Климонорм®

МНН: Эстрадиола валерат
Производитель: Байер Веймар ГмбХ и Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Левоноргестрел и эстроген
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015628
Информация о регистрации в РК: 02.09.2014 - 02.09.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 115.97 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Климонорм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Драже

Құрамы

1 сары драженің құрамында белсенді зат - 2,0 мг микрондалған эстрадиол валераты,

1 қоңыр драженің құрамында белсенді заттар - 2,0 мг микрондалған эстрадиол валераты, 0,15 мг левоноргестрел бар,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, желатин, тальк, магний стеараты, тазартылған су

қабықтың құрамы: (сары драже): сахароза, глюкоза шәрбаты, желатин, негізгі жеңіл магний карбонаты, повидон К 25, макрогол 35000, кальций карбонаты, тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), карнауб балауызы.

қабықтың құрамы: (қоңыр драже): сахароза, глюкоза шәрбаты, желатин, негізгі жеңіл магний карбонаты, повидон К 25, макрогол 35000, кальций карбонаты, тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің қоңыр тотығы (Е 172), карнауб балауызы.

Сипаттамасы

Диаметрі 5,8-6,2 мм, қалыңдығы 3,2-3,7 мм, дөңгелек, сары түсті жылтыр драже. Диаметрі 5,8-6,2 мм, қалыңдығы 3,2-3,7 мм, дөңгелек, қоңыр түсті жылтыр драже.

Фармакотерапиялық тобы

Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Прогестагендер және эстрогендер біріктірілімде. Прогестагендер және эстрогендер (бірізді «күнтізбелік» қабылдауға арналған). Левоноргестрел және эстрогендер.

АТХ коды G03FB09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Эстрадиол валераты

Ішке қабылдағаннан кейін эстрадиол валераты асқазан-ішек жолынан толық сіңіріледі. Сары түсті 1 фазалы 2 дражеге сәйкес келетін 4 мг эстрадиол валератын ішке қабылдағаннан кейін эстрадиол қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына 12 сағаттан соң жетеді. 4 мг эстрадиолды ішке қабылдағаннан кейінгі эстрадиолдың ең жоғарғы концентрациясы шамамен 40-52 пг/мл құрайды. Қан плазмасынан жартылай шығарылуының орташа кезеңі 1 сағатты құрайды.

Эстрадиол қан плазмасы ақуыздарымен ішінара байланысады.

Пероральді енгізілген эстрадиол бауыр арқылы бірінші өтуі кезінде 90%-ға, негізінен эстрон, эстрон сульфаты мен эстриолға, сондай-ақ бос немесе метилденген катехолэстрогендерге дейін метаболизденеді. Эстрадиол негізінен бауырда, сондай-ақ басқа да жолдармен метаболизденеді.

Эстрадиол мен оның метаболиттері (эстрон мен эстриол) негізінен күкірт және глюкорон қышқылы бар конъюгаттар түрінде 48 сағат ішінде несеппен, сондай-ақ азғантай мөлшерде өзгеріссіз күйде шығарылады. Метаболиттерінің бір бөлігі нәжіспен шығарылады.

Левоноргестрел

Ішке қабылдағаннан кейін левоноргестрел АІЖ-нан жылдам және толығымен дерлік сіңіріледі.

Қоңыр түсті 2 фазалы 2 дражеге сәйкес келетін 0.3 мг левоноргестрелді ішке қабылдағаннан кейін левоноргестрелдің қан плазмасындағы 6 нг/мл жуықты құрайтын ең жоғарғы концентрациясына 1-2 сағаттан соң жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі таралу фазасында 2 сағатты және элиминация фазасында 10–24 сағатты құрайды.

Левоноргестрел қан сарысуы альбуминімен 93-95%-ға байланысады және жыныс гормондарын байланыстыратын глобулинмен (ЖГБГ) арнайы байланысады.

Бауыр арқылы алғашқы пассаж әсері анықталған жоқ.

Плазмадан шығарылу клиренсі дене салмағына шаққанда сағатына 106 мл құрайды.

Левоноргестрелдің метаболиттері негізінен сульфаттар мен глюкуронидтер түрінде несеппен және өтпен шығарылады.

Левоноргестрелдің аздаған мөлшері емшек сүтіне бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Климонорм препаратының белсенді ингредиенті синтетикалық 17-эстрадиол валераты болып табылады ол адам организмінде химиялық және биологиялық қасиеттері жағынан эндогенді табиғи эстрадиолға ұқсас17-эстрадиолға айналады. Эстрадиол менопаузадан кейінгі кезеңде әйелдердегі эстрогендер тапшылығының орнын толтырады және климакс симптомдарының жеңілдеуіне ықпал етеді.

Эстрогеннің левоноргестрелмен циклдық біріктірілімі нәтижесінде эстрогендердің митогендік белсенділігі бәсеңдейді. Осылайша, тек эстрогендерді қабылдаумен байланысты эндометрий гиперплазиясы мен обырының даму қаупінің жоғарылығы төмендейді.

Клиникалық зерттеулердің мәліметтері

Эстрогендер тапшылығынан туындаған симптомдарды жеңілдету және қан кетуге әсері.

Климакс симптомдарының жеңілдеуі емдеудің алғашқы апталарынан бастап байқалды.

Тоқтату қан кетуі емдеудің алғашқы жылы бойына циклдердің 84.4%-ында білінді. Орташа ұзақтығы 5 күнді құрады.

Лақылдап қан кетулер және (немесе) жағынды бөліністер 12.9% әйелде емдеудің алғашқы үш айы ішінде және 7.9% әйелде емдеудің 10–12 айы ішінде білінді.

Аменорея (қан кетулердің немесе жағынды бөліністердің болмауы) емдеудің алғашқы жылы ішінде 6.4% циклда байқалды.

Қолданылуы

- әйелдерде менопаузадан кейінгі кезеңде эстрогендер тапшылығының симптомдары кезінде орнын алмастыратын гормональді ем (ОГЕ) ретінде.

Препаратты 65 жастан асқан әйелдерге қолдану тәжірибесі шектеулі.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Климонорм® циклдық негіздегі орынбасушы гормональді емге арналған.

Дозалау режимі

Әр қаптамасы 21 күндік қабылдауға есептелген.

Алғашқы 9 күн ішінде күн сайын бір сары дражеден, содан соң 12 күн бойы – күн сайын бір қоңыр дражеден қабылдайды. Дражені 3 апта қабылдағаннан кейін препаратты қабылдауда 7 күндік үзіліс жасау керек, ол кезде етеккір тәрізді қан кетудің басталуын күтуге болады.

Препаратты қабылдаудағы 7 күндік үзілістен соң, етеккір тәрізді қан кетуді басталған-басталмағанына немесе жалғасып жатқанына қарамастан, Климонорм препаратының жаңа қаптамасын бастайды.

Климонорм препаратын қабылдауды қалай бастау керек

- Бұрын орынбасушы гормональді ем қабылданбаса

Климонорм® препаратымен емдеуді кез-келген уақытта бастауға болады.

- Орынбасушы гормональді емге арналған түрлі препараттардан ауысқан кезде

Біріктірілген үздіксіз оорынбасушы емнен ауысқан кезде, Климонорм препаратымен емдеуді алдыңғы емдеуді аяқтағаннан кейін келесі күні бастау керек.

Циклдық гормондық емнен ауысқан кезде, Климонорм препаратымен емдеуді дражені қабылдаудағы үзілістен кейінгі келесі күні бастау керек.

Постменопаузалық симптомдарды емдеуді бастаған немесе жалғастырған кезде қысқалау уақыт аралығы бойына ең аз тиімді дозасын қолдану қажет.

Қолдану тәсілі

Дражені тұтастай жұтып, аздаған мөлшердегі сумен ішеді. Асқазан-ішек бұзылыстарын болдырмас үшін, драженің күн сайын белгілі бір уақытта, дұрысы кешкілік уақытта қабылдаған дұрыс.

Емдеудің ұзақтығын дәрігер белгілейді.

Өткізіп алған дражені қабылдау

Егер әйел таблетканы белгіленген уақытта қабылдауды ұмытып кетсе, онда оны алдағы 12 сағат ішінде қабылдау керек. Керісінше жағдайда, емдеуді препаратты келесі күні, ұмытылып кеткен дражені ескермей қабылдау керек. Дражені қабылдауды өткізіп алу лақылдап қан кетудің даму ықтималдығын арттырады.

Жағымсыз әсерлері

Климонорм препаратын қолданумен байланысты немесе байланысты болуы мүмкін жағымсыз әсерлер 588 әйел кірістірілген клиникалық зерттеу нәтижелеріне және 10.115 әйел кірістірілген постмаркетингтік бақылауларға негізделген.

ОГЕ-ні қабылдаумен байланысты күрделі жағымсыз әсерлер «Айрықша нұсқаулар» бөлімінде де атап келтірілген.

Жиі (≥1/100, 1/10)

- бас ауыруы, бас сақинасы

- артериялық гипертензия

- сүт бездерінің кернеуі және ауыруы, сүт бездерінің неоплазиясы (қатерсіз мастопатия)

Жиі емес (≥1/1000, 1/100)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- тыныс алу жүйесінің инфекциялары, бронхит

- көңіл-күйдің өзгеруі, соның ішінде үрейлену немесе депрессиялық көңіл-күй

- жадының бұзылуы*, сананың шатасуы, бас айналу

- көрудің бұзылуы

- тахикардия, көктамырлардың варикоздық кеңеюі, геморрой, жүрек-қантамырлық бұзылулар

- диспепсия, жүрек айнуы, құсу, іштің кебуі, іш тұсының ауыруы, айқын іш қатулар*

- холангиттер, холециститтер, бауыр функциясының бұзылулары

- безеу бөртпесі, себорея, терінің қышуы және ашуы

- етеккірлер арасындағы қан кетулер, қынаптық бөлінділер/қынаптық бөлінділердің өзгерулері, маститтер*, вульвовагиниттер*/вульвоқынаптық өзгерулер, жатыр мойнының гиперплазиясы*/жатыр мойнының дисплазиясы, эндометрий гипертрофиясы, эндометрий гиперплазиясы*, сүт безінің обыры

- ысыну, астения, шеткергі ісінулер, аяқтарда ауырлық сезімі, жамбас аймағының ауыруы

- анемия, дене салмағының өзгеруі, қандағы қант деңгейінің жоғарылауы, гипербилирубинемия

Сирек (≥1/10000, 1/1000)

- либидо бұзылуы

- ұйқысыздық

- көктамырлық тромбоз**, тромбофлебиттер, артериялық гипотензия

- шаштың түсуі

* препаратты қолданумен байланысты деп шамаланған жағымсыз әсерлер

** көктамырлық тромбоэмболия, мысалы аяқтың терең көктамырларының тромбозы немесе жамбас көктамырларының тромбозы, өкпе аретириясының эмболиясы ОГЕ-ні пайдаланған әйелдерде ОГЕ-ні пайдаланбайтын әйелдерге қарағанда өте жиі байқалады.

Әрі қарай ақпарат алу үшін «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз.

Эстроген/прогестагендерді қолдануға байланысты басқа да жағымсыз реакциялар

- өттас ауруы

- тері мен теріасты шелмайының бұзылулары: хлоазма, түйіндақты эритема және мультформалы эритема, тамырлық пурпура

- 65 жастан асқан әйелдерде деменция дамуы мүмкін

- тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогенді эстрогендер аталған ауруға түрткі болуы немесе симптомдарын ушықтыруы мүмкін.

Сүт безі обырының қаупі

Эстроген-прогестагендерді біріктіріп 5 жылдан астам емделген әйелдерде, сүт безі обырының даму қаупі 2 есе артатыны туралы хабарланады. Эстрогендерді монотерапия түрінде қабылдаған әйелдердегі қауіптің кез келген жоғарылауы эстрогендерді прогестагендермен біріктіріп қабылдап жүрген әйелдерге қарағанда айтарлықтай төмен. Қауіп деңгейі препараттардың қолданылу ұзақтығына байланысты.

Қауіп деңгейі емдеудің ұзақтығына байланысты.

Ірі рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеу (WHI – study) мен эпидемиологиялық зерттеу (MWS) нәтижелері төменде келтірілген.

Миллион әйелді зерттеу (MWS) - 5 жыл емдеуден соң күтілетін сүт безі обыры дамуының қосымша қаупі.

Жас шамасы

(жас)

Бұрын 5 жыл бойы ОГЕ қабылдамаған 1000 әйелдегі қосымша жағдайлар саны*

Қауіптердің арақатынасы және 95% КЗ#

Бұрын 5 жыл бойы ОГЕ пайдаланған 1000 әйелдегі қосымша жағдайлар саны (95% КЗ)

Эстрогендермен монотерапия түріндегі ОГЕ

50-65 9-12 1.2 1-2 (0-3)

 

Эстроген + прогестагенмен біріктірілген ем

50-65 9-12 1.7 6 (5-7)

* Дамыған елдердегі бастапқы аурушаңдық көрсеткіштерінен алынған

# Қауіптердің жиынтық арақатынасы. Бұл шама тұрақсыз болып табылады, бірақ емдеу ұзақтығының артуына қарай жоғарылай түседі.

Ескертпе: сүт безінің обырына шалдығу ЕО елдерінде әр түрлі болып келетіндіктен, сүт безі обырының қосымша жағдайларының саны да пропорционал өзгеріп тұрады.

US WHI зерттеуі (Әйел Денсаулығы Бастамасы Зерттеуі) - 5 жыл емдеуден кейін сүт безі обыры дамуының қосымша қаупі.

Жас шамасы

(жас)

5 жыл бойы плацебо қабылдаған 1000 әйелдегі ауруға шалдығу көрсеткіші

Қауіптердің арақатынасы және 95% КЗ

5 жыл бойы ОГЕ пайдаланған 1000 әйелдегі қосымша жағдайлар саны (95% КЗ)

Конъюгацияланған жылқы эстрогендерімен (КЖЭ) монотерапия

50-79 21 0.8 (0.7-1.0) -4 (-6 – 0) *

КЖЭ+ медроксипрогестерон ацетаты (эстроген + прогестаген#)

50-79 17 1.2 (1.0-1.5) +4 (0 - 9)

* WHI зерттеуінде сүт безі обыры қаупінің жоғарылауы байқалған жатыры алынып тасталған әйелдер

# бұрын, зерттеуге қосылғанға дейін ОГЕ пайдаланбаған әйелдермен шектелген талдау кезінде алғашқы 5 жыл ішінде қауіптің жоғарылауы байқалған жоқ: 5 жылдан кейін қауіп ОГЕ қабылдамаған әйелдерге қарағанда жоғары болды.

2 –WHI зерттеуінде жатыры алынып тасталған, СБО қаупінің жоғарылауы анықталмаған әйелдер тобы.

Эндометрий обырының қаупі

Жатыры алынып тасталмаған постменопаузадағы әйелдер

Эндометрий обырының даму қаупіне ОГЕ қабылдап жүрген, жатыры алынып тасталмаған 1000 әйелдің ішінен шамамен әр 5 әйел ұшырайды. Жатыры алынып тасталмаған әйелдер үшін эстрогендермен монотерапия ұсынылмайды, өйткені бұл эндометрий обырының даму қаупін арттырады. Эстрогендермен емдеудің ұзақтығына және эстрогендердің дозасына байланысты, эндометрий обырының даму қаупі эпидемиологиялық зерттеулерде жас шамасы 50-тен 65-ке дейінгі 1000 әйелде 5-тен 55-ке дейінгі қосымша жағдайлар ауытқып отырды. Эстрогендермен емдеуге циклдың кемінде 12 күні ішінде прогестагенді қосу қауіптің жоғарылауын болдырмауға мүмкіндік береді. Біріктірілген (циклдық немесе үздіксіз) ОГЕ 5 жыл ішіндегі MWS зерттеуінде эндометрий обыры қаупінің жоғарылауын туғызған жоқ (СҚ 1,0 (0,8-1,2)).

Аналық бездің обыры

Эстрогенмен емдеуді және біріктірілген эстроген-прогестаген ОГЕ ұзақ уақыт бойы қолдану аналық бездер обырының біршама жоғарылау қаупімен байланысты болуы мүмкін. Million Women Study зерттеуінде 5 жылға созылған ОГЕ 2500 пациент әйелдің ішінен аналық бездер обырының 1 қосымша жағдайын туғызды.

Көктамырлық тромбоэмболия қаупі

ОГЕ көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ), яғни терең көктамырлар тромбозының немесе өкпе эмболиясының 1,3-3 есе жоғары салыстырмалы қаупімен байланысты болуы мүмкін. ОГЕ алғашқы жылы ішінде мұндай құбылыстардың туындау ықтималдығы анағұрлым жоғары.

WHI зерттеуінің нәтижелері төменде келтірілген:

WHI зерттеуі (Әйел Денсаулығы Бастамасы Зерттеуі) – ОГЕ 5 жыл пайдаланғаннан кейінгі КТЭ қосымша қаупі

Жас шамасы

(жас)

5 жыл бойы плацебо қабылдаған 1000 әйелдегі ауруға шалдығу көрсеткіші

Қауіптердің арақатынасы және 95% КЗ

5 жыл бойы ОГЕ қабылдаған 1000 әйелдегі қосымша жағдайлар саны (95% КЗ)

Ішу арқылы қабылдауға арналған монотерапия*

50-59

7

1.2 (0.6-2.4)

1 (-3–10)

Құрамында эстроген + прогестаген бар біріктірілген пероральді препараттар

50-59

4

2.3 (1.2-4.3)

5 (1-13)

* жатыры алынып тасталған әйелдердегі зерттеу

Жүректің ишемиялық ауруының қаупі

Жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі 60 жастан асқан, эстроген-прогестаген ОГЕ біріктірілген емін қабылдап жүрген әйелдерде біршама жоғары.

Ишемиялық инсульт қаупі

Эстрогенмен монотерапияны және эстроген-прогестагенмен емдеуді пайдалану ишемиялық инсульттің салыстырмалы қаупінің 1,5 есе жоғарылауымен қатар жүреді. ОГЕ геморрагиялық инсульт қаупін арттырмайды.

Айрықша нұсқаулар

WHI зерттеуі (Әйел Денсаулығы Бастамасы Зерттеуі) – ОГЕ 5 жыл пайдаланғаннан кейінгі ишемиялық инсульттің қосымша қаупі *

Жас шамасы

(жас)

5 жыл бойы плацебо қабылдаған 1000 әйел арасындағы ауруға шалдығу

Қауіптердің арақатынасы және 95% КЗ

5 жыл бойы ОГЕ қабылдаған 1000 әйелдегі жағдайлардың қосымша саны (95% КЗ)

50-59

8

1.3 (1.1-1.6)

3 (1–5)

* Ишемиялық және геморрагиялық инсульттің арасында айырмашылық жоқ

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біріне белгілі аса жоғары сезімталдық

- сыртартқыдағы, қазіргі кездегі немесе болжанған сүт безі обыры

- расталған немесе болжанған эстрогенге тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, эндометрий обыры)

- шығу тегі белгісіз қынаптан қан кету

- эндометрий гиперплазиясы (бұрын емделмеген)

- қазіргі кездегі немесе сыртартқысындағы көктамырлық тромбоэмболиялар (терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы)

- тромбофилиялық бұзылулар, мысалы протеин С, протеин S немесе антитромбин тапшылығы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

- жедел немесе жуырда өткерген артериялық тромбоз немесе тромбоэмболия (миокард инфарктісі және инсульт сияқты)

- бауырдың жедел аурулары (немесе сыртартқыда) бауыр тестілері қалыпқа келгенше

- порфирия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бауыр ферменттерін, мысалы Р450 цитохромы жүйесін индукциялайтын құрысуға қарсы препараттар (фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин, окскарбазепин, топирамат, фелбамат және примидон) және рифампицин, рифабутин, невирапин, эфавиренз, сондай-ақ микробқа қарсы гризеофульвин, мепробамат және фенилбутазон мен оның тұздары сияқты препараттарды қатарластыра қабылдағанда эстрогендер мен левоноргестрелдің метаболизмі артуы мүмкін.

Ритонавир мен нелфинавир, күшті тежегіштер ретінде белгілі болғанымен де стероидтық гормондарды қатарластыра қабылдағанда керісінше индукциялаушы қасиеттер көрсетеді.

Құрамында шайқурай бар өсімдік препараттары да эстроген мен прогестагеннің метаболизмін иундукциялауы мүмкін.

Эстрогендер мен прогестагеннің метаболизмінің жеделдеуі клиникалық тұрғыдан оның әсерінің төмендеуін және жатырдан қан кетулердің сипатында қандай-да бір өзгерістерді туғызуы мүмкін. Метаболизм ферменттерін тежейтін заттар, мысалы кетоконазол, препараттың белсенді заттарының плазмалық деңгейін жоғарылатуы мүмкін.

Эстрогендер имипраминнің жағымсыз әсерлерінің біліну жиілігін арттыруға қабілетті.

Циклоспориндермен бір мезгілде емдеу бауыр арқылы бөлініп шығудың төмендеуі салдарынан циклоспориннің, креатин мен трансаминазалардың деңгейін арттыруы мүмкін.

Эстрогендер кортикоидтардың клиникалық тиімділігін жоғарылатуға қабілетті. Тиреоидтық гормондармен орынбасу емі кезінде левотироксиннің дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.

Белсендірілген көмірді және/немесе ампициллин, тетрациклин сияқты антибиотиктерді қолданумен байланысты ішек флорасындағы өзгерістер гормондар деңгейінің төмендеуіне алып келуі мүмкін, бұл олардың әсерінің төмендеуіне ықпал етеді. Мұндай жағдайларда етеккіраралық қан аралас бөліністердің даму жиілігінің артқаны байқалады.

Емдеу қажеттілігі / қантты төмендететін пероральді дәрілердің немесе инсулиннің дозасы эстрогеннің глюкозаға төзімділікке әсер етуінің (төмендету) және инсулинге жауаптың нәтижесінде өзгеруі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Айрықша нұсқаулар

Менопаузадан кейінгі симптомдарды емдеу үшін ОГЕ-ні тек өмір сапасына жағымсыз ықпал ететін симптомдар болғанда ғана бастаған жөн.

Барлық жағдайларда қаупі/артықшылығы арақатынасына кемінде жыл сайын жан-жақты баға берген жөн, және ОГЕ-ні тек артықшылығы қауіптен басым болған жағдайда ғана жалғастыру керек.

Мерзімінен бұрын басталған менопаузаны емдеу кезіндегі ОГЕ-мен байланысты қауіптер туралы мәліметтер шектеулі. Жастау әйелдердегі абсолюттік қауіптің төмен екендігін ескерсек, аталған әйелдердегі басымдығы мен қауіптерінің арақатынасы жасы үлкендеу әйелдерге қарағанда жағымдырақ болуы мүмкін.

Медициналық тексеру мен кеңес беру

ОГЕ-ні бастаудың немесе қайта бастаудың алдында әйел жан-жақты түрде (отбасылық сыртартқыны тексеруді қоса есептегенде) жалпы медициналық тексеруден және гинекологиялық тексеруден (сүт бездерін тексеруді және цервикальді шырышқа цитологиялық тексеру жүргізуді қоса есептегенде) өтуі, қолдануға болмайтын жағдайларды және сақтық шараларын ескеру керек. Емдеу үдерісінде мезгіл-мезгіл бақылау жасау үшін тексеру жүргізген жөн, оның жиілігі әр адамда жекелей шешіледі.

Әйелге сүт безінде пайда болған кез келген өзгерісті дәрігерге айтып отыру керектігінен хабардар ету керек. Сүт бездерін, маммографияны қоса есептегенде, зерттеуді скринингтің белгіленген кестесіне сай және жекелей клиникалық қажеттілікке байланысты жүргізген жөн.

Қадағалауды қажет ететін жай-күйлер

Егер төмендегі жағдайлардың қандай-да біреуі бұрын байқалса, қазіргі кезде болса және/немесе жүктілік немесе бұрын гормонмен емдеу барысында асқынып кетсе, пациент әйелді мұқият қадағалау керек.

Көрсетілген жағдайлар Климонорм препаратымен емдеу кезінде қайта басталуы және/немесе өршуі мүмкін екендігіне көңіл бөлген жөн:

- лейомиома (фибромиома) немесе эндометриоз

- қауіп факторлары, соның ішінде сыртартқыдағы тромбоэмболиялық бұзылулар

- эстрогенге тәуелді ісіктердің даму факторы (мысалы туыстығы 1 дәрежелі туысқанында сүт безі обырының болуы)

- артериялық гипертензия

- бауыр аурулары (мысалы, бауыр аденомасы)

- қантамыр бұзылулары бар немесе онсыз қант диабеті

- өттас ауруы

- бас сақинасы немесе айқын бас ауырулары

- жүйелік қызыл жегі

- сыртартқыдағы эндометрий гиперплазиясы

- эпилепсия

- бронх демікпесі

- отосклероз

Препаратты қабылдауды дереу тоқтату себептері

- сары ауру немесе бауыр қызметінің нашарлауы

- артериялық қысымның едәуір жоғарылауы

- бас сақинасына ұқсас жаңа ұстамалар

- жүктілік.

Эндометрий гиперплазиясы және эндометрий обыры

Жатыры алынып тасталмаған әйелдерде эстрогендермен ұзақ уақыт монотерапия кезінде эндометрий гиперплазиясы немесе карциномасының даму қаупі жоғарылайды.

Тек эстрогендерді қабылдап жүрген әйелдерде, эндометрий обырының даму қаупі емдеудің ұзақтығы мен эстрогеннің жозасына байланысты, эстрогендерді пайдаланбайтын әйелдермен салыстырғанда 2-ден 12 есеге дейін жоғары. Емдеуді тоқтатқаннан кейін қауіп шамамен 10 жыл бойы жоғары күйінде қалады.

Жатыры алынып тасталмаған әйелдерде циклдық режимде 28 күндік цикл бойына кемінде 12 күн бойы прогестагенді қосу немесе біріктірілген эстроген-прогестаген препаратымен үздіксіз емдеу құрамында тек эстроген бар ОГЕ-мен байланысты қауіп жоғарылауының алдын алады.

Жатырдан лақылдап қан кетулер мен жағынды бөліністер кейде емдеудің алғашқы бірнеше айы ішінде білінуі мүмкін. Егер жатырдан лақылдап қан кетулер мен жағынды бөліністер бірнеше емдеу циклынан соң дамыса, немесе емдеуді тоқтатқаннан кейін де жалғаса берсе, себебін зерттеу қажет, ол зерттеуге эндометрийдегі қатерлі үдерісті болдырмау үшін, эндометрий биопсиясы кіруі мүмкін.

Сүт безінің обыры

Қолда бар мәліметтер бойынша біріктірілген эстроген-прогестаген препараттарымен және сонымен қатар, ОГЕ жүргізу ұзақтығына тәуелді эстроген препараттарымен ОГЕ пайдаланып жүрген әйелдерде сүт безі обырының даму қаупі жоғары.

Эстроген+прогестагендермен біріктірілген ем

Рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеулер (WHI) мен эпидемиологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша ОГЕ-ге арналған эстроген-прогестагендермен ем қабылдап жүрген әйелдерде сүт безі обыры қаупінің жоғарылағаны анықталды, бұл емдеу басталғаннан кейін шамамен 3 жылдан соң білінеді.

Эстрогендермен монотерапия

WHI зерттеуінде жатыры алынып тасталған, тек эстрогендермен ОГЕ пайдаланған әйелдерде сүт безі обыры қаупінің жоғарылағаны анықталған жоқ. Бақылау зерттеулерінің мәліметтері бойынша негізінен сүт безі обыры қаупінің болар-болмас жоғарылағаны туралы хабарланады, бұл біріктірілген эстроген-прогестаген препараттарын қабылдаған әйелдерде анықталғанға қарағанда едәуір дәрежеде төмен. Қауіп жоғарылығы бірнеше жыл ішінде анықталуы мүмкін және емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше (әдетте, бес) жыл ішінде бастапқы деңгейіне айтып келеді.

ОГЕ, әсіресе эстроген-прогестагендермен біріктірілген ем сүт бездерінің маммографиялық тығыздығын арттырады, бұл кейбір жағдайларда сүт безі обырының рентгенологиялық жолмен анықталуына теріс әсер етуі мүмкін.

Аналық без обыры

Аналық бездің обыры сүт безі обырына қарағанда едәуір сирек байқалады.

Құрамында тек эстрогендер бар препараттармен ОГЕ ұзақ уақыт бойы пайдалану (кемінде 5-10 жыл) аналық без обыры қаупінің болар-болмас жоғарылауымен астасады.

WHI қоса кейбір зерттеулерге қарап, біріктірілген ОГЕ ұзақ уақыт пайдалану осындай немесе біраз төмен қауіпті туғызуы мүмкін деп болжанады.

Көктамырлық тромбоэмболия

ОГЕ көктамырлық тромбоэмболияның (КТЭ), яғни терең көктамырлар тромбозы мен өкпе эмболияның 1,3 - 3-есе жоғары салыстырмалы қаупімен байланысты болуы мүмкін. Мұндай құбылыстардың туындау ықтималдығы ОГЕ алғашқы жылы ішінде анағұрлым жоғары.

Тромбоэмболиялық жағдайлары бар пациент әйелдерде КТЭ даму қаупі жоғары. ОГЕ бұл қауіпті арттыруы мүмкін. Сәйкесінше, ОГЕ мұндай пациенттерде қарсы көрсетілімді.

КТЭ дамуының жалпыға ортақ факторлары эстрогендерді пайдалану, жас үлкендігі, ауқымды хирургиялық араласулар, ұзаққа созылған иммобилизация, семіздік (дене салмағының индексі 30 кг/м2 артық), жүктілік және босанғаннан кейінгі кезең, жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және обыр болып табылады.

Көктамырлардың варикозды кеңеюінің КТЭ дамуында рөл атқару мүмкіндігі даулы күйде қалып отыр.

Операциядан кейінгі кезеңде барлық әйелдерде операциядан кейінгі кезеңде КТЭ болдырмауға арналған профилактика шараларын қарастыру қажет. Ұзаққа созылған, әдетте, ауқымды хирургиялық операциядан кейін жүргізілетін иммобилизация жағдайларында, оны жүргізгенге дейін 4-6 аптадан ерте емес мерзімде ОГЕ уақытша тоқтату қажеттілігі туралы мәселені шешу керек. Иммобилизация аяқталғанша қабылдауды қайта бастамаған дұрыс.

Жеке сыртартқысында КТЭ жоқ, бірақ жақын туыстарында жастау кезінде тромбоздар болған әйелдерге егжей-тегжейлі кеңес беруден кейін, оның мүмкіндіктерінің шектеулілігіне байланысты скрининг ұсынылуы мүмкін (тромбофилиясы бар пациенттердің барлығы бірдей скрининг кезінде анықталмауы мүмкін). Отбасы мүшелеріндегі тромбоздармен байланысты тромбофилиялық ақау анықталған жағдайда, немесе егер бұл «ауыр» ақау болса (мысалы, дефицит антитромбин, протеин S немесе протеин C тапшылығы, немесе ақаулардың бірігіп келуі), ондай жағдайларда ОГЕ қарсы көрсетілімді.

Емдеудің қаупі мен пайдасының арақатынасы, антикоагулянтпен емдеудегі әйелдерде мұқият саралануы және талқылануы тиіс.

Климонорм препаратының аясында КТЭ туындаған жағдайда емдеуді дереу тоқтату керек. Әйел препаратты қабылдауды тоқтатуы және көктамыр тромбозының симптомдары дамыған жағдайда, мысалы аяқтың ауыруы және/немесе ісінуі; кеудеде кенеттен қатты ауыруы мен ентігу пайда болған жағдайда дәрігерге қаралуы қажет.

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)

ЖИА бар немесе жоқ, эстрогендермен немесе эстроген мен прогестаген біріктірілімімен ОГЕ қабылдаған әйелдерді рандомизацияланған клиникалық зерттеулерде миокард инфарктісінен қорғайтын мәліметтер алынған жоқ.

Эстроген+прогестагендермен біріктірілген ем

Біріктірілген эстроген-прогестагендік ОГЕ пайдалану кезіндегі ЖИА салыстырмалы қаупі болар-болмас жоғарылаған. ЖИА абсолютті қаупі жас шамасымен тікелей байланысты болғандықтан, эстроген-прогестаген препараттарын пайдалану кезіндегі ЖИА қосымша жағдайларының саны менопаузаға жақындаған әйелдерде көп емес, бірақ жас ұлғайған сайын артуы мүмкін.

Эстрогендермен монотерапия

Рандомизацияланған бақыланатын зерттеуден жатыры алынып тасталған, тек эстрогендермен ОГЕ пайдаланған әйелдерде ЖИА даму қаупінің артқаны анықталған жоқ.

Ишемиялық инсульт

Біріктірілген эстроген-прогестаген препараттарымен ОГЕ немесе эстрогендермен монотерапия кезінде ишемиялық инсульт қаупі 1,5 есе артады. Салыстырмалы қауіп жас шамасына немесе менопаузаның ұзақтығына байланысты өзгермейді. Алайда, ишемиялық инсульттің бастапқы қаупі тікелей жас шамасына тәуелді екендігін ескерсек, ОГЕ қабылдау аясындағы әйелдердегі тұтас алғандағы инсульт қаупі жас ұлғая келе арта түседі.

Басқа жағдайлар

Эстрогендер организмде сұйықтықтың іркілуіне ықпал етуі мүмкін, осыған байланысты жүрек-қантамыр немесе бүйрек қызметінің бұзылулары бар пациенттер жан-жақты тексерілуі тиіс. Бүйрек қызметінің терминальді жеткіліксіздігі кезінде жан-жақты мониторинг қажет, өйткені қан плазмасында айналымдағы Климонорм® препаратының белсенді ингредиенттерінің деңгейі жоғарылауы мүмкін.

ОГЕ жүргізу кезінде бұрын триглицеридтер деңгейі жоғары болған әйелдерді айрықша қадағалау қажет, өйткені сирек жағдайларда ОГЕ қолдану қандағы триглицеридтер деңгейінің елеусіз артуын туғызуы мүмкін, бұл жедел панкреатиттің даму қаупін арттырады.

Эстрогендер тиреоидбайланысқан глобулин деңгейін арттыруы мүмкін, бұл айналымдағы жалпы тиреоидты гормон деңгейінің жоғарылауына алып келеді, бұл йод ақуыздарымен байланысқан (ИАБ) Т4 деңгейінен (бағандармен немесе радиоиммунологиялық тәсілмен өлшеген кезде) немесе радиоиммунологиялық тәсілмен өлшенген Т3 деңгейінен анықталады. Бос Т3 пен Т4 деңгейі өзгермейді. Сонымен қатар басқа байланыстырғыш глобулиндердің, мысалы кортикостероид-байланыстырғыш глобулин; жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулиндер деңгейінің жоғарылағаны білінуі мүмкін, бұл сәйкесінше айналымдағы кортикостероидтар мен жыныстық гормондар деңгейінің артуына алып келеді. Бос немесе биологиялық белсенді гормондардың концентрациясы өзгеріссіз қалады. Ренин/ангиотензин субстраттары, альфа-1-антитрипсин, церулоплазмин сияқты басқа плазма ақуыздарының жоғарылағаны байқалады.

ОГЕ аясында когнитивтік функцияның жақсарғаны білінген жоқ.

65 жастан кейін ОГЕ-ні үздіксіз пайдалана бастаған әйелдерде деменцияның даму мүмкіндігінің қаупі жоғарылағаны туралы мәліметтер бар.

Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогенді эстрогендер аталған ауруға түрткі болуы немесе симптомдарын ушықтыруы мүмкін.

Препаратты галактозаға төзімділіктің бұзылуымен байланысты тұқым қуалаған сирек аурулары, Lapp лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар болған кезде қолданбаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Климонорм жүктілік кезінде және бала емізгенде тағайындалмайды.

Егер Климонорм препаратымен емделу кезінде жүктілік анықталса, емдеуді тоқтату керек.

Жүктіліктің шектеулі жағдайларындағы клиникалық зерттеу деректерінде левоноргестрелдің ұрық дамуына қандай да бір жағымсыз әсерлері байқалған жоқ.

Эпидемиологиялық зерттеу нәтижелерінде жүктіліктің ерте мерзімінде препаратты кездейсоқ қабылдағанда эстрогендердің прогестагендермен бірігуінің тератогендік және фетоуыттық әсерлері анықталған жоқ.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Препаратты қолдану автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, сүт бездерінің кернеуі, қынаптық қан кету.

Емдеу: қажет болуы мүмкін кез келген ем, симптомдарына байланысты.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 21 (9 сары және 12 қоңыр) дражеден.

Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Тіркеу куәлігінің иесі

Байер Фарма АГ, Берлин, Германия

Өндіруші/Қаптаушы

Байер Веймар ГмбХ және Ко.КГ, 99427 Веймар, Германия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Байер КАЗ» ЖШС, Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, пав. 15

050057 Алматы, Қазақстан Республикасы,

тел. +7 727 258 80 40, факс: +7 727 258 80 39,

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

Прикрепленные файлы

778644621477976683_ru.doc 138 кб
020168601477977820_kz.doc 170.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники