Комбилипен® табс

МНН: Бенфотиамин, Пиридоксин, Цианокобаламин
Производитель: ОАО Фармстандарт-УфаВИТА
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация витамина B1 с витаминами B6 и/или B12
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021151
Период регистрации: 26.01.2015 - 26.01.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Комбилипен® табс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 100 мг бенфотиамин, 100 мг пиридоксин гидрохлориді, 2 мкг цианокобаламин,

қосымша заттар:

ядро: натрий кармеллозасы, повидон-К30, микрокристалды целлюлоза, тальк, кальций стеараты, полисорбат-80, сахароза,

қабығы: гипромеллоза, макрогол-4000, төмен молекулалық повидон, титанның қостотығы (Е 171), тальк.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес, түсі ақ немесе ақ дерлік үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

В1 витаминінің В6 және В12 витаминдерімен біріктірілімі

АТХ коды A11DВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бенфотиамин – тиаминнің май ерітетін түрі (В1 витамині). Аш ішектің бүкіл бойында сіңірілуі – жоғары. Сіңуден кейін тиаминдифосфат биологиялық белсенді коферментті түріне айналады. Негізінен миокардта, қаңқа бұлшықеттерінде, жүйке тіндерінде, бауырда, бүйректе жинақталады. Көбіне несеппен, шамамен 50% өзгермеген түрде немесе сульфатты эфир түрінде шығарылады.

В6 витамині фосфорланады және пиридоксаль-5-фосфатқа тотығады. Қан плазмасында пиридоксаль-5-фосфат альбуминмен байланысады. Жасушалық жарғақша арқылы өту үшін альбуминмен байланысқан пиридоксаль-5-фосфат сілтілік фосфатазамен пиридоксалға гидролизденеді.

В12 витамині парентеральді енгізуден кейін бауырмен, сүйек кемігі және басқа да пролиферативті ағзалар арқылы жылдам сіңірілетін тасымалдау ақуыз кешендерін түзеді. В12 витамині өтке түседі және ішек-бауыр айналымына қатысады. В12 витамині плацента арқылы өтеді.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген поливитаминді препарат. Препараттың әсері оның құрамына кіретін заттардың қаситтерімен анықталады.

Бенфотиамин – тиаминнің май ерітетін түрі (В1 витамині). Жүйке импульсі өтуіне қатысады.

Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) – ақуыздар, көмірсулар мен майлар алмасуына қатысады, қалыпты қан түзуге, ортаңғы және шеткергі жүйке жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті. Синапстық берілісті, орталық жүйке жүйесінде тежелу үдерістерін қамтамасыз етеді, жүйке қабығының құрамына кіретін сфингозиннің тасымалдануына, катехоламиндер синтезіне қатысады.

Цианокобаламин (В12 витамині) – нуклеотидтер синтезіне қатысады,қалыпты өсу, қан түзу және эпителиальді жасушалар дамуының маңызды факторы болып табылады; фолий қышқылы метаболизмі мен миелин синтезі үшін қажет.

Қолданылуы

- невралгияда, невритте

- омыртқа аурулары туындатқан ауыру синдромында (қабырға аралық невралгия, люмбоишиалгия, бел синдромы, мойын синдромы, мойын-иық синдромы, омыртқаның дегенеративті өзгерістері туындатқан түбіршектік синдромы)

- шығу тегі әртүрлі полинейропатияда (диабеттік, алкогольдік)

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды тамақтанудан кейін, шайнамай және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен қабылдаған жөн. Ересектерге 1 таблеткадан тәулігіне 1 рет. Ауыр жағдайларда, дәрігермен алдын ала кеңесуден соң қабылдауды тәулігіне 3 ретке дейін арттыруға болады.

Курстың ұзақтығы – дәрігердің ұсынымы бойынша. Препараттың жоғары дозаларымен 4 аптадан артық емдеуге болмайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (қышыну, уртикарлық бөртпе түріндегі тері реакциялары)

- қатты терлеу

- жүрек айну

- тахикардия

- анафилактикалық шок

- безеу бөртпесі

- тыныстың тарылуы,Квинке ісінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы, сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігінің ауыр және жедел түрлері

- тромбоэмболия

- эритремия

- эритроцитоз

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Леводопа В6 витамині емдік дозаларының әсерін төмендетеді. В12 витамині ауыр металл тұздарымен үйлесімсіз. Этанол тиаминнің сіңуін төмендетеді. Препаратты қабылдау кезінде құрамында В тобы витаминдері бар поливитаминдік кешендер қабылдау ұсынылмайды. Антацидтер В1 витаминінің сіңуін баяулатады. D-пенилламинмен, циклосеринмен өзара әрекеттесу мүмкіндігі бар.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамында сахароза бар, сондықтан оны қант диабетімен емделушілерге сақтықпен тағайындаған жөн.

Сирек жағдайларда В6 витаминінің күнделікті шамадан тыс дозалары (5 айдан астам уақыт бойы 500 мг немесе одан көп) препаратты қабылдау аяқталғаннан кейін әдетте жоғалып кететін шеткергі сенсорлық невропатияға әкеледі.

Ауру симптомдарының нашарлау ықтималдығына байланысты псориазбен науқастарға В12 витаминін қабылдауға болмайды.

Пиридоксин гидрохлориді безеу бөртпесінің туындауына түрткі болуы мүмкін.

Басқа витаминдердің В1 витамині ыдырау өнімдерінің қатысуымен белсенділігі жойылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлері симптомдарының күшеюі.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада.

1, 2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге импорттық картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармстандарт-УфаВИТА» ААҚ

450077, Ресей, Уфа қ., Худайбердин к-сі, 28,

тел./факс (347) 272 92 85, www.pharmstd.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Фармстандарт-УфаВИТА» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС

100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Ботаникалық к-сі, 12

Тел./факс: +7 (7212) 437002,

Тел. +7 (7212) 507322, e-mail: kphk@kphk.kz

 

Прикрепленные файлы

677129261477976567_ru.doc 49.5 кб
639452341477977723_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники