КМ-Парацетофит®

МНН: Кызыл май масло полифитовое, Парацетамол
Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020317
Информация о регистрации в РК: 26.10.2021 - 26.10.2031

Инструкция

Саудалық атауы

«КМ - Парацетофит»®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: парацетамол 0.075 г, «Қызыл май» полифитті майы 0.5 г,

қосымза заттар: какао майы, балауыз.

Сипаттамасы

Ақшыл-крем түсінен крем тәрізді түске дейінгі суппозиторийлер. Тоңазытқышта сақтағанда балауыздың кристалдануы есебінен бөлме температурасында жоғалатын теңбілдер пайда болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Анилиндер. Басқа да препараттармен біріктірілген парацетамол (психолептиктерді қоспағанда)

АТХ коды N02ВЕ51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

«КМ - Парацетофит»® препаратының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Парацетамол пара – аминофенол туындыларына жатады, қабынуға қарсы,қызу басатын, ауыруды басатын әсер береді. «КМ - Парацетофит»® суппозиторийіндегі «Қызыл май» полифитті майының қабынуға қарсы және репаративтік белсенділігі парацетамолдың әсерін күшейтеді және оның бауырға, бүйрекке, қанға жағымсыз әсерлері мен жергілікті тітіркендіру әсерін біркелкілендіреді.

Қолданылуы

Кешенді ем жүргізуде:

  • қызба жағдайлары:

  • жұқпалы – қабыну ауруларында

  • жедел респираторлық вирус жұқпаларында, тұмауда

ауыруды басатын дәрі ретінде:

  • шығу тегі әр түрлі ауырулар кезінде: невралгия, миалгия, бас сақинасы, альгодисменорея, цистит.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге 1 суппозиторийден ректальді күніне 1 -3 рет.

3-5 күн ішінде әсері болмаса, емдеуді тоқтату қажет.

Жағымсыз әсерлері

  • препа­рат құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • парацетамолға аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Бауыр, бүйрек, қанның жедел ауруларында сақтықпен қолдану керек. Препаратпен емделу кезінде алкогольді қолдану ұсынылмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты педиатрияда пайдалану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүкті және бала емізетін аналардың пайдалануына болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 немесе 10 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Бір (10 суппозиторийден) немесе екі (5 суппози­торийден) пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

10 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е - mail: гесерtion@kyzylmay.com

Прикрепленные файлы

895870371477976796_ru.doc 42.5 кб
980399171477977949_kz.doc 69 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники