды 3 негізгі қабылдауға бөлу қажет.

Жоғарыда ұсынылғаннан (тәулігіне 3 рет 120 мг) жоғары дозаларды қабылдау емдік әсерінің күшеюіне әкелмейді.

Препаратты қабылдау дозаны қабылдағаннан кейін 24-48 сағаттан кейін майдың нәжіспен бөлініп шығу мөлшерінің артуына әкеледі. Емді тоқтатқаннан кейін нәжістегі май мөлшері әдетте 48-72 сағат ішінде бастапқы деңгейіне қайта оралады.

Емделушілердің ерекше топтары

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілердің, егде жастағы емделушілердің, сондай-ақ балалардың қатысуымен клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын реакциялар барынша жиі болатын жағымсыз құбылыстар болып табылады.

Төмендегі кестеде көрсетілген жағымсыз реакциялар ағзалар жүйесі (АЖ) және даму жиілігі бойынша көрсетілген. Жағымсыз реакциялар жиілігі төмендегідей классификацияланады: «Өте жиі» (≥ 1/10); «Жиі» ( ≥ 1/100 -ден < 1/10 дейін); «Жиі емес» ( ≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін); «Сирек» (≥ 1/1000000-нан < 1/1000-ға дейін) және «Өте сирек» (< 1/10000), оқшауланған жағдайларды қоса.

Әр жиілік және АЖ аясында жағымсыз реакциялар ауырлықты төмендету тәртібінде ұсынылған.

Жағымсыз әсерлердің келесі кестесі (емдеудің алғашқы жылы) 1 және 2 жылға созылған клиникалық зерттеулерде плацебомен салыстырғанда > 2% жиілікпен және ≥ 1% аурумен болған жағымсыз құбылыстарға негізделген:

Ағзалар жүйесі

Жағымсыз реакция/ жағымсыз құбылыс

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар

Өте жиі:

Бас ауыруы

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан болатын бұзылулар

Өте жиі:

Жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпасы

Жиі:

Төменгі тыныс алу жолдарының жұқпасы

Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар

Өте жиі:

Іштің ауыруы/іштегі жайсыздық

Тік ішектен май тәрізді бөліністер бөлінуі

Кейбір мөлшерде бөлініп шығатын газ

Нәжіске императивтік қысылу

Майлы/май тәрізді нәжіс

Метеоризм

Сұйық нәжіс

Май тәрізді дәрет

Дефекацияның жиілеуі

Жиі:

Ректальді ауыру/жайсыздық

«Жұмсақ» нәжіс

Нәжісті ұстай алмау

Іштің кебуі*

Тістердің зақымдануы

Қызылиектің зақымдануы

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

Жиі:

Несеп жолдарының жұқпасы

Зат алмасу және тамақтану тарапынан болатын бұзылулар

Өте жиі:

Гипогликемия*

Жұқпалар және жұқтыру

Өте жиі:

Тұмау

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі бұзылулар

Жиі:

Қажу

Жыныс мүшелері және сүт безі тарапынан болатын бұзылулар

Жиі:

Етеккір оралымының бұзылуы

Психиканың бұзылуы

Жиі:

Үрейлену

* семіздігі және 2 типтегі диабеті бар емделушілерде плацебомен салыстырғанда > 2% жиілікпен және ≥ 1% анықталумен болған осы ем үшін тек спецификалық жағымсыз құбылыстар.

4 жылдық клиникалық зерттеуде жағымсыз құбылыстарды жіктеудің жалпы сипаты алғашқы жылы орын алып, содан кейін жыл сайын төрт жыл ішінде төмендеген асқазан-ішек құбылыстарының жалпы жиілігімен жүргізілген бір- және екі жылдық зерттеулерде де осындай болған.

Жағымсыз әсерлердің келесі кестесі тіркеуден кейінгі ерікті түрде жасалған есептерге негізделген. Осылайша, олардың жиілігі белгісіз болып қала бермек.

Жүйелі-органды класс

Жағымсыз реакция

Зерттеулер

Бауыр трансаминазалары және сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

Антикоагулянттармен және орлистатпен бір уақытта ем қабылдаған емделушілерде протромбин деңгейінің төмендеуі, ХҚҚ артуы және гемостаз параметрлерінің өзгеруіне әкелетін антикоагулянттармен емнің теңгерімсіздігі белгіленген.

Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар

Ректальді қан кету

Дивертикулит

Панкреатит

Тері және теріасты тіндері тарапынан болатын бұзылулар

Буллезді бөртпе

Иммунитет жүйесі тарапынан болатын бұзылулар

Аса жоғары сезімталдық (мысалы, қышыну, бөртпе, есекжем, ангионевроздық ісіну, бронхтың түйілуі және анафилаксия)

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

Холелитиаз

Гепатит, кейбір жағдайларда ауыр түрде. Өліммен аяқталатын жағдайлар немесе бауыр трансплантациясын қажет ететін жағдайлар туралы хабарламалар түскен.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

Бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін оксалаттық нефропатия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • орлистатқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • созылмалы мальабсорбция синдромы

  • холестаз

  • жүктілік және бала емізуде

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Циклоспорин

Ксеникал препараты мен циклоспоринді бір мезгілде қабылдағанда иммуносупрессиялық әсерінің төмендеуіне әкелетін соңғысының концентрациясы қан плазмасында төмендеуі мүмкін. Ксеникал препаратымен және циклоспоринмен біріктіріп емдеу ұсынылмайды. Бір уақытта тағайындау қажет болғанда қан плазмасында циклоспорин концентрациясын Ксеникал препаратымен емдеген кезде де, оны тоқтатқаннан кейін де қан плазмасында циклоспорин концентрациясының деңгейі тұрақтанғанға дейін барынша жиі анықтау ұсынылады.

Акарбоза

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесу зерттеулері жоқтығына байланысты Ксеникал препаратын акарбозамен бір уақытта тағайындауды болдырмау керек.

Пероральді антикоагулянттар

Ксеникал препаратын варфаринмен немесе басқа да пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қабылдағанда Халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) мәндерін бақылау қажет.

Майлы еритін витаминдер

Ксеникал препаратын қабылдаған кезде A, D, Е және К витаминдерінің сіңірілуі төмендеуі мүмкін. Клиникалық зерттеулер аясында толық 4 жыл бойы орлистатпен ем қабылдаған көптеген емделушілерде A, D, E және K витаминдерінің, сондай-ақ бета-каротин деңгейі қалып шегінде болды. Талапқа сай тамақтануды қамтамасыз ету үшін емделушілерге емдәмге жеміс-жидекті енгізуді ұсыну керек. Бұдан бөлек, жартылай витаминді қоспаларды қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады. Бұл жағдайда витаминдік кешендерді Ксеникал препаратын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей немесе ұйықтар алдында қабылдау керек.

Амиодарон

Дені сау еріктілердің шектеулі санында амиодаронның бір реттік дозасын Ксеникал препаратымен бір мезгілде қабылдағанда амиодаронның плазмалық концентрациясының азғана төмендеуі байқалған. Кейбір жағдайларда бұл әсердің клиникалық маңызы болуы мүмкін. Амиодаронмен қатар жүретін ем қабылдайтын емделушілерде клиникалық жай-күйін мұқият бақылау қажет, сондай-ақ үнемі ЭКГ мониторинг жүргізіп отыру қажет.

Эпилепсияға қарсы препараттармен (вальпроат, ламотригин) біріктіріп Ксеникал препаратымен ем қабылдаған емделушілерде құрысулар дамуы жағдайлары туралы хабарланған, онда өзара әрекеттесудің себепті байланысын жоққа шығаруға болмайды. Құрысу ұстамаларының жиілігі және/немесе ауырлығының жоғарылауын анықтауға мониторинг жүргізу керек.

Емдеу кезінде гипотиреоз симптомдары байқалуы мүмкін және/немесе гипотиреозды емдеуді бақылау нашарлауы мүмкін. Бұл йод тұзы және/немесе левотироксин сіңірілуінің төмендеуімен байланысты болуы мүмкін (механизмі дәлелденбеген).

Антидепрессанттар мен антипсихоздық препараттар (литийді қоса) тиімділігін төмендету туралы жеке хабарламалар бар, бұл бұрын жақсы бақыланған емделушілерді Ксеникал препаратымен емдеудің басталуымен сәйкес келді. Бұл санаттағы емделушілерде препаратты сақтықпен қолдану керек.

Өзара әрекеттесулердің болмауы

Гастроинтестинальді емдік жүйе (ГИЕЖ) түрінде амитриптилинмен, аторвастатинмен, бигуанидтермен, дигоксинмен, фибраттармен, флуоксетинмен, лозартанмен, фенитоинмен, фентерминмен, правастатинмен, нифедепинмен, баяу босап шығатын нифедипинмен, сибутраминмен немесе алкогольмен өзара әрекеттесулер белгіленбеген. Өзара әрекеттесулердің болмауы дәрілік өзара әрекеттесулерге жүргізілген арнайы зерттеулерде көрсетілген.

Пероральді контрацептивтермен және орлистатпен өзара әрекеттесудің болмауы дәрілік өзара әрекеттесулерге жүргізілген арнайы зерттеулерде көрсетілген. Дегенмен, орлистат пероральді контрацептивтердің биожетімділігін жанама түрде төмендетуі мүмкін және кейбір жағдайларда қалаусыз жүктілікке әкелуі мүмкін. Диарея жағдайында қосымша контрацепция әдісін қолдану ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Клиникалық зерттеулерде дене салмағының төмендеуі диабетсіз емделушілерге қарағанда 2 типтегі қант диабеті бар емделушілерде айқын болған. Осы орайда емдеу кезеңінде диабетке қарсы препараттармен емдеу мониторингісін жүргізу қажет болуы мүмкін.

Ксеникал препаратын циклоспоринмен біріктіріп емдеу ұсынылмайды.

Емделушілерге емдәм ұстану ұсынылады («Қолдану тәсілі және дозасы» бөлімін қараңыз).

Егер Ксеникал препаратын жоғары мөлшердегі маймен (май есебінен тағамның тәуліктік калориялығы 30%-дан астам (67 г жуық)) қоректену аясында қабылдаса, АІЖ тарапынан болатын жағымсыз реакциялардың ықтималдығы жоғары болуы мүмкін. Майдың төменгі мөлшері бар емдәмді қолдану АІЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың туындау мүмкіндігін төмендетеді.

Емдеу кезеңінде ректальді қан кету жағдайлары байқалған. Күрделі және/немесе тоқтамайтын қан кету жағдайында себептерін мұқият зерттеу керек.

Ауыр диарея жағдайында пероральді контрацептивтерден бөлек қосымша контрацепция қажет болуы мүмкін.

Антикоагулянттармен емдеу аясында Ксеникал қабылдайтын емделушілерде қан ұюының параметрлерін мониторингілеу керек.

Ксеникал препаратын қабылдау бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін гипероксалурияға және оксалатты нефропатияға әкелуі мүмкін. Бұл қауіп бұрыннан бүйрек ауруы және/немесе дегидратациясы бар емделушілерде артады.

Емдеу кезінде гипотиреоз симптомдары байқалуы мүмкін және/немесе гипотиреозды емдеуді бақылау нашарлауы мүмкін. Бұл йод тұзы және/немесе левотироксин сіңірілуінің төмендеуімен байланысты болуы мүмкін (механизмі дәлелденбеген)

Ксеникал препаратын қабылдау эпилепсияға қарсы препараттарды қабылдайтын емделушілерде құрысуға қарсы препараттардың сіңірілуінің төмендеуіне әкелуі мүмкін және салдарынан құрысулар дамуы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолданылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зейін шоғырландыру қабілетін бұзатын жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкін екенін ескеру керек

Артық дозалануы

Клиникалық зерттеулерде дене салмағы қалыпты адамдарда және семіздікке шалдыққандарда 15 күн бойы тәулігіне 3 рет 800 мг бір реттік дозаларды қабылдау немесе 400 мг препаратты көп дүркін қабылдау айтарлықтай жағымсыз құбылыстардың пайда болуымен қатар жүрген жоқ. Бұдан бөлек, 240 мг орлистатты 6 ай бойы тәулігіне 3 рет семіздікпен науқастарға тағайындау тәжірибесі бар, бірақ бұл жағымсыз құбылыстар жиілігінің расталымды ұлғаюымен қатар жүрген жоқ.

Ксеникал препаратын емдік дозалардан асып кететін дозаларда қабылдаған жағдайда емделушіні 24 сағат бойы қадағалау ұсынылады.

Препарат дозасын арттыру симптомдары ретінде жағымсыз реакциялардың пайда болуы және күшеюі болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Орлистаттың липаза тежегіш қасиеттерімен байланысты кез келген жүйелі әсерлер жылдам қайтымды болуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

PVC/PVDC үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 21 капсуладан салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Рош С.п.А., Италия

Roche S.p.A., Via Morelli 2, 20090 Segrate, Milano, Italy

Тіркеу куәлігінің иесі

Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд, Базель, Швейцария

Қаптаушы

Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд, Кайзераугст, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан тауар сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Рош Казахстан» ЖШС

050000, Алматы, Қонаев к-сі, 77,

«Park View Office Tower» бизнес орталығы, 15 қабат

Тел.: + 7 (727) 321 24 24

Факс: + 7 (727) 321 24 25

e-mail: kz.safety@roche.com, kz.quality@roche.com

 

EMA SmPC (revised 01.08.2014 version)

Прикрепленные файлы

814175301477976583_ru.doc 110.5 кб
713343371477977740_kz.doc 117.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники