Кортексин®

МНН: Полипептиды коры головного мозга скота
Производитель: ГЕРОФАРМ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005482
Информация о регистрации в РК: 18.01.2023 - 18.01.2033
Номер регистрации в РБ: 8342/07/12/15/16/17/18/20
Информация о регистрации в РБ: 28.06.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Кортексин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 10 мг

Құрамы

белсенді зат – 10 мг кортексин (құрғақ Кортексин® сығындысынан алынған молекулярлық массасы 10 000 Да аспайтын суда еритін полипептидтік фракциялар кешені),

қосымша зат – глицин

Сипаттамасы

Ақ түсті немесе сарғыш реңді ақ түсті лиофилизацияланған ұнтақ немесе кеуекті масса.

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Психостимуляторлар мен ноотроптар. Басқа да психостимуляторлар және ноотропты препараттар

АТХ коды N06ВХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Әсер етуші заты полипептидтік фракциялар кешені болып табылатын КОРТЕКСИН құрамы жекелеген компоненттерге әдеттегідей фармакокинетикалық талдау жасауға мүмкіндік бермейді.

Фармакодинамикасы

КОРТЕКСИН құрамында гематоэнцефалдық бөгет арқылы тікелей жүйке жасушаларына енетін төмен молекулалы суда еритін полипептидтік фракциялар бар. Препарат ноотропты, нейропротекторлы, антиоксидантты әсер етеді және тінге спецификалық әсері бар.

Ноотропты – мидың жоғары функциясын, үйрену және есте сақтау үдерістерін, зейінді жұмылдыруды, әртүрлі күйзелістер әсері кезінде төзімділікті жақсартады.

Нейропротекторлы – нейрондарды әртүрлі эндогенді нейроуытты факторлардан (глутамат, кальций иондары, бос радикалдар) зақымданудан қорғайды, психотропты заттардың уытты әсерін азайтады.

Антиоксидантты – нейрондарда липидтердің асқын тотығуын тежейді, оксидативті күйзеліс және гипоксия жағдайларында нейрондардың сау қалуын арттырады.

Тінге спецификалық әсері – орталық және шеткергі жүйке жүйесі нейрондарының метаболизмін, репаративті үдерістерді белсенді етеді, ми қыртысы функциясының және жүйке жүйесінің жалпы тонусының жақсаруына мүмкіндік береді.

КОРТЕКСИННІҢ әсер ету механизмі нейрондар пептидінің және мидың нейротрофикалық факторларының белсенділенуімен; қоздырғыш және тежегіш амин қышқылдарының, дофаминнің, серотониннің метаболизмі тепе-теңдігінің оптимизациялануымен; ГАМКергиялық әсермен; оның биоэлектрлік белсенділігін жақсартатын қабілетімен мидың пароксизмальді құрысу белсенділігі деңгейінің төмендеуімен; бос радикалдардың (липидтердің асқын тотығу өнімдері) түзілуіне жол бермеумен жүзеге асырылады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

– ми қан айналымының бұзылуында

– бассүйек-ми жарақатында және оның зардаптарында

– генезі алуан түрлі энцефалопатияларда

– когнитивті бұзылуларда (жадының және ойлаудың бұзылуы)

– жедел ағымды және созылмалы энцефалиттерде және энцефаломиелиттерде

– эпилепсияда

– астениялық жағдайларда (сегментүстілік вегетативті бұзылулар)

– үйрену қабілеті төмендегенде

– балаларда психомоторлы дамудың және сөйлеудің дамуы кідіргенде

– балалардың церебральді салдануының әр түрінде

Қолдану тәсілдері және дозасы

Препаратты бұлшықет ішіне енгізеді.

Инъекция жасар алдында құтының ішіндегіні 1 мл 0,5% прокаин (новокаин) ерітіндісінде, инъекцияға арналған суда немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде ерітеді және күн сайын бір реттен енгізеді: ересектерге 10 мг дозада 10 күн бойы; балаларға жаңа туған кезінен бастап, дене салмағы 20 кг-ге дейін болғанда дене салмағының әр кг-не шаққанда 0,5 мг дозада, дене салмағы 20 кг-ден астам болғанда – 10 мг дозада 10 күн бойы.

Қажет болған кезде курсты 3–6 айдан кейін қайталайды.

Ересектерге арналған ең жоғарғы бір реттік және тәуліктік доза – 10 мг, дене салмағы 20 кг-ге дейін кезде балалар үшін – дене салмағының әр кг-не 0,5 мг, дене салмағы 20 кг артық кезде – 10 мг.

Жағымсыз әсері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратты жекелей көтере алмаушылық

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың дәрілермен өзара әрекеттесуі сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

КОРТЕКСИН® тек дәрігердің тағайындауымен ғана қолдану керек!

Ерітілген дәрілік препаратымен құтыны сақтауға және сақталғаннан кейін пайдалануға болмайды.

КОРТЕКСИН® препаратын басқа ерітінділермен араластыру ұсынылмайды.

Дәрілік препараттың бірінші қабылдауында немесе оны тоқтатқаннан кейін әсер ету ерекшеліктері жоқ.

Инъекция өткізіп алған жағдайда қосарлы дозаны енгізу ұсынылмайды, келесі инъекцияны әдеттегідей белгіленген күні енгізу керек.

Қолданылмаған дәрілік препараттарды жою үшін арнайы шаралар талап етілмейді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде препарат қарсы көрсетілімде (клиникалық зерттеулер деректері жоқ болғандықтан). Лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болғанда емшек емізуді (клиникалық зерттеулер деректері жоқ болғандықтан) тоқтату керек.

Дәрілік препараттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Қазіргі таңда препараттың артық дозалану жағдайлары жөнінде мәліметтер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

22 мг лиофилизаттан МЕМСТ Р ИСО 8871-5-2010 бойынша; медициналық резеңке тығынмен немесе ISO 8362-5:2008 сәйкес тығынмен тығындалған, МЕМСТ Р 51314-99 сәйкес немесе ISO 8362-6:2010 бойынша, қызғылт сары түсті үзілмелі пластикалық жапсырмасы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған, немесе ISO 8362-7:2006 бойынша «ГЕРОФАРМ» бедерленіп жазылған ISO 8362-1:2009 сәйкес сыйымдылығы 5 мл түссіз шыныдан жасалған құтыларда. Құтыға өздігінен жапсырылатын ССТ 29.1-2001 сәйкес заттаңба жапсырылады.

МЕМСТ 25250-88 сәйкес поливинилхлоридті үлбірден және МЕМСТ 745-2003 сәйкес алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 құтыдан. 2 пішінді ұяшықты қаптамаға мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған импорттық қорапшаға салынған.

Топтық қаптама мен тасымалдаушы ыдыс МЕМСТ 17768-90-ға сәйкес.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2°-ден 20°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ГЕРОФАРМ» ЖШҚ,

191119, Ресей, Санкт-Петербург, Звенигородская көшесі, 9 үй.

тел.: (812) 703-79-75 (көпканалдық),

факс (812) 703-79-76

Тұтынушылардан препарат сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «ГЕРОФАРМ» ЖШҚ өкілдігі

Алматы қ., Тимирязев көшесі 42, 15/108-109 павильоны, 339 кеңсе тел. 8 (727) 334-15-70

Ресей аумағында

«ГЕРОФАРМ» ЖШҚ, Ресей, мына мекенжайда орналасқан:

Ресей, 197022, Санкт-Петербург, Академик Павлов көшесі, 5 үй, литер «В». Тел. (812) 703-79-75 (көпканалдық), факс (812) 703-79-76.

Шұғыл желі телефоны: 8-800-333-4376 (хабарласу Ресей бойынша тегін).

www.cortexin.ru

www.geropharm.ru

 

Прикрепленные файлы

929349011477977027_ru.doc 48.5 кб
881145931477978202_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ