КОМБИГРИП

МНН: Кофеин, Парацетамол, Фенилэфрин, Хлорфенирамина малеат (Хлорфенамин)
Производитель: Эвертоген Лайф Сайенсес Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022550
Информация о регистрации в РК: 25.12.2020 - 25.12.2030

Инструкция

Саудалық атауы

КОМБИГРИП

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: парацетамол 500 мг

кофеин (сусыз) 30 мг

фенилэфрин гидрохлориді 10 мг

хлорфенирамин малеаты 2 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты, жүгері крахмалы, повидон, магний стеараты, тальк, натрий крахмалы гликоляты (А типі), натрий кроскармеллозасы, Е 110 сансет сары супра (Е110)

Сипаттамасы

Капсула пішінді, қызыл сары немесе ақшыл-қызыл сары түсті теңбілдері, сызығы бар, сызығы жағында «S» және «L» жазуы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Басқа анальгетиктер-антипиретиктер. Аналидтер. Басқа да препараттармен біріктірілген парацетамол.

АТХ коды N02BE51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол препаратты ішке қабылдағаннан кейін шектік плазмалық концентрациялары 10-60 минут ішінде пайда болумен асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Парацетамол организмнің барлық дерлік тіндеріне таралады. Ол плацента арқылы өтеді және емшек сүтінде анықталады. Қалыпты емдік концентрациялары кезінде қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы елеусіз, дегенмен концентрациясы артқан кезде қан плазмасы протеиндарымен байланысуы артады. Парацетамолдың жартылай шығарылуы кезеңі 1-ден 4 сағатқа дейін құбылады. Парацетамол негізінен бауырда метаболизденеді және негізінен глюкуронидті және сульфатты коньюгаттар түрінде несеппен шығарылады. Парацетамолдың 5% кемі өзгермеген түрде шығарылады. Әдетте бауырда және бүйректе өте аз мөлшерде аралас функциясы бар оксидазалар өндіретін және әдетте глутатионмен конъюгация арқылы детоксификацияланатын елеусіз гидроксильденген метаболиттер (Nacetylpbenzoquinoneimine) парацетамолды жинап, тіндердің зақымдалуын туындатуы мүмкін.

Кофеин ішке қабылдағаннан кейін тез сіңіріледі және бүкіл организм бойынша кеңінен таралады. Ол сондай-ақ тері арқылы да сіңіріледі. Суппозиторий түріндегі ректальді енгізу арқылы сіңірілуі баяу және тұрақсыз болуы мүмкін. Жамбас ішіне инъекция арқылы сіңірілуі пероральді енгізуге қарағанда аз болуы мүмкін. Кофеин орталық жүйке жүйесіне және сілекейге оңай өтеді; сондай-ақ төмен концентрацияда емшек сүтінде болады. Кофеин плацента арқылы өтеді. Ересектерде кофеин толығымен дерлік бауырда қышқылдану, деметильдену және ацетильдену арқылы игеріледі және 1-метил несеп қышқылы, 1-метил ксантин, 7-метилксантин, 1,7-диметилксантин (параксантин), 5-ацетиламин-6-формиламин-3-метилурацил (AFMU) және басқа метаболиттер түрінде 10% қана өзгеріспен несеппен шығарылады. Жаңа туған нәрестелер кофеинді елеулі төмен метаболиздендіру қасиеті бар және ол елеулі деңгейде бауыр метаболизмі кеңеймей тұрғанда, бұл әдетте шамамен 6 ай уақытты алады, өзгермеген күйде несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі ересектерде шамамен 3-тен 7 сағатқа дейін созылады, алайда жаңа туған нәрестелерде 100 сағаттан аса уақытты алуы мүмкін.

Хлорфенирамин малеаты асқазан-ішек жолынан баяу сіңіріледі. Қан плазмасындағы концентрациясының шегіне ішке қабылдағаннан кейін шамамен 2,5-6 сағатта жетеді. Плацента арқылы өтеді және емшек сүтінде болады. Хлорфенирамин малеаты плазманың ақуыздарымен байланысуы жоғары және организмде қарқынды метаболизденеді. Негізінен несеппен метаболиттер түрінде шығарылады.

Фенилэфрин гидрохлориді асқазан-ішек жолынан жеңіл сіңеді. Түрлі тіндер мен сұйықтықтарға таралады және бауырда баяу метаболизденеді. Өзгермеген күйінде несеппен шығарылады. Фенилэфрин гидрохлориді әркелкі сіңірілуінің және ішек пен бауырда моноаминоксидазаның алғашқы өту әсерінің салдарларынан төмен биожетімділікке иеленген.

Фармакодинамикасы

Комбигрип препарат құрамына кіретін белсенді заттармен шартталған ауыруды басатын, ыстықты түсіретін және алллергияға қарсы әсер иеленген.

Парацетамол ауыруды басатын және ыстықты түсіретін қасиеті бар: тұмауратқан жағдайда байқалатын ауыру синдромын басады – тамақтың ауыруы, бас ауыру, бұлшықеттің және буынның ауыруы, жоғары температураны түсіреді. Әсер ету механизмі простагландиндер синтезін тежеуге байланысты, әсіресе гипоталамустың термореттеу орталығында.

Кофеин орталық жүйке жүйені (ОЖЖ) стимуляциялайтын әсерге иеленген, бұл ойлау және физикалық жұмысқа қабілеттілікті арттыруға әкеледі.

Фенилэфрин гидрохлориді – α1-адреномиметик. Тамырларды тарылтқыш әсер етеді, тыныс жолдарының жоғары бөліктеріндегі және мұрын қосалқы қуыс түтіктеріндегі ісінулерді және гиперемияны азайтады.

Хлорфенирамин малеаты – гистаминдік Н1-рецепторлардың блокаторы, аллергияға қарсы әсер етеді, мұрын қуысының, жұтқыншақтың және мұрын қосалқы қуыс тетіктерінің шырышты қабығының ісінуін және гиперемиясын азайтады, мұрынның және көздің қышуын жояды, экссудативтік біліністерді азайтады.

Қолданылуы

- температураның көтерілуі, тұмау, мұрынның бітелуі, бас ауыруы сияқты суық тию мен тұмау симптомдарын жеңілдетуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты тамақтанғаннан кейін кем дегенде 30 минуттан кейін қабылдайды.

Ересектерге тәулігіне 4 рет 1 таблеткадан тағайындайды, қабылдау арасындағы аралық 3-4 сағаттан кем емес. Препаратты тамақтан кейін кем дегенде 30 минуттан соң қабылдайды.

Ең жоғарғы бірреттік доза: 1 таблетка.

Ең жоғарғы тәуліктік доза: 4 таблетка.

Емдеу курсы – 5 күннен көп емес

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок, Квинке ісінуі, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз)

- бас айналуы, ұйқының бұзылуы, бағыттан адасу, қатты қозғыштық, қорқу, үрей, құлақтың шуылдауы

- артериялық қысымның жоғарылауы, тахикардия немесе брадикардия, аритмия

- жүрек айнуы, құсу, эпигастральді ауыру, ауыздың құрғауы, сілекейдің көп бөлінуі, қыжыл, ойық жаралы аурудың асқынуы, метеоризм, диарея, іш қатуы

- аккомодация салдануы, көзішілік қысымның жоғарылауы, мидриаз

- анемия, тромбоцитопения, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия, апластикалық анемия, метгемоглобинемия, панцитопения

- гипогликемия

- гепатоуытты әсері

- нефроуыттылық (бүйрек шаншуы, глюкозурия, интерстициальді нефрит, папиллярлық некроз, несептің іркілуі)

- бронх обструкциясы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- парацетамолға немесе препарат құрамына кіретін басқа компоненттерге және ксантиннің басқа туындыларына (теофиллин, теобромин), апиындарға, антигистаминдік дәрілерге, симпатомиметикалық аминофиллиндерге жоғары сезімталдық

- ауыр жүрек-қантамыр аурулары, қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігін қоса

- қантамыр түйілулеріне бейімділік

- коронарлық артериялардың айқын атеросклерозы

- артериялық гипертензия (ауыр ағымы)

- бауыр және бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

- қант диабеті (ауыр ағымы)

- несеп шығуының қиындауымен простатит, қуық мойнының блокадасы

- асқазанның және он екі елі ішектің конструктивті ойық жарасы

- эпилепсия

- қан аурулары (ауыр анемияны, лейкопенияны қоса)

- үшциклдық антидепрессанттарды, моноаминооксидаза тежегіштерін, бета-адреноблокаторларды бір мезгілде қабылдау

- гипертиреоз

- жабық бұрышты глаукома

- бронх демікпесі

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы (Жильбер, Дубин-Джонсон және Ротор синдромдары)

- пилоро дуоденальді ішектің бітелуі

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

- егде жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моноаминооксидаза тежегіштерінің, седативті препараттардың, этанолдың әсерін күшейтеді.

Антидепресанттар, паркинсонизмге қарсы дәрілер, психозға қарсы дәрілер, фенотиаз туындылары – несептің іркілу, ауыздың құрғау, іш қату қаупін арттырады. Глюкокортикостероидтар глаукоманың даму қаупін арттырады. Парацетамол диуретикалық препараттардың тиімділігін азайтады. Хлорфенирамин моноаминооксидаза тежегіштерімен, фуразолидонмен бір мезгілде қабылдау гипертониялық кризге, қозуға, гиперпирексияға әкелуі мүмкін. Үшциклді антидепресанттар фенилэфриннің адреномиметикалық әсерін күшейтеді, галотанды бір мезгілде тағайындау асқазан аритмиясының даму қаупін арттырады. Гуанетидин өз кезегінде фенилэфриннің альфа-адреностимуляциялайтын белсенділігін күшейтетін гипотензивті әсерін төмендетеді.

Комбигрипті барбитураттармен, дифенинмен, карбамазепинмен, рифампицинмен және бауыр микросомальді ферменттерінің басқа да индукторларымен бір мезгілде қолданғанда парацетамолдың гепатоуытты әсерінің дамуы жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Емделген кезде алкогольді, ұйықтататын және анксиолитикалық (транквилизаторлар) дәрілік заттарды қабылдаудан тартыну керек. Құрамында парацетамол бар басқа дәрілік заттармен бірге қабылдауға болмайды. Егер ауру симптомдары 3-5 күн ішінде қайтпаса, дәрігерге қаралу керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралын басқарудан, жоғары зейін қоюды, жылдам психикалық және қозғалыс реакцияларын қажет ететін қызмет түрлерімен айналысқан кезде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Әдетте 10-15 г жоғары доза кезінде парацетамолмен шартталған.

Мүмкін: терінің бозаруы, анорексия, жүрек айнуы, құсу; гепатонекроз; «бауыр» трансаминазаларының белсенділігін арттыру, протромбиндік уақыттың артуы.

Артық дозалану құбылыстарында жедел дәрігерге қаралу керек.

Емі: бұдан әрі белсендендірілген көмірді тағайындаумен асқазанды шаю, симптоматикалық ем, артық дозаланудан кейін 8-9 сағаттан соң метионинді және 12 сағаттан кейін N-ацетилцистеинді енгізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

8 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Картоннан жасалған 10 қорапшадан картоннан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Evertogen Life Sciences Limited», Плот Но. S-8, S-9, S13 (Партли) & S-14

Фарма СЕЗ, АПИИК, Грин Индастриал Парк, Полепалли (В), Джадчерла (М), Махабубнагар Дист. Телегана Стэйт , Үндістан 509 301

Тіркеу куәлігінің иесі

«Organosyn Life Sciences Private Limited», С-88, КИРТИ

НАГАР, НЬЮ ДЕЛИ – 110015, Дели, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Organosyn Life Sciences Pvt. Ltd.” (Органосин Лайф Сайенс Пвт. Лтд.)» өкілдігі

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Бостандық ауданы, Коктем-1 ы/а, 15А-үй, 603 кеңсе, тел: +77273560278, факс: +77273560279,

e-mail: patientsafety.kz@organosyn.com

Прикрепленные файлы

Комбигрип_инструкция_рус.doc 0.06 кб
Комбигрип_инструкция_каз.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники