Корвитин®

МНН: Кверцетин, Повидон
Производитель: Борщаговский ХФЗ НПЦ ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, снижающие проницаемость капилляров
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010884
Информация о регистрации в РК: 17.05.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Корвитин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған 0,5 г ұнтақ

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді заттар: кверцетин (100 % құрғақ затқа шаққанда) 0.05 г, повидон, молекулалық салмағы 7100±11000 (сусыз затқа шаққанда) 0.45 г,

қосымша зат - натрий гидроксиді.

Сипаттамасы

Ашық-сарыдан жасыл реңді сары түске дейінгі құрғақ кеуекті маса, гигроскопиялы.

Фармакотерапиялық тобы

Ангиопротекторлар. Қылтамырлардың өткізгіштігін төмендететін препараттар. Қылтамырлардың өткізгіштігін төмендететін басқа да препараттар.

АТХ коды С05СХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың бір реттік көктамырішілік инфузиясы кезінде қандағы кверцетин концентрациясы тез жоғарылайды. Препаратты 10 мг/кг дозада енгізгенде кверцетиннің ең жоғарғы концентрацисы енгізуді бастағаннан кейін 50 секундтан соң байқалады және 123 мкг/мл құрайды, оның ішінен 75 мкг/мл – қанның жасушалық элементтерінде және 48 мкг/мл – қан плазмасында. Кверцетиннің қаннан, плазма мен қанның формалық элементтерінен жартылай шығарылу кезеңі, сәйкесінше 0,730,03; 0,850,01; 0,770,02 минутты құрайды.

Көбінесе несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

кверцетин фосфолипидтердің (фосфолипазалар, фосфогеназалар, циклооксигеназалар) ыдырауына қатысатын, босрадикалды үдерістерге ықпал ететін және азот тотығының, протеиназалардың жасушалық биосинтезіне жауап беретін түрлі ферменттер белсенділігіне модуляторлық қасиеттерін көрсетеді. Кверцетиннің жарғақшатропты ферменттерге және ең алдымен, 5-липоксигеназаға тежегіштік әсері LTC4 және LTВ4 лейкотриендері синтезінің тежелуіне әсер етеді. Осылармен қатар кверцетин эндотелий жасушаларындағы азот тотығының деңгейін дозаға тәуелді арттырады, бұл оның жүректің ишемиялық және реперфузиялық зақымданулары кезіндегі кардиопротекторлық әсерін түсіндіреді. Препараттың сондай-ақ антиоксиданттық және иммуномодуляциялаушы қасиеттері бар, анионның цитоуытты супертотығының өніп шығуын төмендетеді, лимфоциттердің субпопуляциялық құрамының белсенділігін қалыпқа келтіреді және олардың белсенділену деңгейін төмендетеді. Қабынуға қарсы ИЛ-1, ИЛ-8 цитокиндерінің өнуін тежей отырып, препараттың әсері некроздалған миокард көлемінің азаюына және репаративтік үдерістердің күшеюіне оң ықпалын тигізеді.

Препараттың қорғаныстық әсер ету механизмі де тромбоциттердегі жасушаішілік кальций концентрациясының артуын және агрегацияның белсенділенуін болдырмауға, тромбогенез үдерістерінің тежелуіне байланысты.

Препарат тамырлар тонусын байқалатындай етіп өзгертпестен, микротамырлар реактивтілігін арттыра отырып, аймақтық қан ағысы мен микроайналымды қалпына келтіреді. Препараттың ұзақ фармакологиялық әсері фармакологиялық белсенді метаболиттермен, атап айтқанда халконмен байланысты болуы мүмкін, бұл жасуша жарғақшалары липидтерінің аққыштығын едәуір жоғарылатады.

Қолданылуы

- коронарлық қан айналымының жедел бұзылуы мен миокард инфарктісінде кешенді ем құрамында

- құрсақтық қолқа мен шеткергі артериялардың тарылған атеросклерозы бар науқастарда хирургиялық емдеу кезіндегі реперфузиондық синдромды емдеу және алдын алуда.

Қолдану тәсілі мен дозалары

0,9 % натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісін 15 мл мөлшерде Корвитин® бар құтыға енгізіп, құтыны лиофилизацияланған ұнтақ толық ерігенге дейін сілкиді. Құтыдағы түзілген ерітіндіні 0,9 % натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі бар ыдысқа ауыстырады, физиологиялық ерітіндінің жалпы мөлшері – 50 мл.

1 г Корвитин® енгізу қажет болғанда екі құтыдан бастапқы сұйылтылған препаратты 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінің ыдысына аудару керек, дайын ерітіндінің жалпы көлемі – 50-100 мл.

Басқа ерітінділер және препараттармен араластыруға болмайды! Осыған дейін басқа дәрілік заттар үшін қолданылған еккіштер мен көктамыр ішіне енгізуге арналған жүйелерді қолдануға болмайды.

Корвитин® тікелей қолданар алдында сұйылтылуы керек! Еріткішті 100 мл асатын көлемде қолдануға болмайды, өйткені еріткіш көлемінің артуымен дайындалған ерітінді тұрақтылығы азаюының әлеуетті қаупі артады.

Жедел миокард инфарктісі жағдайын кешенді емдегенде жүрек бұлшықетінің зақымданған жерлеріне жылдам әсер ету үшін Корвитин бастапқы тәулікте көктамыр ішіне натрий хлоридінің 50 мл изотониялық ерітіндісінде ерітілген 0,5 г препарат дозасында ауруханаға жатқызылудан кейін бірден, 2 сағаттан және 12 сағаттан кейін енгізіледі. Екінші және үшінші тәуліктер бойы Корвитинді тәулігіне екі рет 12 сағат аралықпен 0,5 г дозада енгізеді. Төртінші және бесінші тәулікте Корвитинді натрий хлоридінің 50 мл изотониялық ерітіндісінде 0,5 г дозада тәулігіне бір рет енгізеді. 15-20 минут бойы енгізу керек. Емдеу ұзақтығы 5 күнді құрайды.

Реперфузиондық синдромда құрсақ қолқасы мен шеткергі артерияларының тарылған атеросклерозы бар науқастарды хирургиялық жолмен емдеу кезінде қолқадан қысқышты алудан 10 минут бұрын натрий хлоридінің 100 мл изотониялық ерітіндісінде ерітілген 0,5 г препаратты көктамыр ішіне енгізеді. Осыған ұқсас дозалардағы кейінгі енгізулерді 12 сағат аралықпен қайталайды. Екінші - бесінші тәуліктерде - тәулігіне екі рет 0,5 г дозада енгізеді. 15-20 минут бойы енгізу керек. Емдеу ұзақтығы 5 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- бас айналуы, бас ауыруы, құлақтағы шуыл, тремор

- шаршау сезімі, көңіл-күйдің құбылмалылығы, қозу, жалпы әлсіздік, сананың шатасуы

- құрғақ жөтел, тыныстың тарылуы, ауыздың құрғауы, тілдің ұюы

- жүрек айнуы, іштің ауыруы, диарея

- ортостатикалық гипотония, астения

- шығу тегі аллергиялық тері бөртпесі, есекжем, қышыну, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок

- бет гиперемиясы, төс артының ауыруы, тахикардия

- бүйрек функциясының бұзылуы, гиперкалиемия, жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы

- импотенция

- бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, қандағы билирубин концентрациясының жоғарылауы

- нейтропения, агранулоцитоз, гемоглобин мен эритроциттер деңгейінің төмендеуі

- артралгия, миалгия

- қызба жағдайының дамуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- артериялық гипотензия

- препаратқа жекелей жоғары сезімталдық

- Р-витаминді белсенділігі бар препараттарға жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Органикалық нитраттармен бірігіп корвитин гипотензия туғызуы мүмкін. Препаратты фибринолитиктермен біріктіріп қолдану тромболитикалық ем тиімділігінің артуын туындатады.

Препаратты төмендегілермен қолданған кезде:

- аскорбин қышқылы препараттарымен әсерлерінің қосылуы байқалады;

- қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен ульцерогенді әсер етуі төмендеген кезде соңғылардың қабынуға қарсы әсері күшейеді;

- дигоксинмен – дигоксиннің қан сарысуында ең жоғары концентрациясы және «концентрация-уақыт» қисық астындағы жалпы ауданы жоғарылайды;

- циклоспоринмен – циклоспориннің биожетімділігі мен қандағы концентрациясы жоғарылайды;

- паклитакселмен – соңғысының метаболизміне әсер етеді;

- верапамилмен – соңғысының биожетімділігі жоғарылайды;

- тамоксифенмен – биожетімділігі жоғарылайды, соңғысының метаболизмі және шығарылуы төмендейді.

Препараттың еріткіші ретінде глюкоза, реополиглюкин ерітінділерін және басқа да ерітінділерді қолдануға болмайды. Еріткіш ретінде тек қана 0,9 % натрий хлориді ерітіндісі қолданылады.

Айрықша нұсқаулар

Көктамыр ішіне баяу енгізу керек.

Препарат антиангинальді, аритмияға қарсы, антитромбоцитарлық және фибринолитикалық дәрілермен біріктіріліп қолданылады.

Корвитин® препаратын басқа да дәрілік заттар ерітінділерімен бір мезгілде енгізуге болмайды!

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері туралы мәліметтер жоқ.

Артық дозалануы

Сипатталмаған. Жағымсыз реакциялар көріністерінің күшеюі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 0.5 г лиофилизацияланған ұнтақ. 0.5 г препараттан резеңке тығындармен тұмшаланып тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған, сыйымдылығы 20 мл, шыныдан жасалған күңгірт құтыларда. 5 құтыдан құтыларды қаптауға арналған кассетада. Бір кассетадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пеналға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары.

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты" Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамы.

Украина, 03134, Киев қ., Мир көшесі, 17.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Борщагов химиялық-фармацевтикалық зауыты" Ғылыми-өндірістік орталығы» Жариялы акционерлік қоғамы, Украина

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы аумағындағы «Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ өкілдігі

 

050063, Алматы қ., Әуезов ауданы, «Жетісу-3» ы/а, 25 үй, 27 кеңсе

Факс: +7(272) 313-23-34

E-mail: vadimt58@list.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

899914591477976854_ru.doc 88 кб
614135311477978011_kz.doc 74 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники