КМ-Слабительный

МНН: Мелиссы лекарственной трава, Подорожника большого листья, Сенны остролистной листья, Солодки корни (Лакрица деглицирризированная), Шиповника плоды
Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация контактных слабительных
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005819
Период регистрации: 23.10.2015 - 23.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

КМ – Іш жібіткіш

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шөп-шайы

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: сенна жапырағы 30 г, мелисса шөбі 20 г, қызыл мия тамыры 10 г, итмұрын жемісі 30 г, жолжелкен жапырағы 10 г

Сипаттамасы

Сарғыш теңбілдерімен сұрғылт-жасыл түсті ұнтақ. Өзіне тән әлсіз иісі бар. Дәмі ашылау-тәтті.

Фармакотерапиялық тобы

Іш жібіткіш. Жанаспалы іш жібіткіштермен біріктірілген.

АТХ коды А06АВ20

Фармакологиялық қасиеттері

Сеннаның іш жібіткіш әсері ішектің шырышты қабығының рецепторларын көтермелеуге, оның қуыстарына натрий иондары мен су сіңірілуін күшейтуге, соның салдарынан ішек ішіндегісінің көлемін арттыру және перистальтиканы күшейтуге негізделген. Әсері 6-10 сағаттан кейін білінеді.

Мелисса түйілуді басатын, ауырғанды басатын қасиеті бар, орталық жүйке жүйесін көтермелейді, ас қорытуды көтермелейді, тәбетті қоздыртады, құсуды тоқтатады.

Қызыл мия түйілуді басатын, қабынуға қарсы, жараны жазатын әсер береді, тұз алмасуына әсер етеді.

Итмұрын жалпы нығайтатын әсерге ие, тіндер регенерациясын күшейтеді, көмірсу және минералдық алмасуға қатысады. Иммунитет көтермелейтін, қабынуға қарсы және өт айдайтын әсері бар.

Жолжелкен қабынуға қарсы, жараны жазатын, ауыруды басатын, секретолитикалық, қанды тоқтататын, жұмсартатын және бүркемелейтін әсері бар, асқазанның секреторлық функциясын күшейтеді, қанда холестерин мөлшерінің азаюына ықпал етеді.

Шөп-шайы дәрілік өсімдіктері құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың есебінен іш жібіткіш, түйілуді басатын, қабынуға қарсы әсері бар. Ішектің бөлініс функциясын көтермелейді, ол оның босатылуына әкеледі. Ас қорыту, зат алмасу үдерістерінің қалпына келуіне және организмнің қарсы тұру қабілетінің жоғарылауына ықпал етеді.

Қолданылуы

Шығу тегі әртүрлі іш қатуды кешенді емдеуде профилақтикаық және симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады:

  • дағдылы;

  • жасқа байланысты;

  • операциядан кейін;

  • қимыл қозғалыс аз болуына байланысты іш қатуларда

Қолдану тәсілі

100-150 мл қайнаған суға 1 сүзгі-пакетті демдеп, 10-15 минутқа тұндырып, түстен кейін 2 рет, тамақтан соң 30 минут – 1 сағаттан кейін қабылдау керек. Балаларға 6 жастан бастап 25-30 мл-ден тамақтан соң 30 минут – 1 сағаттан кейін. Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

- метеоризм

- іштің шаншу тәрізді ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- ішектің бітелуі

- шығу тегі белгісіз іштің ауыруы

- құрсақ қуысы ағзаларының жедел қабыну аурулары

- асқазан-ішек жолынан қан кету

- жатырдан қан кету

- цистит, спазмдық іш қатулар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Бауыр, бүйрек аурулары кезінде сақтықпен қолдану керек.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балалар практикасында 6 жастан бастап және дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдер сақтықпен және дәрігердің пайда/қауіп арақатынасын мұқият қарастырғаннан кейін қолдануы керек.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1,5 г-ден № 20 сүзгі-пакеттер немесе 1,5 г-ден жеке қаптамадағы № 20 сүзгі-пакеттер қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге полиэтилен үлбірмен қапталған фирмалық картон қорапшаға салынған. Нұсқаулық мәтіні тікелей қорапқа жазылуы мүмкін.

Сақтау шарттары

Құрғақ, қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмаcы» ӨК, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қызылмай» Фирмаcы» ӨК, Қазақстан Республикасы

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қызылмай» Фирмаcы» ӨК

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20, Е – mail: reception@kyzylmay.com

Прикрепленные файлы

055611621477976368_ru.doc 43 кб
114413811477977563_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники