Клопидогрель-Тева (Тева Фармацевтические Предприятия Лимитед)

МНН: Клопидогрел
Производитель: Тева Фармацевтические Предприятия Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clopidogrel
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121730
Информация о регистрации в РК: 24.09.2020 - 24.09.2030
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 135.85 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Клопидогрель-Тева

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клопидогрел

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 75 мг

Құрамы

Бір таблеткаынң құрамында

белсенді зат: 97,857 мг клопидогрел гидросульфаты,

75,00 мг клопидогрелге баламалы,

қосымша заттар: лактоза моногидраты (200 mesh), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 101), гидроксипропилцеллюлоза (Klucel LF), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 112), кросповидон (Collidon CL), І типті гидрогенизделген өсімдік майы (Sterotex-Dritex), натрий лаурилсульфаты

қабықтың құрамы: лактоза моногидраты, гипромеллоза 15 сР, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 4000, темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы(Е172), индиготин (Е 132, индигокармин алюминий лагы FD&C көк № 2)

Сипаттамасы

Ашық-қызғылттан қызғылт түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, капсула пішінді, бір жақ бетінде «93» таңбасы және басқа жақ бетінде «7314» таңбасы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Антикоагулянттар. Гепаринді қоспағанда тромбоциттер агрегациясының тежегіштері. Клопидогрел.

АТХ коды B01AC04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Пероральді түрде қабылдаудан кейін клопидогрел асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Өзгермеген клопидогрелдің орташа ең жоғары шектегі плазмалық деңгейлеріне (бір реттік 75 мг дозадан кейін шамамен 2,2-2,5 нг/мл) препаратты қабылдағаннан кейін 45 минуттан соң жетеді. Клопидогрел метаболиттерінің бүйректік элиминациясынан анықталған сіңірілуі 50%-дан кем емес.

Таралуы

Клопидогрел және оның қандағы негізгі айналымдағы (белсенді емес) метаболиті адам плазмасының протеиндерімен қайтымды байланыс түзеді (сәйкесінше, 98% және 94%). Байланысуы концентрациялардың кең диапазонында қанықпаған болып табылады.

Метаболизмі

Клопидогрел бауырда қарқынды метаболизге ұшырайды. Клопидогрел негізгі екі жолмен метаболизденеді: біреуі эстеразалар арқылы жүреді және гидролизге түсіп, карбон қышқылының белсенді емес туындысын түзеді (қан ағынында болатын метаболиттердің 85%-ы), басқасы әртүрлі Р450 цитохромдар арқылы жүреді. Алдымен клопидогрел аралық метаболит, 2-оксо-клопидогрелге дейін метаболизденеді. Аралық метаболит 2-оксо-клопидогрелдің кейінгі метаболизмі белсенді метаболиттің, клопидогрелдің тиолды туындысының түзілуіне әкеледі. Метаболизмнің бұл жолы CYP3А4, CYP2С19, CYP1А2 және CYP2В6 арқылы жүреді. Белсенді тиолды метаболит тромбоциттердің рецепторларымен тез және қайтымды байланысып, осылайша, тромбоциттер агрегациясын басады.

Белсенді метаболиттің Cmax шамасы клопидогрелдің 300 мг бір реттік жүктеме дозасынан кейін де, сонымен қатар демеуші 75 мг дозаны 4 күн бойы қабылдағаннан кейін де 2 есе артады. Қабылдағаннан кейін шамамен 30-60 минуттан соң Cmax байқалады.

Шығарылуы

Клопидогрелді қабылдағаннан кейін шамамен 50%-ы несеппен бірге және, енгізуден кейін 120 сағат ішінде, шамамен 46%-ы нәжіс массаларымен бірге бөлініп шығады. Бір реттік пероральді 75 мг дозадан кейін клопидогрелдің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 6 сағатты құрайды. Қандағы негізгі айналымдағы (белсенді емес) метаболиттің жартылай шығарылу кезеңі бір реттік қабылдаудан және қайталап қабылдаудан кейін 8 сағатты құрайды.

Фармакогенетикасы

CYP2С19 белсенді метаболиттің де, сонымен қатар аралық метаболит 2-оксо-клопидогрелдің де түзілуіне қатысады. Клопидогрелдің негізгі метаболитінің фармакокинетикасы және антитромбоцитарлы әсерлері CYP2С19 генотипіне байланысты өзгереді.

CYP2С19*1 аллелі функциялық метаболизміне толық сәйкес келеді, сол кезде CYP2С19*2 және CYP2С19*3 аллельдері функциялық емес болып табылады. Еуропалық (85%) және азиялық (99%) баяу метаболизаторлардың функциясы төмендеген аллельдерінің үлкен бөлігін CYP2С19*2 және CYP2С19*3 аллельдері негіздейді. Метаболизмінің жоқтығымен немесе төмендеуімен астасқан басқа аллельдер аз жиілікпен кездеседі және CYP2С19*4, *5, *6, *7 және *8 қамтиды. Нәтижесі CYP2С19-дың орташа және баяу метаболизмі болып табылатын CYP2С19 аллельдерінің басым болуы нәсіліне/этникалығына байланысты әртүрлі болды. Азиялық популяция үшін әдебиеттік деректер шектеулі, ол оқиғаның клиникалық салдарына CYP2C19 генотиптелуінің ықпалын бағалауға мүмкіндік бермейді.

Баяу метаболизатор статусы бар пациентте жоғарыда сипатталғандай, функциясы жоғалған екі аллель болады. CYP2С19 баяу метаболизаторы генотиптерінің жиілігі еуропалықтар үшін шамамен 2%-ға, африкалық нәсілділер үшін 4%-ға және шығу тегі қытайлықтар үшін 14%-ға сәйкес келеді. Пациенттің CYP2С19 генотипін анықтауға арналған тестілер бар.

Белсенді метаболит экспозициясында және ультражылдам, жылдам және орташа метаболизаторлар арасындағы тромбоциттер агрегациясының орташа басылуында (ТАБ) елеулі айырмашылықтар байқалмайды. Баяу метаболизаторларда белсенді метаболитпен экспозициясы, тез метаболизаторлармен салыстырғанда, 63-71%-ға төмен. 300 мг/75 мг дозалық режимін қолданғаннан кейін баяу метаболизаторларда антитромбоцитарлы жауап реакциясының төмендеуі байқалады, мұндайда 39% ТАБ (24 сағат) және 58% (5 күн) тез метаболизаторлармен және 37% (24 сағат) және 60% (5 күн) орташа метаболизаторлармен салстырғанда, орташа ТАБ (5 мкМ АДФ) 24% (24 сағат) және 37 % (5 күн) құрайды. Баяу метаболизаторлар 600 мг/150 мг режимінде болған кезде, белсенді метаболиттің экспозициясы 300 мг/75 мг режиміндегіге қарағанда көбірек болады. Бұдан басқа, ТАБ 32% (24 сағат) және 61% (5 күн) құрайды, бұл 300 мг/75 мг режиміндегі баяу метаболизаторларға қарағанда көбірек, бірақ 300 мг/75 мг режиміндегі CYP2С19 метаболизаторлардың басқа топтарына ұқсас болады. Науқастардың осы популяциясы үшін тиісті дозалық режим анықталған жоқ.

Белсенді метаболитпен экспозициясы орташа метаболизаторларда 28%-ға және баяу метаболизаторларда 72%-ға төмендейді, мұндайда тромбоциттер агрегациясының (5 мкМ АДФ) басылуы, тез метаболизаторлармен салыстырғанда, ТАБ-тағы, сәйкесінше 5,9% және 21,4% айырмашылықпен төмендейді.

Ерекше популяциялар

Клопидогрелдің белсенді метаболитінің фармакокинетикасы осы (бауыр және бүйрек функциясы бұзылған) ерекше популяцияларда белгісіз.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйректің ауыр сырқаты бар (креатинин клиренсі 5-тен 15 мл/мин дейін) пациенттерде күніне 75 мг клопидогрелдің қайталанған дозаларынан кейін АДФ (аденозиндифосфат) әсерінен туындайтын тромбоциттер агрегациясының басылуы, дені сау субъектілерге қарағанда, әлсіздеу (25%), алайда қан кету уақытының ұзаруы тәулігіне 75 мг клопидогрел қабылдаған дені сау субъектілердегі қан кету уақытындағыға ұқсас. Бұдан басқа, барлық науқастарда клиникалық жағымдылығының жақсы екендігі байқалады.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар науқастарда 10 күн бойы күніне 75 мг клопидогрелдің қайталанған дозаларынан кейін АДФ әсерінен туындаған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі дені сау субъектілердегіге ұқсас. Қан кету уақытының орташа ұзаруы екі топта да өзгермейді.

Фармакодинамикасы

Клопидогрел әсер етуші заттың ізашары болып табылады, оның метаболиттерінің біреуі тромбоциттер агрегациясының тежегіші болып табылады. Клопидогрел CYP2С19 энзимдері арқылы метаболизмге түседі, нәтижесінде тромбоциттердің агрегациясын басатын белсенді метаболит түзіледі. Клопидогрелдің белсенді метаболиті аденозиндифосфаттың (АДФ) оның тромбоцитарлы Р2Y12 рецепторымен байланысуын және, кейіннен АДФ әсерінен гликопротеинді GPIIb/IIIa кешенінің белсенділенуін селективті түрде тежеп, осылайша тромбоциттер агрегациясына кедергі жасайды. Әсерге ұшыраған тромбоциттердің байланысуының қайтымды болмауы салдарынан, өз тіршілігінің қалған барлық мерзімінде (шамамен, 7-10 күн) зақымданады, ал тромбоциттердің қалыпты функциясының қалпына келуі тромбоцитарлы циклге сәйкес келетін жылдамдықпен жүзеге асырылады. АДФ-ден айырмашылығы бар агонистерден туындаған тромбоциттер агрегациясы да босап шыққан АДФ әсерімен жүзеге асатын, тромбоциттер белсенділігінің күшеюін бөгеу жолымен басылады.

Белсенді метаболит CYP450 энзимдерінің жәрдемімен түзілетін болғандықтан, олардың кейбіреулері полиморфты немесе басқа дәрілік қосылыстармен басылады, науқастардың барлығында бірдей тромбоциттердің бәсеңдеу дәрежесі жеткілікті бола бермейді.

Фармакодинамикалық әсерлері

Күніне 75 мг қайталанған дозалар алғашқы күннен бастап-ақ АДФ әсерінен туындаған тромбоциттер агрегациясының едәуір бәсеңдеуіне әкеледі. Тежегіш әсері үдемелі түрде күшейеді және тепе-тең жағдайға 3-7 күннен кейін жетеді. Тепе-тең жағдай сатысында орташа тежелу деңгейі күніне 75 мг дозада байқалады және 40%-дан бастап 60%-ға дейінді құрайды. Тромбоциттер агрегациясы және қан кету уақыты біртіндеп, әдеттегідей, емдеуді тоқтатқаннан кейін 5 күннен соң бастапқы деңгейіне оралады.

Қолданылуы

Ересек пациенттерде

Атеротромбоздық оқиғалардың профилактикасы:

- миокард инфарктісі (бірнеше күннен < 35 күнге дейін), ишемиялық инсульті (7 күннен < 6 айға дейін), шеткергі артериялар ауруы диагностикаланған пациенттерде

- ST сегменті көтерілмеген жедел коронарлы синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q толқынсыз миокард инфарктісі) бар пациенттерде, соның ішінде тері арқылы коронарлы ангиопластика (ТКА) жүргізу барысында шунттау жүргізілген пациенттерде ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп

- ST сегменті көтерілген жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп

Жыпылықтағыш аритмияда, инсультті қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың профилактикасында

- жыпылықтағыш аритмиясы бар, жүрек-қантамырлық реакциялардың даму қаупінің бір факторы бар пациенттерде, К витаминінің антагонистері (VKA) жақпайтын және қан кету қаупі төмен науқастарда ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп

Қолдану тәсілі және дозалары

Клопидогрель-Тева тамақ ішуге қарамай-ақ ішке тағайындалады.

Ересектерге және егде жастағы пациенттерге Клопидогрель-Тева препаратын бір реттік 75 мг дозада тағайындайды.

ST сегментінің көтерілмеген жедел коронарлы синдромында (тұрақсыз стенокардия немесе Q толқынсыз миокард инфарктісі) препарат бір реттік 300 мг жүктеме дозамен тағайындалады. Демеуші доза – тәулігіне 75 мг (тәулігіне 75-325 мг доза ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп) 12 ай бойы. Ең жоғары емдік әсер 3 айдан соң байқалады. Қан кетудің даму қаупінің артуына байланысты, ацетилсалицил қышқылының дозасын 100 мг-ден арттырмау ұсынылады.

ST сегменті көтерілетін жедел миокард инфарктісінде препарат, тромболитикалық препараттарды қолдана отырып немесе онсыз, бір реттік 300 мг жүктеме дозадан бастап, тәулігіне 75 мг дозада (ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп) тағайындалады. 75 жастан асқан пациенттерде Клопидогрель-Тева препаратымен емдеу бір реттік жүктеме дозаны пайдаланусыз жүзеге асырылады. Біріктірілген емді мүмкіндігінше симптомдар пайда болғаннан кейін ертерек бастаған және ең кемінде 4 апта жалғастырған жөн.

Жыпылықтағыш аритмияда препарат бір 75 мг доза түрінде, тәулігіне 75-100 мг ацетилсалицил қышқылымен біріктіріліп тағайындалады.

Препарат қабылдауды жүйелі қабылдау кестесінен 12 сағаттан азырақ уақыт өткізіп алған жағдайда, пациент дозаны бірден қабылдағаны жөн, ал содан кейін келесі дозаны әдеттегі жоспарланған уақытта қабылдауы керек. Егер оған 12 сағаттан көбірек уақыт өтсе, пациент препараттың дозасын әдеттегі жоспарланған уақытта қабылдауы керек, екі еселенген доза қабылдамағаны жөн.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда клопидогрелмен емдеу тәжірибесі шектеулі. Демек, мұндай науқастар жағдайында, препаратты сақтыпен қолданған жөн.

Бауыр функциясының бұзылуы

Препаратты геморрагиялық диатезге бейім, бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі бұзылуы бар науқастарға қолдану тәжірибесі шектеулі. Осыған байланысты, осы популяцияда препарат сақтықпен қолданылуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Қан кету клиникалық зерттеулерде де, сонымен қатар постмаркетингтік кезеңде де тіркелген ең жиі жағымсыз реакция болып табылады, онда ол негізінен емнің алғашқы айында тіркелген.

Клиникалық зерттеулерде білінген немесе кездейсоқ мәлімдемелерде айтылған жағымсыз реакциялар төменде берілген.

Жиі (≥1/100, 1/10)

- гематома және жарақаттайтын соғылу

- мұрыннан қан кету

- асқазан-ішектік қан кету, диарея, іштің ауыруы, диспепсия

- пункция жасалған жердегі қан кету

Жиі емес (≥1/1000,<1/100)

- тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия

- бассүйекішілік қан құйылу (өліммен аяқталған бірнеше жағдайлар мәлімделді), бас ауыру, парестезия, бас айналу

- көзге қан құйылу (конъюнктивальді, окулярлы, ретинальді)

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит, құсу, жүректің айнуы, іш қату, метеоризм

- бөртпе, қышыну, теріге қан құйылу (пурпура)

- гематурия

- қан кету уақытының ұзаруы, нейтрофилдер санының төмендеуі, тромбоциттер санының төмендеуі

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- нейтропения, соның ішінде ауыр

- вертиго (вестибулярлы бас айналу)

- ретроперитонеальді қан кету

Өте сирек (<1/10000)

- тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), апластикалық

анемия, панцитопения, агранулоцитоз, ауыр тромбоцитопения,

жүре пайда болған А гемофилия, гранулоцитопения, анемия

- сарысу құю ауруы, анафилактоидтық реакциялар

- елестеулер, сананың шатасуы

- дәм сезімінің бұзылулары

- ауыр қан кету, операциялық жарадан қан кету, васкулит, гипотензия

- респираторлы жолдан қан кету (қан түкіру, өкпеден қан кету), бронхтың түйілуі, интерстициальді пневмонит, эозинофильді пневмония

- асқазан-ішектік және ретроперитонеальді қан кетудің өліммен аяқталуы, панкреатит, колит (соның ішінде ойық жаралы және лимфоцитарлы), стоматит

- бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігі, гепатит, бауырдың функциялық сынамасының патологиялық көрсеткіштері

- буллёзді дерматит (уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема), ангионевроздық ісіну, дәрілерді қабылдау әсерінен туындаған жоғары сезімталдық синдромы, эозинофилиямен және жүйелік көріністермен (DRESS-синдром) қатар жүретін дәрілік бөртпе, эритематозды бөртпе, есекжем, экзема және жалпақ теміреткі

- қаңқа-бұлшықеттік қан кету (гемартроз, артрит, артралгия, миалгия)

- гломерулонефрит, қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы

- қызба

Жиілігі белгісіз

- айқаспалы реактивтілік нәтижесінде дамыған тиклопидин және прасугрел сияқты тиенопиридиндік препараттарға жоғары сезімталдық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді субстанциясына немесе компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- жедел қан кету (асқазанның ойық жарасы, бассүйекішілік қан кету)

- галактозаның жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар: клопидогрелді пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл біріктірілім қан кетуді күшейтуі мүмкін. Тәулігіне 75 мг клопидогрел қабылдау S-варфариннің фармакокинетикасын немесе халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) өзгертпейтініне қарамастан, науқастарда варфаринмен емді ұзақ қабылдап жүрген науқастарда клопидогрел мен варфаринді бір мезгілде қолдану, екі препараттың да гемостазаға тигізетін әсеріне байланысты, қан кету қаупін арттырады.

IIb/IIIа гликопротеин тежегіштері: клопидогрелді IIb/IIIа гликопротеин тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген науқастар жағдайында сақтықпен қолданған жөн.

Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ): АСҚ клопидогрелдің әсерінен АДФ-мен индукцияланған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуін өзгертпейді, алайда клопидогрел коллагенмен индукцияланған тромбоциттер агрегациясына АСҚ-ның әсерін күшейтеді. Дегенмен, күніне екі рет 500 мг АСҚ-ны тәулік бойы қабылдау клопидогрелді қабылдаудан болған қан кетудің уақытын елеулі арттырмайды. Клопидогрел мен ацетилсалицил қышқылының арасында фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін, ол қан кету қаупінің артуына әкеледі. Демек, осы препараттарды бір мезгілде қолдануды абайлап жүзеге асырған жөн. Дегенмен, клопидогрел мен АСҚ бір жылға дейінгі мерзімде бірге тағайындалады.

Гепарин: клопидогрел гепариннің дозасын өзгертуді қажет етпейді және гепариннің қанды ұйыту әсеріне ықпалын тигізбейді. Гепаринді бір мезгілде қолдану клопидогрел әсерінен тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуіне ықпалын тигізбейді. Клопидогрел мен гепарин арасында фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін, ол қан кету қаупінің артуына әкеледі. Демек, осы препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс.

Тромболитикалық дәрілер: клопидогрелді фибринспецификалық және фибринспецификалық емес тромболитикалық дәрілермен және гепаринмен бірге қолданудың қауіпсіздігі жедел миокард инфарктісі бар науқастарда зерттелді. Клиникалық тұрғыдан маңызды қан кетулердің жиілігі тромболитикалық дәрілерді және гепаринді АСҚ-мен бірге қолданған кезде байқалғанға ұқсас күйінде қалады.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД): клопидогрелді және напроксенді бірге қолдану асқазан-ішек жолынан жасырын қан кетуді арттырады. Алайда, басқа ҚҚСД-мен өзара әрекеттесуі жөнінде жеткілікті клиникалық зерттеулер жоқ болуы салдарынан, қазіргі таңда барлық ҚҚСД үшін асқазан-ішектік қан кетулердің жоғары қаупі тән екендігі-еместігі анық емес. Демек, ҚҚСД (соның ішінде ЦОГ-2 тежегіштерін) мен клопидогрелді бір мезгілде қолдану сақтықты қажет етеді.

Бір мезгілде жүргізілетін басқа ем: клопидогрел белсенді метаболитіне дейін CYP2С19 жәрдемімен метаболизденетін болғандықтан, осы энзимнің белсенділігін басатын дәрілік заттарды қолдану клопидогрелдің белсенді метаболитінің дәрілік концентрациясының төмендеуіне әкеледі деп күтіледі. Осы өзара әрекеттесулердің клиникалық маңызы айқын емес. Сақтық шаралары ретінде, CYP2С19-ды басатын дәрілік заттарды бір мезгілде қолданудан бас тартқан жөн.

CYP2С19-ды басатын дәрілік препараттарға омепразол және эзомепразол, флувоксамин, флуоксетин, моклобемид, вориконазол, флуконазол, тиклопидин, ципрофлоксацин, циметидин, карбамазепин, окскарбазепин және хлорамфеникол жатады.

Протонды помпа тежегіштері (ППТ):

Омепразолдың клопидогрелмен бірге қабылданған, немесе екі дәрілік затты қабылдау арасындағы 12 сағаттық аралықты сақтап қабылданған тәулігіне бір реттік 80 мг дозасы белсенді метаболиттің экспозициясын 45%-ға (жүктеме доза) және 40%-ға (демеуші доза) төмендетеді. 39%-дан (жүктеме доза) және 21% (демеуші доза) төмендеуі тромбоциттер агрегациясы басылуының төмендеуімен байланысты). Клопидогрелмен бір мезгілде қабылданған эзомепразол да белсенді метаболит экспозициясының төмендеуіне әкеледі деп күтіледі. Сақтық шарасы ретінде, омепразолды немесе эзомепразолды клопидогрелмен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Метаболит экспозициясының айқындығы аз төмендеуі пантопразол және лансопразол жағдайында байқалады.

Белсенді метаболиттің плазмалық концентрациялары күніне бір рет 80 мг доза пантопразолмен емдеу кезінде 20%-ға (жүктеме доза) және 14%-ға (демеуші доза) төмендейді. Бұл тромбоциттер агрегациясының орташа тежелуінің сәйкесінше 15%-ға және 11%-ға төмендеумен қатар жүреді. Бұл клопидогрелді пантопразолмен бірге қолдануға болатындығын көрсетеді.

Асқазанның қышқылдылығын төмендететін Н2-рецепторлар блокаторлары (CYP2С19 тежегіші болып табылатын циметидинді қоспағанда) немесе антацидтер сияқты басқа да дәрілік заттардың клопидогрелдің антитромбоцитарлы белсенділігіне кедергі жасайтынына дәлелдер жоқ.

Басқа да дәрілік препараттар:

Клопидогрелді атенололмен немесе нифедипинмен немесе осы екі затпен де бірге қабылдағанда клиникалық тұрғыдан маңызды фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалмайды. Фенобарбиталды немесе эстрогенді бір мезгілде қолдану да клопидогрелдің фармакодинамикалық белсенділігіне елеулі ықпалын тигізбейді.

Клопидогрелмен бір мезгілде қолданғанда дигоксиннің және теофиллиннің фармакокинетикасы өзгермейді.

Антацидтік дәрілер клопидогрелдің сіңірілу дәрежесін өзгертпейді.

CYP2С9 жәрдемімен метаболизденетін фенитоинді және толбутамидті клопидогрелмен бір мезгілде қауіпсіз қолдануға болады.

Клопидогрелдің әдетте атеротромбозы бар пациенттерге тағайындалатын басқа дәрілік препараттармен (жоғарыда айтылған препараттармен қатар) өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда клопидогрелдің клиникалық сынақтарына қатысқан клопидогрелмен қатар өте алуан түрлі препараттарды қабылдаған пациенттерде клиникалық тұрғыдан маңызды жағымсыз өзара әрекеттесулер байқалған жоқ. Аталған препараттардың санына диуретиктер, бета-адреноблокаторлар, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері (АӨФ тежегіштері), кальций антагонистері, холестерин деңгейін төмендетуге арналған препараттар, коронарлы вазодилататорлар, диабетке қарсы препараттар (соның ішінде инсулин), эпилепсияға қарсы дәрілер, сондай-ақ GPIIb/IIIa-рецепторлардың блокаторлары жатады.

Айрықша нұсқаулар

Қан кетулер және гематологиялық бұзылулар

Қан кетулер және гематологиялық жағымсыз реакциялар қаупіне байланысты, емдеу кезінде қан кетуді көрсететін клиникалық симптомдар пайда болғанда дереу қанға жалпы талдау жасау және/немесе басқа да тиісті талдаулар жүргізген жөн. Басқа да антитромбоцитарлы дәрілер сияқты, клопидогрелді жарақатпен, хирургиялық немесе басқа да патологиялық жағдайлармен байланысты қан кетудің күшею қаупіне тап болған науқастар жағдайында, сондай-ақ АСҚ-мен, гепаринмен, IIb/IIIа гликопротеин тежегіштерімен немесе, ЦОГ-2 тежегіштерін қоса, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (ҚҚСД) емделіп жүрген науқастар жағдайында сақтықпен қолданған жөн. Әсіресе емнің алғашқы аптасында және/немесе жүрекке инвазиялық емшаралардан немесе хирургиялық араласымнан кейін, жасырын қан кетуді қоса, қан кетудің кез келген белгілерінің бар-жоқтығын анықтау үшін науқастарды мұқият бақылау қажет. Клопидогрелді пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл қан кетуді күшейтуі мүмкін.

Егер науқастың алдында элективті хирургиялық араласымды бастан кешу тұрса, және антитромбоцитарлы әсердің уақытша керегі жоқ болса, клопидогрел қабылдауды операциядан 7 күн бұрын тоқтатқан жөн. Кез келген жоспарланған операция және кез келген жаңа дәрілік препаратты қабылдар алдында науқастар клопидогрел қабылдап жүргенін терапевтерге және стоматологтарға алдын ала ескертуі тиіс.

Клопидогрел қан кету уақытын ұзартады және қан кетуге (асқазан-ішектік және көзішілік) бейім ететін патологиялық өзгерулері бар науқастарда сақтықпен қолданылуы тиіс.

Науқастар қан кетуді тоқтату үшін Клопидогрель-Тева препаратын (бір өзін немесе АСҚ-мен біріктірілімін) қабылдаған кезде көбірек уақыт қажет болатындығынан, және егер оларда алдын ала болжанбаған (орнығуы немесе ұзақтығы бойынша) қан кету пайда болса, өзінің емдеуші дәрігеріне мұны мәлімдеуі керектігінен хабардар болғаны жөн.

Тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП)

Клопидогрель-Тева препаратын қолданғаннан кейін, ал кейде ұзаққа созылмайтын экспозициясынан кейін де, өте сирек, кейде тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП) жағдайлары білінді. Ол неврологиялық өзгерулер, бүйрек дисфункциясы немесе қызбалар қатар жүретін тромбоцитопениямен және микроангиопатиялық гемолитикалық анемиямен сипатталады. ТТП плазмаферезді қоса, дереу емдеуді қажет ететін, өмірге қауіп төндіретін жағдай болып табылады.

Жүре пайда болған гемофилия

Клопидогрелді қабылдау жүре пайда болатын гемофилияның дамуына әкеп соғуы мүмкін екендігі мәлімделді. Жүре пайда болатын гемофилияның даму мүмкіндігін қан кетумен немесе онсыз белсендірілген ішінара тромбопластинді уақыттың (БІТУ) оқшау артуы айғақталған кезде қарастырған жөн. Жүре пайда болатын гемофилия диагнозы айғақталған науқастарды емдеуді және олардың жағдайын бақылауды мамандар жүргізуі тиіс; және клопидогрел қабылдауды тоқтатқан жөн.

Жуықта болған ишемиялық инсульт

Деректер жоқ болғандықтан, жедел ишемиялық инсульттан кейінгі алғашқы 7 күнде препараттың ұсынылуы мүмкін емес.

Р450 2С19 (CYP2С19) цитохромы

Фармакогенетикасы: CYP2С19 баяу метаболизаторлары болып табылатын науқастан жағдайында, ұсынылған дозалардағы клопидогрелде белсенді метаболиттер аз түзіледі, және ол тромбоциттер функциясына аз әсер береді. Науқастарда CYP2С19 генотипін анықтауға арналған тестілер бар.

Клопидогрелдің белсенді метаболиттерінің түзілуі аздап CYP2C19 қатысуымен жүретін болғандықтан, осы ферменттің әсерін тежейтін медициналық препараттарды пайдалану осындай метаболиттердің концентрациясының төмендеуіне әкеледі деп күтіледі. Осындай өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы қазіргі таңда анықталған жоқ. Сақтық шаралары ретінде, осы препаратпен бір мезгілде күшті немесе орташа әсер ететін CYP2C19 тежегіштерін пайдалану ұсынылмайды.

Аллергиялық айқаспалы реактивтілік

Тиенопиридиндер арасында аллергиялық реакциялардың дамуына әкелетін айқаспалы реактивтілік жөнінде мәлімделді, пациенттің сыртартқысында тиклопидин және прасугрел сияқты басқа да тиенопиридиндерге аса жоғары сезімталдықтың бар-жоқтығына баға берген жөн. Сыртартқысында тиенопиридиндерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде емдеу кезінде клопидогрелге аса жоғары сезімталдық белгілеріне мұқият мониторинг жүргізу керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған науқастарды клопидогрелмен емдеу тәжірибесі шектеулі. Демек, мұндай науқастар жағдайында препаратты сақтықпен қолданған жөн.

Бауыр функциясының бұзылуы

Препаратты геморрагиялық диатезге бейім, бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі бұзылуы бар науқастарда қолдану тәжірибесі шектеулі. Осыған байланысты, осы популяцияда препарат сақтықпен қолданылуы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде клопидогрелдің әсері жөнінде клиникалық деректер жоқ болғандықтан, жүктілік кезінде сақтық шарасы ретінде клопидогрелді қолданбаған дұрыс.

Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктілік барысына, эмбриональді/фетальді дамуына, босануға немесе постнатальді дамуына препараттың тікелей де, жанама да әсерін анықтаған жоқ.

Клопидогрелдің адамның сүтіне өтетіні-өтпейтіні белгісіз. Клиникаға дейінгі зерттеулер клопидогрелдің емшек сүтіне өтетіндігін көрсетті. Сақтық шарасы ретінде, Клопидогрель-Тева препаратымен емделу кезінде емшек емізуді жалғастырмаған жөн.

Фертильділік

Клиникаға дейінгі зерттеулерде фертильділікке клопидогрелдің ықпалы дәлелденген жоқ.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Бас айналу құбылыстарының жиі болмауына немесе жағымсыз әсерлердің өте сирек болуына байланысты, автомобильді және жұмыс механизмдерін басқарған кезде препаратты абайлап қолданған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: қан кету уақытының ұзаруы, қан кетулер

Емі - тромбоцитарлы масса құю.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті немесе поливинилиденхлоридті үлбірден және лакталған алюминий фольгадан және поливинилхлоридті полиамидті лакталған үлбірден және алюминий фольгадан жасалған Alu/Alu типті пішінді ұяшықты қаптамада 7 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 4 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«Teva Pharmaceutical Industries Limited», Израиль

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Teva Pharmaceutical Industries Limited», Израиль

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

«Teva Pharmaceutical Industries Limited», Израиль

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050040, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., әл-Фараби д-лы 19,

Нұрлы Тау БО, корпус 1Б, оф. 603

Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com

Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050040, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., әл-Фараби д-лы 19,

Нұрлы Тау БО, корпус 1Б, оф. 603

Тел, факс: (727) 311 07 08

E-mail: Dina.Baimakova@tevapharm.com

 

Прикрепленные файлы

572495721477976383_ru.doc 111 кб
132970731477977583_kz.doc 151.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники