Контрактубекс
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Контрактубекс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 20 г гель
Құрамы
100 г гельдің құрамында
белсенді заттар: 10.00 г пияздың сұйық сығындысы, 0.04 г натрий гепарині (125 ӘБ/мг), 1.00 г аллантоин,
қосымша заттар: сорбин қышқылы, метилпарагидроксибензоат, ксантантан шайыры, полиэтиленгликоль 200, парфюмерлік май 231616, тазартылған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, ашық-сарғыштан ашық-қоңыр түске дейінгі, мөлдір емес гель
Фармакотерапиялық тобы
Жараларды және ойық жаралады емдеуге арналған препараттар. Қатты тыртықтануды емдеуге арналған препараттар. Қатты тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды D03АX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Гепарин 4 сағат ішінде дерманың дәнекер тіндеріне жеткілікті мөлшерде енеді. Тереңге енуін гепариннің Серае пиязы сығындысымен және аллантоинмен біріктірілімі (трансэпидермальді гепаринизация) қамтамасыз етеді. Контрактубекс препаратын пайдаланған кезде жүйелік сіңу байқалмайды.
ФармакодинамикасыӘсер етуі құрамындағы компонентттердің қасиеттерімен жүзеге асатын біріктірілген препарат. Фибринолитикалық, қабынуға қарсы (пияз сығындысы есебінен), тромбозға қарсы (гепарин есебінен) және кератолитикалық (аллантоин есебінен) әсер етеді. Жасушалық регенерацияны гиперплазиясыз стимуляциялайды. Келоидты фибробласттардың пролиферациясын тежейді.Қолданылуы
-
хирургиялық операциялардан, ампутациядан, күйіктерден және жарақаттардан кейін пайда болатын гипертрофиялық және келоидтық тыртықтарда
-
буындардың анкилозы, контрактурасында, Дюпюитрен контрактурасында, жарақаттан болған сіңір контрактурасында
-
тыртық стриктурасында (атрофиялы тыртықтарда)
Қолдану тәсілі және дозалары
Теріге немесе тыртық беткейіне тәулігіне бірнеше рет жағып, гель толық сіңгенге дейін жеңіл ысқылайды.
Көне тығыз тыртық кезінде түнге қарай гель жағылған окклюзиялық таңғыш қойылады. Емдеу бірнеше апта немесе ай бойы жүргізіледі.
Жаңадан болған тыртықты емдеу кезінде ультракүлгін сәулеленуден, суықтың әсер етуінен және қарқынды массаждан аулақ болу керек.
Педиатрияда қолдану
1 жастан үлкен балаларда гельді тыртық беткейіне күніне 1 немесе 2 рет қолдануға болады. Контрактубекс препаратын 1 жасқа дейінгі балаларға қолданылуы жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Контрактубексті балаларға дәрігердің ұсынысымен ғана пайдалануға болады. Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥1/100, <1/10)
- қышыну, қызару, телеангиэктазия, тыртықты атрофия
Кейде(≥1/1000, <1/100)
- терінің қатты пигментациялануы, терінің атрофиясы
Жиілігі белгісіз
- жағылған жердің ісінуі, ауыруы
- есекжем, терінің бөртуі, қышынуы, қызаруы, тітіркенуі, папулалар, терінің күюі, терінің күйдіріп ашу сезімі, терінің кернелу сезімі
- жоғары сезімталдық (аллергиялық реакция)
- пустулёзді бөртпе
Жалпы алғанда, Контрактубекстің жағымдылығы, тіпті ұзақ уақыт пайдаланғанның өзінде, өте жақсы. Контрактубекспен емдеу барысында кейде туындайтын қышыну тыртықтардың тіндік қайта түзілуін айғақтайды, және әдетте емдеуді тоқтатуды қажет етпейді.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препараттың жүйелік сіңуінің болмауына байланысты, ол басқа препараттармен бірге пайдаланылуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Контрактубекс құрамында метилпарагидроксибензоат бар, ол аллергиялық реакцияны (кейіннен болуы ықтимал) туындатуы мүмкін, сондай-ақ сорбин қышқылы бар, ол жергілікті тері реакциясын (мысалы, жанаспалы дерматит) туындатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және бала емізу кезеңіндегі қауіп анықталмаған. Қауіптілігі зеттелмегендіктен, қолдану ұсынылмайы.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері: әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталған жоқ
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 г препараттан бұралып жабылатын пластмасса қалпақшасы және жарғақшасы бар алюминий сықпаларда. 1 сықпа қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 6 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Мерц Фарма ГмбХ және Ко.КГаА
Д- 60318,Франкфурт-на-Майне, Германия
Тел: +49-69-1503-0, факс: +49-69-1503-200, e-mail: info@merz.de
Тіркеу куәлігінің иесі
Мерц Фарма ГмбХ, Германия
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-дағы Фарма Гарант ГмбХ компаниясының өкілдігі
050002, Алматы қ-сы, Жібек жолы к-сі 64, кеңсе 305
тел/факс: (727) 273 62 78, e-mail: pharmagarant.kaz@mail.ru