Корвалтаб

МНН: Мятное масло, Фенобарбитал, Этилбромизовалерианат
Производитель: ООО Фарма Старт
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Барбитураты в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№002368
Период регистрации: 11.05.2016 - 11.05.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Корвалтаб

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: α-бромизовалериан қышқылының этилді эфирі – 8,2 мг, фенобарбитал – 7,5 мг, жалбыз майы – 0,58 мг;

қосымша заттар: β-циклодекстрин, картоп крахмалы, таблетоза (лактоза моногидраты), микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, түсі ақ немесе ақ дерлік, теңбілдері, сызығы және өзіне тән иісі бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және седативті заттар. Басқа препараттармен біріктірілген барбитураттар.

АТХ коды N05CB02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фенобарбитал асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіріледі. Фенобарбиталдың таралуы басқа барбитураттарға қарағанда төменірек гипофильдігі нәтижесінде баяу жүреді. Қан плазмасы ақуыздарымен (альбуминдермен көбірек) жартылай байланысады. Гидроксильдену арқылы микросомальді ферменттердің қатысуымен бауырда метаболизденеді. Ересектерде жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 2-4 тәулікті құрайды. Қайта қолданғанда материалды шоғырлану тән. Барбитураттарды үзіліссіз ұзақ уақыт қолдану дағдыланудың дамуына әкеледі. Бүйрекпен бөлінеді.

Бұрыш жалбыз майы асқазан-ішек жолынан тез сіңіріледі. Бұрыш жалбыз майының басты компоненті – ментол организмнен бүйрек арқылы шығатын глюкурон қышқылы бар конъюгаттың пайда болуымен бауырда өзгереді.

α-бромизовалериан қышқылының этилді эфирі изовалериан қышқылының пайда болуымен деэстерификация жолымен метаболизденеді.

Фармакодинамикасы

Корвалтаб орталық жүйке жүйенің қозғыштығын азайтуға көмектеседі, тыныштандыратын әсер етеді және табиғи ұйқының орнауын жеңілдетеді. Препарат құрамына кіретін α-бромизовалериан қышқылының этилді эфирі седативті және спазмалитикалық әсер етеді, шүйгіншөп тұндырмасының әсеріне ұқсас; жоғары дозаларда сондай-ақ жеңіл ұйықтататын әсер етеді. Фенобарбитал тиісті дозаларда вазодилатациялаушы, седативті және ұйықтататын әсер етеді. Жалбыз майы рефлекстік тамыр кеңейтетін және спазмалитикалық әсер етеді.

Қолданылуы

- қатты ашушаңдықпен невроздар

- ұйқысыздық

- гипертониялық ауру және вегетативті тамырлар дистониясының кешенді емінде

- коронарлық тамырлардың айқын емес түйілулер, тахикардия

- нейровегетативті бұзылыстармен шартталған ішек түйілулері (спазмолитикалық препарат ретінде).

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ішке қабылдайды. Ем курсының дозалануы мен ұзақтығын әрбір науқасқа дәрігер жеке белгілейді. Ересектерге, әдетте, 1—2 таблетка препараттан тәулігіне 2-3 рет тамақтануға дейін тағайындайды. Тахикардия және коронарлық тамырлар түйілулері кезінде бірреттік доза 3 таблеткаға дейін арттырылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Корвалтаб, әдетте, көтерімділігі жақсы.

Жекелеген жағдайларда келесі жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін:

ас қорыту жолы тарапынан: іштің қатуы, эпигастральді аймақта ауырлық сезімі, ұзақ уақыт қолданған жағдайда – бауыр функциясының бұзылуы, жүрек айну, құсу;

жүйке жүйесі тарапынан: әлсіздік, атаксия, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, нистагм, елестеулер, парадоксалды қозу, зейін шоғырлануының төмендеуі, шаршау, реакцияның тежелуі, бас ауыруы, когнитивті бұзылулар, сананың шатасуы, ұйқышылдық, жеңіл бас айналу;

қан түзелу жүйесі тарапынан: анемия, тромбоцитопения, агранулоцитоз;

жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: артериалық гипотензия, брадикардия;

иммунитет жүйесі тарапынан: аса жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевроздық ісіну, аллергиялық реакцияларды қоса (соның ішінде тері бөртпесі, қышу, есекжем);

тері және шырышты қабықтар тарапынан: Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз;

қимыл-тірек аппараты тарапынан: құрамында фенобарбитал бар заттарды ұзақ уақыт қолдану кезінде остеогенездің бұзылу қаупі бар;

басқасы: тыныс алудың қиындауы.

Құрамында бром бар препараттарды ұзақ уақыт қабылдау броммен улануға әкелуі мүмкін, ол келесідей сипатталады: орталық жүйке жүйенің басылуы, күйзелісті көңіл-күй, сананың шатасуы, атаксия, апатия, конъюнктивит, ринит, көз жасының ағуы, акне немесе пурпура.

Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда, соның ішінде осы нұсқаулықта көрсетілмеген, дәрілік затты қабылдауды тоқтатып және дәрігерге барған жөн. Көрсетілген құбылыстар дозаны төмендеткен немесе препаратты қабылдауды тоқтатқан кезде жоғалады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бүйрек және бауыр функцияларының ауыр бұзылулары

- бауыр порфириясы

- жүктілік және емшек емізу кезеңі

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі.

Құрамында фенобарбитал бар дәрілік заттар айқын артериялық гипотензия, жедел миокард инфарктісі, қант диабеті, депрессия, миастения, алкоголизм, есірткілік және дәріге тәуелділік, ентігумен респираторлық аурулар, обструктивті синдром кезінде қолдануға болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты орталық жүйке жүйені басатын басқа дәрілік заттармен бір уақытта қабылдаған жағдайда әсердің өзара күшеюі мүмкін.

Препарат әсері вальпрой қышқылын, алкогольді қолдану кезінде күшейеді. Фенобарбитал бауыр ферменттерін индукциялайды, соған сәйкес бауыр ферменттерімен (тікелей емес антикоагулянттар, жүрек гликозидтері, микробқа қарсы, вирусқа қарсы, зеңге қарсы, эпилепсияға қарсы, құрысуға қарсы, психотропты, ішке қабылдайтын қантты түсіретін, гормонды, иммунсупресивті, цитостатикалық, аритмияға қарсы, гипертензияға қарсы дәрілік заттар және т.б. қоса) метаболизденетін кейбір дәрілік заттардың метаболизмін жылдамдатуы мүмкін.

Фенобарбитал анальгетиктердің және жергілікті анестетиктің әсерін күшейтеді.

МАО тежегіштері фенобарбитал әсерін ұзартады. Рифампицин фенобарбитал әсерін төмендетуі мүмкін.

Фенобарбиталды алтын препараттарымен бір уақытта қабылдаған кезде бүйректің зақымдану қаупі артады.

Фенобарбиталды қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір уақытта ұзақ қабылдаған кезде асқазан ойық жарасы мен қан кету қаупі болады.

Зидовудинмен бір уақытта қолдану екі препараттың да уыттылығын күшейтеді. Препарат метотрексаттың уыттылыған арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен емделу кезінде зейін қоюды, жылдам психикалық және қозғалыс реакцияларын қажет ететін қызметпен айналысу ұсынылмаған.

Препаратты қабылдау кезінде спиртті ішімдіктерді ішуден аулақ болған жөн. Дәрілік заттың құрамында фенобарбиталдың болуы Стивенс-Джонсон және Лайелл синдромының пайда болу қаупіне әкелуі мүмкін, бұл емнің алғашқы апталарында болуы мүмкін. Дәрі-дәрмектік тәуелділіктің даму қаупіне, организмде бромның жиналу және броммен уланудың даму мүмкіндігіне байланысты ұзақ уақыт қолдану ұсынылмаған. Препаратты қабылдағаннан кейін жүрек аймағындағы ауырулар қайтпаған жағдайда коронарлық синдром анықталу үшін дәрігерге барған жөн. Артериялық гипотензия, гиперкинез, гипертиреоз, бүйрек үсті безінің гипофункциясы, жедел және тұрақты ауыру, дәрілік заттармен жедел улану кезінде препаратты сақтықпен тағайындаған жөн.

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан лактоза-галактозаны тұқым қуалайтын көтере алмаушылығы бар пациенттерге Корвалтабты қолдану ұсынылмаған.

Педиатриядағы қолданылуы

Балаларды емдеуге қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты педиатриялық тәжірибеде қолданбайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратпен емдеу кезінде жоғары зейін қоюды, жылдам психикалық және қозғалыс реакцияларын қажет ететін қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.

Корвалтаб ұйқышылдықты және бас айналуын туындатуы мүмкін, сондықтан емдеу кезеңінде қаупіті механизмдермен жұмыс жасау және көлік құралдарын басқару ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Артық дозалану препаратты жиі немесе ұзақ қолданудан болуы мүмкін, ол оның құрамының жинақталуымен байланысты. Ұзақ және ұдайы қолдану тәуелділікке, абстинентті синдромға, психомоторлық қозуға әкелуі мүмкін.

Артық дозалану симптомдары: тыныс алудың, оның тоқтап қалуға дейін тарылуы; орталық жүйке жүйесінің, комаға дейін бәсеңдеуі; ырғақтың бұзылуын қоса жүрек-қантамырлары қызметінің бәсеңдеуі, коллаптоидтық жай-күйге дейін артериялық қысымның төмендеуі; жүрек айнуы, әлсіздік, дене температурасының төмендеуі, диурездің азаюы.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан қызғылт сары түсті поливинилхлорид үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

2 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

“Фарма Старт” ЖШҚ, Украина,

Киев қ-сы, бул. И.Лепсе, 8.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Фарма Старт” ЖШҚ, Украина,

Киев қ-сы, бул. И.Лепсе, 8.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

“Фарма Старт” ЖШҚ Украина, 03124. Киев қ., бул. И. Лепсе, 8.

Тел/факс: +38 044 281 23 33

Е-mail: Zimina.Elena@phs.ua

Фармакологияны қадағалауға жауапты тұлға:

Олейникова Наталия Викторовна

Е-mail: Oleinikova.Natalia@phs.ua

 

Прикрепленные файлы

751527941477976233_ru.doc 58.5 кб
579943681477977491_kz.doc 67.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники