КМ-Фуролипофит®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
«КМ - Фуролипофит»®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Суппозиторийлер
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: 0.004 г фуразолидон, 0.5 г «Қызыл май» полифитті майы.
қосымша заттар: сары балауыз, какао майы.
Сипаттамасы
Крем тәріздіден крем тәріздес-қоңыр түске дейінгі суппозиторийлер. Тоңазытқышта сақтағанда балауыздың кристалдануы есебінен теңбілдер пайда болуы мүмкін, олар бөлме температурасында жоғалып кетеді.
Фармакотерапиялық тобы
Бактерияларға қарсы басқа да препараттар
АТХ коды J01XX
Фармакологиялық қасиеттері
Микробтарқа қарсы дәрі, нитрофуран туындысы. Грамтеріс бактерияларға (оның ішінде Shigella spp., Salmonella spp.), кейбір грамоң бактерияларға, сондай-ақ Trichomonas vaginalis, Giardia lamblia қатысты белсенді.
Препарат құрамына кіретін және қабынуға қарсы, репарациялық әсерге ие «Қызыл май» полифитті майы фуразолидонның жағымсыз әсерлерін басады. КМ – Фуролипофит® суппозиторийлерінің микробтарға қарсы, протозойға қарсы (сальмонеллалар, шигеллалар, протей, энтеробактериялар, дизентерия таяқшасы, трихомонадалар, лямблиялар және т.б.) әсер етеді.
Қолданылуы
-
вагинитте, трихомонадты кольпитте
-
циститте, уретритте
-
проктитте, парапроктитте, ректосигмоидитте
Қолдану тәсілі және дозалары
1 суппозиторийден ректальді немесе қынапқа күніне 2-3 рет, курсы 7-14 күн.
Жағымсыз әсерлері
- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
- қышыну, есекжем, Квинке ісінуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- фуразолидонға жоғары сезімталдық
- жүктілік, лактация кезеңі
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Аминогликозидтер және тетрациклин фуразолидонның микробқа қарсы қасиетін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Препаратпен емделу уақытында алкогольді қабылдауға болмайды
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Артық дозалану симптомдары болуы мүмкін: жағымсыз реакциялардың күшеюі.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 немесе 10 суппозиторийден. Бір (10 суппозиторийден) немесе екі (5 суппозиторийден) пішінді қаптама қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
100С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан,
Алматы қ., Ипподром к-сі, 6
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Ипподром к-сі, 6
т. 382-20-27, факс 382-19-20
Е – mail: reception@kyzylmay.com
3