КМ-Глицерофит®

Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие слабительные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004446
Информация о регистрации в РК: 29.02.2012 - 28.02.2017

Инструкция

Саудалық атауы

КМ - Глицерофит®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: глицерин – 0.50 г, «Қызыл май» полифитті майы – 0.15 г,қосымша заттар: сары балауыз, какао майы.

Сипаттамасы

Ақшыл-сарыдан крем түстеске дейінгі суппозиторийлер. Тоңазытқышта сақтаған кезде балауыздың кристалдануынан бөлме температурасында жойылып кететін теңбілдер пайда болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да іш жүргізетін дәрілер

АТЖ коды АО6АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Глицерин перистальтиканы көтеремелейді және ішекті босатуды тездетеді.

Полифит майы дәрілік өсімдіктер сығындылары нәтижесінде қабынуға қарсы, регенерациялаушы, түйілуді басатын, жарақатты жазатын жеңіл босату әсерін береді.

КМ - Глицерофит® №10 суппозиторийлерінің іш жүргізетін және орташа қабынуға қарсы әсері бар.

Қолданылуы

Препаратты әр түрлі себептерден болған іш қатуларда қолданады:

  • бастапқы

  • жасқа байланысты

  • операциядан кейінгі

  • аз қозғалысты өмір сүру дағдысымен байланысты

Қолдану тәсілі және дозалары

7-10 күн бойы күніне 1-2 рет 1 суппозиторийден ректальді енгізеді.

Жағымсыз әсерлері

- препараттың құрамдас бөліктеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық болуы мүмкін

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Дәрілік заттың қауіптілігі мен тиімділігі жөніндегі деректер болмауына байланысты балаларға ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және емшек емізген кезеңде емдеу дозаларында пайдалануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерде басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 немесе 10 суппозиторийден. Бір (10 суппозиторийден) немесе екі (5 суппозиторийден) пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

10 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Қызылмай» фирмасы» ӨК, Қазақстан Республикасы

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қызылмай» фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

 

3

 

Прикрепленные файлы

964774641477977064_ru.doc 40.5 кб
646884121477978231_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники