КМ-Сеннофит®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
КМ - Сеннофит®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Суппозиторийлер
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: сеннаның құрғақ сығындысы - 0,10 г, «Қызыл май» полифитті майы - 0,30 г, глицерин - 0,20 г;қосымша заттар: сары балауыз, какао майы.
Сипаттамасы
Қоңырдан күңгірт қоңыр түске дейінгі суппозиторийлер, аздап теңбілденуіне жол беріледі, біркелкі. Тоңазытқышта сақтаған кезде балауыздың кристалдануынан бөлме температурасында жойылып кететін түйіршіктелулер пайда болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Жанаспалы іш жүргізетін дәрілер
АТЖ коды А06АВ06
Фармакологиялық қасиеттері
КМ-Сеннофит суппозиторийлері сенна сығындылары мен глицериннің әсерлері жинақталуы нәтижесінде іш жүргізуге ықпал етеді. Суппозиторийлердің іш жүргізетін әсер беру механизмі ішектің төменгі бөліктері моторлық қызметтерін тікелей және рефлекторлы көтермелеумен түсіндіріледі. Тоқ және тік ішектер перистальтикасын күшейту нәжіс массасының жүруіне ықпал етеді және ішекті босатуды тездетеді. Суппозиторий құрамына кіретін полифитті май өзіне тән қабынуға қарсы және репаративті әсерімен тік ішек тітіркенуінің алдын алады.
Қолданылуы
- әр түрлі себептерден болған іш қатулар (әдеттегі, жасқа байланысты, операциядан кейінгі, аз қозғалысты өмір сүру дағдысымен байланысты)
Қолдану тәсілі және дозалары
7 күн бойы күніне 1-2 рет 1 суппозиторийден ректальді енгізеді.
Жағымсыз әсерлері
- препараттың құрамдас бөліктеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары жеке сезімталдық болуы мүмкін
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолданылуы
Препарат балалар тәжірибесінде қолданылмайды.
Жүктілік және лактация
Препарат жүктілік және емшек емізген кезеңде ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозаланғанда
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 немесе 10 суппозиторийден. Бір (10 суппозиторийден) немесе екі (5 суппозиторийден) пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 10 0С -ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Қызылмай» фирмасы» ӨК
Қазақстан, Алматы қ., Ипподром к-сі, 6
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Қызылмай» фирмасы» ӨК, Қазақстан
ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Қызылмай» фирмасы» ӨК
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Ипподром к-сі, 6
т. 382-20-27, факс 382-19-20
Е – mail: reception@kyzylmay.com
3