КМ-Зубной®

МНН: Бадана корневища, Дуба кора, Зверобоя трава, Календулы лекарственной цветки, Корень солодки
Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для местного применения при заболеваниях полости рта
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020264
Информация о регистрации в РК: 29.11.2021 - 29.11.2031

Инструкция

Саудалық атауы

«КМ - Тіс» ®

«КМ – Dental»®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Бальзам 120 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: емен қабығы 3.32, мия тамыры 2.0, бадан тамырсабақтары 0.664, шайқурай шөбі 0.664, қырмызыгүл гүлдері 0.332;

қосымша заттар: эфир майлары - жалбыздың және эвкалипттің, глицерин, этанол, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі, тәтті-күйдіретін дәмі бар, қоңыр түсті сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Стоматологиялық препараттар.

Ауыз қуысы ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды А01АD

Фармакологиялық қасиеттері

Бальзам қабынуға қарсы, антисептикалық, қан тоқтататын қасиеттерге ие. Шырышты қабықтардың регенерация үдерісін күшейтеді

Қолданылуы

  • ауыз қуысының шырышты қабығы зақымдануларында (стоматит, гингивит, пародонтоз)

  • қызыл иекті бекіту үшін

  • ауыздың жағымсыз иісін жою үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа аппликация және шаю түрінде қолданылады.

Шаюға: 5-6 күн бойы күніне 3-4 рет 1 стақан суға 2-3 шай қасықтан.

Аппликациялар: малынған тампонды қызыл иекке күніне 2-3 рет 15-20 минуттан 5-6 күн бойы.

Қолдану алдында шайқау керек

Жағымсыз әсерлері

  • препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүкті және бала емізетін аналарда шаю ретінде пайдалануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың құрамында спирт бар екендігін көлік құралдарының жүргізушілері ескеруі керек.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

120 мл-ден полимер немесе бақылау сақинасы бар алюминий қақпақтармен немесе нығыздағыш полиэтилен тығыны бар пластмасса қақпақпен тығындалған дәрілік заттарға арналған медициналық құтыларда.

Құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

Әр құты немесе өлшеуіш стақаны бар құты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қосымша бетпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға қапталады.

Сақтау шарттары

180С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

 

3

 

Прикрепленные файлы

451812861477976837_ru.doc 40.5 кб
187823471477977996_kz.doc 68.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники