Круровит® (100 мг)

МНН: Цилостазол
Производитель: ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ ЗАВОД ЭГИС ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Цилостазол
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121894
Период регистрации: 15.12.2015 - 15.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Круровит®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цилостазол

Дәрілік түрі

50 мг, 100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - цилостазол 50 мг немесе 100 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, кальций кармеллозасы, гипромеллоза 2910, магний стеараты

Сипаттамасы

Ақ немесе дерлік ақ түсті дөңгелек, жайпақ, ойығы бар, бір жағында "Е" әрпі және екінші жағында "601" нөмірі ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар (50 мг дозалау үшін).

Ақ немесе дерлік ақ түсті дөңгелек, жайпақ, ойығы бар, бір жағында "Е" әрпі және "602" нөмірі ойылып жазылған, иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар (100 мг дозалау үшін).

  

Фармакотерапиялық тобы

Антикоагулянттар, тромбоциттер агрегациясының тежегіштері (гепаринді қоспағанда).

Цилостазол.

АТХ коды B01AC23

Фармакологиялық қасиеті

Фармакокинетикасы

Шеткергі қантамырларының ауруларымен пациенттерде цилостазолды 100 мг дозада тәулігіне 2 рет ұдайы қабылдағанда тұрақты жағдайға 4 күннің ішінде қол жетті. Цилостазолдың Cmax және оның негізгі айналымдағы метаболиттерінің мәні дозаның жоғарылауына төмен пропорциональділікпен артады. Әйтсе де цилостазолдың және оның метаболиттерінің AUC мәні шамамен дозаға пропорциональді артады. Цилостазолдың нақты жартылай шығарылу кезеңі 10,5 сағатты құрайды. Препараттың екі негізгі метаболиті – дигидро-цилостазол және 4'-транс-гидрокси-цилостазол бар, олар шамамен бірдей жартылай шығарылу кезеңін иеленеді. Дигидро-метаболит бастапқы қосылысқа қарағанда 4-7 есе жоғары, ал 4'-транс-гидроксиметаболит бастапқы қосылысқа қарағанда 5 есе төмен белсенді антитромбоздық белсенділік иеленген. Дигидро-метаболит және 4`-транс-гидроксиметаболиттің қан плазмасындағы концентрациясы (AUC көмегімен алынған) мысалы цилостазолдың сәйкесінше 41% және 12% концентрациясын құрайды.

Цилостазол негізінен метаболизм жолымен және кейіннен метаболиттердің несеппен экскрецияланумен шығарылады. Препараттың метаболизміне қатысатын негізгі изоферменттер Р-450 цитохром ферменттері, атап айтсақ CYP3A4, төмен дәрежеде CYP2C19 және тағы төмен дәрежеде CYP1A2 болып табылады.

Негізгі шығарылу жолы - несеппен (74%), қалған мөлшері нәжіспен шығарылады. Өзгермеген цилостазолдың аздаған мөлшері несеппен және 2% -дан кем дозасы дигидро-метаболит түрінде шығарылады. Дозаның 30% жуығы несеппен 4'-транс-гидроксиметаболит түрінде шығарылады. Қалған мөлшері организмнен біреуі де организмнен шығарылатын жалпы мөлшерінің 5% аспайтын метаболиттер түрінде шығарылады.

Цилостазол 95-98%-ға ақуыздармен негізінен альбуминмен байланысады.

Дигидро-метаболит және 4'-транс-гидроксиметаболит ақуыздармен сәйкесінше 97,4% және 66%-ға байланысады.

Цилостазолдың бауырдың микросомальных ферменттерінің белсенділігін индукциялайтыны жөнінде деректер жоқ.

Цилостазолдың және оның метаболиттерінің фармакокинетикасы 50-80 жастағы дені сау пациенттерде жасы мен жынысына айтарлықтай тәуелді емес.

Бүйректің қалыпты функциясымен пациенттермен салыстырғанда бүйрек функциясының ауыр бұзылуымен пациенттерде цилостазолдың бос фракциясы 27%-ға жоғары болды, ал Cmax пен AUC мәні сәйкесінше 29% және 39% төмен болды. Дигидро-метаболиттің Cmax және AUC мәндері бүйректің қалыпты функциясымен тұлғалармен салыстырғанда бүйрек функциясының ауыр бұзылуымен пациенттерде сәйкесінше 41% және 47%-ға төмен болды. Cmax және AUC 4'-транс-гидрокси-цилостазолдың мәні бүйрек функциясының ауыр бұзылуымен пациенттерде 173% және 209%-ға жоғары болды. Препаратты креатинин клиренсі ≤ 25 мл/минут пациенттерге тағайындауға болмайды.

Бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуымен пациенттерге қатысты деректер жоқ, сондықтан цилостазолдың бауыр ферменттерімен белсенді метаболизденуін ескеріп, препаратты осындай пациенттерде қолдануға болмайды.

Фармакодинамикасы

Цилостазол тромбоциттер агрегациясының тежегіші болып табылады. Цилостазол, мезгіл-мезгіл ақсақтықтағы абсолютті қашықтық бойынша бағаланатын (немесе максимальді жүру қашықтығында — МЖҚ) және мезгіл-мезгіл ақсақтықтағы жүгіру жолағында тестілеу кезіндегі (немесе ауырусыз жүру қашықтығында — АЖҚ) бастапқы қашықтық бойынша бағаланатын дене жүктемесін көтере алу қабілетін жақсартады. Емнің 24 аптасынан кейін цилостазолды 100 мг в дозада тәулігіне екі рет қабылдағанда МЖҚ аралығының орташа жоғарылауы орташа 60,4-тен 129,1 метрге дейінді құрады, ал АЖҚ аралығының орташа артуы 47,3-тен 93,6 метрге дейінді құрады.

Зерттеулер нәтижесі бойынша әртүрлі жүктемелерде 100 мг цилостазолды тәулігіне екі рет қабылдағанда плацебомен салыстырғанда МЖҚ 42 метрге айтарлықтай абсолютті жақсаруы анықталды. Бұл плацебомен салыстырғанда 100%-ға салыстырмалы жақсаруына сәйкес келеді.

Бұл әсерінің диабетпен зардап шекпейтін тұлғалармен салыстырғанда, қант диабетімен пациенттердегі айқындығы төмен болды. Цилостазол қантамырларын кеңейтетін әсер білдіреді, ол тензометриялық плетизмографияның көмегімен аяқтағы қан ағымын өлшеумен расталды.

Цилостазол тегіс бұлшықеттер жасушаларының пролиферациясын басады және тромбоциттермен өсудің тромбоцитарлық факторының және тромбоциттерде PF-4 босап шығу реакциясын тежейді.

Зерттеулер көрсеткендей, цилостазол тромбоциттер агрегациясының қайтымсыз тежелуін туындатады.

Тежейтін әсері агреганттар қатарына (арахидон қышқылын, коллаген, АДФ және адреналинді қоса) қатысты білінеді; аталған әсер 12 сағатқа дейін сақталады, ал цилостазолды қабылдауды тоқтатқаннан кейін жедел гиперагрегациямен жауаптық әсерінсіз агрегацияның қалпына келуі 48-96 сағат ішінде жүреді.

Цилостазол қабылдайтын пациенттерде препараттың плазманың айналымдағы липидтеріне әсерін бағалау анықталды. Плацебомен салыстырғанда тәулігіне екі рет 100 мг цилостазолмен 12 апта емдеуден кейін триглицеридтер деңгейі (ТГ) 0,33 ммоль/л төмендеді (15%) және ЖТЛП холестерині деңгейі (Хс-ЖТЛП) 0,10 ммоль/л (10%) жоғарылады.

Қолданылуы

- тыныштық жағдайында ауыруды сезбейтін және шеткергі тіндер некрозының белгілері жоқ (Фонтейн бойынша шеткергі артериялардың II сатыдағы аурулары) мезгіл-мезгіл ақсақтықпен пациенттерде ауырусыз жүру қашықтығын арттыру (АЖҚ) үшін

- өмір салтын өзгерту (темекі шегуден бас тартуды және [бақыланатын] дене жаттығуларының бағдарламасын қоса) және басқа да сәйкес араласымдар мезгіл-мезгіл ақсақтық симптомдарының жеткілікті жақсаруына әкелмеген пациенттерде екінші желі емі ретінде

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Круровитті ас қабылдағанға дейін 30 минут бұрын ертеңгісін және кешке қарай қабылдау керек. Цилостазолды аспен бірге қабылдау цилостазолдың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясын (Cmax) жоғарылатуы мүмкін, ол өз кезегінде жағымсыз әсерлер қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Цилостазолдың ұсынылған дозасы тәулігіне 2 рет 100 мг құрайды.

Круровитпен емді мезгіл-мезгіл ақсақтықты емдеуде тәжірибесі бар дәрігерлер тағайындауы керек.

Дәрігер Круровитті тоқтату мақсатында 3 ай емдегенннен кейін қажет әсер немесе симптомдарының жақсаруы болмаған жағдайда пациентті қайта қарап тексеруі керек.

Круровит қабылдайтын пациенттерге жүрек-қантамырлық құбылыстардың даму қаупін азайту үшін өмір салтын өзгерту (темекі шегуден және дене жаттығуларынан бас тарту) және фармакологиялық араласымды жалғастыру керек (мысалы, липидті төмендететін антитромбоцитарлық дәрілерді қабылдау). Цилостазол емнің аталған түрлерін алмастырмайды.

Тәулігіне екі рет 50 мг дейін дозаны төмендету CYP3A4 күшті тежегіштері болып табылатын дәрілік заттарды мысалы, кейбір макролидті препараттар, азолдар тобынан зеңге қарсы дәрілер, протеаза тежегіштері немесе CYP2C19 күшті тежегіштері болып табылатын дәрілік заттар, мысалы, омепразолды қабылдайтын пациенттерге тағайындалған.

Егде жастағы пациенттер

Пациенттердің осы категориясы үшін дозаны түзетуде қажеттілік жоқ

Балалар мен жасөспірімдер

Препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректердің болмауына байланысты балаларға тағайындауға болмайды

Бүйрек функциясының бұзылуы

Креатинин клиренсі > 25 мл/минут пациенттерде дозасын түзету талап етілмейді. Креатинин клиренсі ≤ 25 мл/минут пациенттерге препарат қарсы көрсетілімде.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр ауруларының жеңіл түрлерімен пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуымен пациенттерге қатысты деректер жоқ. Цилостазол бауыр ферменттерімен белсенді метаболизденетіндіктен ол бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуымен пациенттерге қарсы көрсетілімде.

 

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥ 1/10)

-бас ауыруы

-диарея, нәжістің бұзылуы

Жиі (> 1/100-ден <1/10 дейін)

-экхимоз

-ісінулер (шеткергі, беттің), анорексия

-бас айналуы

-жүректің қатты қағуы, тахикардия, стенокардия, аритмия, қарыншалық экстрасистолия

-ринит, фарингит

-жүрек айнуы, құсу, диспепсия, метеоризм, іштің ауыруы

-бөрту, қышыну

-кеуде қуысының ауыруы, астения

Жиі емес (> 1/1 000-ден <1/100дейін)

-анемия

-аллергиялық реакция

-гипергликемия, қант диабеті

-үрейлі мазасыздық, ұйқысыздық, әдеттегіден тыс түстер көру

- миокард инфарктісі, жүрекше фибрилляциясы, іркілген жүрек жеткіліксіздігі, қарынша үстілік тахикардия, қарыншалық тахикардия, естен тану

-көзге қан құйылуы, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектік қан кету, этиологиясы анықталмаған қан кету, ортостатикалық гипотензия

-ентігу, пневмония, жөтел

-гастрит

-миалгия

-бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы

-қалтырау, дімкәстану

Сирек (> 1/10 000 <1/1 000 дейін)

- ұзақ уақыт қан кету, тромбоцитемия

Белгісіз (жиілігін бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)

  - қан кетулерге бейімдік, тромбоцитопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, лейкопения, панцитопения, апластикалық анемия

-парез, гипоэстезия

-конъюнктивит

-құлақтағы шуыл

- ысыну, гипертензия, гипотензия, миға қан құйылу, өкпеден қан кету, бұлшықеттен қан кету, тыныс жолдарынан қан кету, тері астында қанталау

- интерстициальді пневмония

- гепатит, бауыр функциясының бұзылуы, сарғаю

- экзема, тері бөртпесі, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, есекжем

- гематурия, поллакиурия

- қызба, ауыру

-несеп қышқылының жоғары деңгейі, қандағы мочевина деңгейінің жоғары деңгейі, қандағы креатинин деңгейінің жоғары деңгейі

Тіркеуден кейінгі кезеңде байқалған реакциялар жағдайының жиілігі белгісіз деп (бар деректер негізінде бағалауға болмайды) саналады.

Жүректің қатты қағуы және шеткергі ісінулер жағдайлары жиілігінің артуы цилостазолды рефлекторлы тахикардияны туындататын басқа да вазодилататорлармен мысалы, кальций өзекшесінің дигидропиридинді блокаторларымен біріктіріп қолданғанда байқалды.

Цилостазол қабылдаған ≥ 3% пациентте емді тоқтатуды талап ететін жалғыз жағымсыз әсері бас ауыруы болды. Емді тоқтатудың басқа да кең таралған себептері жүректің қатты қағуы мен диареяны (ол 1,1% жиілікте кездесті) қамтыды.

Цилостазол өздігінен қан кетудің жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін, және осы қаупі препаратты осындай әсер көрсететін кез келген басқа дәрілік затпен бір мезгілде қолданғанда жоғарылауы мүмкін.

Көзішілік қан кету қаупі қант диабетімен пациенттерде жоғары болуы мүмкін.

70 жастан асқан пациенттерде диарея мен күшті жүрек қағуы жағдайларының жоғары жиілігі байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді затына немесе қосымша заттарының кез-келгеніне жоғары сезімталдық

- бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 25 мл/мин)

- бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы

- іркілген жүрек жеткіліксіздігі

- қан кетулерге кез келген белгілі бейімділік (мысалы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының белсенді түрі, жуық арада өткерген (6 ай ішінде) геморрагиялық инсульт, пролиферативті диабеттік ретинопатия, нашар бақыланатын гипертензия)

- қарыншалық тахикардия, қарыншалық фибрилляция немесе сыртартқысында QT аралығының ұзаруымен тиімді немесе тиімсіз бақыланатын қарыншалық мультифокальді эктопия

- сыртартқысында ауыр тахиаритмия

- екі немесе одан да көп қосымша антитромбоцитарлық дәрілерді немесе антикоагулянтты (мысалы, ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел, гепарин, варфарин, аценокумарол, дабигатран, ривароксабан немесе апиксабан) бір мезгілде қолдану

- тұрақсыз стенокардия, миокард инфарктісі немесе сыртартқысында коронарлық араласым (соңғы 6 ай ішінде)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тромбоциттер агрегациясының тежегіштері

Цилостазол антитромбоцитарлық белсенділікпен ФДЭ III тежегіші болып табылады. Оны дені сау тұлғаларда 150 мг дозада тәулігіне екі рет 5 күн бойы қолдану, қан кету уақытының ұзаруына әкелген жоқ.

Ацетилсалицил қышқылы(АСҚ)

АСҚ цилостазолмен қысқа мерзім ішінде бір мезгілде қолдану (4 күнге дейін) монотерапия ретінде қолданылған АСҚ салыстырғанда АДФ-индукцияланған тромбоциттер агрегациясының тежелуінің 23-25%-дық жоғарылауына әкелді.

Цилостазол мен АСҚ қабылдайтын пациенттерде плацебо және АСҚ баламалы дозасын қабылдаған пациенттермен салыстырғанда геморрагиялық жағымсыз құбылыстардың жиілігінің артуының ешқандай белгілері байқалған жоқ.

Клопидогрел және басқа антиагрегантты дәрілер

Цилостазолды клопидогрелмен бір мезгілде қолдану тромбоциттер мөлшеріне, протромбиндік уақытқа (ПУ) және белсенділендірілген ішінара тромбопластинді уақытқа (б ІТУ) әсер еткен жоқ. Барлық дені сау зерттеуге қатысушыларда клопидогрелді монотерапия ретінде қабылдағанда қан кету уақытының ұзаруы байқалды, және оны цилостазолмен бір мезгілде қабылдау қан кету уақытына айтарлықтай қосымша әсер білдірген жоқ. Цилостазолды тромбоциттер агрегациясын тежейтін кез келген препаратпен бір мезгілде қолданғанда сақтық шараларын сақтау керек. Қан кету уақытын мезгіл-мезгіл мониторингілеу мүмкіндігін қарастыру керек. Қосымша екі немесе бірнеше антитромбоцитарлық/антикоагулянты дәрілерді қабылдайтын пациенттерді цилостазолмен емдеу қарсы көрсетілімде.

CASTLE зерттеуі барысында клопидогрелді, АСҚ және цилостазолды бір мезгілде қолданғанда қан кету жағдайының жоғары жиілігі байқалды.

Варфарин секілді пероральді антикоагулянттар

Бір рет қабылдағанда цилостазол варфариннің метаболизмін бәсеңдеткен жоқ және қан ұю параметрлеріне әсер еткен жоқ (ПУ, б ІТУ, қан кету ұзақтығы). Әйтсе де, цилостазолды кез-келген антикоагуляциялық препараттармен қабылдайтын пациенттерде сақтық шараларын сақтау және қан кетудің пайда болу мүмкіндігін барынша азайту үшін әлсін-әлсін мониторинг жүргізу ұсынылады.

Қосымша екі немесе бірнеше антитромбоцитарлық/антикоагулянтты дәрілерді қабылдайтын пациенттерді цилостазолмен емдеу қарсы көрсетілімде.

Р-450 цитохром тежегіштері (CYP)

Цилостазол CYP цитохрома жүйесі ферменттерімен әсіресе CYP3A4 және CYP2C19 және аз дәрежеде CYP1A2 қарқынды метаболизденеді. Тромбоциттердің агрегациясын цилостазолға қарағанда 4-7 есе белсенді тежейтін дигидро-метаболит, CYP3A4 қатысуымен түзілуі мүмкін.

4`-транс-гидроксиметаболиттің белсенділігі цилостазолға қарағанда 5 есе төменірек, CYP2C19 қатысуымен түзіледі деп болжамданады.

Cондықтан CYP3A4 белсенділігін тежейтін препараттар (мысалы, кейбір макролидтер, азолдар тобынан зеңге қарсы дәрілер, протеаза тежегіштері) немесе CYP2C19 (протонды сорғы тежегіштері) жалпы фармакологиялық белсенділікті жоғарылатады және цилостазолдың жағымсыз әсерін әлеуетті күшейтуі мүмкін. Осылайша, бір мезгілде CYP3A4 немесе CYP2C19 күшті тежегіштерін қабылдайтын пациенттерге арналған ұсынылған дозасы, тәулігіне екі рет 50 мг құрайды.

Цилостазолды эритромицинмен (CYP3A4 тежегішімен) қабылдау цилостазолдың AUC мәнінің 72%-ға жоғарылауына әкелді, ол дигидро-метаболит AUC 6%-ға жоғарылауымен, 4`-транс-гидроксиметаболит AUC 119%-ға жоғарылауымен қатар жүрді. AUC мәнін ескеріп цилостазолдың жалпы фармакологиялық белсенділігі эритромицинмен бір мезгілде қабылдағанда 34%-ға жоғарылады. Осы деректер негізінде цилостазолдың ұсынылған дозасы эритромицинмен және осыған ұқсас дәрілермен (мысалы, кларитромицинмен) бір мезгілде қабылдағанда тәулігіне 2 рет 50 мг құрайды.

Кетоконазолды цилостазолмен бір мезгілде қолдану (CYP3A4 тежегіші) цилостазолдың AUC 117%-ға жоғарылауына әкелді, ол өз кезегінде дигидро-метаболит AUC 15%-ға төмендеуімен және 4`-транс-гидроксиметаболит AUC 87%-ға жоғарылауымен қатар жүрді. AUC мәнін ескеріп цилостазолдың жалпы фармакологиялық белсенділігі кетоконазолмен бір мезгілде қабылдағанда 35%-ға жоғарылады.

Осы деректер негізінде цилостазолдың ұсынылған дозасы кетоконазолмен және осыған ұқсас дәрілермен (мысалы, итраконазолмен) бір мезгілде қабылдағанда тәулігіне екі рет 50 мг құрайды.

Цилостазолді дилтиаземмен (CYP3A4 әлсіз тежегішімен) қолдану цилостазол AUC 44%-ға жоғарылауына әкеледі, дигидро-метаболит AUC 4%-ға жоғарылауымен және 4`-транс-гидроксиметаболит AUC 43%-ға жоғарылауымен қатар жүрді. AUC мәнін ескеріп, цилостазолдың жалпы фармакологиялық белсенділігі дилтиаземмен бір мезгілде қолданғанда 19%-ға жоғарылайды. Осы деректерді негізге алсақ, дозаны түзету талап етілмейді.

100 мг цилостазолды 240 мл грейпфрут шырынымен (CYP3A4 ішек тежегішімен) бір рет қабылдау цилостазолдың фармакокинетикасына айтарлықтай әсер білдірген жоқ. Осыған байланысты, дозасын түзету талап етілмейді. Әйтсе де, грейпфрут шырынының көп мөлшерін қабылдау цилостазолдың фармакокинетикасына клиникалық мәні бар әсер білдіруі мүмкін.

Цилостазолді омепразолмен (CYP3A4 тежегішімен) қолдану цилостазол AUC 22%-ға жоғарылауына әкеледі, дигидро-метаболит AUC 68%-ға жоғарылауымен және 4`-транс-гидроксиметаболит AUC 36%-ға төмендеуімен қатар жүрді.

AUC мәнін ескеріп, цилостазолдың жалпы фармакологиялық белсенділігі омепразолмен бір мезгілде қолданғанда 47%-ға жоғарылайды. Осы деректер негізінде, цилостазолдың ұсынылған дозасы омепразолмен бір мезгілде қабылдағанда тәулігіне екі рет 50 мг құрады.

Р-450 цитохрома ферменттерінің субстраттары

Цилостазол ловастатиннің (CYP3A4 сезімтал субстраты) және оның β-гидроксиқышқылының AUC 70%-ға жоғарылатты.

Цилостазолды тар емдік индексімен CYP3A4 субстраттарымен (мысалы, цисаприд, галофантрин, пимозид, қастауыш туындылары) бір мезгілде сақтықпен қолдану ұсынылады.

Цилостазолды CYP3A4 цитохрома ферманттері, мысалы симвастатинмен, аторвастатинмен және ловастатинмен метаболизденетін статиндермен бір мезгілде қолданған жағдайда сақтық шараларын сақтау керек.

Р-450 цитохрома ферменттерінің индукторлары

CYP3A4 және CYP2C19 индукторларының (карбамазепин, фенитоин, рифампицин және шайқурай секілді) цилостазолдың фармакокинетикасына әсері зерттелген жоқ. Цилостазолды CYP3A4 және CYP2C19 индукторларымен бір мезгілде қолданғанда мұқият бақылау керек, іс жүзінде антиагрегантты әсерінің өзгеру мүмкіндігі бар.

Клиникалық зерттеулерде темекі шегу (CYP1A2 ферментінің белсенділігін индукциялайтын) цилостазолдың плазмадағы концентрациясының 18%-ға төмендеуіне әкелді.

Басқа да күшті өзара әрекеттесулер

Цилостазолды артериялық қысымды төмендетуге қабілетті кез келген басқа дәрімен бір мезгілде қолданғанда, рефлекторлы тахикардиямен қатар жүретін аддитивті гипотензивті әсердің даму мүмкіндігіне байланысты сақтық шараларын сақтау керек.

Айрықша нұсқаулар

Цилостазолмен емдеу мүмкіндігін реваскуляризация секілді басқа да нұсқаларымен мұқият бағалау керек.

Өзінің әсер ету механизміне қарай цилостазол тахикардияны, жүрек қағуын, тахиаритмияны және/немесе гипотензияны туындатуы мүмкін. Цилостазолмен астасқан жүрек қағуы жиілігінің артуы, минутына шамамен 5-тен 7 соғуға дейінді құрайды; сондықтан осы құбылыстардың қаупімен пациенттерде препарат стенокардияны туындатуы мүмкін.

Жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы нәтижесінде, жүрек тарапынан елеулі жағымсыз құбылыстардың жоғары қаупіне бейім болуы мүмкін пациенттерді мысалы, жүректің тұрақты ишемиялық ауруымен пациенттерді цилостазолмен емдеу кезінде мұқият бақылау керек; тұрақты емес стенокардияны немесе миокард инфарктісін/коронарлық араласымды соңғы 6 ай ішінде өткерген немесе сыртартқысында ауыр тахиаритмиямен пациенттерге цилостазол қарсы көрсетілімде екенін ескеру керек.

Цилостазолды жүрекшелік немесе қарыншалық эктопиямен және жүрекшенің фибрилляциясы және дірілдеуімен пациенттерге тағайындағанда сақтық шараларын сақтау керек.

Пациенттерді кез келген емдеу кезінде байқалатын қан кету эпизодтары немесе ішінара қанталаулар, көгерулердің түзілуі болған жағдайда хабарлау керектігін ескерту керек.

Тор қабыққа қан құйылған жағдайда цилостазолды қабылдауды тоқтату керек.

Цилостазол антиагрегантты әсерге ие болуына байланысты, хирургиялық араласыммен бірге (тісті жұлу секілді аздаған инвазивті араласымдарды қоса) препаратпен емдеуде қан кету қаупі артуы мүмкін. Егер пациентті жоспарлы операция күтіп тұрса, және антиагрегантты әсері қажет деп саналмаса, цилостазолды қабылдау операцияға дейін 5 күн бұрын тоқтатылуы керек.

Гематологиялық бұзылыстардың өте сирек жағдайлары туралы хабарланды, оның ішінде тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз, панцитопения және апластикалық анемия. Цилостазолмен емдеуді тоқтатқаннан кейін көптеген пациенттердің жағдайы қалыпқа келді. Әйтсе де кейбір жағдайларда панцитопения және апластикалық анемия өлім жағдайына әкелді.

Қан кету эпизодтары мен жиі қанталаулардың түзілуі туралы хабардан басқа, пациенттерді мысалы, гипертермия және тамақтың ауыруы секілді қандағы патологиялық өзгерістердің ерте білінетін кез келген белгілері туралы дереу хабарлау керектігін ескерту керек.

Инфекцияға немесе қандағы патологиялық өзгерістердің басқа клиникалық белгілерінің барына күдіктенген кезде қанның жалпы талдауын жүргізу керек. Гематологиялық бұзылыстардың клиникалық немесе зертханалық белгілері болғанда цилостазолмен емдеуді дереу тоқтату керек.

Күшті CYP3A4 және CYP2C19 тежегіштерін қабылдаған пациенттерде цилостазолдың плазмадағы деңгейінің жоғарылауы байқалды. Осындай жағдайларда цилостазолдың ұсынылған дозасы тәулігіне екі рет 50 мг құрайды.

Цилостазолды артериялық қысымды төмендетуге қабілетті кез келген басқа дәрімен бір мезгілде қолданғанда рефлекторлық тахикардиямен қатар жүретін аддитивті гипотензивті әсерінің даму мүмкіндігіне байланысты сақтық шараларын сақтау керек.

Цилостазолды тромбоциттер агрегациясын тежейтін кез келген басқа дәрілермен бір мезгілде қолданғанда сақтық шараларын сақтау керек.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Круровит бас айналуын туындатуы мүмкін, сондықтан пациенттерді қөлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқаруда сақтық шараларын сақтау жөнінде ескерту керек.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: қатты бас ауыруы, диарея, тахикардия, жүрек аритмиясы. Адамдарда жедел артық дозалануы туралы деректер жоқ.

Емі: пациенттер бақылауда болуы және демеуші ем алуы керек. Препаратты асқазаннан шығару үшін әрбір нақты жағдайға қарай шаю және құсуды индукциялау керек.

  

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПВДХ үлбірден/алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан салынған. 2 (28 таблетка) немесе 4 (56 таблетка) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ЭГИС ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖАҚ,

1106 БУДАПЕШТ, Керестури к-сі, 30-38 Венгрия

Телефон: (36-1) 803-5555, факс: (36-1) 803-5529

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР өкілдігі

050060, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 34, +7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41,

e-mail: egis@egis.kz

 

Прикрепленные файлы

319160481477976321_ru.doc 97.5 кб
276094781477977566_kz.doc 132 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники