Кофол®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
КОФОЛ®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жөтелге қарсы 100 мл шәрбат
Құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар:
пиретрин анациклюсының тамырларының сығындысы 10 мг
кубеба бұрышының жемістерінің сығындысы 10 мг
қара бұрыштың жемістерінің сығындысы 10 мг
дәрілік зімбірдің тамырларының сығындысы 10 мг
ұзын куркуманың тамырларының сығындысы 20 мг
ұзын бұрыштың жемістерінің сығындысы 30 мг
орақ тәрізді клеродендронның сабағының сығындысы 40 мг
жұпар шегіргүлдің гүлдерінің сығындысы 50 мг
кәдімгі аршаның жемістерінің сығындысы 50 мг
қасиетті райхан жапырақтарының сығындысы 60 мг
терминалия белерикасының жемістерінің сығындысы 100 мг
сары жемісті алқашөптің жемістерінің сығындысы 120 мг
жалаң мияның тамырларының сығындысы 150 мг
тамырлы адатоданың жапырақтарының сығындысы 200 мг
аммоний хлориді 15 мг,
қосымша заттар: сұйық глюкоза, сахароза, натрий бензоаты, натрий метилпарагидроксибензоаты; натрий пропилпарагидроксибензоаты; моногидрат лимон қышқылы; дәмді қоспасы (Грейп 1400).
Сипаттамасы
Ментол иісі мен тәтті дәмі бар, қызылдау-қоңыр түсті тұтқыр сұйықтық. Сақтау кезінде шөгінді түзілуіне жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Суық тию симптомдарын қайтаруға арналған басқа да біріктірілген препараттар.
АТХ коды R05Х
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
КОФОЛ® – көпкомпонентті препарат, оның кинетикасы компоненттерінің біріккен әсеріне байланысты және зерттеу жүргізу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Кофол® – жедел респираторлық вирустық жұқпаларды және жөтел симптомдарын емдеуге арналған аюрведалық препарат.
Кофол® – фармакологиялық әсерін оның құрамына кіретін компоненттер қамтамасыз ететін өсімдік-минералды дәрі.
Кофол® – бұл дәрілік өсімдіктер сығындылары мен аммоний хлоридінің қалыпты тыныс алу қызметін демеуге арналған біріктірілімі. Жөтел және бронхтың түйілу симптомдарын, қақырықтың түсуін жеңілдетеді.
Шәрбәттің құрамына кіретін белсенді заттардың мынадай әсерлері бар:
Тамырлы адатода, сары жемісті алқашөп, орақ тәрізді клеродендрон, ұзын бұрыш қақырықтың жөтелмен шығуын жақсартуға ықпал етеді, құрамында эфир майы, шайырлар, кубебин, пипериннің болуына байланысты спазмолитикалық дәрі ретінде әсер етеді.
Жалаң мия және оның белсенді компоненттері – глицерризин қышқылы, биофлавоноидтар, сапониндер, шайырлар, эфир майлары, аспарагин қақырықты сұйылтады, қақырық түсіретін және жөтелді жұмсартатын әсері бар.
Жұпар шегіргүл, ұзын куркума, кубеба бұрышы, дәрілік зімбір, қара бұрыш мынадай өсімдіктер тобының: гингерол шайырлы заттарының, гингерин, виолин, линалол, камфен, фелландрен, цинеол, борнеол, эфир майының белсенді компоненттерінің есебінен тер шығаратын және қабынуға қарсы (соңғысы ас қорытуды да жақсартады) әсері бар.
Терминалия белерикасы қақырық түсіруге ықпал ететін галлотанин қышқылына, сапониндерге, фитостероидтерге бай.
Қасиетті райхан құрамына кіретін камфора, хавикол, Р витамині, А провитамині, рутин, эфир майларына байланысты антикатаральді және антисептикалық дәрі болып табылады.
Кәдімгі арша, оның құрамына кіретін терпиниол қақырық түсіретін және антисептикалық әсер етеді.
Пиретрин анациклюсі пиретрин алкалоидтары және пиретрин қышқылы, ащы дәмді шайырлар, инулин эфир майы есебінен жөтелді жұмсартуды қамтамасыз етеді.
Аммоний хлориді шырыштың сұйылуына ықпал етеді.
Қолданылуы
Жоғары және төменгі тыныс алу жолдары жұқпалары:
- бронхит, ошақтық пневмония, бронхоэктаздар, демікпе, өнімді және өнімсіз жөтелді туберкулезде (кешенді ем құрамында)
- аллергиялық ринит, баспа, ларингит, фарингит, тонзиллитте кешенді ем құрамында
- кәсіби еңбек жағдайларына байланысты жөтелдің алдын алуда
- темекі тартатындар жөтелінде.
Қолдану тәсiлі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 2 шай қасық шәрбаттан – күніне 4 рет тағайындайды. 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға – 1 шай қасық шәрбаттан – күніне 3 рет. 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға – 1/2 шай қасық шәрбаттан – күніне 4 рет.
Емдеу курсы ауру ағымына байланысты және 7 күннен аспауы тиіс.
Жағымсыз әсерлерi
- аллергиялық реакциялар болуы мүмкiн.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 1 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Кофол® антибиотиктермен және басқа химиотерапиялық дәрiлiк препараттармен, антипиретиктер және витаминдермен бiр мезгiлде пайдаланылуы мүмкiн.
Айрықша нұсқаулар
Кофолды® оның құрамында глюкоза бар болғандықтан, қант диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындайды.
Жүктілік және лактация
Шәрбатты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кофол® көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айну, құсу, тәбеттің болмауы, жүйке қозуы.
Емі: асқазанды тез арада шаю. Симптоматикалық емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл-ден күңгірт шыныдан жасалған ашылуы бақыланатын бұрандалы алюминий қақпағы бар шыны құтыда. Қақпағында «Чарак» деп жазылған.
Бір құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Чарак Фарма Пвт. Лтд.,
PLOT No.371 Sayli - Rakholi Road Silvassa – 396230 (U.T. of Dadra & Nagar Haveli), India
Препарат маркетингін Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан жүзеге асырады.
Тіркеу куәлігінің иесі
Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Кусум Хелткер Пвт. Лтд.» серіктестігі, Үндістан, ҚР-дағы өкілдігі
Алматы қ., Достық даңғ., 117/6, «Хан-Тәңірі» БО.
Телефон: 295-26-50, 295-26-51 (54) ,
Факс: 295-26-55
электронды поштасы: Office@kusumhealthcare.kz