КМ - Калефит®

МНН: Календулы экстракт, Кызыл май масло полифитовое
Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и противомикробные препараты для лечения гинекологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004448
Информация о регистрации в РК: 03.08.2021 - 03.08.2031

Инструкция

Саудалық атауы

КМ – Калефит®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: 0.01 г қырмызыгүл сығындысы, 0.60 г «Қызыл май» полифитті майы,

қосымша заттар: сары балауыз, какао майы.

Сипаттамасы

Крем түстестен крем тәрізді-қоңыр түсті суппозиторийлер.

Тоңазытқышта сақтағанда, балауыздың кристалдануынан теңбілдердің пайда болуы мүмкін, ол бөлме температурасында жоғалады.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да антисептиктер мен микробқа қарсы препараттар

АТЖ ткоды G01AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Қырмызыгүл сығындысы, құрамындағы каротиноидтар, флавоноидтар мен басқа биологиялық белсенді заттардың арқасында, қабынуға қарсы, жараны жазатын, бактерицидті, қышуға қарсы, түйілуді басатын қасиеттерге ие.

«Қызыл май» полифитті майының қабынуға қарсы, регенерерациялайтын, сергітетін, түйілуді басатын, антиоксиданттық, уыттануға қарсы, жараны жазатын қасиеттері бар, жеңіл жұмсартатын әсер береді.

«КМ – Калефит®» суппозиторийлері антисептикалық, жараны жазатын, қабынуға қарсы әсер береді. Шырышты қабықтардың ауыруы мен тітіркенуін басады, қышуға қарсы және жеңіл жеңіл жұмсартатын әсері бар.

Қолданылуы

Кешенді емдеу құрамында:

- кольпитте, эндоцервицитте, жатыр мойнының эрозиясында, қынаптың микрофлорасының бұзылуларында

- циститте, уретритте, простатитте

- проктитте, парапроктитте, ректосигмоидитте, геморройда, қышу және шырыш бөлінумен қатар жүретін артқы өтістің жарықтары мен ойық жараларында

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ректальді немесе қынаптық 1 суппозиторийден күніне 1-2 реттен, 10-15 күн бойы енгізеді.

Жағымсыз әсерлері

- препараттың құрамындағы құрамдастарына аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдастарына жоғары жеке сезімталдық болуы мүмкін

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде мәліметтер жоқ болғандықтан, дәрілік зат балаларға ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүкті және бала емізетін аналарға емдік дозаларда пайдалануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Анықталған жоқ

Шығарылу түрі мен қаптамасы

5 немесе 10 суппозийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. Бір (10 суппозиторийден) немесе екі (5 суппозиторийден) пішінді ұяшықтан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

10 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызыл май» фирмасы» ӨК, Қазақстан,

Алматы қаласы, Ипподром көшесі, 6

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Қызыл май» фирмасы» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Қызыл май» фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қаласы, Ипподром көшесі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

Прикрепленные файлы

101411131477977096_ru.doc 45 кб
046391981477978266_kz.doc 44 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники