Кримсон 35

МНН: Ципротерон, Этинилэстрадиол
Производитель: Сан Фармасьютикал Индастриес Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ципротерон и эстрогены
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021553
Период регистрации: 03.08.2015 - 03.08.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Кримсон 35

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 2 мг / 0.035 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: ципротерон ацетаты 2.000 мг, этинилэстрадиол 0.035 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, изопропилді спирт, повидон К-30, тальк, магний стеараты

қабықтың құрамы: гипромеллоза, полипропиленгликоль 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), бриллиантты көк лак, тазартылған су

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес, бір жағында сындыру сызығы бар және екінші жағы тегіс көк түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Антиандрогендер. Антиандрогендер және эстрогендер. Ципротерон және эстрогендер

АТХ коды G03HB01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ципротерон ацетаты

Ішу арқылы қабылданған ципротерон ацетаты жылдам және толық сіңеді. Қан сарысуындағы 15 нг/мл тең ең жоғары концентрациясына шамамен 1,6 сағаттан кейін жетеді. Биожетімділігі 88% жуықты құрайды.

Ципротерон ацетаты сарысулық альбуминмен толық дерлік байланысады. Ципротерон ацетатының жалпы сарысулық деңгейінің тек 3,5-4,0% бос түрде болады. Этинилэстрадиолмен индукцияланған жыныс гормондарын байланыстыратын глобулин (ЖГБГ) деңгейінің жоғарылауы ципротерон ацетатының қан сарысуындағы ақуыздармен байланысуына әсер етпейді.

Ципротерон ацетатының болжамды таралу көлемі шамамен 986±437 л тең. Ципротерон ацетаты толық дерлік метаболизденеді. Адамның қан плазмасындағы басты метаболиты цитохром P450 жүйесінің CYP 3A4 ферменті қатысуымен түзілетін 15ß-гидроксильді туындылары болып табылады. Қан сарысуынан клиренс жылдамдығы шамамен 3,6 мл/мин/кг құрайды.

Қан сарысуындағы ципротерон ацетататының құрамы екі фазалы төмендеуге ұшырайды, 2,3-3,3 күн және 0,8 сағатқа жуық жартылай шығарылу кезеңімен сипатталады. Ципротерон ацетаты ішінара өзгермеген түрде шығарылады. Ципротерон ацетатының метаболиті несеппен және өтпен 1:2 арақатынасында 43,2 сағатқа жуық жартылай шығарылу кезеңімен шығарылады. Ципротерон ацетатының фармакокинетикасына қан сарысуындағы ЖГБГ деңгейі әсер етпейді. Препаратты күн сайын қабылдау нәтижесінде сарысудағы зат құрамының деңгейі шамамен 2,5 есе артады, ал тепе-теңдік концентрациясына курстың екінші жартысында қол жеткізіледі.

Этинилэстрадиол

Этинилэстрадиолды ішке қабылдағаннан кейін жылдам және толық сіңіріледі. Қан сарысуындағы шамамен 71 пг/мл тең ең жоғары концентрациясына 1 сағат 40 минут ішінде қол жетеді. Сіңу және бауыр арқылы бірінші пассаж уақытында этинилэстрадиол экстенсивті метаболизденеді, соның нәтижесінде оның ішке қабылдағандағы биожетімділігі орташа 45% жуықты құрайды, және бұл арада 20-65% шегінде елеулі жеке айырмашылықтар бары анықталды.

Этинилэстрадиол іс жүзінде толық (98%), спецификалық болмаса да, альбуминмен байланысады. Этинилэстрадиол ЖГБГ синтезін индукциялайды. Этинилэстрадиолдың болжамды таралу көлемі 2,8-8,6 л/кг тең. Этинилэстрадиол жіңішке ішектің шырышты қабығында және бауырда жүйеалдылық конъюгациялануға ұшырайды. Этинилэстрадиол біріншіден хош иісті гидроксилдену жолымен метаболизденеді, бұл арада бос метаболиттер түрінде берілген гидроксилденген және метилденген әртүрлі метаболиттер, сондай-ақ глюкуронды және күкірт қышқылымен конъюгаттар түрінде түзіледі.

Этинилэстрадиолдың метаболизмдік клиренсінің жылдамдығы 2,3-ден 7,0 мл/мин/кг дейін ауытқиды. Қан сарысуындағы этинилэстрадиол құрамы тиісінше 1 сағатқа және 10-20 сағатқа жуық жартылай шығарылу кезеңімен сипатталатын екі фазалы төмендеуге ұшырайды. Организмнен өзгермеген түрде шығарылмайды. Этинилэстрадиол метаболиттері бүйрекпен және бауырмен 4:6 арақатынасында 24 сағатқа жуық жартылай шығарылу кезеңімен шығарылады. Қан сарысуындағы препарат деңгейі бір реттік дозамен салыстырғанда 60%-ға жоғары болғанда, тепе-тең концентрациясына шамамен ем циклының екінші жартысында қол жеткізіледі.

Фармакодинамикасы

Май бездерінен және шаш фолликуласынан тұратын майлы-шаш кешені терінің андроген-сезімтал компоненті болып табылады. Акне, себоррея, гирсутизм және андрогенетикалық алопеция терінің осы компоненті тарапынан болған бұзылулардың клиникалық білінулері болып табылады, ол андрогендерге жоғары сезімталдық немесе плазманың андроген деңгейлерінің жоғарылығы әсерінен туындауы мүмкін. Кримсон 35 екі белсенді заты да гиперандрогенияда оның оң әсеріне ықпал етеді.

Кримсон 35 құрамындағы ципротерон ацетаты андрогенді рецепторлардың бәсекелес антагонисі болып табылады, нысана жасушаларда андрогендер синтезіне тежегіш әсері бар және антигонадотропты әсеріне орай қандағы андрогендер концентрациясының төмендеуіне ықпал етеді.

Ципротерон ацетаты сондай-ақ әйел организмінде де өндірілетін андрогендерге әсерді тежейді. Осылайша, андрогендер түзілуі жоғарылауымен немесе осы гормондарға сезімталдығы артуымен шартталған ауруларды емдеу мүмкін болады.

Препараттың антигонадотроптың әсері ЖГБГ синтезін жоғарылататын этинилэстрадиолмен күшейеді, бұл қандағы андрогеннің бос биологиялық белсенді деңгейінің азаюына ықпал етеді.

Кримсон 35 емдеу – әдетте 3-4 ай емнен кейін – бұрыннан бар болған акне бөртпелерінің жазылуына алып келеді. Шаш пен терінің шамадан тыс майлылығы, әдетте одан ерте жойылады. Сондай-ақ себореямен жиі қатар жүретін шаш түсуі азаяды. Алайда, гирсутизмнің жеңіл түрінен, атап айтқанда бетті аздаған түк басуы артуынан зардап шегуші әйелдерде нәтиже тек қабылдаудың бірнеше айынан кейін ғана көрінеді.

Кримсон 35 препаратының контрацептивтік әсері өзара бірін-бірі толықтыратын механизмдер арқылы жүзеге асырылады, олардың ішінде ең маңыздысы овуляция бәсеңдеуі және цервикальді секрет қасиеттерінің өзгеруі болып табылады, соның нәтижесінде ол сперматозоидтарды өткізбейтін болады.

Контрацептивтік әсерінен басқа, эстроген және гестаген біріктірілімі оң әсер етеді, туып көбеюді бақылаудың әдісін таңдауда осыны ескеру керек. Етеккір оралымы жүйеленеді, ауырып келетін етеккір оралымы сирек байқалады, қан кетудің қарқындылығы азаяды, соның нәтижесінде темір тапшылығы анемиясы даму қаупі төмендейді.

Қолданылуы

- ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердегі акненің орташа және ауыр андрогенге тәуелді түрлерін (себореясыз немесе себореямен қатар жүретін) және/немесе гирсутизмді емдеуде

Акнені емдеу үшін Кримсон 35 препаратын тек жергілікті емдеу немесе жүйелік антибиотиктермен емдеу тиімді болмаған жағдайларда ғана қолдану керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолдану тәсілі

Ішке қабылдауға арналған. Кримсон 35 препараты сондай-ақ гормональді контрацептив болып табылады, сондықтан емделушілерге Кримсон 35 препаратын басқа гормональді контрацептивтермен біріктірілімде қолдануға болмайды.

Кримсон 35 препаратын қажетті емдік тиімділікке және талап етілетін контрацептивтік қорғанышқа жету үшін ұдайы қабылдау керек. Бұрын қабылданған гормональді контрацептивтерді қабылдауды тоқтату керек. Кримсон 35 қабылдау режимі басқа да көптеген біріктірілген ішке қабылдауға арналған контрацептивтердің қабылдау режиміне ұқсас, сондықтан қабылдау бойынша жалпы нұсқауды басшылыққа алу керек. Кримсон 35 жүйесіз қабылдау етеккір оралымы аралығындағы қан кетулерге алып келуі мүмкін және препараттың емдік және контрацептивтік әсерін нашарлатуы мүмкін.

Кримсон 35 препаратын қаптамасында көрсетілген ретпен, әр күні шамамен бір ғана уақытта судың аздаған мөлшерімен қабылдау керек. 21 күн бойы тәулігіне бір рет бір таблеткадан қабылдайды, етеккір оралымының бірінші күнінен бастап (етеккір оралымының бірінші күні 1 күн болып саналады). Әрбір келесі қаптаманы қабылдауды бастау алдыңғы курсты аяқтаған соң 7 күндік үзілістен кейін басталады, ол уақытта тоқтатудың қан кетуі байқалады (етеккірге ұқсас қан кету). Ол әдетте соңғы таблетканы қабылдағаннан кейінгі 2-3 күнінде басталады және жаңа қаптаманы бастағанға дейін аяқталмауы мүмкін. Кримсон 35 препаратының контрацептивтік әсерін осылайша пайдалану жоспарланғанда жоғарыда келтірілген нұсқаулықты қатаң бақылау маңызды. Егер үзіліс кезінде қан кету болмаса, жүктілік мүмкіндігін келесі курсты бастағанша жоққа шығару керек.

Пероральді контрацептивтерді қолданудан Кримсон 35 қолдануға ауысқанда төменде келтірілген нұсқаулықты сақтаңыз.

Пероральді контрацептивтерді 21 күндік біріктірілген қолданудан ауысу:

Кримсон 35 препаратын шамамен алдыңғы қаптаманың құрамында гормоны бар соңғы таблеткаларын қабылдағаннан кейін келесі күні бастау керек, бірақ әдеттегі қабылдаудың 7 күндік үзілісінен кейінгі келесі күнінен ешқандай кеш болмауы тиіс (құрамында 21 драже бар препараттар үшін).

Біріктірілген күнделікті контрацептивті қолданудан ауысқанда (28 күнге таблеткалар):

Кримсон 35 препаратын қабылдау күнделікті контрацепцияға арналған қаптамадағы соңғы таблетканы қабылдаудан кейін басталады. Кримсон 35 бірінші таблеткасын келесі күні қабылдау керек.

Құрамында тек прогестоген бар таблетканы қолданудан ауысу:

Кримсон 35 препаратының бірінші таблеткасын қан кетудің бірінші күні, егер тіпті сол күні құрамында тек прогестоген бар таблетка қабылданып қойса да, қабылдау керек. Құрамында тек прогестоген бар таблеткалардың қалғанын тастау керек.

Босанудан және аборттан кейін қолданылуы:

Жүктілік аяқталғаннан кейін Кримсон 35 препаратын босанудан кейін 21 күннен соң қолдануды бастауға болады, бұл тек егер емделуші әйелде босанудан кейінгі асқынулар болмаса ғана мүмкін. Таблетка қабылдаудың бастапқы 7 күні ішінде контрацепциямен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар талап етіледі. Босанудан кейінгі бірінші овуляция бірінші қан кетудің алды болуы мүмкіндігінен босану мен емнің бірінші курсы арасында контрацепцияның басқа әдісі пайдаланылады. Кримсон 35 емделуде бала емізуге болмайды. Егер аборт бірінші триместрдің кезінде жасалса, Кримсон 35 еміне бірден кірісуге болады, және бұл жағдайда контрацепциямен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар талап етілмейді. Егер аборт жүктіліктің екінші триместрінде жасалса

Әйелге препарат қабылдауды бастау жүктіліктің екінші триместрінде аборттан кейін 21-28 күні ұсынылуы тиіс. Егер қабылдау кешірек басталса, драже қабылдаудың алғашқы 7 күннің ішінде контрацепцияның қосымша бөгеу әдісін пайдалану керек. Алайда егер әйел Кримсон 35 қабылдауды бастағанға дейін жыныстық қатынаста болса, жүктіліктің бар-жоғы анықталуы тиіс немесе бірінші етеккір оралымын күту керек.

Қолдану ұзақтығы

Кримсон 35 препаратын қабылдаудың ұзақтығы аурудың ауырлығымен және емнің тиімділігімен анықталады. Әдетте, емді бірнеше ай бойына жүргізу керек. Ауру симптомдары жеңілдегенге дейінгі мерзім үш айдан кем емес уақытты құрайды. Акне және себореяны емдеуде әсері әдетте гирсутизмді емдеуге қарағанда ерте басталады. Емді жалғастыру қажеттігі емдеуші дәрігермен мезгіл-мезгіл бағалануы тиіс.

Қосымша контрацепцияны талап етуші ерекше жағдайлар

Дұрыс қолданбау: Бір таблетканы қабылдауды кешіктірген жағдайында, оны мүмкіндігінше тез қабылдау керек; егер ол 12 сағат ішінде қабылданса, дәрілік заттың контрацептивтік әсері сақталады. Кешігуі ұзағырақ болған жағдайда контрацепциямен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар керек. Өткізіп алған таблеткалардың тек соңғысы ғана қабылданады, қалғанын қабылдамайды, және келесі 7 таблетканы бір мезгілде қабылдауда келесі 7 күн бойына қосымша контрацепцияның гормональді емес әдісі пайдаланылады (контрацепцияның күнтізбелік және температуралық әдісін қоспағанда). Бұдан басқа, егер таблетка қабылдауды өткізіп алу соңғы 7 күн ішінде болса, таблетканың келесі қаптамасын қабылдауды бастар алдында үзіліс жасамауы керек. Бұндай жағдайда, тоқтатудың қан кетуі таблетканың екінші қаптамасын қабылдаудың аяғында ғана күтіледі.

Таблетка қабылдау кезінде етеккір аралығындағы қан кетулері болуы мүмкін, бірақ бұл клиникалық елеулі болып табылмайды. Егер емделушіде таблетканың екінші қаптамасын қабылдаудан кейін тоқтатудың қан кетуі байқалмаса, таблетканың келесі қаптамасын қабылдауды бастағанға дейін жүктіліктің бар-жоғы анықталуы тиіс.

Асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары:

Құсу және диарея пероральді контрацептивтердің тиімділігін азайтуы мүмкін, өйткені олардың толық сіңуіне кедергі келтіреді. Пайдаланылған қаптамадан таблетка қабылдауды жалғастыру керек. АІЖ бұзылыстары кезінде және АІЖ бұзылыстарынан кейін 7 күн ішінде қосымша контрацепцияның гормональді емес әдісі пайдаланылады (контрацепцияның күнтізбелік және температуралық әдісін қоспағанда). Егер осы 7 күн қаптама аяқталуымен сәйкес келсе келесі қаптаманы қабылдауға үзіліссіз кірісу керек. Бұндай жағдайда, тоқтатудың қан кетуі таблетканың екінші қаптамасын қабылдаудың аяғында ғана күтіледі. Таблетка қабылдау уақытында етеккір арасындағы қан кетулер болуы мүмкін, бірақ бұл клиникалық елеулі болып табылмайды. Егер емделушіде таблетканың екінші қаптамасын қабылдаудан кейін тоқтатудың қан кетуі байқалмаса, таблетканың келесі қаптамасын бастар алдында жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек. Егер АІЖ бұзылыстары жалғасып жатса, контрацепцияның басқа әдісін қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Балалар және жасөспірімдер

Кримсон 35 препараты тек менархе басталғаннан кейін ғана көрсетілімде.

Егде жастағы емделушілер

Қолдануға болмайды. Кримсон 35 препаратын менопауза басталған әйелдерге қолдануға көрсетілімде жоқ.

Бауыр тарапынан бұзылуы бар емделушілер

Кримсон 35 препараты ауыр бауыр аурулары бар әйелдерге бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа келгенше қарсы көрсетілімде.

Бүйрек тарапынан бұзылуы бар емделушілер

Кримсон 35 препараты бүйрек ауруы бар емделушілерде арнайы зерттелмеген. Қолда бар деректер бұндай емделушілерде емді өзгертуді болжамайды.

Жағымсыз әсерлері

Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдайтын әйелдерде төмендегі жағымсыз әсерлер сипатталған:

Органдар жүйесінің класы

Клиникалық зерттеулерге сәйкес қолайсыз дәрілік реакциялар

Тіркеуден кейінгі кезеңдегі қолайсыз реакциялар

Жиі (≥ 1/100)

Жиі емес (≥ 1/1000, <1/100)

Сирек (≥ 1/10 000, <1/1000)

Көру органдары тарапынан бұзылулар

   

Жанаспалы линзалардың жағымсыздығы

 

АІЖ тарапынан бұзылулар

Жүрек айнуы, іштің ауыруы

Құсу, диарея

   

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

   

Аса жоғары сезімталдық

Тұқым қуалайтын Квинке ісінуінің асқынуы

Тексеру

Салмақтың жоғарылауы

 

Салмақ төмендеуі

 

Метаболизм және қоректену бұзылыстары

 

Сұйықтық іркілісі

 

Гипертриглицеридемия

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Бас ауыруы

Бас сақинасы

 

Хорея асқынуы

АІЖ тарапынан бұзылулар

     

Крон ауруы, ойық жаралы колит

Гепатобилиарлық жүйе тарапынан бұзылулар

     

Бауыр функциясының бұзылуы

Психикалық бұзылыстар

Депрессиялық көңіл-күй, көңіл-күй өзгерулері

Либидо төмендеуі

Либидо жоғарылауы

 

Жыныс органдары және сүт бездері тарапынан бұзылулар

сүт бездерінің ауырсынулары және ширығулары

сүт бездерінің ұлғаюы

Қынаптық бөліністер, сүт бездерінің бөліністері

Етеккір бөліністері-нің азаюы, қанды бөліністер, етеккір арасындағы қан кетулер және тоқтату кезеңіндегі қан кетудің болмауы, таблетка қабылдаған-нан кейінгі аменорея

     

 

 

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

 

Бөртпе, есекжем

Түйінді эритема, полиморфты эритема

Хлоазма

Тамыр аурулары

   

Тромбоэмболия

 

Біріктірілген пероральді контрацептивтер пайдаланатын әйелдерде төмендегі күрделі жағымсыз әсерлер туралы мәлімделді:

- көктамырлық тромбоэмболиялық бұзылулар

- артериялық тромбоэмболиялық бұзылулар

- цереброваскулярлық бұзылулар

- артериялық гипертензия

- гипертриглицеридемия

- глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы немесе инсулинге резистенттіліктің шеткергі әсері

- бауыр ісігі (қатерсіз және қатерлі)

- бауыр функциясының бұзылуы

- хлоазма

- тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдердегі аурудың симптомдарының экзогенді эстрогендер әсерінен өршуі немесе асқынуы

- біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдауға байланысы анықталмаған төмендегі жай-күйлердің пайда болуы немесе нашарлауы: холестазға байланысты сарғаю және/немесе қышыну; өт қалтасында тас түзілуі; порфирия; жүйелік қызыл жегі; гемолизистік уремиялық синдром; Сиденгам хореясы; жүктілердегі герпес; отосклерозға байланысты естімей қалу, Крон ауруы және спецификалық емес ойық жаралы колит, жатыр мойнының обыры

Сүт бездерінің обыры диагнозының жиілігі оральді контрацептивтер қабылдаушы әйелдер арасында біршама жоғары. Сүт бездерінің обыры 40 жастан кіші жастағы әйелдерде сирек байқалатындықтан, диагноз санының артуы бұл аурудың жалпы даму қаупімен салыстырғанда елеусіз болып табылады. Оның біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдаумен байланысы анықталмаған.

Жүктілік және алдыңғы БКП немесе ципротерон және этинилэстрадиол таблеткаларын қабылдау кезіндегі үдейтін аурулар:

Холестазға байланысты сарғаю және/немесе қышыну; өт қалтасында тас түзілуі; жүйелік қызыл жегі; герпес; отосклерозға байланысты естімей қалу; орақ-жасушалы анемия; бүйрек функциясы бұзылуы; тұқым қуалайтын Квинке ісінуі; порфирия; жатыр мойнының обыры.

Ципротерон және этинилэстрадиол таблеткаларын қабылдайтын әйелдерде глюкоза жағымдылығындағы өзгерістер және инсулинге резистенттіліктің шеткергі әсері тіркелген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Құрамында эстроген/гестагендер біріктірілімі бар препараттар төменде аталған жай-күйлердің қандай да біреулері болғанда пайдаланылмауы тиіс. Егер осы жай-күйлердің қандай да біреулері қабылдау аясында бірінші рет дамыса, препарат дереу тоқтатылуы тиіс.

- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- осы уақыттағы немесе сыртартқысындағы (мысалы, терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, миокард инфарктісі, цереброваскулярлық бұзылулар) тромбоздар/тромбоэмболиялар (көктамырлық және артериялық)

- осы уақыттағы немесе сыртартқысындағы тромбоз алдындағы жай-күй (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуылдар, стенокардия)

- мысалы, белсендірілген С протеиніне резистенттілік, антитромбин III тапшылығы, С протеині тапшылығы, S протеині тапшылығы, гипергомоцистеинемия және антифосфолипидтік синдром (антикардиолипиндік антидене, жегілік антикоагулянт) сияқты көктамырлық немесе артериялық тромбоз дамуының жоғары қаупі

- инсульт алған

- сыртартқысындағы ошақтық неврологиялық симптомдары бар бас сақинасы

- тамырлық асқынулары бар қант диабеті

- ауыр түрдегі гипертониялық ауру

- ауыр түрдегі дислипопротеинемиялар

- бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа келгенге дейінгі бауыр ауруының ауыр түрі (мысалы, вирусты белсенді гепатит және бауыр циррозының ауыр түрі)

- осы уақыттағы немесе сыртартқысындағы бауыр ісігі (қатерсіз немесе қатерлі)

- анықталған гормонға тәуелді қатерлі аурулар (мысалы,

жыныс ағзаларының немесе сүт бездерінің ) немесе оларға күдік болуы

- ґенезі түсініксіз қынаптан қан кету

- басқа гормональді контрацептивтермен бірге қолдану

- жүктілік немесе оған күдік болуы

- лактация кезеңі

Кримсон 35 еркектерде қолданылмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кримсон 35 препаратына басқа препараттардың әсері

Бауыр ферменттерінің индукторлары

Бауыр ферменттерін индукциялайтын дәрілік заттар (әсіресе цитохром Р450 3А4) ұрықтануға қарсы стероидтардың метаболизмін күшейтеді, бұл жыныс гормондарының клиренсі артуына ықпал етуі мүмкін және лақылдап қан кетулерге және/немесе препараттың контрацептивтік әсерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Төмендегі дәрілік заттардың біріктірілген пероральді контрацептивтермен (БПК) және Кримсон 35 сияқты эстроген/прогестоген біріктірілімімен клиникалық елеулі өзара әрекеттесулері болатыны анықталды:

Антиретровирустық препараттар

  • Ритонавир

  • Нельфинавир

  • Невирапин.

Құрысуға қарсы препараттар

  • Барбитураттар (фенобарбиталды қоса)

  • Примидон

  • Фенитоин

  • Карбамазепин

  • Окскарбазепин

  • Топирамат.

Антибиотиктер/зеңге қарсы препараттар

  • Гризеофульвин

  • Рифампицин.

Өсімдік текті дәрілік заттар

  • Шайқурай (шілтерлі шайқурай)

Бауыр ферменттерінің индукторларымен өзара әрекеттесулерін басқару

Бұл дәрілік заттардың қандай да біреулерімен қысқа мерзімдік ем қабылдап жүрген әйелдер біріктірілген пероральді контрацептивтерге қосымша бөгеу әдісін уақытша пайдалануы немесе контрацепцияның басқа әдісін таңдауы тиіс. Бөгеу әдісі дәрілік заттарды Кримсон 35 бірге қолдану барысында және оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 28 күн ішінде қолданылады. Егер бөгеу әдісін пайдалану кезеңі таблетка қаптамасы аяқталғаннан кейін жалғасатын болса, үзіліс жасамай жаңа қаптаманы бастау керек. Бұндай жағдайда тоқтатудың қан кетуі тек таблетканың екінші қаптамасын қабылдаудың аяғында күтіледі. Егер емделушіде таблетканың екінші қаптамасын қабылдаудан кейінгі тоқтатудың қан кетулері байқалмаса, таблетканың келесі қаптамасын қабылдауды бастағанға дейін жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек.

Бауыр ферменттерінің индукторларымен ұзақ уақыттық ем өтіп жүрген әйелдер контрацепцияның басқа әдісін пайдалануы тиіс.

Кримсон 35 клиренсіне әртүрлі әсері бар заттар, мысалы:

Кримсон 35 препаратымен бірге қолданғанда АИВ-протеазаның көптеген тежегіштері және С гепатиті вирусының протеазасы және кері транскриптазаның нуклеозидты емес тежегіштері қан плазмасындағы эстроген және прогестиннің концентрациясын ұлғайтуы немесе азайтуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бұл өзгерістер клиникалық елеулі болуы мүмкін.

Басқа дәрілік заттарға әсері

Пероральді контрацептивтер және Кримсон 35 сияқты эстроген/прогестоген біріктірілімі кейбір басқа дәрілік заттардың метаболизміне әсер етуі мүмкін. Тиісінше, қан плазмасындағы және тіндердегі концентрациясы ұлғаюы (мысалы, циклоспорин) немесе азаюы (мысалы, ламотриджин) мүмкін.

Зертханалық талдаулар

Пероральді контрацептивтерді қолдану бауырдың, қалқанша бездің биохимиялық параметрлерін, бүйрек және бүйрек үсті безі функциясын, тасымалдаушы ақуыздардың және қан плазмасындағы липидтер/липопротеиндердің деңгейін, көмірсу алмасу параметрлерін және коагуляция және фибринолиз параметрлерін қоса, кейбір зертханалық талдаулардың нәтижесіне әсер етуі мүмкін. Өзгерістер әдетте қалыпты мәндер шегінен шықпайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты контрацептивтік мақсатта қолдануға болмайды.

Кримсон 35 овуляцияға кедергі келтіріп, және осылайша ұрықтануды болдырмайтындықтан, негізгі ауруы бойынша осы препаратты қабылдайтын емделушілер қосымша гормональді ұрықтануға қарсы дәрілер пайдаланбауы тиіс (гормондардың шамадан тыс мол дозасын қабылдауды болдырмас үшін). Осы себепті препаратты жүкті болғысы келетін әйелдерге қолдануға болмайды. Кримсон 35 препаратының құрамында прогестаген ципротерон ацетаты және эстроген этинилэстрадиол бар, және ол айлық оралымның 21 күні бойына қолданылады. Препарат құрамы басқа біріктірілген оральді контрацептивтерге ұқсас.

Медициналық зерттеулер

Әйелдің пероральді контрацептивтерді (одан әрі қарай мерзім сайын) қабылдауды бастар алдындағы жай-күйін бағалауға әйелдің өзінің және оның отбасының сыртартқысы қосылады. Осы деректерді, қарсы көрсетілімді және алдын ала сақтандыруларды ескере отырып медициналық тексеру жүргізіледі. Бұндай тексерулердің жиілігі және сипаты тиісті нұсқаулыққа сәйкес анықталады және әрбір әйелдің талабына сәйкес бейімделеді, алайда оларға артериялық қысымды өлшеу және, егер оны емдеуші дәрігер қажет деп тапса, кеудені тексеру, іш қуысы ағзаларын және жатыр мойнынан жағынды алуды қоса, гинекологиялық тексерулер жатады.

Емдеуді бастар алдында жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек.

Егер ол патологиялық жай-күйдің бірінші себебі болса, диагностикаланбаған қынаптық қан кетулерді зерттеу керек.

Қолдану ұзақтығы

Симптомдарды жою үшін ең кемі үш ай керек. Емдеуші дәрігер емді жалғастыру қажеттігін мезгіл-мезгіл бағалауы тиіс.

Кримсон 35 АИТВ жұқпадан (ЖИТС) және басқа да жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан қорғамайтынынан әйелдер хабардар болуы тиіс.

Дәрігердің міндетті түрде бақылауын талап ететін аурулар

Төменде келтірілген аурулардың/қауіп факторларының қандай да бірі болған жағдайда Кримсон 35 қолданудың артықшылығы мен әр әйел үшін болуы мүмкін қауіпті таразылау керек және бұны ол әйелмен Кримсон 35 препаратымен ем бастауды шешкенге дейін талқылау керек. Асқынудың, қайталанудың немесе аталған аурулардың немесе қауіп факторларының қандай да бірі бірінші пайда болған жағдайда әйел өз дәрігерімен байланысуы керек. Содан соң дәрігер Кримсон 35 препаратымен емді үзу керегі немесе керек емесі туралы шешім қабылдауы тиіс.

  • Жеңіл жүретін тамырлық аурулары бар немесе асқынбаған нефропатиясы, ретинопатиясы және нейропатиясы бар қант диабеті

  • Бақыланатын артериялық гипертензия, яғни систолалық қысым 140-тан 159 мм сын. бағ. дейінгі және 90-нан 94 мм сын. бағ. дейінгі диастолалық қысым

  • Порфирия

  • Клиникалық депрессия

  • Семіздік

  • Бас сақинасы

  • Жүрек-қан тамыр аурулары

  • Хлоазма

Депрессиясы бар немесе сыртартқысындағы қандай да бір басқа жоғарыда аталған аурулары бар емделушілер Кримсон 35 препаратымен емделу кезінде дәрігер бақылауында болуы тиіс.

Кримсон 35 препаратымен емделудің дереу тоқтатылуының себептері

Егер пероральді контрацептивтерді қабылдау тоқтатылса, қажет болған жағдайда контрацепциямен қамтамасыз ету үшін гормональді емес контрацептивтерді пайдалану керек.

  • Бас сақинасы сияқты бас ауруларының пайда болуы немесе асқынуы немесе әдеттегідей емес жиі және күшті бас ауырулары.

  • Көрудің, естудің кенеттен бұзылуы немесе қабылдаудың басқа да бұзылулары.

  • Тромбоздың және тромбтар түзілуінің бірінші белгілері (мысалы, аяқтың үйреншікті емес ауырулары немесе аяқтың (-тардың) ісінулері, тыныс алғанда /дем шығарғандағы шаншып ауырулар және белгілі себепсіз жөтел. Кеуденің ауыруы және қысуы.

  • Жоспарлы ауқымды операциялық (мысалы, іш қуысы ағзаларындағы операциялар, ортопедиялық операция) араласулардың, аяққа жасалатын кез келген операциялар, көктамырдың варикозды кеңеюін емдеу немесе мысалы, жазатайым жағдайлардан кейінгі немесе операциялар алдында алты апта бұрынғы ұзақ иммобилизация. Қозғалу қабілеті толық қалпына келгеннен кейін 2 апта өтпей емді жаңғыртуға болмайды. Әдетте шұғыл операциялық араласулар жағдайында, мысалы гепаринді тері астына енгізу жолымен тромбоздың алдын алу жүргізіледі.

  • Сарғаюдың, гепатиттің, тұла-бойдың дененің түгел қышынуының басталуы.

  • Артериялық қысымның елеулі артуы.

  • Депрессияның ауыр түрінің басталуы.

  • Іш қуысының жоғарғы бөлігінің қатты ауыруы немесе бауыр көлемінің ұлғаюы.

  • Гормональді контрацепция немесе жүктілік уақытында үдеуі болжанған аурулардың елеулі асқынуы.

  • Жүктілік дереу тоқтатудың себебі болып табылады.

    Жүрек-тамырлар жүйесінің аурулары

    Кримсон 35 қолданғанда осы препаратпен ем болмаған жағдайдағы қауіппен салыстырғанда көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ) даму қаупі артады. Зерттеулер нәтижелері біріктірілген пероральді контрацептивтер қолдану мен миокард инфарктісі, терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы және цереброваскулярлық бұзылулар сияқты көктамырлық және артериялық тромбоздар және тромбоэмболиялық үдерістер даму қаупінің жоғарылауының арасында өзара байланыс барын көрсетеді. Бұл аурулар сирек анықталады.

    Көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ) даму қаупі оральді контрацептивтерді бірінші жыл қабылдағанда ең жоғары болады. Қаупінің жоғарылығы біріктірілген пероральді контрацептивтерді алғашқы рет пайдаланудан кейін немесе бір ғана түрін жаңғыртып немесе әртүрлі біріктірілген пероральді контрацептивтерді (препаратты 4 апта немесе одан көп қабылдау арасындағы үзілістен кейін) пайдалануда болады.

    Эпидемиологиялық зерттеулер КТЭ туындау жиілігі Кримсон 35 қабылдаған адамдарда құрамында левоноргестрел бар біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдағандарға қарағанда 1,5-2 есе жоғары екенін, және дәл осындайды құрамында дезогестрел/гестоден/дроспиренон бар біріктірілген пероральді контрацептивтерді қолданғанда болатынын көрсетті.

    Емделушілердің 3 тобы қатысқан қөлемді проспектілі зерттеулердің деректері бұндай жоғары қауіптің көбіне алғашқы 3 ай ішінде болатынын көрсетті.

    Эстроген дозасы төмен (50 мкг аз этинилэстрадиол) пероральді контрацептивтерді қабылдаушы емделушілерде көктамырлық тромбоэмболияның жалпы қаупі жүктілік болмағанда оларды пайдаланбайтын әйелдердегіге қарағанда 2-3 есе жоғары, дегенмен бұл қауіп жүктіліктегі және босанудағы көктамырлық тромбоэмболияның қаупімен салыстырғанда төмендеу болып қала береді.

    Көктамырлық тромбоэмболия өмірге қауіпті болуы немесе 1-2% жағдайларда өліммен аяқталуға алып келуі мүмкін.

    Терең көктамырлар тромбозы және/немесе өкпе артериясының эмболиясы ретінде білінетін көктамырлық тромбоэмболия кез келген біріктірілген пероральді контрацептивтерді пайдаланғанда болуы мүмкін.

    Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдаған әйелдерде басқа да қан тамырларының, мысалы бауырлық, мезентериальдік, бүйректік, церебральді артериялар және көктамырлардың, сондай-ақ торқабық тамырларының тромбозының аса сирек жағдайлары сипатталған.

    Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдаудың және осы жағдайлардың туындауы арасындағы байланысқа қатысты бірыңғай пікір жоқ.

    Терең көктамырлар тромбозының симптомдарына мыналар жатады: аяқтағы бір жақты немесе аяқтың көктамырын бойлай ісіну, тек тік тұрған қалыпта немесе жүргендегі аяқтың ауыруы немесе жайсыздануы, зақымданған аяқ-қолдың температурасының оқшауланған жоғарылауы, аяқтың тері жабынының қызаруы немесе түсінің өзгеруі.

    Өкпе артериясы тромбоэмболиясының симптомдары төмендегіше болады: кенеттен түсініксіз ентігудің немесе жиілеген тыныс алудың басталуы, қан түкірумен қатар жүруі мүмкін кенеттен болған жөтелдің өршуі, терең тыныс алғанда күшеюі мүмкін кеудедегі жедел ауырулар, үрейлену сезімі, қатты бас айналуы; жиілеген немесе жүйелі емес жүрек қағуы. Осы симптомдардың кейбіреулері (мысалы, «ентігу» және «жөтел») спецификалық емес және осыған байланысты жиірек және ауырлығы аз бұзылулардың белгілері ретінде қате түсіндірілуі мүмкін (мысалы, тыныс жолдарының жұқпасы).

    Артериялық тромбоэмболияға цереброваскулярлық бұзылулар, тамырлар окклюзиясы немесе миокард инфарктісі жатуы мүмкін.

    Цереброваскулярлық бұзылулар симптомдары кенеттен болатын әлсіздік немесе беттің, аяқ-қолдың ұюы, аяқтағы әдеттен тыс бір жақты ауыру және/немесе аяқтың ісінуі; әсіресе дененің бір жағы, кенеттен сананың шатасуы, сөйлеудің бұзылуы немесе қабылдау қиындықтары; кенеттен болатын бір немесе екі көздің көруінің нашарлауы, кенеттен толық немесе ішінара көрмей қалу; диплопия; кенеттен жүріс бұзылуы, бас айналуы, тепе-теңдікті немесе қозғалыс координациясын жоғалту, әлсіздік немесе қатты білінетін ұйып қалу, кенеттен бір жағын немесе дененің бір бөлігін зақымдайтын; моторлы функция бұзылуы; көзге көрінетін себепсіз кенеттен ауыр немесе ұзақ бас ауыруы, естен тану немесе ұстамалары бар немесе онсыз естен тану болуы мүмкін. Тамырлар окклюзиясының басқа белгілері сондай-ақ кенеттен болатын ауыру, ісіну немесе аяқ-қолдың әлсіз көгеруі, «іштеспе» симптомдары болуы мүмкін.

    Миокард инфарктісінің симптомдарына мыналар жатады: оның сол жақ қолға берілуіне байланыссыз кеуденің кенеттен қатты ауыруы; кенеттен болатын ентігу; кенеттен болатын жөтел ұстамасы; жайсыздық, қысым, ауырлық, кеуденің қысу немесе кернеу сезімі, қолдың немесе көкірек ортасының, жайсыздық сезімінің арқаға, бет сүйегі, көмекей, қол, асқазанға иррадиациялануы, асқазандағы толып тұру немесе кернеу сезімі, тұншығу сезімі, суық тер, жүрек айнуы, құсу немесе бас айналуы, қатты әлсіздік, үрейлену сезімі, ентігу, жиілеген немесе жүректің жүйесіз соғуы.

    Артериялық тромбоэмболиялық үдерістер өмірге қауіпті болуы мүмкін немесе өліммен аяқталуға алып келуі мүмкін.

    Бірнеше қауіп факторының біріктірілімі немесе қауіп факторының біреуінің айқындығы жоғарырақ әйелдерде тромбоздың синергиялық қаупі жоғарылығының ықтималдығын ескеру керек. Кримсон 35 қабылдайтын адамдар тобына мысалы аналық бездің поликистозды синдромына байланысты жүрек-қан тамырлар ауруларының даму қаупінің жоғарылығы бар емделушілер кіруі мүмкін.

    • Көктамырлық тромбоэмболия даму қаупі мыналарға байланысты ұлғаяды:

    • Егде жасқа;

    • Шылым шегуге (егде жастағы құмар шылымқорлар, әсіресе 35 жастан асқан әйелдер жағдайында қауіп одан да көп арта түседі. 35 жастан асқан әйелдерге, егер олар Кримсон 35 препаратын қолданғысы келсе, шылым шекпеу қатаң ұсынылады);

    • Генетикалық бейімділігі болуына (яғни туған бауырында немесе апа-сіңлісінде немесе салыстырмалы түрде жасырақ жастағы ата-анасында көктамырлық тромбоэмболия бар болуы). Егер генетикалық бейімділігі барлығы болжанса, әйел қандай да бір гормональді контрацептивтер қабылдауды шешер алдында маманнан кеңес алуы тиіс;

    • Ұзақ қозғалмағанда, ауқымды операцияда, аяқтағы операцияда, ауыр жарақатта. Бұндай жағдайларда бұл препаратты қабылдауды тоқтату ұсынылады (жоспарлы операция жағдайында – ең болмаса оның алдында төрт апта бұрын) және оны қабылдауды қозғалу қабілеті толық қалпына келгеннен кейін екі апта өтпей тұрып жаңғыртпау. Егер Кримсон 35 препаратын қабылдау алдын ала тоқтатылмаса, антитромбоздық емнің мүмкіндігін қарастыру керек.

    • Семіздікпен (дене салмағының индексі 30 кг/м2астам).

    Көктамырлық тромбоэмболия дамуында көктамырлардың варикоздық кеңеюі және беткейлік тромбофлебиттің болжамды рөліне қатысты біржақты пікір жоқ.

    • Артериялық тромбоэмболияның асқынулары және ми қан айналымының жедел бұзылуының даму қаупі мыналарға байланысты артады:

    • Егде жаспен;

    • Шылым шегуге (егде жастағы құмар шылымқорлар, әсіресе 35 жастан асқан әйелдер жағдайында қауіп одан да көп арта түседі. 35 жастан асқан әйелдерге, егер олар Кримсон 35 препаратын қолданғысы келсе, шылым шекпеу қатаң ұсынылады);

    • Дислипопротеинемиясымен;

    • Семіздікпен (дене салмағының индексі 30 кг/м2астам);

    • Гипертензиясымен;

    • Бас сақинасымен;

    • Жүрек клапанының ақауымен;

    • Жүрекше фибрилляциясымен;

    • Гендік тұрғыдағы бейімділікпен (яғни туған бауырында немесе апа-сіңлісінде немесе салыстырмалы түрде жасырақ жастағы ата-анасының біреуінде көктамырлық тромбоэмболия бар болуы). Егер генетикалық бейімділігі барлығы болжанса, әйел қандай да бір гормональді контрацептивтер қабылдауды шешер алдында маманнан кеңес алуы тиіс.

    Қан айналымы жүйесі тарапынан болатын жағымсыз құбылыстарға байланысты болатын басқа да ауруларға қант диабеті, жүйелік қызыл жегі, гемолизистік уремиялық синдром, ішектің созылмалы қабыну аурулары (мысалы, Крон ауруы немесе ойық жаралы колит) және орақ-жасушалы анемия жатады.

    Босанғаннан кейінгі кезеңде тромбоэмболия даму қаупін ескеру керек (жүктілік және бала емізу туралы ақпарат алу үшін 4.6 бөлімін қараңыз).

    Кримсон 35 қабылдау уақытында бас сақинасының жиілігінің артуы немесе қарқындылығының ұлғаюы (бұл бастапқы симптом немесе ми қан айналымының бұзылуы болуы мүмкін) Кримсон 35 препаратымен емдеуді дереу тоқтатудың себебі болуы мүмкін.

    Кримсон 35 қабылдайтын әйелдерге тромбоз симптомдары туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен байланысу қажеттігін ерекше ескерту керек. Болжамды немесе расталған тромбоз жағдайында Кримсон 35 қабылдауды тоқтату керек. Антикоагулянттық емнің тератогенділігіне байланысты (кумариндер) контрацепцияның сәйкес келетін әдісін пайдалану керек.

    • Қан айналымы бұзылуын туындататын басқа да факторлар

    Безеуді немесе гирсутизмнің жеткілікті түрде ауыр түрін емдеу аясында Кримсон 35 қабылдайтын адамдар тобына ана безінің поликистозды синдромына байланысты, мысалы, жүрек-қантамыр аурулары дамуының жоғары қаупі бар емделушілер қосылуы мүмкін.

    Көктамырлық және артериялық тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған тромбозға бейімділікке көрсететін биохимиялық факторларға белсендірген С протеиніне, антитромбин III тапшылығына, С протеині тапшылығына, S протеині тапшылығына, гипергомоцистеинемияға және антифосфолипидті синдромға (антикардиолипинді антидене, жегілік антикоагулянт) резистенттілік қоса жатады.

    Препаратты қолданудың қаупі мен пайдасын таразылай отырып, емдеуші дәрігер ауруды талапқа сай емдеудің тромбозға байланысты қаупін азайту мүмкіндігін және жүктілікке байланысты қауіптің біріктірілген пероральді контрацептивтер және Кримсон 35 препаратын қолдануға байланысты қауіптен артық екенін ескеруі керек.

    Гипертриглицеридемиясы бар әйелдерде (немесе отбасылық сыртартқысында осы жай-күйдің болуы) біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдау кезінде панкреатит даму қаупі жоғарылауы мүмкін.

    Артериялық қысымның аздап жоғарылауы біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдаған көптеген әйелдерде сипатталса да, клиникалық елеулі жоғарылауы сирек анықталды. Дегенмен егер біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдау уақытында артериялық қысымның тұрақты, клиникалық елеулі жоғарылауы дамыса, бұл препараттарды тоқтату және артериялық гипертензияны емдеуді бастау керек. Егер гипотензивтік ем көмегімен артериялық қысымның қалыпты мәніне қол жетсе, біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдау жалғастырылуы мүмкін.

    Жүктілікте бақыланған төмендегі жай-күйлер біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдағанда пайда болуы немесе нашарлауы мүмкін: холестазға байланысты сарғаю және/немесе қышыну; өт қалтасында тас түзілуі; порфирия; жүйелік қызыл жегі; гемолизистік уремиялық синдром; Сиденгам хореясы; жүктілердегі герпес; отосклерозға байланысты естімей қалу. Алайда аталған жай-күйлер дамуы мен біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдау арасындағы өзара байланыс дәлелденбеген.

    Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдердегі осы аурудың симптомдарының экзогенді эстрогендер әсерінен өршуі немесе асқынуы мүмкін.

    Бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылуы болғанда бауыр функциясы көрсеткіштері қалыпқа келгенше біріктірілген пероральді контрацептивтер пайдалануды тоқтату мәселесін шешу керек. Жүктілік кезінде немесе алдында жыныс гормондарын қабылдағанда бірінші рет дамитын қайталанатын холестаздық сараю дамығанда біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдауды тоқтату керек.

    Біріктірілген пероральді контрацептивтер инсулинге резистенттілікке және глюкозаға толеранттылыққа әсер етуі мүмкін болса да, төмен дозаланған біріктірілген пероральді контрацептивтер (<0,05 мг этинилэстрадиол) пайдаланатын қант диабеті бар науқастарда емдік режимді өзгерту қажеттігі жоқ. Дегенмен, қант диабеті бар әйелдер біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдау кезінде мұқият бақылануы тиіс.

    Біріктірілген пероральді контрацептивтер қолдану аясында Крон ауруы және спецификалық ойық жаралы колит ауруы көріністері байқалды.

    Біріктірілген пероральді контрацептивтер қабылдау кезінде хлоазмаға бейімі бар әйелдер күн көзінде ұзақ болудан және ультракүлгін сәулелену әсерінен аулақ болу керек.

    Егер гирсутизмнен зардап шегетін әйелдерде симптомдар жуырда дамыса немесе елеулі күшейсе, андроген өндіретін ісік, бүйрек үсті бездерінің туа біткен дисфункциясы сияқты дифференциалдық диагноз жүргізуде басқа себептерді ескеру керек.

    Ісіктер

    Басқа да көптеген стероидтар сияқты Кримсон 35 препаратының оларды үлкен дозаларда енгізгенде жануарлардың өмірінің көп бөлігінде карциноманы қоса, егеуқұйрықтардың бауырында ісік саны артуын туындатқан. Адамдарға қатысты бұл нәтиженің қаншалықты маңызды екені белгісіз.

    Аналық без, эндометрия, жатыр мойны және кеуденің обырының даму қаупін зерттеу үшін көптеген эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілген.

    Біріктірілген пероральді контрацептивтердің жоғары дозасы аналық без және эндометрия обырынан жеткілікті қорғаныш болатынының анық дәлелі бар. Алайда біріктірілген пероральді контрацептивтердің және Кримсон 35 препаратының төмен дозасы осындай қорғаныш бере ме ол белгісіз.

    • Кеуденің обыры

    54 эпидемиологиялық зерттеулердің мета-талдаулары осы уақытта біріктірілген пероральді контрацептивтер пайдаланатын әйелдерде кеуде обыры даму қаупінің қаншалықты үлкен екенін көрсетті (RR=1,24). Қауіп артуының бақыланатын бейнесі біріктірілген пероральді контрацептивтер (БПК) қабылдайтын, БПК биологиялық әсері бар немесе екі фактордың да үйлесуі бар адамдарда кеуде обыры ерте диагностикалануымен байланысты болуы мүмкін. Ешқашан БПК қабылдамаған әйелдермен салыстырғанда, БПК қабылдаған немесе оларды соңғы он жыл ішінде қабылдаған әйелдерде жаңа түзілімдердің кеуде аумағында орналасуы ықтималдылығы көбірек.

    Кеуденің обыры 40 жасқа дейінгі әйелдерде олардың БПК қабылдауына немесе қабылдамауына байланыссыз сирек дамиды. Жасына қарай қауіп артуы аясында осы уақытта БПК қабылдап жүрген немесе жуырда оны қабылдаған әйелдерде диагностикаланған кеуде обырының саны көп жағдайлары кеуде обырының жалпы даму қаупімен салыстырғанда онша көп емес (диаграмманы қараңыз).

    БПК қабылдап жүрген әйелдерде кеуде обырының даму қаупінің маңыздырақ факторы – бұл оның БПК қабылдауды тоқтатқан жасы; жасы үлкен болған сайын кеуде обырының жағдайлары да көп болады. Қолданудың ұзақтығының маңызы аз және БПК қабылдауды тоқтатқаннан кейін 10 жыл бойына жоғары қаупі біртіндеп жойылады, сондықтан 10 жылдан кейін жоғары қаупі байқалмайды.

    Кеуде обырының даму қаупінің болжамды артуын тұтынушымен талдау керек және олардың обырдың кейбір басқа түрлерінен (мысалы, аналық без және эндометрия обыры) жеткілікті қорғанышын қамтамасыз етуінің дәлелін ескере отырып, БПК қабылдаудың пайдасы мен қаупін салмақтау керек.

    Жатыр мойнының обыры

    Жатыр мойнының обыры даму қаупінің маңыздырақ факторы –тұрақты АИТВ жұқпасы. Кейбір эпидемиологиялық зерттеулер БПК ұзақ пайдалану қауіптің жоғарылауына ықпал етуі мүмкіндігін көрсетті, алайда бұл нәтиженің аралас әсерлерге қаншалықты байланыстылығына қатысты бұрынғыша келіспеушіліктер бар, мысалы жатыр мойнын профилактикалық зерттеу және бөгегіш контрацептивтерді пайдалануды қоса, жыныстық қатынастар.

    • Бауыр обыры

    Кримсон 35 препараты құрамындағы сияқты гормональді заттарды қолданғаннан кейін бауырдың қатерсіз ісігі даму жағдайлары өте сирек және бауырдың қатерлі ісігі даму жағдайлары одан да сирек байқалды, бұл жеке дара жағдайларда өмірге қауіп төндіретін ішқуысындағы қан кетулерге алып келді. Егер іш қуысының жоғарғы бөлігінде қатты ауыруларға шағым болса, бауыр үлкейсе немесе өмірге қауіп төндіретін ішқуысындағы қан кетулер симптомдары болса, дифференциалдық диагнозға ауыр ісігін қосу керек.

    Басқа да аурулар

    Кримсон 35 қабылдау уақытында белгілі бір созылмалы аурулардың асқыну мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

    • Гиперлипидемия

    Гипертриглицеридидемиясы бар немесе оған тұқым қуалайтын бейімділігі бар әйелдер БПК немесе Кримсон 35 пайдалана отырып, панкреатиттің үлкен қаупіне ұшырайды.

    Гиперлипидемиясы бар әйелдер артериялық аурулардың дамуының үлкен қаупіне ұшырайды. Алайда БПК немесе Кримсон 35 қабылдайтын әйелдерде алдын алу байқауын жүргізудің қажеттігі жоқ.

    Артериялық қысым

    Гипертензия инсульт және миокард инфарктісінің даму қаупі факторы болып табылады. БПК немесе Кримсон 35 сияқты эстроген/прогестоген біріктірілімін қабылдайтын көптеген әйелдерде артериялық қысымның аздаған артуы тіркелсе де, қысымның клиникалық елеулі жоғарылауы сирек байқалды. Алайда егер Кримсон 35 қолдану уақытында тұрақты гипертензия дамыса, асқынулары жоқ емделушілер үшін гипотензивтік ем әдетте 160/100 мм сын.бағ. қысымда, ал нысана-ағзалары зақымдануы диагностикаланған, жүрек-қан тамыр аурулары, диабет немесе жүрек-қан тамыр аурулары даму қаупі жоғары емделушілер үшін - 140/90 мм сын.бағ. қысымында тағайындалады Кримсон 35 препаратымен емдеуді жалғастыру туралы шешімді артериялық қысым аталған деңгейден төмен болғанда қабылдайды, болмаса контрацепцияның баламалы әдісі ұсынылуы мүмкін.

    • Жүктілік кезінде немесе алдыңғы БПК немесе Кримсон 35 қабылдаудан кейін үдейтін аурулар:

    Төмендегі аурулар туралы олардың жүктілік немесе КПК және Кримсон 35 сияқты эстроген/прогестоген біріктірілімін қабылдау кезінде туындағаны немесе үдей бастағаны туралы мәлімделген. Егер оны қабылдау кезінде төмендегі аурулар байқалса Кримсон 35 қабылдауды тоқтату туралы ойлану керек:

    • Холестазға байланысты сарғаю және/немесе қышыну

    • КПК немесе Кримсон 35 қабылдау өт қалтасында тас түзілу қаупін арттыруы мүмкін және бұрыннан бар аурудың үдеуіне алып келуі мүмкін

    • Жүйелік қызыл жегі

    • Гестациялық герпес

    • Отосклерозға байланысты естімей қалу

    • Орақ жасушалы анемия

    • Бүйрек функциясының бұзылуы

    • Тұқым қуалайтын Квинке ісінуі

    • Жүктілік немесе осының алдындағы КПК немесе Кримсон 35 қолдану кезінде жекелеген әйелдерде анықталған кез келген басқа аурудың үдеуі.

    • Бауыр функциясының бұзылуы

    Бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылуы БПК және Кримсон 35 қолдануды бауыр функциясының маркерлерінің қалыпқа түскенше тоқтатуды талап етуі мүмкін.

    • Диабет (тамырлар зақымдануынсыз)

    Инсулинге тәуелді тамыр аурулары жоқ диабетпен ауыратындар Кримсон 35 қабылдай алады, алайда барлық диабетпен ауыратындарда артериялық аурулар даму қаупі жоғары екенін ескеруі керек, және осыны БПК немесе Кримсон 35 жазып берерде ескеру керек. Бұрыннан тамыр аурулары бар қант диабетімен ауыратын емделушілерге Кримсон 35 қолдануға болмайды.

    КПК және Кримсон 35 сияқты эстроген/прогестоген біріктірілімі шеткергі инсулинге резистенттілікке және глюкоза жағымдылығына әсер етуі мүмкін болса да, оларға БПК төмен дозасын (0,05 мг аз этинилэстрадиол) бере отырып, диабетпен ауыратындарды емдеу режимін өзгерту қажеттігіне айғақ жоқ. Алайда БПК немесе Кримсон 35 қабылдау кезінде диабетпен ауыратын әйелдерді дәрігердің мұқият бақылауы керек.

    • Хлоазма

    Хлоазма кейде әйелдерде пайда болуы мүмкін, әсіресе сыртартқысында хлоазма асқынуы бар жүкті әйелдерде. Хлоазма дамуына бейімі бар әйелдер Кримсон 35 қабылдай жүріп, күн сәулесі әсерінен және ультракүлгін сәулеленуінен аулақ болуы тиіс.

    • Етеккір өзгерістері

    Біріктірілген пероральді контрацептивті қабылдау аясында жүйесіз қан кетулер (жұғынды қан бөліністері немесе лақылдап қан кетулер), әсіресе қолданудың бірінші айларында анықталуы мүмкін. Сондықтан кез келген жүйесіз қан кетулерді бағалау шамамен үш циклды құрайтын бейімделу кезеңінен кейін ғана жүргізілуі тиіс.

    Егер жүйесіз қан кетулер алдыңғы жүйелі циклдардан кейін қайталанса немесе дамыса мұқият зерттеу жүргізу керек, оның ішінде қатерлі жаңа түзілімдер немесе жүктілік жоқтығын растау үшін диагностикалық қырнау да бар.

    Кейбір әйелдерде таблетка қабылдаудың үзілісі кезінде тоқтатудың қан кетулері дамымауы мүмкін. Егер біріктірілген пероральді контрацептивтер нұсқауға сәйкес қабылданса әйелдің жүкті болу ықтималдығы аз. Дегенмен, егер осыған дейін біріктірілген пероральді контрацептивтер ұдайы қабылданбаса немесе егер препарат қабылдауды жалғастырғанға дейін қатарынан тоқтатудың екі қан кетуі болмаса, жаңа қаптаманы қабылдауды бастар алдында жүктілік жоққа шығарылуы тиіс.

    Кейбір әйелдерде, Кримсон 35 препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін аменорея немесе олигоменорея, әсіресе егер олар препарат қабылдауды бастағанға дейін бар болса, басталуы мүмкін. Осы жайлында әйелдер ескертілуі тиіс.

    • Лактоза жақпаушылығы

    Бұл дәрілік заттың әрбір таблеткасының құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі, фруктоза жағымсыздығы және глюкоза-галактоза абсорбциясы бұзылуы бар емделушілер бұл дәрілік затты қабылдауына болмайды.

    Тиімділігінің төмендеуі

    Біріктірілген пероральді контрацептивті препараттардың тиімділігі таблетка қабылдауды өткізіп алғанда, құсуда және диареяда немесе дәрілермен өзара әрекеттесулер нәтижесінде төмендеуі мүмкін.

    Жүктілік және лактация

    Кримсон 35 препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Егер препарат қабылдау кезінде жүктілік анықталса, оны қабылдауды дереу тоқтату керек.

    Жануарларға жүргізілген зерттеулер егер эмбриогенез сатысында ципротерон ацетатын қабылдаса еркек жынысты ұрықтың феминизациясы жүруі мүмкіндігін көрсетті, жүктіліктің 45-ші күнінен кейін әйел Кримсон 35 препаратын қабылдауы салдарынан еркек жынысты ұрықтың феминизациясы жүруі мүмкіндігін ескеру керек. Бұдан жүкті әйелдер Кримсон 35 препаратымен емдеуге абсолютті түрде қарсы көрсетілім болып табылатыны анықталады, және оның ем басталғанға дейін бар-жоғын анықтау керек.

    Кримсон 35 препаратымен емдеу лактация кезінде де қарсы көрсетілімде, өйткені ципротерон ацетаты сүтпен бөлінуі мүмкін, өнетін сүт көлемінің азаюына және оның құрамының өзгеруіне алып келуі мүмкін. Анасының қабылдаған дозасының 0,2% жуығы жаңа туған нәрестенің организміне түсуі мүмкін, бұл тиісінше 1 мкг/кг дозаға жуық. Анасының қабылдаған тәуліктік этинилэстрадиол дозасының 0,02% жаңа туған нәрестенің организміне лактация орныққанда емшек сүтімен түсуі мүмкін.

    Қауіпсіздік туралы клиникаға дейінгі деректер

    Этинилэстрадиол

    Этинилэстрадиолдің уыттылық бейіні жақсы зерттелген. Препараттың медициналық қолдануы бойынша нұсқаулығының басқа бөлімдерінде көрсетілген этинилэстрадиол қауіпсіздігіне қатысты клиникалық қосымша ақпараттар дерегі жоқ.

    Ципротерон ацетаты

    Жүйелік уыттылығы

    Уыттылығының стандартты клиникаға дейінгі зерттеулерінің деректері ципротерон ацетатын көп рет қолданғандағы адам үшін спецификалық қаупі барын көрсетпейді.

    Эмбриоуыттылығы /тератогендігі

    Препараттың екі белсенді затын біріктіргендегі эмбриоуыттылығының зерттеулері сыртқы жыныс ағзалары дамығанға дейін органогенез сатысында тератогендік әсері болуын көрсетпейді. Жыныс ағзаларының дифференциациясының гормон сезімталдық фазасында ципротерон ацетатын жоғары дозаларда қабылдау еркек жынысты ұрықтарда әйел жынысы белгілерінің пайда болуына алып келеді.

    Гендік уыттылығы және канцерогенділігі

    Ципротерон ацетатының гендік уыттылығына стандартты негізгі тестердің нәтижелері теріс болды. Алайда қосымша сынақтардың нәтижелері ципротерон ацетатының ДНҚ-мен аддукт түзуге қабілетті екенін, бұл егеуқұйрықтар мен маймылдардың бауыр жасушаларында, сондай-ақ адамның жаңа оқшауланған гепатоциттерінде ДНҚ репарациясы артуына алып келетінін көрсетті, бұл арада ДНҚ-мен аддуктердің деңгейі иттің бауыр жасушаларында аса төмен болды.

    ДНҚ-мен аддукт түзілуі ципротерон ацетатының ұсынылған дозалануында шамамен болжанған жүйелік өзара әрекеттесулерде дамыған. Егеуқұйрықтардың ұрғашысында ципротерон ацетатын in vivo енгізгенде жасушалық ферменттер өзгеруі бар пренеопластиктік болуы да мүмкін, фокальді ошақтар жиілігі артқаны байқалды, және мутация үшін нысана ретінде бактериялық ген тасушы трансгендік тышқандарда мутация жиілігі артқаны байқалған.

    Препаратты клиникалық қолдану уақытында және эпидемиологиялық зерттеулерде адам бауырының ісігі даму жиілігі артқаны анықталмады. Кеміргіштердегі зерттеулерде препараттың канцерогендік қасиеттері анықталмады. Дегенмен жыныстық стероидтардың кейбір гормонға тәуелді ісіктер мен тіндердің өсуін стимуляциялауы мүмкіндігін ескеру керек.

    Дәрілік заттардың автокөлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

    Анықталмаған

Артық дозалануы

Артық дозаланғанда күрделі жағымсыз әсерлері туралы хабарланбаған.

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу және жас қыздарда елеусіз қынаптық қан кетулер.

Емі: ешбір арнайы у қайтарғысы жоқ; симптоматикалық ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридтен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 21 таблеткадан.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd, Үндістан

Өндірістің орналасқан мекенжайы:

Halol-Baroda Highway, Halol-389 350,

Gujarat, Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd, Үндістан

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

050004, Алматы қ., Төлебаев к-сі, 38, 5 қабат

Тел. (727) 250-92-35, факс (727) 250-33-64

regulatory.kz@sunpharma.com

Прикрепленные файлы

266744731477976388_ru.doc 211 кб
341769811477977583_kz.doc 247 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники