Клозалан (25 мг)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Клозалан
Халықаралық патенттелмеген атауы
Клозапин
Дәрілік түрі
25 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – клозапин 25 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон, желатинделген крахмал, жүгері крахмалы, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі бетінде сызығы және бір жағында «CPN 25» өрнегі бар сары түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Психотроптық препараттар. Нейролептиктер. Дибензодиазепиндер және олардың туындылары. Клозапин.
АТХ коды N05AH02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Клозапинді ішке қабылдағанда сіңуі 90-95% құрайды. Тамақ ішу препараттың сіңу жылдамдығы мен көлеміне әсер етпейді. Клозапин 50-60% тең болатын абсолютті биожетімділікке алып келе отырып, метаболизмге ұшырайды. Қандағы шектік концентрациясына орта есеппен 2,1 сағаттан кейін жетеді (0,4-тен 4,2 сағатқа дейінгі ауқымда), таралу көлемі 1,6 л/кг құрайды. Клозапин қан плазмасындағы ақуыздармен 95% байланысады. Оның шығарылуы – бифазалық, жартылай шығарылу кезеңінің мәні 12 сағат (6-дан 26 сағатқа дейінгі ауқымда). 75 мг препаратты бір рет қабылдаудан кейін жартылай шығарылу кезеңі 7,9 сағатты құрайды; ол 7 күн бойы 75 мг тәуліктік дозаны тағайындау арқылы жеткен тұрақты жағдайда 14,2 сағатқа дейін артады. Тәулігіне екі рет қабылданатын дозалаудың 37,5 мг -ден 75 мг және 150 мг дейін ұлғайтылуы плазмалық концентрация/уақыт қисығы астындағы ауданның, сондай-ақ, шектік және ең төмен плазмалық концентрацияларының дозаға тәуелді дозапропорционалды артуына алып келеді.
Клозапин толық дерлік метаболизденеді. Басты метаболиттер ішінде тек диметилді метаболит қана белсенді болып табылады. Оның фармакологиялық әсері клозапиндегіге ұқсас болған, алайда ол елеулі түрде әлсіздеу және ұзақтығы аздау. Өзгермеген препараттың іздік мөлшері ғана несепте және нәжісте анықталады, қабылданған дозаның шамамен 50% метаболиттер түрінде несеппен және 30% нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Клозалан – антипсихоздық дәрі. Ол каталепсия туындатпайды және апоморфинді – немесе амфетамин-индукцияланған стереотипті жүргізілуін тежемейді. Препарат тек допаминді D1, D2, D3 және D5 рецепторларды бөгейтін әлсіз белсенділікке ие, алайда D4 рецепторларға қатысты әлеуеті жоғары, қосымша антиальфа-адренергиялық, антихолинергиялық, антигистаминдік әсерлерін және белсенділенуді тежейтін реакцияларды, әсерлерді күшейтеді. Сондай-ақ, антисеротонинергиялық қасиеті көрсетілген.
Клозапин тез және айқын тыныштандырғыш әсер туындатады, сондай-ақ шизофрениядан зардап шегетін және басқа препараттармен емдеуге төзімді емделушілерде антипсихоздық әсер туғызады.
Клозалан жедел дистония, паркинсон тәрізді жағымсыз әсерлер және акатизия сияқты экстрапирамидті реакцияларды елеулі түрде аз туындатады.
Клозалан пролактин деңгейінің жоғарылауын туғызбайды немесе елеусіз ғана жоғарылауын туындатады, осылайша оның тағайындалуы гинекомастия, аменорея, галакторея және импотенция сияқты жағымсыз реакциялармен қатар жүрмейді.
Қолданылуы
- шизофренияның емге төзімді түрлерін қоса, шизофренияда, сондай-ақ атипиялық антипсихоздық дәрілерді қоса, басқа да антипсихоздық препараттарды қабылдауда туындайтын ауыр неврологиялық жағымсыз реакцияларымен шизофрениясы бар емделушілерде
- стандартты терапия тиімсіз болған жағдайдағы Паркинсон ауруындағы психикалық бұзылыстарда
Қолдану тәсілі және дозалары
Препарат дозасы жеке таңдалады, ең төменгі тиімді дозаны пайдалану керек. Препаратпен емдеуді тек лейкоциттер деңгейі қалыпты емделушілерде ғана (лейкоциттер саны 3,5 х 109/ л кем емес және нейтрофилдер саны 2,0 х 109/ л кем емес) бастау керек.
Емнің бірінші 18 аптасы бойына апта сайын лейкоциттер және нейтрофилдердің санына бақылау жүргізу керек, ал одан әрі қарай ем барысында әрбір 4 апта сайын жүргізу керек.
Препарат қабылдауды емнің кез келген уақытында лейкоциттер саны 3,0 х 109/ л кем болғанда, болмаса нейтрофилдер саны 1,5 х 109/ л кем төмендегенде тоқтату керек.
Клозалан қабылдау лейкоциттер немесе нейтрофилдер саны азаюы салдарынан тоқтатылған емделушілер бұл препаратты қайта қолдана алмайды.
Шизофренияның емге резистентті түрінде ем күніне бір немесе екі рет 12,5 мг (тамақтан кейін) дозадан басталады, екінші күні препарат күніне бір немесе екі рет 25 мг препараттан қабылданады. Жақсы көтерімділік кезінде тәуліктік доза 2-3 апта бойына тәулігіне доза 300 мг дейін жеткенше біртіндеп 25-50 мг-ден ұлғайтылуы мүмкін. Соңынан, қажет болғанда, тәуліктік доза апталық аралықпен 50-100 мг ұлғайтылуы мүмкін.
Егде жастағы емделушілерде кейіннен біртіндеп күніне 25 мг-ден ұлғайтумен, емді төмен дозадан (12,5 мг бір рет) бастау керек.
Препараттың орташа емдік дозасы тәулігіне бірнеше қабылдауға бөлінетін 200-450 мг құрайды. Препараттың тәуліктік дозасының үлкен бөлігі ұйықтар алдында қабылданады.
Ең жоғары (100 мг-ден аспайтын біртіндеп жоғарылатумен қол жеткен ) тәуліктік доза 900 мг құрайды. Тәулігіне 450 мг жоғары дозада жағымсыз реакциялар артуы мүмкін (әсіресе эпилепсиялық ұстамалар пайда болуы).
Демеуші доза: емдік әсерге қол жеткізгенде көптеген емделушілер тиімді демеуші доза ретінде төмендеу доза қабылдауы мүмкін. Сондықтан дозаны сақтықпен және біртіндеп төмендету ұсынылады.
Емнің ұзақтығы 6 айдан кем емес. Егер тәуліктік доза 200 мг аспаса, оны кешке бір рет қабылдау ұсынылады.
Емдеуді аяқтарда препарат дозасы 1-2 апта бойы біртіндеп төмендетіледі. Егер препарат қабылдауды күрт тоқтату қажет болса, «тоқтату» синдромы дамуы мүмкіндігі салдарынан емделушіні мұқият бақылау керек.
Клозаланның соңғы дозасын қабылдау сәтінен бастап аралығы 2 күннен асатын емделушілерде емді жаңғырту бірінші тәуліктерде бір немесе екі рет қабылдауға тағайындалатын 12,5 мг дозадан басталуы тиіс. Емдік дозаға дейін жоғарылату бірінші рет ем бастағандағыдан тез жүруі мүмкін. Ортостатикалық гипотензия, айқын седативтік әсері, сананың шатасуы дамыған жағдайда дозаны арттыру шектелуі немесе кейінге қалдырылуы тиіс. Емнің бірінші аптасы ішінде артериялық қысымды бақылау қажет. Паркинсон ауруы кезінде, сондай-ақ, стандартты ем тиімсіз болған жағдайда туындайтын психоздық бұзылыстар: препараттың бастапқы дозасы кешке қабылданатын 12,5 мг аспауы тиіс. Одан әрі қарай доза біртіндеп аптасына екі рет 12,5 мг-ге 50 мг дозаға дейін (емнің екінші аптасынан ерте емес) арттырылады. Тәуліктік дозаны бір рет кешке қабылдаған дұрыс.
Орташа тиімді доза тәулігіне 25-37,5 мг құрайды. Бір апта бойына тәулігіне 50 мг дозада емдегенде қанағаттанарлық жауапқа қол жеткізілмеген жағдайда, дозаны аптасына 12,5 мг-ден қоса отырып, абайлап арттыруға болады.
Тәулігіне 50 мг доза тек ерекше жағдайларда ғана жоғарылатылуы тиіс.
Ең жоғары доза 100 мг құрайды және одан асырылмауы тиіс.
Емді аяқтаған кезде бір-екі апта ішінде дозаны 12,5 мг-ге біртіндеп төмендету ұсынылады.
Нейтропения немесе агранулоцитоз дамыған жағдайда емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі
-
ұйқышылдық/седативтік әсер, бас айналуы
-
тахикардия
-
іш қатуы, гиперсаливация
Жиі
-
лейкопения, нейтропения, эозинофилия, лейкоцитоз
-
дене салмағының артуы
-
дизартрия
-
бас ауыруы, тремор, сіресу, акатизия, экстрапирамидтік симптомдар, эпилепсиялық ұстамалар, құрысулар, миоклониялық тартылу
-
көрудің бұлыңғырлығы
-
ЭКГ өзгерістер, гипертензия, постуральді гипотензия, естен тану
-
жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы
-
бауыр ферменттері деңгейінің артуы
-
несепті ұстай алмау, несеп іркілісі
-
қажу, қатерсіз гипертермия, тер бөлінуінің /термореттеудің бұзылуы
Кейде
-
-
агранулоцитоз
-
дисфемия
-
нейролептикалық қатерлі синдром
-
Сирек
-
-
анемия
-
глюкозаға төзімділіктің бұзылуы, диабетпен ауыратын науқастарда жай-күйдің нашарлауы, алғаш білінген диабет
-
мазасыздық, қозу
-
сананың шатасуы, делирий
-
жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, аритмия, миокардит, перикардит
-
тромбоэмболия
-
өлімге алып келуі мүмкін тамақпен аспирациялану (тыныс жолдарына түсіп кетуі), төменгі тыныс жолдарының пневмониясы және жұқпалары
-
дисфагия
-
холестаздық сарғаю, панкреатит, гепатит
-
креатинфосфокиназаның артуы
-
Өте сирек
-
-
тромбоцитопения, тромбоцитемия
-
кетоацидоз, гиперосмолярлық кома, жедел гипергликемия, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия
-
кешеуілдеген дискинезия, обсессивті-компульсивті симптомдар
-
кардиомиопатия
-
тыныс тарылуы/ тоқтауы
-
ішек парезі/ бітелуі /іш қатуы, құлақ маңы безі ұлғаюы
-
бауырдың шұғыл некрозы
-
тері реакциялары
-
интерстиальді нефрит
-
приапизм
-
кенеттен түсініксіз өлім
-
Препаратқа өздігінен болатын хабарлаулар және әдебиеттер деректері бойынша алынған жағымсыз реакциялар (жиілігі белгісіз)
-
холинергиялық синдром, ЭЭГ өзгерістері
-
өлімге әкелуі мүмкін миокард инфарктісі, кеуденің ауыруы/стенокардия
-
мұрын бітелуі
-
диарея, құрсақ қуысындағы жайсыздық /қыжыл /диспепсия
-
бауыр стеатозы, бауыр некрозы, гепатоуыттылық, бауыр фиброзы, бауыр циррозы, бауырдың зақымдануы (бауыр, холестаздық және аралас) сияқты өмірге қауіпті салдарларға алып келетін құбылыстарды қоса бауыр бұзылулары, өліммен аяқталуға алып келуі мүмкін және бауыр трансплантациясын талап етуі мүмкін бауыр жеткіліксіздігі
-
бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілуі, бұлшықет ауырулары
-
бүйрек жеткіліксіздігі
Бұл препаратты қолданумен бірге нақты себеп-салдарлық байланысы дәлелденбесе де, пируэттік тахикардиямен байланысты болуы мүмкін қарыншалық тахикардия, жүректің тоқтап қалуы және QT аралығының ұзаруы өте сирек байқалған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- клозапинге немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- сыртартқысындағы уытты немесе идиосинкратиялық гранулоцитопения/агранулоцитоз (бұрын жүргізілген химиялық емді қоспағанда)
- сыртартқысындағы клозапин қабылдаудан туындаған агранулоцитоз
- сүйек кемігі функциясының бұзылуы
- жеткіліксіз бақыланатын эпилепсия, спазмофилия, миастения
- алкоголь немесе басқа уытты заттар қабылдаудан туындаған психоздар, дәрімен уыттану, коматозды жай-күй
- циркуляторлық коллапс немесе басқа себептерден туындаған ОЖЖ депрессиясы
- бүйрек және жүректің ауыр аурулары (мысалы, миокардит)
- жүрек айнуымен, анорексия немесе сарғаюмен қатар жүретін бауыр ауруларының асқынуы, бауырдың үдемелі зақымдануы, бауыр жеткіліксіздігі
- ішектің салданып бітелуі
- агранулоцитоз дамуын туындатуға ықпалды препараттармен бір мезгілге тағайындау
- қуықасты безі гипертрофиясы
- галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- қан талдауын ұдайы жүргізу мүмкіндігі жоқ емделушілер
- лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
- агранулоцитоз дамуына қатысты күрделі потенциалға ие препараттармен (карбамазепин, хлорамфеникол, сульфаниламидтер, пиразолин туындылары, цитоуытты препараттар және т.б.) бір мезгілге тағайындауға жол берілмейді
- сүйек кемігі функциясын бәсеңдететін ұзақ уақыт әсер етуші депода жинақталатын антипсихотикалық дәрілерді қатар пайдалану ұсынылмайды
- клозапин орталық жүйке жүйесіне әсер ететін есірткілік дәрілердің, антигистаминдік препараттар және бензодиазепиндер сияқты дәрілердің седативті әсерін күшейтуі мүмкін
- жағымсыз әсерлер дамуы мүмкіндігінен антихолинергиялық, гипотензивтік немесе тыныс алуды бәсеңдету әсері бар дәрілерді бір мезгілге тағайындауда сақтық жасау керек
- клозалан норэпинефриннің және артериялық қысым жоғарылауын туындататын басқа да препараттардың әсерін азайтуы, сондай-ақ
эпинефриннің вазопрессорлық әсерін тоқтатуы мүмкін
- Р450 цитохромының кейбір ферменттерінің белсенділігін тежейтін препараттарды бір мезгілге тағайындау клозалан деңгейін ұлғайтуы мүмкін және оның дозасын азайту қажеттігін туындатуы мүмкін. Бұл кофеин және серотонинді қармайтын селективті тежегіштерге (әсіресе параксетин және флувоксамин, аз дәрежеде сертралин және флуоксетин) қатысты ерекше маңызды
- Р450 цитохромының ферменттері белсенділігін индукциялайтын препараттарды (карбамазепин, фенитоин, рифампицин, омепразол) бір мезгілге тағайындау препарат әсерін азайта отырып, қан плазмасындағы клозалан концентрациясын азайтуы мүмкін
- литийді және ОЖЖ әсер ететін басқа препараттарды бір мезгілге тағайындау қатерлі нейролептикалық синдром даму қаупін арттыруы мүмкін
- клозаланды және вальпрой қышқылын бір мезгілге тағайындауда эпилепсиялық ұстамалар немесе делирий пайда болуы мүмкін
- клозалан ақуыздармен жоғары дәрежеде байланысатын препараттардың (дигоксин, варфарин) қан плазмасындағы концентрациясының артуын туындатуы мүмкін
- тыныштандырғыш әсерін үдетуі мүмкіндігінен клозаланмен емдеу кезінде алкоголь пайдалануға болмайды
- клозаланмен емдеу аясында шылым шегуді күрт тоқтату жағдайында оның қан плазмасындағы концентрациясы артуы мүмкін, бұл жағымсыз әсерлер ұлғаюын туындатуы мүмкін
Айрықша нұсқаулар
Клозапин қабылдау агранулоцитозды туындатуы мүмкін. Препараттың гемоглобиннің қалыпты деңгейі және нетрофилдердің абсолютті саны (НАС) бар емделушілерге арналғанына кепілдік болуы үшін қандағы гемоглобин деңгейіне талдау жасау және лейкоциттердің жеке түрлерін есептеуді клозапинмен емді бастар алдында 10 күн бұрын жүргізу керек. Клозапинмен ем басталғаннан кейін аптасына бір рет гемоглобин деңгейіне және НАС бірінші 18 апта бойына қанға талдау және одан әрі қарай 4 аптада 1 реттен кем емес жүргізу керек.
Емді бастар алдында емдеуші дәрігер емделушіде бұрын клозапинге оны қолдануды тоқтатуды туындатқан жағымсыз гематологиялық реакциялар болмағанына көз жеткізуі тиіс. Рецептілер екі қан талдауының аралығынан аспайтын уақытқа берілуі тиіс. Егер гемоглобин деңгейі 3000/мм3 (3.0 х 109/л) төмен болса, немесе НАС деңгейі – 1500/мм3 (1.5х109,л) төмен болса клозапинмен ем дереу тоқтатылу керек.
Сыртартқысында кардиологиялық аурулары бар немесе кардиологиялық зерттеулерінің атипиялық деректері бар емделушілер ішінде ЭКГ болуы тиіс басқа да зерттеулер жүргізу үшін маманға жіберілуі тиіс, емделушіні тек болжамды пайдасы қаупінен анық астам болатын жағдай болса ғана емді бастау керек. Емдеуші дәрігер ем бастар алдында жүргізілген ЭКГ нәтижесін ескеруі тиіс. Егер миокардит немесе кардиомиопатия туралы айтылса, онда клозапинмен ем дереу тоқтатылу керек, ал емделуші кардиологпен дереу зерттелуі тиіс.
Сыртартқысында сүйек кемігі функциясы бұзылуының алғашқы белгілері бар емделушілер клозапинді тек пайдасы қаупінен жоғары болған жағдайда ғана қолдана алады. Олар клозапинмен ем бастар алдында гематологтан тексеруден өтуі тиіс.
Сылбыр ағымды этникалық нейтропениядан туындаған гемоглобиннің төмен деңгейі бар емделушілерге ерекше назар аудару керек, клозапинмен емдеуді тек гематолог рұқсатымен ғана бастау керек.
Клозапин қабылдаушы емделушіге әрбір келуінде егер қандай да бір жұқпа дамуы басталса дереу емдеуші дәрігерімен байланысуы тиіс екендігін ескерту керек. Температура жоғарылауы немесе тамақтың жыбырлауы сияқты тұмау симптомдарын еске салатын шағымдарға, сондай-ақ нейтропенияны айғақтауы мүмкін жұқпаның басқа да белгілеріне ерекше назар аудару керек.
Клозапин қабылдау уақытында синкопемен немесе онсыз ортастатикалық гипотензия дамуы мүмкін. Бензодиазепин немесе қандай да бір басқа нейролептикалық дәрілерді қатар қолданғанда осындай асқынулар болуы мүмкін, сондай-ақ бір мезгілде доза арттырғанда бірінші титрлеуде; өте сирек жағдайларда асқыну бірінші доза қабылдағаннан кейін білінуі мүмкін. Осыған байланысты клозапин қолдануды бастаған емделушілер мұқият медициналық бақылауды қажет етеді. Паркинсон ауруы бар емделушілерде емнің бірінші апталарында тұрған күйде және арқаға жатқан күйде артериялық қысымның мониторингін жүргізу керек.
Сыртартқысында бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілер клозапин қолдануы мүмкін, бірақ бауыр функциясын, әсіресе клозапинмен емдеу кезінде дамыған жүрек айнуы, құсу және/немесе анорексия сияқты симптомдары бар емделушілер үнемі тестілеуді өтуі тиіс.
Клозапин қабылдау тромбоэмболия туындатуы мүмкіндігінен, емделушінің иммобилизациясынан аулақ болу керек.
Клозапин қабылдауды күрт тоқтатуға байланысты нақтылықтан жедел айрылу реакциялары жағдайлары туралы хабарланған, сондықтан препаратпен емдеуді біртіндеп тоқтату ұсынылады. Препарат тоқтатуды күрт тоқтату қажет болған жағдайда (мысалы, лейкопиния дамуында) емделушілерде қайталанған психопатиялық симптомдар және қатты тершеңдік, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты холинергиялық рецидивке қатысты симптомдар туындауына мұқият бақылау керек.
Балаларда қолданылуы
Клозоланның балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Жүктілік және лактация
Клозаланды жүкті әйелдерде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан препаратты жүкті әйелдерге тек күтілетін емнің әсері болжамды қауіптен анық жоғары болған жағдайда ғана тағайындау керек.
Клозалан емшек сүтіне бөлінеді, сондықтан препарат қабылдайтын аналар бала емізуді тоқтатуы тиіс.
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде қолданылуы
Препаратты ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде қолдану кезеңінде контрацепцияның тиімді әдісін қолдану керек.
Егде жастағы емделушілерде емді аз дозадан бастау керек, өйткені егде адамдар жағымсыз әсерлерге (ортостатикалық гипотензия, тахикардия) сезімталдырақ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Клозалан седативті әсерге ие, сондықтан емделушілерге автомобиль және механизмдерді басқарудан, әсіресе емнің бірінші аптасында аулақ болу керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: ұйқышылдық, сылбырлық, арефлексия, кома, сананың шатасуы, елестеулер, ажитация, делирий, экстрапирамидтік симптомдар, гиперрефлексия, құрысулар; гиперсаливация, мидриаз, көрудің бұлыңғырлығы, термолабильділік; гипотония, коллапс, тахикардия, аритмия; аспирациялық пневмония, ентігу, тыныс алудың бәсеңдеуі немесе тоқтауы.
Емі: препаратпен артық дозалағанда асқазанды шаю керек. Препаратты қабылдағаннан кейін бастапқы 6 сағат ішінде белсендірілген көмір қолдану көрсетілген. Перитонеальді диализдің және гемодиализдің тиімділігі төмен.
Симптоматикалық ем тыныс алу функциясын және жүрек қызметін, сондай-ақ электролиттік теңгерімді бақылаумен жүргізіледі. Гипотензияны емдеуде эпинефрин тағайындаудан аулақ болу керек (қарсы әсер беруі мүмкін). Артық дозалануына кейін білінетін реакциялар дамуы мүмкіндігінен емделушіні бақылау 5 күннен кем жүргізілмейді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті/ поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
5 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«G. L. Pharma GmbH», Австрия, Industriestrasse 1, 8502 Ланнах
Тіркеу куәлігінің иесі
«Валеант» ЖШҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі
Қазақстан, 050059, Алматы қ., Әл- Фараби даңғылы, 17 үй, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4Б блогы, 1104 кеңсе |
Телефон + 7 727 3 111 516 , факс +7 727 3 111 517
Электронды поштасы: Оffice.KZ@valeant.com