КОКАВ, вакцина антирабическая культуральная концентрированная очищенная инактивированная

МНН: Вакцина антирабическая
Производитель: ФГУП "НПО "Микроген" Минздрава России
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rabies, inactivated, whole virus
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№005152
Информация о регистрации в РК: 20.12.2011 - 20.12.2016
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

КОКАВ

Концентрацияланған тазартылған белсенділігі жойылған өсірінді антирабиялық вакцина

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 2,5 ХБ лиофилизат еріткішпен жиынтықта

Құрамы

Бір дозаның (1,0 мл) құрамында

белсенді зат - белсенділігі жойылған құтырма вирусы «Внуково-32» штаммы 2,5 ХБ кем емес,

қосымша заттар: 10% - 5,0 мг альбумин инфузияға арналған ерітінді, 75 мг сахароза, 10,0 мг желатин.

Еріткіш - 1,0 мл - ден ампулалардағы инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Ақ түсті, гигроскопиялы кеуек масса.

Фармакотерапиялық тобы

Құтырмаға қарсы вакцина. Белсенділігі жойылған тұтас құтырма вирусы.

АТХ коды J07BG01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Фармакодинамикасы

Концентрацияланған, тазартылған, белсенділігі жойылған, өсірінді антирабиялық вакцина болып табылады, оның құрамында сирия аламандарының бүйрек жасушаларының алғашқы өскінінде өсірілген және ультракүлгін сәулелермен белсенділігі жойылған, ультрафильтрация әдісімен концентрацияланған және тазартылған құтырманың вакциналық вирусының, «Внуково-32» штаммы бар. Бекітілген сызбаға сәйкес препаратты енгізгеннен кейін организмде құтырмаға қарсы иммунитеттің түзілуі индукцияланады.

Қолданылуы

- құтырмаға қарсы адамды емдік-профилактикалық және профилактикалық иммунизациялауда

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдік-профилактикалық және профилактикалық мақсаттарда қолданылады. Ампуланың ішіндегі вакцина 1,0 мл инъекцияға арналған суда ерітілуі керек. Еріту уақытын 5 минуттан арттыруға болмайды. Ерітілген вакцина түссізден ақшыл-сары түске дейінгі мөлдір немесе сәл бұлыңғырланатын сұйықтық.

Ерітілген вакцина ақырын бұлшықет ішіне иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне, 5 жасқа дейінгі балаларға – санның алдыңғы бүйір бетінің жоғары бөлігіне енгізіледі. Вакцинаны бөксе аймағына енгізуге болмайды.

Антирабиялық көмек көрсету.

Антирабиялық көмек жараларды, сызаттарды,сыдырылуларды, сілекей тиген жерлерді жергілікті өңдеуден және КОКАВ антирабиялық вакцинасын енгізуден немесе көрсетілімі болған жағдайда антирабиялық иммуноглобулин (АИГ) мен КОКАВ антирабиялық вакцинасын біріктіріп енгізуден тұрады. АИГ мен КОКАВ–ты енгізу аралығы 30 минуттан аспайды.

Жараны жергілікті өңдеу. Жараны (тістелген жерлерді, сызаттарды, сыдырылуларды) және сілекей тиген жерлерді жергілікті өңдеуді тез арада немесе тістелген немесе зақымданғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Ол жара бетін бірнеше минут бойы (15 минутқа дейін) сабынды сумен немесе басқа жуатын затпен (детергентом) молынан шаюдан тұрады немесе сабын мен детергент болмаған жағдайда, зақымданған орынды су ағынымен шаяды.

Содан кейін жара шеттерін 70% этил спиртімен немесе 5% йодтың спиртті ерітіндісімен өңдеу керек.

Мүмкіндігінше жараларға тігіс салудан аулақ болған жөн.

Тігу мынадай ерекше жағдайларда ғана көрсетілімде:

- ауқымды жараларда - жараны алдын ала өңдегеннен кейін бірнеше жерден тері тігістерін салу;

- косметикалық көрсетілімдер бойынша (беттің жараларында тері тігістерін салу);

- сыртқы қан кетуді тоқтату мақсатында қан кетіп жатқан тамырларды тігу.

Антирабиялық иммуноглобулинді қолдануға көрсетілім болған жағдайларда, оны тура тігу салар алдында пайдаланады ( антирабиялық иммуноглобулин (АИГ) дозасы бөлімін қара).

Жараны (зақымдануды) жергілікті өңдеуден кейін дереу емдік-профилактикалық иммунизацияны бастау керек.

Емдік – профилактикалық иммунизация.

Емдік-профилактикалық иммунизацияға барлық құтырманы жұқтыру қаупіне ұшыраған, сондай-ақ құтырмамен ауыратын жануарлармен, құтырмаға күдікті жануарлармен, жабайы немесе белгісіз жануарлармен жанасқан немесе тістелген барлық тұлғалар жатады.

Егер біріктірілген емге көрсетілімдері болса, алдымен АИГ енгізіледі, одан кейін 30 минуттан асырмай, КОКАВ енгізіледі.

КОКАВ антирабиялық вакцинамен және антирабиялық иммуноглобулинмен (АИГ) емдік-профилактикалық екпе сызбасы

Зақымдану катего-риясы

Жанасу сипаты

Жануар туралы деректер

Емдеу

1

Тері қабаты зақымданбаған, тері қабаты сілекейленбеген, шырышты қабат сілекейленбеген.

Құтырмамен ауыратын

Тағайындалмайды

2

Үй және ауыл шаруашылығы жануарларымен зақымданбаған тері қабаттарының сілекейленуі, сызаттар, сыдырылулар, дененің, аяқ қолдың беткейлік тістелуі,

(бас, бет, мойын, қолдың басы, аяқ қолдың саусақтарынан басқа).

Егер 10 тәулік бойы жануарларды бақылау барысында олар дені сау болып қалса, емді тоқтатады ( 3-ші инъекциядан кейін).

Егер зертханалық тексерумен жануарда құтырманың жоқтығы дәлелденсе, емді құтырманың жоқтығы анықталған бойына тоқтатады.

10-күн жануарларды бақылауға мүмкіндік болмаған барлық жағдайларда ( өлтірген, өлген, қашып кеткен және б.), емді көрсетілген сызба бойынша жалғастырады.

Емді дереу тағайындайды:

0, 3, 7, 14, 30, 90 күндері 1,0 мл КОКАВ

3

Үй және ауыл шаруашылығы жануарларымен шырышты қабаттың барлық сілекейленуі,бас,бет, мойын, қолдың басы, аяқ қолдың саусақтарының, генита-лийдің барлық тістелуі; бірен- саран немесе көптеген терең жыртылған жарақаттар.

Жабайы, ет қоректі жануарлармен, жарқанаттармен және кеміргіштермен барлық сілекейлену мен зақымданулар.

Егер 10 тәулік бойы жануарларды бақылау мүмкін болып, бақылау барысында олар дені сау болып қалса, емді тоқтатады ( 3-ші инъекциядан кейін).

Егер зертханалық тексерумен жануарда құтырманың жоқтығы дәлелденсе, емді құтырманың жоқтығы анықталған бойына тоқтатады. Жануарларды бақылау мүмкін

болмаған барлық басқа жағдайларда

емді көрсетілген сызба бойынша

жалғастырады.

Дереу антирабиялық иммуноглобулинмен біріктірілген емді бастау керек: 0 күні АИГ (антирабиялық иммуноглобулин (АИГ) дозасын қара) және антирабиялық вакцина: 0, 3, 7, 14, 30 және 90 күндері 1,0 мл КОКАВ

Антирабиялық иммуноглобулинді (АИГ) құтырмамен ауыратын жануарлармен немесе құтырмаға күдікті жануарлармен, жабайы немесе белгісіз жануарлармен жанасқаннан кейін мүмкіндігінше ертерек тағайындайды.

Гетерологиялық (жылқының) антирабиялық иммуноглобулинді енгізер алдында емделушінің жылқы ақуызына (қараңыз «Жылқы қан сарысуынан алынған сұйық, антирабиялық иммуноглобулинін пайдалану жөніндегі нұсқаулық») жекелей сезімталдығын тексеру керек. Гомологиялық (адамның) антирабиялық иммуноглобулинді енгізер алдында жекелей сезімталдық тексерілмейді.

Гетерологиялық антирабиялық иммуноглобулинді тістегеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей енгізеді, гомологиялық антирабиялық иммуноглобулинді тістегеннен кейін 7 тәуліктен кешіктірмей енгізеді.

Антирабиялық иммуноглобулиннің (АИГ) дозасы. Гетерологиялық (жылқының) антирабиялық иммуноглобулин дене салмағынығының 1 кг- на 40 ХБ дозада тағайындалады. Енгізілетін гетерологиялық антирабиялық иммуноглобулин көлемі 20 мл-ден аспауы керек. Гомологиялық (адамның) антирабиялық иммуноглобулин дене салмағынығының 1 кг-на 20 ХБ дозада тағайындалады.

Антирабиялық иммуноглобулинді (АИГ) енгізу. Мүмкіндігінше АИГ- нің ұсынылған дозасының көп бөлігін жара айналасындағы және жара тереңіндегі тіндерге енгізу керек. Препарат дозасының пайдаланылмаған бөлігін антирабиялық вакцинаны енгізген орыннан басқа жерге терең бұлшықет ішіне енгізіледі.

Профилактикалық иммунизация.

Профилактикалық мақсатпен құтырманы жұқтыру қаупі жоғары тұлғаларды (құтырманың көше вирусымен жұмыс жасайтын зертхана қызметкерлері; ветеринарлық қызметкерлер; қорықшы, аңшылар, орманшылар; жануарларды аулау мен ұстауға қатысты жұмыстарды атқаратын тұлғалар және басқа мамандандырылған топтағылар) иммунизациялайды.

Вакцина иықтың дельта тәріздес бұлшықетіне 1,0 мл - ден 0, 7 және 30 күндері енгізіледі. Ревакцинацияны бір рет 1,0 мл дозада бір жылдан кейін және ары қарай әр үш жыл сайын жүргізеді.

Профилактикалық иммунизация сызбасы

Алғашқы иммунизация

Үш инъекция 0,7және30күндері 1,0 мл- ден

Бірінші ревакцинация 1 жылдан кейін

кекнгод

Бір инъекция, 1,0

Келесі ревакцинациялар әр 3 жыл сайын

Бір инъекция, 1,0 мл

Құтырманы жұқтыру қаупі жоғары контингенттің профилактикалық иммунизациясы барлық қажетті деректер жазылатын (атауы, сериясы, дозасы, препаратты қабылдау мерзімі және жиілігі) «Профилактикалық егу туралы сертификат» толтырылатын және берілетін емдеу –профилактикалық мекемелердің егу кабинеттерінде жүзеге асырылады.

Жағымсыз әсерлері

Кейбір егілгендерде алғашқы екі тәулікте дамуы мүмкін

- енгізу орнының ауыруы, гиперемия, қышуы, ісінуі

- регионарлық лимфотүйіндерінің үлкеюі

- әлсіздік, дімкәстік, бас ауыруы

- температураның жоғарылауы

- миалгиялар

Сирек

- айрықша сезімтал тұлғалардағы дереу түрдегі аллергиялық реакциялар

Өте сирек

- неврологиялық симптомдар: парестезия, түбіршектік зақымданулар, полиневропатия, Гийен-Барре синдромын қоса , салдану, көру невриті

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Емдік-профилактикалық иммунизация үшін

- жоқ

Профилактикалық иммунизация үшін

- жедел жұқпа және жұқпалық емес аурулар, асқыну немесе декомпенсация сатысындағы созылмалы ауруларда – егуді жазылғаннан (ремиссия) кейін бір айдан кем емес уақыттан кейін жүргізеді.

- «КОКАВ» вакцинасын алдыңғы енгізуге жүйелі аллергиялық реакциялар (жайылған бөртпе, Квинке ісінуі және басқ.)

- жүктілік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Емдік-профилактикалық вакцинация курсын жүргізу кезінде басқа препараттармен вакцинация жүргізуге тыйым салынады. Құтырмаға қарсы вакцинация аяқталғаннан кейін басқа вакциналармен егу жүргізуге 2 айдан кем емес уақыт өткеннен кейін рұқсат етіледі.

Профилактикалық вакцинацияны басқа жұқпалы ауруға қарсы вакцинациядан кейін кемі 1 айдан соң ғана жүргізеді. Емдік-профилактикалық иммунизация курсы кезінде иммунодепрессанттар мен кортикостероидтар өмірлік көрсеткіштеріне байланысты ғана тағайындалады.

Айрықша нұсқаулар

КОКАВ антирабиялық вакцинасы мен антирабиялық иммуноглобулинмен (АИГ) емдік-профилактикалық егу сызбасына Ескертпе:

  • Емдік-профилактикалық иммунизация сызбасы мен дозасы ересектер мен балаларда бірдей.

  • Емдік-профилактикалық иммунизация курсы жарақаттанғанның

    антирабиялық көмекке жүгіну мерзіміне байланыссыз, тіпті құтырмамен ауыратын жануармен, құтырма ауыруына күдікті жануармен, жабайы немесе белгісіз жануармен жанасқаннан кейін бірнеше айдан кейін де тағайындалады.

    3.Бұрын емдік-профилактикалық немесе профилактикалық егудің толық курсын алған, аяқталғанынан бері 1 жылдан артық уақыт өтпеген тұлғалар үшін 0, 3, 7 күндері 1,0 мл - ден КОКАВ вакцинасының үш инъекциясы тағайындалады; егер бір жыл өтсе және одан көп уақыт өтсе немесе иммунизация курсы толық жүргізілмесе, егуді «КОКАВ антирабиялық вакцинамен және антирабиялық иммуноглобулинмен (АИГ) емдік-профилактикалық екпе сызбасы» бойынша жүргізеді.

    4. Емдік-профилактикалық немесе профилактикалық иммунизация курсынан кейін препараттың түрі және сериясы, егу курсы, вакцинадан кейінгі реакциялар көрсетілген анықтама (профилактикалық егу туралы сертификат) беріледі.

  • Егілген адам егудің барлық курсы бойы және аяқталғаннан кейін 6-ай бойы қандай да болмасын спиртті сусынды қабылдауға болмайтынын білуі керек. Сондай - ақ егудің барлық курсы бойы қатты шаршаудан, суықтап қалудан, қатты қызудан аулақ болған жөн.

  • Кортикостероидтар және иммунодепрессанттар вакцинотерапияның тиімсіздігіне әкелуі мүмкін. Кортикостероидтар мен иммунодепрессанттар қабылдау аясында вакцинация жүргізген жағдайда вирус бейтараптандыратын антиденелер деңгейін міндетті түрде анықтау керек. Вирусбейтараптандыратын антиденелер болмаған жағдайда 0, 7 және 30 күні сызба бойынша вакцинаны қосымша енгізу курсы жүргізіледі.

    Жылқының қан сарысуынан антирабиялық иммуноглобулинді енгізгеннен кейін асқынулар байқалуы мүмкін: енгізгеннен кейін 1-2 күні болатын жергілікті аллергическая реакция; негізінен 6-8 күні болатын сарысу құю ауруы; анафилактикалық шок. Анафилактоидты реакция дамуы барысында адреналин немесе норадреналин ерітіндісін жасына сәйкес дозада және инъекцияға арналған 5% 0,2-1,0 мл эфедрин гидрохлориді ерітіндісін тері астына енгізеді.

    Бүтіндігі, заттаңбасы бұзылған ампуладағы, сондай - ақ мөлдірлігі мен түсі өзгерген, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, дұрыс сақталмаған препаратты қолдануға болмайды.

    Ампулаларды ашу және вакцинация емшарасын асептика ережелерін қатаң сақтай отырып жүргізеді.

    Ерітілген вакцинаны 5 минуттан артық сақтауға болмайды.

    Вакцинацияланған адам кем дегенде 30 минут медициналық бақылауда болуы керек.

    Егу жүргізетін орындар шокқа қарсы терапияда қолданылатын дәрілерімен қамтамасыз етілуі керек.

    Препаратты енгізу серия нөмірі, жарамдылық мерзімі, дайындаушы – кәсіпорын, енгізу мерзімі көрсетілген бекітілген есеп формасында тіркеледі.

    Жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда симптоматикалық терапия жүргізу, гипосенсибилизациялайтын дәрілер қолдану ұсынылады.

    Сирек жағдайда ерекше сезімтал тұлғаларда дереу түрдегі аллергиялық реакция дамуы мүмкін болғандықтан егілгендерді 30 минут бойы медициналық бақылауға алу керек.

    Неврологиялық симптомдар дамыған жағдайда науқас жедел түрде госпитализациялануы керек.

    Вакцинация тиімсіз болған жағдайда

    Егудің толық курсынан кейін немесе оны жүргізу барысында адам құтырмамен ауырған немесе асқынулар жағдайында денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органына, ФМБМ «МҚЗС ҰО» Ресей ДС және ӘД министрлігі, (119002, Москва қаласы, Сивцев Вражек тұйық көшесі, 41үй; тел. (499) 241-39-22, факс (499) 241-92-38) және – «Микроген» ҒӨБ» ФМУК өндіруші-кәсіпорынға, ал антирабиялық иммуноглобулин (АИГ) қолданғанда – иммуноглобулин дайындаған ұйымға хабарлау керек.

    Құтырма дамыған жағдайда «КОКАВ» антирабиялық вакцинасының аталған сериясын, антирабиялық иммуноглобулинді (АИГ) қолдану тоқтатылады. Вакцина мен иммуноглобулин үлгілерін ФМБМ «МҚЗС ҰО» Ресей ДС және ӘД министрлігіне жіберіледі. Егілген (немесе егілудегі) адамның өлімі жағдайында міндетті түрде патологоанатомиялық зерттеу және лабораториялық-диагностикалық зерттеу жүргізу керек. Ол үшін өлген адамның асептика ережелерін сақтай отырып алынған миының үлгілерін (аммонов рог, ми бағаны, мишық, үлкен жартышар қабаты), стерильді глицериннің 50% сулы ерітіндісімен толтырылған тығыз жабылған ыдысқа салып минус 20 °С дейін салқындатады, содан кейін мұз салынған сыйымдылықты диагностикалық зертханаға жібереді.

    Вирусбейтараптандыратын антиденелердің қорғаныш деңгейін анықтау қажет болғанда құтырмамен күресу Орталығына жүгіну керек (ФМБМ «МҚЗС ҰО» Ресей ДС және ӘД министрлігі, тел. (499) 241-39-22 және (499) 241-29-41).

Артық дозалануы

Белгілері: аллергиялық реакциялар.

Емі:препаратты тоқтату, шокқа қарсы ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат - 1 ампула вакцина және 1 ампула еріткіш жиынтығымен шығарылады: вакцинаның 1 дозасы (2,5 ХБ кем емес) - 2 мл, 3 мл немесе 5 мл сыйымдылықпен ампулаларда және 1,0 мл еріткіш (инъекцияға арналған су) - 1 мл, 2 мл немесе 3 мл. сыйымдылықпен ампулаларда. Мемлекеттік және орыс тіліндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық, ампула скарификаторы немесе пышағымен бірге 5 жиынтықтан картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақинасы немесе сындыру нүктесі бар ампулаларды қолданғанда пышақ немесе скарификатор салынбайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ жарықтан қорғалған жерде 2 оС- ден 8 оС- ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

1,5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы (емдеу-профилактикалық мекемелер үшін)

Өндіруші:

«Микроген» ҒӨБ» ФМУК Ресей ДСМ,

Ресей Федерациясы, 115088, Мәскеу қ., 1-ші Дубровская к-сі, 15 үй,

тел. (495) 710-37-87.

Өндірістің мекенжайы:

Ресей, Башқұрт Республикасы 450014, Уфа қ., Новороссийская к-сі,

105 үй, тел. (347) 229-92-01

Тіркеу куәлігінің иесі

«Микроген» ҒӨБ» ФМУК Ресей ДСМ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Фурманов к-сі, 128 үй, 16 офис, тел. (727) 279-66-59, факс (727) 279-66-59,

Элекрондық мекнжайы: ip_n_nesterenko@list.ru.

Прикрепленные файлы

886269861477977154_ru.doc 83.5 кб
313758341477978320_kz.doc 94 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники