Коделак® Бронхо (таблетки)

МНН: Амброксол, Глицирризиновая кислота, Натрия гидрокарбонат, Термопсиса экстракт сухой
Производитель: Фармстандарт-Лексредства ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018739
Информация о регистрации в РК: 27.06.2023 - 27.06.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Коделак® Бронхо

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді заттар: 20 мг амброксол гидрохлориді (амброксол), 30 мг глицирризин қышқылының үшнатрий тұзы (натрий глицирризинаты), 10 мг тентекмияның құрғақ сығындысы, 200 мг натрий гидрокарбонаты,

қосымша заттар: картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон К25 (коллидон К 25), тальк, стеарин қышқылы, натрий карбоксиметилкрахмалы (натрий крахмалы гликоляты, примоджель).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, жалпақ беткейлі, ойығы мен сызығы бар, ашықтау және күңгірттеу теңбілдерімен ашық кремді түстен сарғыш реңді кремді түске дейінгі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтелдің симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

ATХ кoды - R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Амброксол. Сіңірілуі – жоғары, ең жоғары концентрациясына 2 сағаттан соң жетеді, плазма ақуыздарымен байланысуы – 80%. Гематоэнцефалдық бөгет, плацентарлық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтімен бөлінеді. Бауырда метаболизденеді, дибромантранил қышқылы мен глюкурон конъюгаттарын түзеді. Жартылай шығарылу кезеңі – 7-12 сағат. Бүйрекпен 90% суда еритін метаболиттер түрінде, 5% - өзгермеген күйде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде ұзарады, бауыр функциясының бұзылуында өзгермейді.

Глицирризин қышқылының үшнатрий тұзы (натрий глицирризинат). Ішекте тұтас молекула түрінде де, гидролиздің биобелсенді өнімдері түрінде де жақсы сіңеді, олар ішек қабырғалары арқылы сіңгеннен кейін бауырға, өкпеге, теріге және басқа да ағзаларға жеңіл өтеді.

Тентекмияның құрғақ сығындысы. Сығынды компоненттері асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді. Ең жоғары әсер етуі ішке қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан соң басталады да, 2-6 сағатқа созылады. Бүйрек, тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары мен бронх бездерімен организмнен шығарылады.

Натрий гидрокарбонаты. Асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді. Ең жоғары әсер етуі ішке қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан соң басталады да, 2-6 сағатқа созылады. Бүйрек, тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары мен бронх бездерімен организмнен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Жөтелді емдеуге арналған біріктірілген препарат, муколитикалық және қақырық түсіріетін әсер береді, сондай-ақ қабынуға қарсы белсенділікке ие. Коделак® Бронхоның әсері оның компоненттерінің фармакологиялық қасиеттеріне негізделген:

Амброксолдың секретомоторлы, секретолитикалық және қақырық бөлетін әсері бар, қақырықтың серозды және шырышты компоненттерінің бұзылған арақатынасын қалыпқа келтіреді, альвеолаларда сурфактанттың сөлінісін ұлғайтады. Қақырықтың тұтқырлығын азайтады және оның бөлінуін жақсартады.

Глициррат (глицирризин қышқылы және оның тұздары) қабынуға қарсы және вирусқа қарсы әсер етеді. Антиоксидантты және жарғақшатұрақтандырғыш белсенділігінің арқасында цитопротекторлы әсер береді. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсер ете отырып, эндогендік глюкокортикостероидтардың әсерін күшейтеді. Қабынуға қарсы айқын белсенділігімен тыныс жолдарында қабыну үдерісінің азаюына әсер етеді.

Тентекмия сығындысы асқазанның шырышты қабығы рецепторларын орташа тітіркендіре отырып, қақырық шығаруға әсер етеді, бронх бездерінің сөлінісін рефлекторлы түрде жоғарылатады.

Натрий гидрокарбонаты бронх шырышы ортасының көрсеткішін (рН) сілтілік жаққа қарай жылжытады, қақырықтың тұтқырлығын төмендетеді, жыпылықтағыш эпителий мен бронхиолалардың моторлық функциясын көтермелейді.

Қолданылуы

Қақырық бөлінуі қиындаған тыныс жолдарының ауруларында:

- жедел және созылмалы бронхит

- пневмония

- созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА)

- бронхоэктатикалық ауру.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға, тамақтану кезінде.

Ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет. Дәрігердің тағайындауынсыз 4-5 күннен артық қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- сирек: - әлсіздік

- бас ауыруы

- диарея

- ауыздың және тыныс алу жолдарының құрғауы

- экзантемалар

- ринорея

- іш қату

- дизурия

- жоғары дозада ұзақ қабылдағанда:

- гастралгия

- жүрек айну және құсу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Сақтықпен: бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі

- асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы

- бронх демікпесі

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жөтелге қарсы дәрілік заттармен бірге қолдану жөтелдің азаюы аясында қақырықтың шығуын қиындатады.

Препарат бронх сөліне антибиотиктердің енуін ұлғайтады.

Айрықша нұсқаулар

Жөтелге қарсы дәрілермен біріктіруге болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препараттың автомобиль жүргізуге немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілеттілігіне жағымсыз ықпал етуі туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия.

Емі: симптоматикалық, асқазанды шаю препаратты қабылдағаннан кейінгі алғашқы 1-2 сағатта орынды болмақ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармстандарт – Лексредства» ААҚ,

305022, Ресей, Курск қ., 2‑ші Агрегатная к-сі, 1а/18.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Отисифарм» ЖАҚ,

123317, Ресей, Мәскеу қ., Тестовская к-сі, 10 үй

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

"Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС,

100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Ботаникалық к-сі, 12 үй

Тел/факс: +7 (7212) 437002, Тел: + 7 (7212) 507322

E-mail: kphk@kphk.kz

 

Прикрепленные файлы

055431181477977043_ru.doc 48.5 кб
468238981477978218_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники