Крушины сироп

МНН: Крушины ольховидной кора
Производитель: Луганский химико-фармацевтический завод ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Слабительные препараты, увеличивающие объем кишечного содержимого
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013318
Информация о регистрации в РК: 30.01.2014 - 30.01.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Итшомырт шәрбаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат - 65 мл итшомырт қабығының сығындысы

қосымша зат - қант.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар күңгірт-қоңыр түсті қою сұйықтық. Сақтау үдерісінде шөгінді түзілуіне жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Ішек ішіндегісінің көлемін арттыратын, іш жүргізетін дәрілер.

АТХ коды А06АС

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Қасқыржемісті итшомырт – дәрілік өсімдік. Медициналық мақсат үшін қабығын пайдаланады, өйткені оның құрамында антрагликозидтер, франгулин, гликофрангулин, франгулаэмодин, хризофан қышқылы (құрамындағы антрацен туындылары – 4,5% аз болмайды), сондай-ақ иіткіш заттар, сапониндер, органикалық қышқылдар, эфир майы, қант, алкалоидтар және т.б. бар. Спецификалық жұмсақ әсер ететін іш жүргізгіш әсері бар. Негізгі әсер етуші заты – эмодин және хризофан қышқылы – тоқ ішекте түзіледі және оның интерорецепторларын тітіркендіре отырып жиырылуын күшейтеді және ішектің босауын жылдамдатады. Бұған қоса тоқ ішектен сұйықтықтың сіңуі баяулайды, ол антрагликозидтердің іш жүргізгіш әсеріне ықпал ететін көлемінің арттырылуы мен нәжістің сұйылуын туындатады. Препарат аш ішектің жиырылуына әсер етпейді.

Препараттың іш жүргізгіш әсері баяу дамиды және әдетте әсері қабылдағаннан кейін 8–12 сағаттан соң басталады.

Қолданылуы

- іш қатуында

- ішек атониясында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ұйықтардың алдында ішке тағайындайды. Қолдану алдында шайқау керек.

Ересектерге 1–2 шай қасықтан тағайындайды.

5-тен 12 жасқа дейінгі балаларға ½ шай қасықтан, 12 жастан және одан үлкен балаларға – 1 шай қасықтан тағайындайды.

Препаратты ұзақ уақыт тағайындағанда дағдылану пайда болады, соның салдарынан дозасын арттыру қажет.

Жағымсыз әсерлері

- диспепсиялық құбылыстар

- іштің ауыруы

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- 5 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты тағайындаудың алдында ішек қызметі бұзылысының себебін анықтап алу керек. Препаратты қант диабетімен ауыратын науқастарға тағайындар кезде шәрбаттың бір шай (5 мл) қасығының ішінде 3,25 г қант бар (0,27 НБ сай) екенін ескеру керек.

Қант диабетімен ауыратын науқастарға, бүйрегінің және бауырының паренхиматозды зақымданулары бар науқастарға абайлап тағайындау керек.

Бала емізетін аналарға сақтықпен тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары – іштің шаншуына ұқсас ауыруы, тенезмдер, жайсыздық сезіну

Емі – препарат қабылдауды тоқтату

Арнайы у қайтарғысы жоқ

Шығарылу түрі

Шәрбат құтыларда 100 мл-ден.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Сақтау үдерісінде шөгіндінің түзілуіне жол беріледі.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Луганск химико-фармацевтикалық зауыты" ЖАҚ, 91019, Украина, Луганск қаласы, Киров көшесі, 17

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

"Луганск химико-фармацевтикалық зауыты" ЖАҚ, Украина, Луганск қаласы, Киров көшесі, 17

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Тлеубергенова Г.С. ЖК, 010000, Ақмола облысы, Астана қаласы, Бозінген көшесі, 8 үй

aldokinakbar@mail.ru

Прикрепленные файлы

287065581477976841_ru.doc 40.5 кб
623034371477977997_kz.doc 47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники