КМ-Антиаллергенный

Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антигистаминные препараты для системного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013799
Период регистрации: 31.10.2014 - 31.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

КМ – Антиаллергенді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Фито - шай

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар:

сасықшөп шөбі 15 г

итошаған шөбі 15 г

өгейшөп жапырақтары 15 г

жолжелкен жапырақтары 10 г

қызылмия тамыры 15 г

итмұрын жемістері 30 г

Сипаттамасы

Сары теңбілдері бар сұрғылт-жасыл түсті ұнтақ. Өзіне тән әлсіз хош иісі бар. Дәмі тәттілеу, аздап тұтқыр, шырыштылық сезіледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі әсер ететін басқа да гистаминге қарсы препараттар

АТХ коды R06АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Сапониндер, флавоноидтік гликозидтер, полисахаридтер, аскорбин қышқылы, каротиноидтер, таниндер, витаминдер және фито-шай дәрілік өсімдіктерінің құрамына кіретін басқа да биологиялық тұрғыдан белсенді заттар есебінен аллергияға қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

Кешенді емде:

  • терідегі және шырышты қабықтағы аллергиялық көріністерде

  • аллергиядан болатын мұрын бітелуінде, жөтелде

Қолдану тәсілі мен дозалары

1 сүзгі-пакетті 100-150 мл қайнатылған суға құйып, 10-15 мин тұндырып, 1 сүзгі-пакеттен күніне 3 рет жылы күйінде қабылдайды. Емдеу курсы 1-1,5 ай.

Жағымсыз әсері

- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдануы

Препаратты педиатрияда қолдану туралы мәліметтер жоқ

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану туралы мәліметтер жоқ

Көлік құралдарын және қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын және қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы туралы мәліметтер жоқ.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Полиэтилен үлбірмен жабылған қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге фирмалық картон қорапқа салынған № 20 1,5 г сүзгі-пакеттер. Нұсқаулық мәтінін тікелей қорапқа жазуға болады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фирма «Қызылмай» ӨК, Қазақстан,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фирма «Қызылмай» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фирма «Қызылмай» ӨК,

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

 

3

 

Прикрепленные файлы

429300661477976633_ru.doc 41 кб
076542411477977779_kz.doc 39 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники