КМ-Метрофит®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
КМ – Метрофит®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
СуппозиторийлерФармакотерапиялық тобы
Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары.
Гинекологиялық инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар. Инфекцияға қарсы препараттар және антисептиктер, кортикостероидтармен біріктірілімдерді қоспағанда. Имидазол туындылары.
АТХ коды G01AF
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- кольпитте, цервицитте, эрозияда
- циститте, простатитте
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық
- лактация кезеңі
- жүктіліктің I триместрі
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Дисульфираммен бір уақытта қолдану әртүрлі неврологиялық симптомдар дамуына алып келуі мүмкін (метронидазолды соңғы 2 апта бойына дисульфирам қабылдаған науқастарға тағайындауға болмайды).
Тікелей емес антикоагулянттар (варфарин) әсерін күшейтеді, деполяризацияламайтын миорелаксанттармен (векуроний бромиді) үйлестіру ұсынылмайды.
Li+ препараттарымен (литий иондарымен) бір уақытта қабылдағанда соңғысының плазмадағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Қатысы жоқ
Педиатрияда қолдану
Балаларға қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат жүктіліктің II –III триместрінде пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, емдік дозада пайдаланылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ықпал етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
10-15 күн бойы күніне 1-2 рет 1 суппозиторийден ректальді (немесе қынап ішіне) енгізеді.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Анықталмаған
Дәрі-дәрмекті қолдану туралы нұсқаулық алу үшін медициналық қызметкерден немесе фармацевтен кеңес алыңыз
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Сирек
- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: метронидазол 0.05 г
Қызыл май полифитті майы 0.55 г
қосымша заттар: сары балауыз, какао майы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық-крем түстен крем түске дейін, біртекті суппозиторийлер. Тоңазытқышта сақтағанда балауыздың кристалдануы есебінен бөлме температурасында жойылып кететін теңбілдер пайда болуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 немесе 10 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Бір (10 суппозиторийден) немесе екі (5 суппозиторийден) пішінді қаптама медициналық қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
10 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
«Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК,
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Ипподромная к-сі, 6
т. +727 382-19-21, факс +727 382-19-20
Е – mail: reception@kyzylmay.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК,
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Ипподромная к-сі, 6
т. + 727 382-19-21, факс + 727 382-19-20
Е – mail: reception@kyzylmay.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдард (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК,
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Ипподромная к-сі, 6
т. + 727 382-19-21, факс + 727 382-19-20
Е – mail: reception@kyzylmay.com