КМ-Сердечно-сосудистый

Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013769
Период регистрации: 31.10.2014 - 31.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

КМ – Жүрек-қантамырлық

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Фито-шай

Құрамы

100 грамм препарат құрамында

белсенді заттар:

сасықшөп шөбі 20.0 г, сермене шөбі 20.0 г, тасшөп шөбі 10.0 г, қалақай жапырақтары 10.0 г, қырмызыгүл гүлдері 10.0 г, долана жемістері 30.0 г

Сипаттамасы

Сарғыштау теңбілдері бар жасыл түсті ұнтақ. Өзіне тән, аздап хош иісі бар. Дәмі ащылау-тәтті.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да кардиотоникалық препараттар

АТХ коды С01ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Сасықшөп шөбі айқын седативті, гипотензивті және кардиотоникалық әсерге ие.

Сермене шөбі ентігуді және жүрек маңындағы ауыруды басады, тахикардия ұстамаларын тоқтатады, спазмолитикалық қасиетке ие.

Долана жемістері кардиотоникалық дәрі ретінде, жүрек қызметінің функционалдық бұзылуында, жүрек әлсіздігінде, гипертониялық аурудың бастапқы формаларында қолданылады.

Тырнақгүл гүлдері несеп айдайтын және спазмолитикалық қасиеттерге ие.

Қалақай жапырақтары гемостатикалық, қабынуға қарсы қасиеттерге ие, негізгі зат алмасуын күшейтеді, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартады.

Тасшөп шөбі зарарсыздандыратын, спазмолитикалық, тыныштандыратын қасиеттерге ие.

Флавоноидты гликозидтер, полисахаридтер, органикалық қышқылдар, витаминдер және шайдың дәрілік өсімдіктерінің құрамына кіретін басқа да биологиялық тұрғыдан белсенді заттар есебінен жүрек-қантамырлық (жүрек қызметін көтермелейді, ритмді қалыпқа келтіреді, тамыр функциясын жақсартады), спазмолитикалық, тыныштандыратын әсер көрсетеді.

Қолданылуы

Кешенді емде:

- ангионеврозда

- жыпылықтайтын аритмияда

- пароксизмалдық тахикардияда (жеңіл түрлерінде)

- бастапқы сатыдағы артериялық гипертензияда

Қолдану тәсілі және дозалары

1 сүзгі-пакетті 100-150 мл қайнатылған ыстық суға құйып, 10-15 минут демдеп, жылы күйінде күніне 2 рет 1 сүзгі-пакеттен қабылдайды. Емдеу курсы 1,5-2 ай.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары жекелей сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Препарат балалар тәжірибесінде қолданылмайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдануға болады.

Көлік құралдарын және қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге қапталған № 20 сүзгі-пакет 1,5 г-нан немесе № 20 жеке қаптамадағы сүзгі-пакет 1,5 г-нан полиэтилен үлбірмен жабылған фирмалық картон қорапта.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткенен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фирма «Қызылмай» ӨК, Қазақстан,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фирма «Қызылмай» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фирма «Қызылмай» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

Прикрепленные файлы

776599791477976628_ru.doc 43.5 кб
387814431477977771_kz.doc 42.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники