КМ-Женьшень

Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие иммуностимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014372
Период регистрации: 08.04.2015 - 08.04.2020

Инструкция

Саудалық атауы

КМ – Женьшень

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Суппозиторийлер

Құрамы

1 суппозиторий құрамында

белсенді заттар:женьшень тұндырмасы 0,005 г

«Қызыл май» полифитті майы 0,6 г

қосымша заттар: какао майы, сары балауыз

Сипаттамасы

Ашық-қызғылттан қызғылттау-кремді түске дейінгі суппозиторийлер. Тоңазытқышта сақтаған жағдайда бөлме температурасында жоғалатын балауыз кристалдары пайда болуы мүмкін

Фармакотерапиялық тобы

Өзге де иммуностимуляторларАТХ коды L03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Женьшень тұндырмасының фармакологиялық белсенділігі құрамында гликозид-гинсеноидтер (А және B панаксозидтері, панаквилон, панаксин), эфир және майлы майлар, стеролдар, пептидтер, витаминдер мен минералдар болуымен негізделген. «Қызыл май» полифитті майының құрамында сермене шөбі, тасшөп шөбі, шайқурай шөбі, итмұрын жемістері, қалақай жапырақтары, мия тамыры, шырғанақ майы бар. Полифитті майдың құрамында белсенді заттар бар: эфир майлары, иіткіш заттар, витаминдер, флавоноидтар, каротиноидтар, ацетилхолин, полиқанықпаған май қышқылдары, қанттар, фитонцидтер, микроэлементтер.

Препарат жалпы нығайтатын, адаптогенді, қабынуға қарсы, жалпы сергітетін, биостимуляциялайтын, метаболизмдік әсер көрсетеді. Жалпы әлсіздікті, қатты қажуды, ұйқышылдықты төмендете отырып, орталық жүйке жүйесін көтермелейді, артериялық қысымды, ақыл-ой және жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатады.

Қолданылуы

Кешенді емде:

- астениялық жағдайларда

- жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық бұзылыстарында

- ақыл-ой және физикалық қатты қажуда

- гинекологиялық, урологиялық, проктологиялық ауруларда

Қолдану тәсілі және дозалары

1 суппозиторийден күніне 1-2 рет ректальді түрде күннің бірінші жартысында. Емдеу курсы 1-2 ай.

Жағымсыз әсерлері

- тітіркену, қышыну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты педиатрияда қолдану туралы деректер жоқ

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезінде қолданғанда шектеулер жоқ

Көлік құралдарын және қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы

Препаратты қолдану көлік құралдарын және қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 немесе 10 суппозиторийден поливинилхлорид үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Бір (10 суппозиторийден) немесе екі (5 суппозиторийден) пішінді қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық мәтінін тікелей қорапшаға салуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

10 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші «Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

Алматы қ-сы, Ипподромная к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Ипподромная к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

Прикрепленные файлы

223355541477976557_ru.doc 42 кб
414116241477977725_kz.doc 43.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники