Ко-тримоксазол (480 мг)

МНН: Сульфаметоксазол, Триметоприм
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sulfamethoxazole and trimethoprim
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003812
Информация о регистрации в РК: 03.10.2012 - 03.10.2017
Номер регистрации в РБ: 23/01/1020
Информация о регистрации в РБ: 28.04.2016 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Ко-тримоксазол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

480 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 400 мг сульфаметоксазол, 80 мг триметоприм,

қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Ойығы немесе сызығы бар, жалпақ цилиндр түріндегі, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияға қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Сульфаниламидтер және триметоприм. Триметоприммен және оның туындыларымен біріктірілген сульфаниламидтер. Ко-тримоксазол.

АТХ коды J01EE01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін триметоприм мен сульфаметоксазол жылдам және толық дерлік сіңеді. 960 мг дозада ішке қабылдаған кезде сульфаметоксазол үшін ең жоғарғы концентрациясына 3,812,49 сағаттан соң жетеді және 45,0013,92 мкг/мл құрайды, ал триметоприм үшін – 2,251,78 сағаттан соң жетеді және 1,420,82 мкг/мл құрайды. Бактерияға қарсы концентрациясы 7 сағат бойы сақталады. Стационарлық күйіне тұрақты қабылдағанда 2-3 күннен соң жетеді. Қанда триметопримнің 42-46% және сульфаметоксазолдың шамамен 66-70% ақуыздармен байланысқан күйде болады. Екі зат та барлық мүшелер мен тіндерге гистогематикалық бөгет арқылы жеңіл өтеді, өкпе мен несепте плазмадағы деңгейіндегіден жоғары концентрацияны туындатады.

Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді және жоғарғы концентрацияларда жұлын сұйықтығында байқалады. Жоғарғы концентрацияда емшек сүтімен бөлінеді. Сульфаметоксазолдың таралу көлемі 1,86 л/кг; триметопримдікі – 0,29 л/кг.

Бауырда метаболизденеді. Сульфаметоксазол белсенді емес метаболиттер түзе отырып ацетилденуге ұшырайды, триметоприм бірнеше оксиметаболиттерді түзеді, олардың кейбірі аздаған микробтарға қарсы белсенділікке ие.

Бүйрекпен шығарылады. Триметопримнің 50-70% жуығы және сульфаметоксазолдың 10-30%-ға жуығы өзгермеген түрінде шығарылады. Елеусіз мөлшерде өтпен шығарылады. Триметопримнің жартылай шығарылу кезеңі 10 сағатқа жуық, ал сульфаметоксазолдікі – 11 сағатқа жуық.

Балаларда ко-тримоксазол жылдам шығарылады және жасына байланысты: 1 жасқа дейін триметопримнің және сульфаметоксазолдың жартылай шығарылу кезеңі 7 және 8 сағатты құрайды; 1-10 жаста - сәйкесінше 5 және 6 сағатты құрайды. 60 жастан асқан адамдарда, сондай-ақ бүйрек функциясы бұзылған адамдарда ко-тримоксазолдың шығарылуы баяулайды.

Фармакодинамикасы

Микробқа қарсы синтетикалық біріктірілген дәрі, бактерияларға қарсы кең ауқымда әсер етеді, бактерицидтік әсерге ие, қарапайым паразиттерге қатысты белсенді.

Әсер ету механизмі бактериялар мен қарапайымдылар жасушаларында нуклеин қышқылы синтезінің бұзылуымен байланысты. Адам жасушаларындағы нуклеин қышқылының синтезіне ко-тримоксазол жағымсыз әсер етпейді.

Грамоң аэробты бактериялар: Staphylococcus spp. (оның ішінде бета-лактамазаларды өндіретін штаммдар), Streptococcus spp. (оның ішінде Streptococcus pneumoniae, Streptococcus haemolyticusbeta), Branchamella catarrhalis, Corynebacterium diphtheriae, Enterococcus faecalis, Listeria monocytogenes, Nocardia spp.; грамтеріс аэробты бактериялар: Escherichia coli, Enterobacter spp., Haemophilus spp., Klebsiella spp., Proteus spp., M. catarrhalis, Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitides, Providencia spp., Shigella spp., Salmonella spp., Serratia spp., S. maltophilia, Yersinia spp., V. Cholerae қатысты белсенділігі жоғары.

Acinetobacter spp., Actinomyces spp., Aeromonas hydrophila, Alcaligenes faecalis, Brucella spp., B. abortus, B. mallei, B. pseudomallei, Citrobacter spp., Chlamidia trachomatis, Cedecea spp., Edwardsiella spp., Hafnia alvei, Kluyvera spp., Legionella spp., Morganella morganii, Providencia spp. қатысты белсенділігі аздау.

Қарапайымдылар Pneumocystis carinii, Toxoplasma gondii, Plasmodium spp., Isospora belli, Isospora natalensis, Cyclosporidium cayetanensis, Cyclosporidium parvum қатысты белсенді.

Ко-тримоксазолға Pseudomonas aeruginosa (Pseudomonas cepacea қатысты белсенділігі әлсіз), Campylobacter spp., Mycoplasma spp., Ureaplasma spp., M. tuberculosis, Leptospira, Borrelia, T. pallidum, риккетсиялар, микоздар және вирустық инфекциялардың қоздырғыштарына төзімді. Қазіргі уақытта препаратқа төзімділіктің қалыптасуына байланысты клиникалық түрлерге және микроорганизмдер штаммдарына сезімталдығының елеулі ауытқығаны байқалған.

Қолданылуы

  • тыныс алу жолдарының инфекциялары: созылмалы бронхитте (асқынуы), ересектер мен балалардағы Pneumocystis carinii туындатқан пневмонияда (емдеу және профилактикасы)

  • ЛОР-ағзалар инфекциялары: ортаңғы отитте (балаларда)

  • несеп-жыныс ағзаларының инфекциялары: несеп шығару жолдарының инфекцияларында, жұмсақ шанкрда

  • асқазан-ішек жолдарының инфекциялары: іш сүзегінде, паратифте, шигеллезде (Shigella flexneri мен Shigella sonnei- сезімтал штамдары туындатқан), Escherichia coli энтероуытты штаммдары туындатқан саяхатшылар диареясында, тырысқақта (сұйықтық пен электролиттерді толықтыруға қосымша)

  • басқа да бактериялық инфекциялар: (антибиотиктермен біріктірілуі мүмкін) нокардиозда, бруцеллезде (жедел) актиномикозда, остеомиелитте (жедел және созылмалы) оңтүстік америка бластомикозында, токоплазмозда (кешенді ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты стақан толы (200 мл) сумен бірге тамақтан соң ішке қабылдайды. Емдеу кезінде сұйықтықтың жеткілікті мөлшерінің қабылданғанын қадағалау, препараттың кезекті дозасын қабылдауды өткізіп алмау керек.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға әр 12 сағат сайын тәулігіне 960 мг-ден (2 таблеткадан) 2 рет. Тәуліктік доза - 4 таблетка. Инфекцияның ауыр ағымында бір реттік дозаны әр 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1440 мг-ге (3 таблеткаға) дейін арттыруға болады. 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға - әр 12 сағат сайын 480 мг-дан, бұл шамамен 36 мг/кг/тәулік дозаға сәйкес келеді.

Емдеу курсының ұзақтығы: созылмалы бронхиттің асқынуында – 14 күн, саяхатшылар диареясы мен шигеллездерде – 5 күн, іш сүзегі мен паратифте – 1-3 ай, созылмалы простатитте - 3 ай. Несеп шығару жолдарының инфекциясы мен жедел отитте 10 күн. Жұмсақ шанкрда - әр 12 сағат сайын 960 мг-дан. Егер 7 күннен кейін тері элементтерінің жазылуы болмаса, емдеуді тағы 7 күнге жалғастыру керек. Алайда тиімділігінің болмауы қоздырғыштың төзімділігін растайды.

Жедел инфекцияларда емдеудің ең аз курсы - 5 күн; симптомдар кеткеннен кейін емдеуді тағы 2 күнге жалғастырады. Егер 7 күн емдеуден кейін клиникалық жақсару басталмаса, қоздырғышты анықтау керек. Ең аз дозасы мен ұзақ (14 тәуліктен астам) емдеу дозасы - әр 12 сағат сайын 480 мг.

Емдеу курсы 5 күннен астам ұзартылған кезде және/немесе препарат дозасын арттырғанда шеткергі қан көрінісін бақылау керек; патологиялық өзгеріс пайда болған кезде тетрагидрофолий (кальций фолинаты, лейковорин) немесе фолий қышқылын 5-10 мг/тәулік дозада тағайындау керек.

Пневмоцистті пневмонияны емдеу кезінде әр 6 сағат сайын тәулігіне сульфаметоксазолдың 100 мг/кг және триметопримнің 20 мг/кг есебінен 14-21 күн бойы тағайындайды.

Пневмоцистті пневмонияның профилактикасында – ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға: тәулігіне бір рет 960 мг (480 мг-дан екі таблетка). 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: 3 күн бойы тәулігіне әр 12 сағат сайын бірдей екі қабылдауға бөлінген 960 мг. Тәуліктік доза 1920 мг-дан (4 таблетка 480 мг-дан) аспауы тиіс.

Нокардиоз: ересектер әдетте тәулігіне 480 мг-дан Ко-тримоксазолдың 6-дан 8 таблеткасына дейін қабылдайды. Емдеу курсы – 14 күн. Одан кейін дозасын төмендетеді және 3 ай бойы демеуші емге көшеді. Дозаны науқастың жасына, дене салмағына, бүйрек функциясы мен сырқатының ауырлығына байланысты түзетіп отыру керек.

Креатинин клиренсі 15-30 мл/мин науқастарға дозаны 2 есе төмендету керек, креатинин клиренсі 15 мл/мин төмен болғанда Ко-тримоксазолды қабылдау ұсынылмайды.

Егде жастағы науқастар

Препаратты жағымсыз әсерлерінің салдарынан егде жастағы пациенттер, әсіресе бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар немесе бір мезгілде басқа дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттер абайлап қабылдаулары қажет.

Айрықша нұсқаулар болмаған жағдайда препараттың стандартты дозаларын қабылдау керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- жүрек айнуы, құсу

- анорексия

- қышыну, бөртпе, уртикария (аздап білінеді және препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін жылдам қайтады)

Осы жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығы дозаға тәуелді сипат иеленген.

Жиі емес ( ≥1/1000, <1/100)

- лейкопения, нейтропения мен тромбоцитопения (жиі аздап білінеді немесе симптомсыз өтеді және препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтады)

Сирек

- стоматит, глоссит, диарея

- агранулоцитоз, мегалобласты, гемолиздік немесе апластикалық анемия, метгемоглобинемия, панцитопения

Өте сирек

- жалғанжарғақшалы энтероколит

- зеңдік инфекциялар, кандидоз секілді

-дене температурасының жоғарылауы, ангионевроздық ісіну, анафилактоидты реакциялар және сарысу құю ауруы, жөтелмен немесе ентігумен эозинофильді немесе аллергиялық альвеолит типі бойынша өкпе инфильтраттары түрінде білінетін аса жоғары сезімталдық реакциялары. Осы симптоматика кенеттен пайда болғанда немесе артқанда науқасты тексеруді қайталау және емді тоқтату керек.

- қант диабетімен зардап шекпейтін адамдарда өршімелі, бірақ қайтымды гиперкалиемия, гипонатриемия, гипогликемия

- елестеулер

- нейропатия (оның ішінде, шеткергі невриттер және парестезиялар), увеит

- қан сарысуында трансаминазалар белсенділігінің және билирубин деңгейінің жоғарылауы, гепатит, холестаз, бауыр некрозы

- фотосенсибилизация

- бүйрек функциясының бұзылуы, интерстициальді нефрит, қанда мочевина азотының, қан сарысуы креатининінің жоғарылауы, кристаллурия, диурездің артуы, әсіресе жүрекпен байланысты ісінулермен науқастарда

- артралгия, миалгия

Түйінді периартериит және аллергиялық миокардиттің, асептикалық менингиттің немесе менингеальді симптоматиканың, атаксияның, құрысулар, бас айналуының, жедел панкреатиттің бірен саран жағдайлары сипатталған, әйтсе де осындай науқастар ауыр қатар жүретін аурулармен, оның ішінде ЖИТС-пен, «жоғалған өт арнасы» синдромымен зардап шекті; уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы) және Шенлейн-Генох пурпурасы, рабдомиолиз жағдайлары туралы жекелеген хабарлар бар. Мультиформалы эритема мен Стивенс-Джонсон синдромы жағдайлары туралы жекелеген хабарлар ко-тримоксазол қабылдаған бірнеше балада орын алды (өліммен аяқталған).

АИТВ-жұқтырған науқастардағы жағымсыз реакциялар

АИТВ- жұқтырған науқастардағы жағымсыз құбылыстар ауқымы жалпы популяциядағы науқастардағыдай. Әйтсе де кейбір жағымсыз құбылыстар жиі кездеседі.

Өте жиі

- лейкопения, гранулоцитопения мен тромбоцитопения

- гиперкалиемия

- дене температурасының жоғарылауы, әдетте теңбілді- түйінді бөртпемен қатар жүреді

Жиі

- анорексия,құсумен немесе онсыз жүрек айнуы, диарея

- трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

- әдетте қышынумен қатар жүретін теңбілді- түйінді бөртпе

Жиі емес

  • гипонатриемия, гипокалиемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • сульфаниламидтерге, триметопримге аса жоғары сезімталдық

  • бүйрек және бауыр функциясының жеткіліксіздігі (КК 15 мл/мин аз болғанда)

  • В12-тапшылығы анемиясы, агранулоцитоз, лейкопения, апластикалық анемия

  • глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

  • дофетилидті бір мезгілде қолдану

  • жүктілік және лактация кезеңінде

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дигоксиннің қан сарысуындағы концентрациясын әсіресе, егде жастағы (бақылау қажет) пациенттердің қан сарысуындағы дигоксиннің концентрациясын арттырады.

Үшциклды антидепрессанттардың тиімділігін төмендетеді.Қабынуға қарсы стереоидты емес дәрілермен, сульфонилмочевина туындылары тобындағы диабетке қарсы дәрілермен (глибенкламидпен, глипизидпен, гликлазидпен, гликвидонмен), тікелей емес антикоагулянттармен және барбитураттармен бірге қолданғанда, дәрілердің белсенділігі мен уыттылығы өзара арта түседі.

Новокаин мен бензокаин (анестезин) ко-тримоксазолдың микробқа қарсы белсенділігін төмендетеді.

Ко-тримоксазолды қабылдағанда метенамин (уротропин), аскорбин қышқылы кристаллурияның дамуына ықпал етеді.

Бірге (25 мг/аптадан астам) қабылдағанда пириметамин ко-тримоксазолдың уыттылығын және макроцитарлы анемияның даму қаупін арттырады.

Біріктірілген ішілетін контрацептивтермен бір мезгілде қабылдағанда, жатырдан қан кетудің даму қаупін арттырып, контрацепцияның тиімділігін төмендетеді.

Фенитоинмен бірге қабылдағанда, ко-тримоксазолдың белсенділігі мен уыттылығының жоғарылауы, фенитоиннің уыттылығы арта отырып, оның шығарылуының баяулауы байқалады.

Рифампицинмен бір мезгілде қабылдағанда, ко-тримоксазолдың шығарылуы жеделдейді.

Ақуыздармен байланысуынан метотрексатты ығыстырып, оның уытты әсерін арттырады.

Тиазидті диуретиктермен бір мезгілде қабылдағанда, тромбоцитопенияның даму қаупі (әсіресе, егде адамдарда) ұлғаяды.

Циклоспорин А-ны қабылдаушы пациенттерде бүйректі ауыстырып салғаннан кейін ко-тримоксазол бүйрек функциясының қайтымды бұзылуын тудырады.

Құрамында фолий қышқылының мөлшері көп тағам өнімдері: бұршақ, томат, бауыр, бүйрек ко-тримоксазолдың микробқа қарсы белсенділігін төмендетеді. Пневмоцисті инфекциясы бар пациенттерде қоздырғыштың ко-тримоксазолға төзімділігінің даму ықтималдылығы артады.

Сүйек кемігінің қан түзуін бәсеңсітетін дәрілік заттар миелосупрессияның қаупін арттырады. Индометацинмен бір мезгілде қабылдағанда қандағы сульфаметоксазол концентрациясының артуы ықтимал. Ко-тримоксазол мен амантадинді бір мезгілде қабылдаудан кейін уытты делирия жағдайы сипатталған. АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда, әсіресе егде пациенттерде гиперкалиемияның дамуы мүмкін. Триметоприм бүйректің тасымалдау жүйесін тежей отырып, дофетилидтің AUC-ін 103%-ға, Cmax-ын 93%-ға арттырады, бұл «пируэт» типіндегі аритмияны қоса QT аралығының ұзаруымен қарыншалық аритмияның даму қаупін жоғарылатады. Дофетилид пен триметопримді бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде.

Айрықша нұсқаулар

Ко-тримоксазолды осындай біріктірілген емнің басқа антибактериялық моно препараттардың алдында артықшылығы мүмкін болатын қауіптен жоғары болғанда ғана тағайындау керек.

Бактериялардың бактерияға қарсы препараттарға in vitro сезімталдығы түрлі географиялық аймақтар мен уақыт көлемінде өзгеретіндіктен, препаратты таңдағанда, бактериялық сезімталдықтың жергілікті ерекшеліктерін ескеру қажет.Ко-тримоксазолмен емдеу кезеңінде, несеп конкременттерінің түзілу қаупін төмендету үшін, тәулігіне 2 л-ден кем емес сұйықтықты қабылдау, әлсіз сілтілі минералды су ішу қажет. Емделу кезінде күн және УК-сәулесінен аулақ болу керек, өйткені фотодерматоздардың даму қаупі арта түседі.

Стрептококкты инфекциясы бар пациенттерде пайдаланылуы. Тонзиллит (баспа), фарингит, пневмококкты пневмониясы бар адамдарды емдегенде, ко-тримоксазол алғаш таңдалған дәрі ретінде қолданылмауы тиіс.

Ко-тримоксазолды фолий қышқылы жетіспейтін (егде адамдар, алкогольге тәуелділікке шалдыққан адамдар, мальабсорбция синдромы), порфириясы, қалқанша без функциясы бұзылған, бронх демікпесі және сыртартқысында аллергиялық реакциясы бар пациенттерге тағайындағанда, сақтықпен пайдалану керек. Ко-тримоксазолмен емдеу аясында тері бөртпесі немесе диарея пайда болғанда, оны қабылдауды тез арада тоқтатқан жөн.

Ұзақ уақыт қолдану. Ко-тримоксазолды ұзақ уақыт қабылдау қажет болған жағдайда, әр 3 күн сайын шеткергі қанның гематологиялық көрсеткіштерін, бауыр мен бүйректің функционалдық жай-күйін бақылау керек. Қандағы формалық элементтердің құрамы едәуір төмендегенде немесе биохимиялық көрсеткіштері қалыпты шекаралармен салыстырғанда, 2 еседен аса өзгергенде, ко-тримоксазолды қабылдауды тоқтату керек.

Емдеу аясында құрамында көп мөлшерде ПАБК бар тағам өнімдерін – өсімдіктердің жасыл бөліктерін (түрлі түсті қырыққабатты, шпинатты, бұршақ тұқымдастарды),сәбізді, қызанақты пайдалану талапқа сай емес.

Жөтелдің аяқ астынан-пайда болуында немесе үдеуінде немесе демігуде науқасты қайта тексеру және препаратпен емдеуді тоқтату мәселесін қайта қарау керек. ЖИТС-пен науқастарда жағымсыз әсерлерінің қаупі едәуір жоғарылайды.

Штаммдарының кең таралған жоғары төзімділігіне байланысты А тобындағы бета-гемолитикалық стрептококктан туындаған ауруларда қолдану ұсынылмайды.

Ко-тримоксазол қабылдайтын науқастарда панцитопения жағдайлары сипатталған. Триметоприм адамның дигидрофолатредуктазасына төмен аффинділікке ие, дегенмен, қарттық, гипоальбуминемия, бүйрек функциясының бұзылуы, сүйек кемігі функциясының бәсеңсуі сияқты қауіп факторларының болуында метотрексаттың уыттылығын күшейте алады.

Егер метотрексат жоғары дозаларда тағайындалса, мұндай жағымсыз реакциялардың болуы едәуір ықтимал. Миелосупрессияның профилактикасы үшін мұндай пациенттерге фолий қышқылын немесе кальций фолинатын тағайындау ұсынылады.

Триметоприм фенилаланиннің алмасуын бұзады, алайда ол сәйкес диетаны сақтағанда фенилкетонуриясы бар науқастарға әсер етпейді. Зат алмасуы үшін «баяу ацетилдену» тән пациенттер, сульфонамидтерге идиосинкразияның дамуына едәуір бейім келеді.

Әсіресе егде және қарттық жастағы науқастарда емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Ко-тримоксазол, атап айтқанда, оның құрамына енетін триметоприм лиганда ретінде бактериялық дигидрофолатредуктазаны қолдану арқылы ақуыздармен бәсекелесе байланысу тәсілімен жүргізілетін қан сарысуындағы метотрексат концентрациясын анықтау нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін. Алайда метотрексатты радиоиммунды тәсілмен анықтау кезінде интерференция пайда болмайды.

Жоғары дозаларда ко-тримоксазол қабылдайтын науқастарда қан сарысуындағы калий құрамын ұдайы бақылау керек. Пневмоцистті пневмонияны емдеуге арналған препараттың үлкен дозалары науқастардың көбінде қансарысуындағы калий деңгейінің үдемелі, бірақ қайтымды жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Гиперкалиемияны егер оны калий алмасуы, бүйрек жеткіліксіздігі немесе гиперкалиемияны өршітетін препараттарды бір мезгілде қабылдау аясында тағайындаса препараттың стандартты ұсынылған дозаларын қабылдаудың өзі туындатуы мүмкін.

Ко-тримоксазолдың үлкен дозаларымен емдеуде әдетте емді бастағаннан кейін бірнеше күннен соң гипогликемияның даму мүмкіндігін ескеру керек.

Гипогликемия қаупі бүйрек функциясының бұзылуымен, бауыр ауруларымен, жеткіліксіз тамақтанумен науқастарда жоғары.

Триметоприм мен сульфаметаксозол Яффе реакциясының (пикрин қышқылы бар сілтілік ортадағы реакция бойынша креатининді анықтау) нәтижелеріне әсер етуі мүмкін, бұл орайда қалыпты мәндер диапазонында нәтижелер 10% жоғарылайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде ко-тримоксазолды қабылдауға болмайды. Лактация кезеңінде препаратты қабылдау қажет болған жағдайда, емделу кезінде бала емізуді тоқтату мәселесін шешкен жөн.

Педиатрияда пайдалану.

6 жасқа дейінгі балаларда препаратты таблеткада қолдану ұсынылмайды, сондай-ақ гипербилирубинемиямен балаларға Ко-тримоксазол ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік және басқа да әлеуетті қаупі бар механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Емделу кезеңінде автокөлікті жүргізгенде және жоғары назар шоғырландыру мен психомоторлық реакция жылдамдығын қажет ететін әлеуетті қаупі бар қызмет түрлерімен айналысқанда абай болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жедел артық дозаланғанда жүрек айнуы, құсу, ішек шаншуы, диарея, бас ауруы, бас айналуы, көрудің бұзылуы, ұйқышылдық, депрессия, талып қалу жағдайы, сананың шатасуы, қызба байқалады. Ауыр жағдайларда -кристаллурия, гематурия, анурия. Ұзаққа созылған уыттануда тромбоцитопениямен, лейкопениямен, мегалобластты анемиямен; сары аурумен көрініс беретін қан түзілуінің бәсеңсуі байқалады.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, несепті сілтілендіру арқылы қарқынды диурез. Несепті қышқылдандыру триметоприннің шығарылуын арттырады, бірақ кристалдану қаупін жоғарылатады. Ауыр жағдайларда – гемодиализ. Симптоматикалық ем. Арнайы у қайтарғысы – фолин қышқылы (кальций фолинаты немесе лейковорин) 3-10 мг- ден бұлшықет ішіне тәулігіне 1 рет 5-7 күн ішінде.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

480 мг таблеткалар.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольга немесе лакталған баспалық алюминий фольга негізіндегі созылғыш қаптамадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ.,Чапаев к-сі 64,

тел./факс: +375 (177) 734043

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық поштасы).

Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ-сы, Абылай хан даңғылы, 30, «МедФармИнтерСервис» ЖШС, тел. 87013066011, 87714140258.

 

 

 

Прикрепленные файлы

071430771477977011_ru.doc 88.5 кб
527177511477978187_kz.doc 130 кб
16_04_1020_p.pdf 0.64 кб
16_04_1020_s.pdf 1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ