Корвалол (капли для приема внутрь; 25 мл, 50 мл)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Корвалол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған тамшылар, 25 мл, 50 мл
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында белсенді заттар: Этилбромизовалерианат (α-бромизовалериан қышқылының этил эфирі) - 2.0 г, Фенобарбитал – 1.826 г, Бұрыш жалбызы майы – 0.142 г, қосымша заттар: натрий гидроксиді, 95 % этанол, тазартылған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән хош иісі бар мөлдір түссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар.
АТХ коды N05CM
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдаған кезде, сіңуі тіл асты аймағында басталады, құраушы заттардың биожетімділігі жоғары (шамамен 60-80%). Ішке немесе сублингвальді қабылдағаннан кейін әсері 15-45 минуттан соң дамиды және 3-6 сағатқа дейін созылады. Егде жастағы адамдарда және бауыр циррозы бар емделушілерде Корвалол метаболизмі төмен, сондықтан оларда жартылай шығарылу кезеңі ұзарады, бұл дозаны азайтуды және препараттың қабылдану аралығын ұзартуды қажет етеді.
Фенобарбитал бауырда биоөзгеріске ұшырайды, организмнен (несеппен және өтпен) баяу бөлінеді, ол жинақталуына жол береді.
Препарат құрамына кіретін натрий гидроксиді, фенобарбиталды еритін фенобарбитал-натрийге ауыстырады.
Бұрыш жалбызының майы сіңгеннен кейін бауырда биоөзгеріске ұшырайды және несеппен және өтпен глюкоронидтер түрінде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Корвалол – әсері құрамына кіретін компоненттермен анықталатын тыныштандыратын және спазмолитикалық препарат.
α-бромизовалериан қышқылының этил эфирі көбінесе ауыз қуысы мен мұрынжұтқыншақ рецепторларының тітіркенуінен, жүйке жүйесінің ортаңғы бөліктеріндегі рефлекторлық қозғыштықтың төмендеуінен және қыртысты қабат мен қыртысастылық құрылымдар нейрондары тежелу құбылыстарының күшеюінен, сондай-ақ орталықтық тамыр қозғалтқыш орталықтар белсенділігінің төмендеуінен және тамырлардың тегіс бұлшықеттеріне жергілікті спазмолитикалық әсерінен болатын рефлекторлық тыныштандыратын және спазмолитикалық әсер береді.
Фенобарбитал ортаңғы және сопақша мидың ретикулярлық формация орталықтарының үлкен жартышар қыртыстарына белсенділендіргіш әсерін бәсеңдетеді, сол арқылы ми қыртыстары мен қыртысастылық құрылымдарға қоздырғыштық әсерлердің ағынын азайтады. Белсенділендіргіш әсерлерінің азаюы, дозасына байланысты, тыныштандыратын, транквилизациялаушы және ұйықтататын әсерлерін туғызады.
Корвалол жалпы артериялық қысымды төмендете отырып, тамырлардың, әсіресе жүрек қантамырларының түйілуін қайтарып және алдын ала отырып, тамырды қозғалту орталықтарына, коронарлық және шеткергі тамырларға қоздырғыштық әсерлерді азайтады.
Жалбыз майының құрамында эфир майларының мөлшері көп, соның ішінде 50%-ға жуық ментол және 4-9% ментол эфирлері бар. Олар ауыз қуысының «суытатын» рецепторларын тітіркендіруге және тегіс бұлшықеттің түйілулерін баса отырып, тыныштандыратын және жеңіл өт айдағыш әсер туғыза отырып, көбінесе жүрек және ми қантамырларын рефлекторлы кеңітуге қабілетті. Бұрыш жалбызы майының антисептикалық, спазмолитикалық әсері бар. Асқазан мен ішектің шырышты қабығының рецепторларын тітіркендіре отырып, ішек перистальтикасын күшейтеді.
Қолданылуы
- ұйқысыздықта
- қатты ашушаңдықпен невроздарда
- вегетативтік қантамырлық дистонияда
- жүрек-қантамыр жүйесінің функциональді бұзылуларында (оның ішінде тахикардияда, кардиалгияда)
- асқазан-ішек жолы бұлшықеттерінің түйілуі (ішек түйілуінде)
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ересектерге
Корвалолды тағам қабылдауға байланыстырмай-ақ, алдын ала судың аздаған мөлшерінде (30-50 мл) немесе бір түйір қантқа араластырып 15-30 тамшыдан күніне 2-3 рет ішу керек. Қажет болған жағдайда бір реттік доза 40-50 тамшыға дейін ұлғайтылуы мүмкін.
15 жастан үлкен балалар
Балаларға 15 жастан бастап аурудың клиникалық көріністеріне қарай тәулігіне 3-15 тамшы тағайындайды.
Препаратты қабылдау ұзақтығын дәрігер клиникалық әсерге немесе препараттың жағымдылығына байланысты белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
- эпигастрий маңындағы жайсыздық, жүрек айнуы
- ұйқышылдық, бас айналуы, назар шоғырлануының төмендеуі
- жүрек ырғағының баяулауы
- аллергиялық реакциялар
Бұлқұбылыстар дозаны азайтқанда қайтады.
Ұзақ қолданғанда препаратқа тәуелділік, “тоқтату” синдромы және бромиз құбылысы (орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, депрессия, апатия, ринит, конъюнктивит, акне, геморрагиялық диатез, бағдарлықтың бұзылуы, сананың шатасуы) пайда болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне, бромға жоғары сезімталдық
- бүйрек және/немесе бауыр қызметінің айқын бұзылулары
- бауыр порфириясы
- жүректің ауыр жеткіліксіздігі
- алкоголизм
- ми бассүйек жарақаты немесе ми аурулары
- жүктілік, лактация кезеңі
- 15 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Корвалол жергілікті жансыздандырушы, ауыруды басатын және ұйықтататын дәрілердің әсерін күшейтеді, бұл оның құрамында барбитур қышқылы туындыларының болуына байланысты.
Вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолданған кезде оның әсері күшейеді.
Метотрексатпен бір мезгілде қолданған кезде оның уытты әсері күшейеді.
Алкоголь препараттың әсерін және оның уыттылығын күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Препаратқа тәуелділік дамуына байланысты препаратты ұзақ қолдану ұсынылмайды, организмде бромның жинақталуы уытты әсер етуі мүмкін.
Спиртті ішімдіктерді бір мезгілде қолданудан аулақ болған жөн. Артериялық гипотензия кезінде препаратты абайлап тағайындау керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде бас айналу және зейін шоғырландыруды төмендету сияқты жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін болғандықтан көлікті басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасау ұсынылмайды.
Артық дозалануы
Симптомдар: бас айналуы, мәңгіру, ұйқышылдық, қозу, бас ауыруы, ауыр жағдайларда – тыныс алудың бәсеңдеуі, гипотермия, гипотензия, рефлекстің болмауы немесе бәсеңдеуі, қарашықтардың тарылуы (салдық кеңеюмен ауысатын). Емі: симптоматикалық. Арнайы у қайтарғысы жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Қақпақпен және тамшуыр-тығынмен тығындалған күңгірт шыныдан жасалған құтыда 25 мл, 50 мл препараттан.
Әрбір құты медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 8 °С-ден 15°С-ге дейінгі температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Гиппократ ЖШҚ, Ресей
Қаптаушы және тіркеу куәлігінің иесі
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚАЗАҚСТАН
Ақтөбе қ., Герцен к-сі 19А, телефон/факс 8(7132)217215
Телефон нөмірі: 8(7132)217215
Факс нөмірі: 8(7132)217215
Электронды поштасы: ktalpekenova@mail.ru