КМ-Зверобой

МНН: Зверобоя продырявленного трава
Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний ЖКТ и нарушений обмена веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014373
Период регистрации: 31.10.2014 - 31.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

КМ - Шайқурай

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Фито-шай

Құрамы

1 сүзгі-пакеттің құрамы

белсенді зат: шайқурай шөбі 1.5 г

Сипаттамасы

Сарғыштау дақтары бар сұрлау- жасыл түсті ұнтақ. Өзіне тән әлсіз иісі бар. Дәмі аздап тұтқыр, ащылау.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолы және зат алмасу ауруларын емдеуге арналған әр түрлі басқа да препараттар.

АТХ коды А16 АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Шайқурай шөбінің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар (флавоноидтар, каротиноидтар, антрацен туындылары) есебінен фито – шай өт жолдары, несеп жолдарының, қан тамырларының тегіс бұлшықеттеріне антисептикалық, қабынуға қарсы, тұтқыр, регенерациялайтын, орташа спазмолитикалық әсер етеді. Өт қабында тастардың түзілуіне жол бермейді, бауыр-асқазан ампуласының сфинктерінің түйілуінің азаюы есебінен өт бөлінуін жеңілдетеді, ас қорытуды жақсартады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- асқазан-ішек жолының ауруларында (гастроэнтериттерде, колитте, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларында)

- бауыр мен өт қабының ауруларында (холециститте, гепатитте, холестазда)

- тамақты, қызыл иекті шаю үшін (стоматит, гингивит)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдау үшін.

1 сүзгі-пакетке 100-150 мл қайнатылған су құйып, 10-15 мин тұндырып, 1 сүзгі-пакеттен күніне 3-4 рет жылы күйінде қабылдайды. Емдеу курсы 1-1,5 ай.

1 сүзгі-пакетке 50-100 мл қайнатылған су құйып, 10-15 мин тұндырып, 5-6 күн бойы күніне 2-3 рет жылы күйінде тамақты шайып, қызыл иекке жағу керек.

Жағымсыз әсері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

- ұзақ қолданғанда препарат бауыр маңында жағымсыз сезімдер және ауыздың ашуын туындатуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- фито-шай компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- фотосенсибилизация

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Препаратты педиатрияда қолдануы туралы мәліметтер жоқ

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды

Көлік құралдарын немесе қауіпті деа саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

1,5 г препараттан бір рет қолдануға арналған сүзгі-пакеттерде. 20 сүзгі-пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады. Нұсқаулық мәтінін тікелей қорапқа жазуға болады. Қораптар полиэтилен үлбірмен қапталады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фирма «Қызылмай» ӨК, Қазақстан,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фирма «Қызылмай» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фирма «Қызылмай» ӨК,

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

Прикрепленные файлы

302575971477976639_ru.doc 44 кб
400743011477977787_kz.doc 39 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники