Клацид® СР
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Клацид СР
Халықаралық патенттелмеген атауы
Кларитромицин
Дәрілік түрі
Босап шығуы өзгертілген қабықпен қапталған 500 мг таблеткалар
Құрамы
Босап шығуы өзгертілген қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - 500 мг кларитромицин бар
қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, натрий альгинаты, натрий кальций альгинаты, лактоза, повидон, стеарин қышқылы, магний стеараты, тальк.
қабықтың құрамы: гипромеллоза, макрогол 400, макрогол 8000, титанның қостотығы (Е171), хинолинді сары алюминий лагы (Е 104), сорбин қышқылы.
Сипаттамасы
Сопақша пішінді, қабықпен қапталған, сары түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Кларитромицин.
АТХ коды J01FA09
Фармакологиялық қасиеттері
ФармакокинетикасыСіңірілуі
Босап шығуы өзгертілген кларитромицин таблеткаларының фармакокинетикасы ересектерде зерттелді және кларитромициннің дереу босап шығатын 250 және 500 мг таблеткалары үшін осындаймен салыстырылды. Сіңірілу шамасы баламалы дозаларын қолданған кездегімен тең болды. Абсолютті биожетімділігі 50 % жуықты құрайды. Препаратты бірнеше рет қабылдағанда жинақталуы анықталған жоқ және адам организміндегі метаболизмінің сипаты өзгермейді. Баламалы сіңірілу дәрежесін анықтаудың негізінде, кларитромициннің босап шығуы өзгертілген дәрілік түріне, in vitro және in vivo алынған төмендегі деректер қатысты болып келеді.
Таралуы, биотрансформациясы және элиминациясы
In vitro
In vitro зерттеулер, кларитромициннің адам плазмасы ақуыздарымен, 0,45 мкг/мл-ден 4,5 мкг/мл дейінгі клиникалық елеулі концентрациялары кезінде орташа алғанда, 70%-ға жуық деңгейде байланысатынын көрсетті.
Дені сау субъектілер
Клацид® СР препаратының босап шығуы өзгертілген, қабықпен қапталған 500 мг таблеткаларын күніне бір рет тамақтан соң қабылдағаннан кейін, кларитромицин мен 14-ОН-кларитромициннің қан плазмасындағы ең жоғарғы тепе-теңдік концентрациялары (Cmax) сәйкесінше 1,3 мкг/мл және 0,48 мкг/мл құрайды. Бастапқы препарат пен метаболитінің жартылай шығарылу кезеңі, сәйкесінше, 5,3 және 7,7 сағатты құрайды. Клацид® СР 1000 мг дозада күніне бір рет (2х500 мг) қабылдағаннан кейін, кларитромицин мен 14-ОН-кларитромициннің ең жоғарғы тепе-теңдік концентрациялары орташа алғанда, сәйкесінше 2,4 мкг/мл және 0,67 мкг/мл құрайды. 1000 мг дозадағы бастапқы затының жартылай шығарылу кезеңі 5,8 сағатқа жуықты құрады, бұл кезде 14-ОН-кларитромицин үшін осыған ұқсас көрсеткіш 8,9 сағатқа жуық болды. Клацид® СР 500 мг және 1000 мг дозаларын қабылдаған кездегі Тmax шамамен 6 сағат болды. Тепе-теңдік жағдайында 14-ОН-кларитромициннің концентрациялары кларитромициннің дозасына пропорционалды артпайды, ал кларитромицин мен оның гидроксилденген метаболитінің жартылай шығарылу кезеңі жоғарырақ дозаларын пайдаланған кезде ұзару үрдісіне ие болды. Кларитромициннің мұндай дозаға тәуелді фармакокинетикасы, жоғарырақ дозалары кезінде 14-гидроксилдену және N-деметилдену өнімдері түзілуінің жиынтық төмендеуімен бірге, жоғары дозалары кезінде кларитромициннің дозаға тәуелсіз метаболизмі айқынырақ бола түсетінін көрсетеді.
Несеппен кларитромицин дозасының 40 %-ға жуығы, ішек арқылы – шамамен 30 %-ы шығарылады.
Пациенттер
Кларитромицин мен оның 14-ОН-метаболиті организм тіндері мен сұйықтықтарында оңай таралады. Азғантай пациент қатысқан зерттеуден алынған шектеулі мәліметтер, кларитромициннің ішу арқылы қабылдағаннан кейінгі жұлын сұйықтығындағы концентрациясы болар-болмас екендігін көрсетеді (атап айтқанда, жұлын сұйықтығында гемато-энцефалдық бөгет өткізгіштігі қалыпты кезде қан сарысуындағы концентрациясының тек 1-2%-ы). Тіндердегі концентрациялары әдетте сарысудағы концентрацияларынан бірнеше есе жоғары.
Бауыр функциясының бұзылуы
Дені сау еріктілер тобын дереу босап шығатын 250 мг кларитромицинді екі күн бойы күніне екі рет және үшінші күні 250 мг дозасын бір рет қабылдаған бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер тобымен салыстыру зерттеуінде, кларитромициннің қан плазмасындағы тепе-теңдік концентрациялары мен жүйелі клиренсі екі топта айтарлықтай өзгешеленбеген. Бұған керісінше, 14-OH-метаболитінің тепе-теңдік концентрациялары бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер тобында едәуір төмен болды. 14-гидроксилденумен бастапқы қосылысының метаболизмдік клиренсінің мұндай азаюының орны ішінара бастапқы препараттың бүйрек клиренсінің жоғарылауымен толтырылды, бұл бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер мен дені сау еріктілерде препараттың салыстырмалы тепе-тең концентрацияларына алып келді. Бұл нәтижелер, бауырдың орташа немесе ауыр зақымдануы бар, бірақ бүйрек функциясы қалыпты адамдарда ешқандай дозасын түзету қажет еместігін көрсетеді.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Дереу босап шығатын кларитромициннің ішу арқылы қабылданатын бірнеше реттік 500 мг дозаларының фармакокинетикалық бейінін бағалау және салыстыру мақсатында, бүйрек функциясы қалыпты және төмендеген пациенттердің қатысуымен зерттеу жүргізілді. Кларитромицин мен оның 14-OH-метаболиті үшін плазмадағы концентрациялары, жартылай шығарылу кезеңі, Cmax және Cmin жоғары болды, ал AUC – бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде көбірек болды. Элиминациясы мен несеппен шығарылуының константасы төменірек болды. Бұл параметрлердің өзгеру дәрежесі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты: бүйректің зақымдалуы қаншалықты ауыр болса, айырмашылық соншалықты көп болады.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы адамдар тобында бастапқы препарат пен 14-OH-метаболитінің плазмадағы концентрациялары жоғары, ал шығарылуы – жастар тобындағыға қарағанда баяуырақ болды. Алайда бүйректік клиренсі креатинин клиренсімен салыстырылған кезде, екі топ арасында ешқандай айырмашылық болған жоқ. Бұл нәтижелерден, фармакокинетикасының кез келген өзгерісі жас шамасына емес, бүйрек функциясымен байланысты деген тұжырым жасауға болады.
Фармакодинамикасы
Кларитромицин, CH3O-тобының орнын эритромициннің лактон сақинасының 6-ші қалпындағы гидроксилдік (OH) топпен басу арқылы алынған жартылай синтетикалық макролидтік антибиотик болып табылады. Нақтырақ айтсақ, кларитромицин - бұл - 6–О–метилэритромицин А.
Микробиологиясы
Клацид® СР препаратының бактерияға қарсы әсері оның сезімтал бактериялардың 5OS-рибосомалық суббірлігімен байланысуы және ақуыз биосинтезінің бәсеңдеуі арқылы анықталады. Препараттың стандартты штамдар мен клиникалық тәжірибеде бөлініп алынған бактериялар мен штамдарға қарсы in vitro тиімділігінің жоғарылығы анықталады. Оның аэробты және анаэробты грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты тиімділігі жоғары. Кларитромициннің ең төменгі тежегіштік концентрациялары (ЕТТК) әдетте, эритромициннің ЕТТК қарағанда екі есе төмен. Кларитромициннің in vitro Legionella pneumophila мен Mycoplasma pneumoniae-ге қатысты тиімділігі жоғары. Кларитромицин Helicobacter pylori-ге қарсы бактерицидті әсер етеді, кларитромициннің бейтарап рН кезінде белсенділігі, қышқыл рН кезіндегіге қарағанда жоғары. In vitro және in vivo мәліметтер кларитромициннің микобактериялардың клиникалық маңызды штамдарына қарсы тиімділігінің жоғары екенін көрсетеді. In vitro зерттеулер, Enterobacteriaceae мен Pseudomonas штаммдары, лактозаны ферменттемейтін грамтеріс бактериялар сияқты, кларитромицинге сезімтал емес екендігін көрсетті.
Кларитромициннің төменде атап келтірілген микроорганизмдер штамдарының көпшілігіне қатысты белсенділігі in vitro да, клиникалық тәжірибеде де көрсетілген.
Аэробты грамоң микроорганизмдер:
Staphylococcus aureus,
Streptococcus pneumoniae,
Streptococcus pyogenes,
Listeria monocytogenes.
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер:
Haemophilus influenzae,
Haemophilus parainfluenzae,
Moraxella catarrhаlis,
Neisseria gonorrhоeae,
Legionella pneumophila.
Басқа микроорганизмдер:
Mycoplasma pneumoniae,
Chlamydia pneumoniae (TWAR).
Микобактериялар:
Mycobacterium leprae,
Mycobacterium kansasii,
Mycobacterium chelonae,
Mycobacterium fortuitum,
Mycobacterium avium сomplex (MAC), Mycobacterium avium, Mycobacterium intracellulare оған кіреді.
Бета-лактамазалардың өнімдері кларитромициннің тиімділігіне әсер етпейді.
Метициллин- және оксациллинге төзімді стафилококтар штамдарының көпшілігі кларитромицинге сезімтал емес.
Helicobacter:
H. Pylori.
Кларитромицин төмендегі микроорганизмдер штамдарының көпшілігіне қатысты in vitro белсенділік танытады; алайда кларитромициннің аталған микроорганизмдерден туындаған клиникалық инфекцияларды емдеудегі қауіпсіздігі мен тиімділігі, бақыланатын клиникалық зерттеулермен расталмаған.
Аэробты грамоң микроорганизмдер:
Streptococcus agalactiae,
Streptococci (C,F,G топтары),
Viridans group streptococci.
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер:
Bordetella pertussis,
Pasteurella multocida.
Анаэробты грамоң микроорганизмдер:
Clostridium perfringens,
Peptococcus niger,
Propionibacterium acnes.
Анаэробты грамтеріс микроорганизмдер:
Bacteriodes melaninogenicus.
Спирохеттер:
Borrelia burgdorferi,
Treponema pallidum.
Кампилобактериялар:
Campylobacter jejuni.
Кларитромицин бактериялардың бірнеше штамдарына қарсы бактерицидті әсер етеді: Haemophilus influenzae, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus agalactiae, Moraxella (Branhamella) catarrhalis, Neisseria gonorrhoeae, H. pylori және Campylobacter spp.
Кларитромициннің адам организміндегі негізгі метаболиті микробиологиялық белсенді метаболиті 14-OH-кларитромицин болып табылады. H. influenzae қоспағанда, микроорганизмдердің көпшілігі үшін бұл метаболиті бастапқы қосылысы сияқты белсенді немесе белсенділігі 1-2 есе аз, H. influenzae-ге қатысты оның белсенділігі екі есе жоғары. Бастапқы қосылысы мен 14-OH-метаболиті бактериялардың штамдарына байланысты, in vitro және in vivo жағдайларда H. Influenzae-ге қатысты аддитивті немесе синергиялық әсер береді.
Қолданылуы
Кларитромицин сезімтал организмдерден туындаған инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген.
- төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында (бронхит, пневмония және т.б.)
- жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларында (фарингит, синусит және т.б.)
- тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында (фолликулит, целлюлит, тілме және т.б.)
- одонтогендік инфекцияларды емдеу үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер
Клацид® СР ересектер үшін әдетте ұсынылатын дозасы – күніне бір рет 500 мг бір таблетка ас ішумен бір мезгілде. Ауырырақ инфекциялар жағдайында дозасын күніне бір рет 1000 мг дейін арттыруға болады (2 х500 мг). Емдеудің әдеттегі ұзақтығы, 6 күннен 14 күнге дейін уақытты қажет ететін ауруханадан тыс пневмония мен синуситті емдеуден басқа жағдайда 5 күннен 14 күнге дейінді құрайды.
Одонтогенді инфекциялар
Одонтогенді инфекцияларды емдеуде Клацид® СР әдеттегі дозасы күніне 1 рет 500 мг 1 таблетка 5 күн бойы.
Клацид® СР босап шығуы өзгертілген таблеткаларын ұнтақтауға немесе шайнауға тыйым салынады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз) пациенттерге Клацид® СР қабылдамаған жөн, өйткені мұндай формадағы препарат үшін кларитромициннің дозасын төмендету мүмкін емес. Ондай пациенттерге кларитромициннің дереу босап шығатын таблеткаларын қолданады. Бүйректің орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі 30-60 мл/минут) кларитромициннің дозасын 50%-ға, ең жоғарғы дозасы Клацид® СР күніне бір таблеткасына дейін төмендету қажет.
Балалар
Клацид® СР препаратының 12 жасқа дейінгі балаларда қолданылуы зерттелмеген.
Жағымсыз әсерлері
Ересектер мен балаларды Клацид® препаратымен емдеу кезіндегі ең жиі және кең таралған жағымсыз реакциялар іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу және дәм сезудің бұрмалануы болып табылады. Бұл жағымсыз реакцияларының айқындығы әдетте елеусіз және макролидтік антибиотиктердің белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес. Клиникалық зерттеулер кезінде микобактериялық инфекциялары бар немесе жоқ пациенттер топтары арасында мұндай гастроинтестинальді жағымсыз реакциялардың елеулі айырмашылықтары анықталған жоқ.
Төменде клиникалық Клацид® препаратының түрлі дәрілік формалары мен дозаларын зерттеу кезінде және маркетингтен кейінгі қолдану кезінде туындаған жағымсыз реакциялар келтірілген. Кем дегенде кларитромицинмен байланысты болуы мүмкін жағымсыз реакциялар, ағзалар жүйелері бойынша және туындау жиілігіне қарай бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥ 1/100 - <1/10), жиі емес (≥ 1/1000 - <1/100), жиілігі белгісіз (маркетингтен кейінгі бақылау кезінде анықталған, жиілігін қолда бар мәліметтерден анықтау мүмкін емес жағымсыз реакциялар). Жағымсыз реакциялар жиілігіне қарай әр топ шегінде, егер ауырлығын бағалауға мүмкіндік болса, көріністерінің ауырлығының азаю тәртібімен келтірілген.
Өте жиі
≥1/10
енгізген жердегі флебит1
Жиі
≥ 1/100 - <1/10
- ұйқысыздық
- бас ауыруы
- дисгевзия, дәм сезудің бұрмалануы
- вазодилатация1
- жүрек айнуы, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, диарея
- бауырдың функционалдық тестілерінің нормадан ауытқуы
- бөртпе, гипергидроз
- енгізген жердегі ауыру1, енгізген жердегі қабыну1
Жиі емес
≥ 1/1000 - <1/100
- целлюлит1, кандидоз, гастроэнтерит2
- инфекция3, қынаптық инфекция
- лейкопения, нейтропения4, тромбоцитемия3, эозинофилия4
- анафилактоидтық реакциялар1, аса жоғары сезімталдық
- анорексия, тәбеттің төмендеуі
- үрейлену, мазасыздық және қозу3
- естен тану1, дискинезия1, бас айналуы, ұйқышылдық, тремор
- вертиго, естудің нашарлауы, құлақтағы шуыл
- жүректің тоқтап қалуы1, жүрекшелердің фибрилляциясы1, ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы, экстрасистолалар1, жүрек қағуын сезіну
- демікпе1, мұрыннан қан кету2, өкпе қантамырларының эмболиясы1
- эзофагит1, гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру2, гастрит, прокталгия2, стоматит, глоссит, іштің кебуі4, іштің қатуы, ауыздың құрғауы, кекіру, метеоризм
- холестаз4, гепатит4, АЛТ, АСТ, ГГТ деңгейінің жоғарылауы4
- буллездік дерматит1, қышыну, есекжем, макуло-папулёздік бөртпе3
- бұлшықет түйілулері3, қаңқа-бұлшықет сіресуі1, миалгия2
- қан креатининінің жоғарылауы1, қан мочевинасының жоғарылауы1
- дімкәстану4, қызба3, астения, кеуденің ауыруы4, қалтырау4, шаршау4
- альбумин-глобулин арақатынасының өзгеруі1, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы4, қандағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы4
Жиілігі белгісіз*
(жиілігін қолда бар мәліметтерден анықтау мүмкін емес)
- жалғанжарғақшалы колит, тілмелі қабыну
- агранулоцитоз, тромбоцитопения
- анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну
- психоздар, сананың шатасуы, өзін-өзі танымау, депрессия, бағдарсыздық, елестеулер, қорқынышты түстер көру, мания
- құрысулар, агевзия, паросмия, аносмия, парестезия
- естімей қалу
- пируэттік қарыншалық тахикардия (torsades de pointes), қарыншалық тахикардия, қарыншалардың фибриляциясы.
- геморрагия
- жедел панкреатит, тіл түсінің өзгеруі, тістердің түсінің өзгеруі
- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық сарғаю
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін дәрі-дәрмектік тері реакциясы (DRESS), акне
- рабдомиолиз2**, миопатия
- бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит
- халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауы, протромбиндік уақыттың ұзаруы, несеп түсінің өзгеруі.
*Жиілігі белгісіз, өйткені бұл реакциялар туралы саны анықталмаған пациенттердің популяциясы ерікті түрде хабарлаған. Олардың жиілігін немесе препаратты қабылдаумен себеп-салдарлық байланысын үнемі нақты анықтау мүмкін емес. Кларитромициннің жалпы қолданылу тәжірибесі 1 миллиард пациент-күннен артықты құрайды.
** Рабдомиолиз туралы кейбір хабарламаларда кларитромицин рабдомиолизбен астасатындығы белгілі басқа дәрілік препараттармен (статиндер, фибраттар, колхицин немесе аллопуринол сияқты) бір мезгілде тағайындалды.
1. Шығарылуының тек инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түрі үшін ғана болған жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар.
2. Шығарылуының тек ұзақ босап шығатын таблеткалар түрі үшін ғана болған жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар.
3. Шығарылуының тек ішу үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер түрі үшін ғана болған жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар.
4. Шығарылуының тек дереу босап шығатын таблеткалар түрі үшін ғана болған жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар.
Балалардағы жағымсыз реакцияларының жиілігі, типі мен ауырлығы ересектердегідей деп күтіледі.
Иммундық жүйенің бұзылуы бар пациенттерЖИТСпен науқастарда және кларитромициннің жоғары дозаларын микобактериялық инфекцияларды емдеу үшін ұзақ уақыт бойы қолданған иммундық жүйенің бұзылуы бар басқа пациенттерде, препаратты қолданумен байланысты жағымсыз реакциялар мен негізгі немесе қатарлас аурулардың симптомдарын үнемі ажырата алу мүмкін емес. Клацид® препаратын тәуліктік 1000 мг дозада қабылдаған ересек науқастарда, анағұрлым жиі жағымсыз әсерлер жүрек айнуы, құсу, дәм сезудің бұрмалануы, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, іштің кебуі, бас ауыруы, іштің қатуы, естудің бұзылуы, қан сарысуындағы АСТ және АЛТ құрамының жоғарылауы болды. Жиі емес: диспноэ, ұйқысыздық және ауыздың құрғауы. Иммундық жүйенің бұзылуы бар бұл пациенттерде зертханалық көрсеткіштерге, олардың белгілі бір тестілер үшін қалыпты көрсеткіштерден елеулі ауытқуларын (яғни, ең жоғарғы немесе төменгі шектерін) талдай отырып баға берілді. Осы критерийге сәйкес, күніне 1000 мг кларитромицинді қабылдаған пациенттердің 2–3 %-ында, АСТ және АЛТ деңгейлерінің едәуір жоғарылауы және қандағы лейкоциттер мен тромбоциттер мөлшерінің елеулі төмендеуі байқалды. Сонымен қатар пациенттердің азғантай пайызында қандағы мочевина деңгейінің артқаны байқалды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Макролидтік антибиотиктерге немесе препараттың кез келген қосымша компонентіне жоғары сезімталдық.
Кларитромицин мен келесі препараттардың қандай-да біреуін бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді: астемизол, цизаприд, пимозид, терфенадин, өйткені бұл QT аралығының ұзаруына, қарыншалық тахикардияны, қарыншалардың фибрилляциясы мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны (torsades de pointes) қоса, аритмиялардың дамуына алып келуі мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Кларитромицин мен қастауыш алкалоидтарын (мысалы эрготаминді, дигидроэрготаминді) бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл қастауыш алкалоидтарымен улануға алып келуі мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Ішу арқылы қолдануға арналған кларитромицин мен мидазоламды бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Кларитромицинді гипокалиемиясы бар пациенттерге тағайындамау керек (QT аралығының ұзару қаупі).
Кларитромицинді қатарлас бүйрек жеткіліксіздігімен бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындамау керек.
Кларитромицинді рабдомиолизді қоса, миопатияның даму қаупіне байланысты, елеулі дәрежеде CYP3A4 арқылы метаболизденетін (ловастатин немесе симвастатин) ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен) бір мезгілде пайдаланбау керек («Айрықша нұсқаулар»).
Кларитромицинді (және CYP3A4 басқа күшті тежегіштері) колхицинмен бір мезгілде пайдаланбаған дұрыс («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз).
Тикагрелормен немесе ранолазинмен бір мезгілде тағайындау қарсы көрсетілімді.
Дозасын күніне 500 мг-ден төменге азайту мүмкін болмағандықтан, Клацид® СР препаратын креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз пациенттерге қолдануға болмайды. Пациенттердің бұл тобында препараттың қалған түрлерінің барлығын қолдануға болады.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесуінің ауыр салдарларының даму мүмкіндігіне байланысты, төмендегі дәрілік препараттарды қолдану қатаң түрде қарсы көрсетілімді
Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадин.
Клацид® СР мен цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде цизапридтің деңгейлерінің артқаны туралы хабарланды. Бұл QT аралығының ұзаруына және аритмиялардың, соның ішінде қарыншалық тахикардияның, қарыншалардың фибрилляциясы мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның (torsades de pointes) пайда болуына алып келуі мүмкін. Мұндай жағымсыз әсерлер Клацид® СР мен пимозидті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалған («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Макролидтер терфенадиннің қандағы деңгейлерінің артуын туғыза отырып, терфенадиннің метаболизміне әсер етпейді, бұл кейде QT аралығының ұзаруы, қарыншалық тахикардия, қарыншалардың фибрилляциясы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) сияқты аритмиялармен қатар жүрген («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Дені сау 14 еріктінің қатысуымен зерттеу жүргізгенде, Клацид® СР мен терфенадинді бір мезгілде қолдану терфенадиннің қан сарысуындағы қышқылдық метаболиті деңгейінің 2-3 есе артуына және QT аралығының ұзаруына алып келді, бұл қандай-да бір клиникалық маңызды әсер туғызған жоқ.
Мұндай әсерлер астемизол мен басқа макролидтерді бір мезгілде қолданғанда да білінген.
Қастауыш алкалоидтары. Постмаркетингтік зерттеулер кларитромицин мен эрготаминді немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қабылдау қастауыштың тамырлардың түйілуі, орталық жүйке жүйесін қоса, аяқ-қолдар мен басқа тіндердің ишемиясы түрінде білінетін уытты әсеріне алып келуі мүмкін екендігін көрсетеді. Клацид® СР мен қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде тағайындауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Ішу арқылы қолдануға арналған мидазолам
Мидазолам мен таблеткалар түріндегі кларитромицинді (тәулігіне екі рет 500 мг) бір мезгілде қолданғанда, мидазоламды ішу арқылы қабылдағаннан кейін мидазоламның AUC 7 есе артқан. Ішу арқылы қолдануға арналған мидазолам мен кларитромицинді бір мезгілде тағайындау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер). Клацид® СР препаратын ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз), өйткені олар елеулі дәрежеде CYP3A4 арқылы метаболизденеді, және кларитромицинмен бір мезгілде емдеу олардың плазмадағы концентрациясының артуын туғызады, соның салдарынан миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупі артады. Кларитромицинді аталған статиндермен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз туындаған жағдайлар туралы деректер бар. Егер Клацид® СР қолдану аса қажет болса, онда Клацид® СР препаратын қолдану кезінде ловастатинді немесе симвастатинді қабылдауды тоқтата тұру қажет.
Клацид® СР статиндермен сақ болып тағайындау керек. Егер Клацид® СР мен статиндерді бір мезгілде тағайындау аса қажет болса, статиннің тіркелген ең аз дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A арқылы метаболизденбейтін статинді, мысалы, флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Миопатияның белгілері мен симптомдарын анықтау мақсатында, пациенттердің жағдайына мониторинг жүргізу қажет.
Басқа дәрілік препараттардың Клацид® СР препаратына әсері. CYP3A индукциялайтын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін. Бұл кларитромициннің субтерапевтік деңгейлеріне және оның тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Бұдан өзге, CYP3A индукциялайтын басқа дәрілік заттардың кларитромициннің CYP3A-ға тежегіштік әсерінің салдарынан артуы мүмкін деңгейлерін қадағалау қажет болуы мүмкін (сонымен қатар сәйкесінше CYP3A4 тежегішін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Рифабутин мен Клацид® препаратын бір мезгілде қабылдау рифабутин деңгейінің артуына және увеит қаупін артыра отырып кларитромициннің сарысудағы концентрациясының төмендеуіне алып келген.
Төменде көрсетілген препараттар кларитромициннің қан сарысуындағы концентрациясына әсер етеді немесе әсер етеді деп шамаланады. Клацид® СР дозасын немесе түзету емдеудің баламалы нұсқаларын қарастыру қажет болуы мүмкін
Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин
Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин сияқты, P450 цитохромының метаболизмдік жүйесінің күшті индукторлары кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі, сол арқылы оның белсенді метаболитінің (14-OH-кларитромициннің) концентрациясын бір мезгілде арттыра отырып, оның плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. Кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің түрлі бактерияларға қатысты микробиологиялық белсенділігі әр түрлі болғандықтан, Клацид® СР мен Р450 цитохромы ферменттерінің индукторларын бір мезгілде қабылдау қалаған емдік әсерге қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін.
Этравирин: Этравиринді қабылдаған кезде, Клацид® СР экспозициясы төмендейді, ал оның белсенді метаболиті 14-OH-кларитромициннің концентрациясы жоғарылайды. 14-OH-кларитромициннің Mycobacterium avium complex-ке (MAC) қатысты белсенділігі аз болғандықтан, препараттың аталған патогенге қатысты жалпы тиімділігі өзгеруі мүмкін. Осы себепті, MAC емдеу үшін емдеуді баламалы нұсқаларын қарастыру керек.
Флуконазол
Күніне 200 мг флуконазол мен күніне екі рет 500 мг кларитромицинді бір мезгілде қабылдау дені сау 21 еріктіде кларитромициннің орташа тепе-теңдік ең төменгі концентрациясының (Cmin) және қисық астындағы ауданының (AUC) сәйкесінше 33% және 18%-ға артуына алып келді.
Белсенді метаболиті 14-ОН-кларитромициннің тепе-теңдік концентрациялары флюконазолды бір мезгілде қолданған кезде айтарлықтай өзгерген жоқ. Клацид® СР дозасын түзету қажет емес.
Ритонавир
Фармакокинетикасын зерттеу, 200 мг ритонавирді әр сегіз сағат сайын және 500 мг Клацид® СР әр 12 сағат сайын бір мезгілде қабылдау, кларитромицин метаболизмінің елеулі төмендеуіне алып келетіндігін көрсетті. Сонымен қатар, ритонавирді бір мезгілде тағайындағанда кларитромициннің Cmax 31%-ға артты, Cmin 182% артты, AUC 77%-ға артты. 14-OH-кларитромицин түзілуінің іс жүзінде толық тежелгені білінді. Емдік ауқымының кеңдігіне байланысты, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Клацид® СР дозасын азайту қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын түзету қажет: креатинин клиренсі (КК) 30–60 мл/мин пациеттерде Клацид® СР дозасын 50 %-ға төмендету қажет. КК < 30 мл/минут пациенттер үшін Клацид® СР дозасын 75 %-ға төмендету қажет. Клацид® СР күніне 1 г асатын дозасын ритонавирмен бірге қолданбаған дұрыс. Дозасын осыған ұқсас түзетулерді ритонавирді атазанавир мен саквинавирді қоса, АИТВ протеазасының басқа тежегіштерімен бірге фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолданғанда, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде жүргізу керек («Дәрілермен екіжақты бағытталған өзара әрекеттесуін» қараңыз).
Клацид® СР препаратының басқа дәрілік препараттарға әсері
Аритмияға қарсы препараттар.
Постмаркетингтік тәжірибеде кларитромицин мен хинидинді немесе дизопирамидті бір мезгілде қабылдаған кезде «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) жағдайы тіркелген.
Клацид® СР препаратын аталған препараттармен бір мезгілде қабылдағанда QT аралығының ұзаруын дер кезінде анықтау үшін, ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. Клацид® СР препаратымен емдеу кезінде аталған препараттардың қан сарысуындағы концентрацияларын қадағалау керек. Сонымен қатар кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қабылдаған кездегі гипогликемия жағдайлары туралы хабарламалар бар. Клацид® СР мен дизопирамдті бір мезгілде қабылдағанда қандағы глюкоза деңгейін мониторингілеу кере.
Пероральді гипогликемиялық дәрілер мен инсулин.
Натеглинид және репаглинид сияқты белгілі бір гипогликемиялық дәрілер мен Клацид® СР бір мезгілде қолданғанда кларитромициннің CYP3A энзимін тежеуі байқалуы мүмкін, бұл гипогликемияны туғызуы мүмкін. Глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг жасау ұсынылады.
CYP3A-байланысты өзара әрекеттесулері.
CYP3A ферментінің тежегіші ретінде белгілі Клацид® СР мен бастапқыда CYP3A арқылы метаболизденетін препаратты бір мезгілде қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының артуына алып келуі мүмкін, бұл өз кезегінде оның емдік әсері мен жағымсыз реакцияларын күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.
Клацид® СР препаратын дәрілік заттарды – CYP3A субстраттарын қабылдап жүрген пациенттерде қолданғанда, әсіресе егер соңғыларының емдік ауқымы тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзим арқылы экстенсивті метаболизденетін болса, сақтық таныту керек.
Клацид® СР препаратын бір мезгілде қолданып жүрген пациенттерде CYP3A арқылы метаболизденетін дәрілік заттардың дозасын өзгерту және мүмкіндігінше, сарысудағы концентрациясына мұқият мониторинг жүргізу қажет болуы мүмкін.
Келесі дәрілік препараттар немесе препараттардың топтары бір CYP3A изоферменті арқылы метаболизденетіні белгілі болған немесе болжанған: альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин), психозға қарсы атиптік препараттар (мысалы, кветиапин), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластин, бірақ бұл тізім толық емес. Өзара әрекеттесуінің мұндай механизмі Р450 цитохромы жүйесінің басқа изоферменті арқылы метаболизденетін фенитоинді, теофиллинді және вальпроатты қолданғанда байқалған.
Омепразол. Клацид® СР препараты (әр 8 сағат сайын 500 мг) мен омепразолды (күніне 40 мг) бір мезгілде қабылдаған дені сау ересек еріктілерге жүргізілген зерттеу нәтижелері бар. Клацид® СР препаратымен бір мезгілде қабылдағанда плазмадағы омепразолдың тепе-теңдік концентрациясының артқаны білінді (Cmax, AUC0-24 және t1/2 сәйкесінше 30%, 89% және 34%-ға артқан). Асқазандағы 24 сағат ішіндегі pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды дара қабылдағанда 5,2 және омепразолды Клацид® СР препаратымен бір мезгілде қабылдаған кезде 5,7 құрады.
Силденафил, тадалафил және варденафил.
Фосфодиэстеразаның бұл тежегіштерінің әрқайсысы кем дегенде, ішінара CYP3A қатысуымен метаболизденеді, ал CYP3A бір мезгілде қабылданатын кларитромицин тежеуі мүмкін. Клацид® СР препараты мен силденафилді, тадалафилді немесе варденафилді бір мезгілде қабылдау фосфодиэстераза тежегіші экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Бұл препараттарды Клацид® СР препаратымен бір мезгілде қолданғанда силденафилдің, тадалафилдің немесе варденафилдің дозасын төмендету туралы мәселені қарастыру керек.
Теофиллин, карбамазепин.
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері, аталған препараттардың кез келгенін Клацид® СР препаратымен бір мезгілде қабылдаған кезде теофиллин немесе карбамазепиннің айналыстағы концентрациясының аздаған, бірақ статистикалық тұрғыдан маңызды артуының (p≤0,05) болатынын көрсетеді.
Толтеродин негізінен Р450 (CYP2D6) цитохромының 2D6-изоформасы арқылы метаболизденеді. Алайда CYP2D6-сыз пациенттерде метаболизм CYP3A арқылы жүреді. Бұл популяцияда CYP3A бәсеңдеуі толтеродиннің плазмалық концентрацияларының жоғарылауына алып келеді. Ондай пациенттер үшін толтеродиннің дозасын төмендету оны Клацид® СР сияқты CYP3A тежегіштерімен қолданған кезде қажет болуы мүмкін.
Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам).
Мидазолам мен кларитромицин таблеткаларын бір мезгілде тағайындағанда (күніне екі рет 500 мг), мидазоламды көктамыр ішіне енгізген кезде мидазоламның AUC 2.7 есе артқан. Мидазолам мен Клацид® СР препаратын көктамыр ішіне қолданғанда дозасын дер кезінде түзету үшін, пациенттің жағдайына мұқият мониторинг жүргізу керек.
Мидазоламды енгізудің оромукозальді жолы кезінде препараттың жүйеалдылық элиминациясы жоққа шығарылуы мүмкін, мұның мидазоламды ішу арқылы емес, көктамыр ішіне енгізген кезде байқалатынға ұқсас өзара әрекеттесуге алып келу ықтималдығы зор.
Триазолам мен альпразоламды қоса, CYP3A арқылы метаболизденетін басқа бензодиазепиндерді қолданған кезде де сондай сақтық шараларын сақтау керек. Элиминациясы CYP3A-ға тәуелсіз бензодиазепиндер (темазепам, нитразепам, лоразепам) үшін, Клацид® СР препаратымен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуінің ықтималдығы аз.
Постмаркетингтен кейін кларитромицин мен триазоламды бір мезгілде қолданған кездегі дәрілік өзара әрекеттесу мен орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстардың дамуы (ұйқышылдық және сананың шатасуы сияқты) туралы хабарламалар болды. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық әсерлерінің арту мүмкіндігін кескере отырып, пациенттің жағдайын қадағалау керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Колхицин
Колхицин CYP3A үшін де, Р-гликопротеиннің (Pgp) эффлюкстік тасымалдағышы үшін де субстрат болып табылады. Клацид® СР мен басқа макролидтер CYP3A мен Р-гликопротеиннің тежегіштері болып табылатындығы белгілі. Клацид® СР мен колхицинді бір мезгілде қолданған жағдайда, кларитромициннің Р-гликопротеин және/немесе CYP3A тежеуі колхицин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Клацид® СР мен колхицинді бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді.
Дигоксин
Дигоксин P-гликопротеиннің (Pgp) эффлюкстік тасымалдағышының субстраты болып табылады. Кларитромициннің Pgp бәсеңдетуге қабілетті екендігі белгілі. Кларитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қолданған кезде, кларитромициннің Pgp бәсеңдетуі дигоксин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Постмаркетингтік бақылау кезінде Клацид® СР препаратын дигоксинмен бір мезгілде қабылдаған пациенттердің қан сарысуындағы дигоксин концентрациясының артқаны туралы хабарланған. Кейбір пациенттерде дигиталистік уыттану белгілері, соның ішінде өліммен аяқталу әлеуеті зор аритмия дамыған. Дигоксин мен Клацид® СР препаратын бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын мұқият бақылау керек.
Зидовудин.
АИТВ жұқтырған ересек пациенттердің Клацид® СР таблеткалары мен зидовудинді бір мезгілде ішу арқылы қабылдау зидовудиннің тепе-теңдік концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Клацид® СР препараты бір мезгілде ішу арқылы тағайындалған зидовудиннің сіңірілуіне кедергі келтіретіндігіне байланысты, мұны елеулі дәрежеде Клацид® СР мен зидовудинді қабылдаулар арасындағы 4 сағаттық аралықты сақтай отырып болдырмауға болады. Бұл өзара әрекеттесу АИТВ жұқтырған, Клацид® СР суспензиясын зидовудинмен немесе дидеоксиинозинмен балаларда туындамайды. Кларитромицинді көктамырішілік инфузия түрінде тағайындаған жағдайда мұндай өзара әрекеттесудің ықтималдығы аз.
Фенитоин және вальпроат.
Кларитромицинді қоса, CYP3A тежегіштерінің CYP3A арқылы метаболизденеді деп саналмайтын дәрілік заттармен (мысалы, фенитоинмен және вальпроатпен) өзара әрекеттесуі туралы өздігінен келіп түскен немесе жарияланған хабарламалар болды. Ондай препараттарды Клацид® СР препаратымен бір мезгілде тағайындағанда олардың сарысудағы деңгейін анықтау ұсынылады. Бұл препараттардың сарысудағы концентрациясының артқаны туралы хабарланған.
Дәрілермен екіжақты бағытталған өзара әрекеттесуі
Атазанавир
Атазанавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады. Бұл препараттар арасындағы екіжақты бағытталған өзара әрекеттесуге дәлел бар. Клацид® СР (күніне екі рет 500 мг) атазанавирмен бір мезгілде қолдану (күніне бір рет 400 мг) кларитромицин экспозициясының екі есе артуына, 14-OH-кларитромицин экспозициясының 70%-ға төмендеуіне және атазанавир AUC 28%-ға артуына алып келді. Емдік ауқымы кең болғандықтан, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Клацид® СР дозасын төмендету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа дәрежесі бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі 30-дан 60 мл/минутқа дейін) Клацид® СР дозасы 50%-ға төмендетілуі тиіс. Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз пациенттер үшін Клацид® СР дозасы сәйкесінше дәрілік түрін пайдалану арқылы, 75%-ға төмендетілуі тиіс. Клацид® СР тәулігіне 1000 мг-ден жоғары дозаларын протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданбаған дұрыс.
Кальций өзектерінің блокаторлары.
Артериялық гипотензияның даму қаупіне байланысты, Клацид® СР CYP3A4 арқылы метаболизденетін (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) кальций өзектерінің блокаторларымен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Өзара әрекеттесуі кезінде кларитромициннің де, кальций өзекшелері блокаторларының да плазмалық концентрациялары артуы мүмкін. Кларитромицин мен верапамилді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде, артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалған.
Итраконазол
Итраконазол мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, екіжақты бағытталған өзара дәрілік әреукеттесуге алып келеді. Кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейлерін арттыруы мүмкін, ал итраконазол кларитромициннің қан плазмасындағы деңгейлерін арттыруы мүмкін. Итраконазол мен Клацид® СР бір мезгілде қолданғанда, фармакологиялық әсерінің күшеюінің немесе ұзаруының көріністері мен симптомдарын анықтау үшін, пациенттер дәрігердің қатаң қадағалауында болуы тиіс.
Саквинавир
Саквинарир мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, және бұл препараттар арасындағы екіжақты бағытталған өзара әрекеттесуге дәлел бар. Дені сау 12 еріктіге жүргізілген зерттеулер, Клацид® СР (күніне екі рет 500 мг) мен саквинавирді (жұмсақ желатинді капсулалар түрінде, күніне үш рет 1200 мг) бір мезгілде қабылдау саквинавирдің AUC пен Cmax тепе-теңдік көрсеткіштерінің саквинавирді дара қабылдаумен салыстырғанда, 177% және 187%-ға артуын туғызатынын көрсетті. Кларитромициннің AUC пен Cmax, Клацид® СР препаратын дара қабылдаған кезде байқалған көрсеткіштермен салыстырғанда шамамен 40%-ға артқан. Егер дәрілік заттың екеуі де шектеулі уақыт аралығы бойына және зерттеліп отырған дозаларында/дәрілік түрлерінде қолданылса, дозасын түзету қажет емес. Жұмсақ желатинді капсулаларды қолдана отырып дәрілермен өзара әрекеттесулерін зерттеу нәтижелері, саквинавирді қатты желатинді капсулалар түрінде қолданғанда байқалатын әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Тек саквинавирді қолдана отырып, өзара әрекеттесуін зерттеу нәтижелері, саквинавирмен/ритонавирмен емдеу кезінде байқалған әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Саквинавир ритонавирмен бірге қолданылған кезде, ритонавирдің кларитромицинге әсер ету мүмкіндіктерін ескеру қажет («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Айрықша нұсқаулар
Клацид® СР препаратын жүкті әйелдерге, әсіресе жүктіліктің алғашқы үш айында пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалап алмай тағайындамау керек.
Ұзақ уақыт қолдану, басқа антибиотиктермен жағдайдағы сияқты, препаратқа сезімтал емес бактериялар мен зеңдердің шамадан тыс көбеюін туғызуы мүмкін. Асқын инфекция туындаған кезде сәйкесінше емдеуді бастау керек.
Препаратты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Клацид® СР препаратын қабылдағанда, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауын, гепатоцеллюлярлық және/немесе сарғаюмен немесе онсыз жүретін холестаздық гепатитті қоса, бауыр функциясының бұзылуы туралы хабарланған. Бауырдың мұндай дисфункциясы ауыр және әдетте қайтымды болуы мүмкін. Сонымен қатар, күрделі қатарлас аурулармен және/немесе дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдаумен байланысты болған, өліммен аяқталған бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелді. Анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну немесе іштің сезімталдығы сияқты гепатит симптомдары туындаған жағдайда, Клацид® СР препаратын қолдануды дереу тоқтату керек.
Ауырлығы жеңіл дәрежеден өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқып тұратын жалғанжарғақшалы колит туралы хабарламалар, макролидтерді қоса, бактерияға қарсы препараттардың барлығын дерлік қолданғанда келіп түскен. Бактерияға қарсы препараттардың барлығын дерлік, соның ішінде Клацид® СР пайдаланғанда, Clostridium difficile-ден (CDAD) туындаған және ауырлығы жағынан жеңіл дәрежелі диареядан өліммен аяқталатын колитке дейін ауытқып тұратын диареяның дамығаны туралы хабарланды.
Бактерияға қарсы препараттарды қабылдау ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. Difficile көбеюінің артуына алып келеді. Антибиотиктерді қабылдағаннан кейінгі диареядан зардап шегіп жүрген барлық пациенттерде CDAD туындауы мүмкіндігін ескеру қажет. Егжей-тегжейлі сыртартқы жинақтау қажет, өйткені бактерияға қарсы препараттарды қабылдағаннан кейін екі ай өткен соң CDAD туындаған жағдайлар тіркелген.
Клацид® СР негізінен бауыр арқылы шығарылады. Сондықтан препаратты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде, сондай-ақ бүйрек функциясының орташа немесе ауыр дәрежелі бұзылуы бар пациенттерде қолданғанда сақтық таныту керек.
Колхицин.
Постмаркетингтік есептерде кларитромицин мен колхицинді бір мезгілде қабылдаған кезде, әсіресе егде жастағы пациенттерде колхициннің уыттылығы туралы хабарланды, мұндай жағдайлардың кейбіреуі бүйрек жеткілдіксіздігі бар пациенттерде туындаған. Мұндай пациенттердің өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Клацид® СР препараты мен колхицинді бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Клацид® СР препаратын көктамыр ішіне немесе оромукозальді енгізуге арналған триазолам және мидазолам сияқты триазолобензодиазепиндермен бір мезгілде тағайындамау керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
QT аралығының ұзаруы
Жүрек аритмиясы мен екібағытты тахикардияның (torsades de pointes) даму қаупін көрсететін миокард реполяризациясы мен QT аралығының ұзаруы, кларитромицинді қоса, макролидтермен емдеу кезінде байқалды («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Келесі жағдайлардың қарыншалық аритмиялар қаупінің (екібағытты тахикардияны қоса (torsades de pointes)) жоғарылауына алып келуі мүмкіндігі салдарынан, кларитромицинді пациенттердің төмендегі топтарына сақтықпен қолдану керек:
• Жүректің ишемиялық ауруы, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, өткізгіштіктің бұзылуы немесе клиникалық маңызды брадикардиясы бар пациенттерде.
• Гипомагниемия сияқты электролиттік теңгерім бұзылулары бар пациенттер. Кларитромицинді гипокалиемиясы бар пациенттерге бермеген дұрыс («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
• QT аралығының ұзаруымен астасатын медициналық препараттарды параллель қабылдап жүрген пациенттерде («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
• Кларитромицинді астемизолмен, цизапридпен, пимозидпен және терфенадинмен бір мезгілде тағайындау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
• Кларитромицинді QT аралығының туа біткен немесе жүре пайда болған ұзаруы бар немесе сыртартқысында қарыншалық аритмиялары бар пациенттерге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Пневмония.
Streptococcus pneumoniae макролидтерге төзімділігінің дамуына байланысты, Клацид® СР препаратын ауруханалық емес пневмонияны емдеу үшін тағайындаған кезде сезімталдыққа тест жүргізу маңызды. Ауруханалық пневмония жағдайында Клацид® СР препаратын басқа сәйкесінше антибиотиктермен біріктіріп қолдану керек.
Тері мен жұмсақ тіндердің ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа инфекциялары.
Мұндай инфекциялардың анағұрлым жиі кездесетін қоздырғыштары Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes, болып табылады олар да макролидтерге төзімді болуы мүмкін. Сәйкесінше, сезімталдыққа зерттеу жүргізу қажет. Егер бета-лактамдық антибиотиктерді пайдалану мүмкін болмаса (мысалы, аллергияға байланысты), клиндамицин сияқты басқа антибиотиктер алғашқы таңдау препараты болуы мүмкін. Қазіргі кезде макролидтер тек тері мен жұмсақ тіндердің Corynebacterium minutissimum-нен туындаған инфекциялар, кәдімгі безеу және тілмелі қабыну сияқты жекелеген инфекцияларын емдеу үшін және, пенициллинмен емдеу мүмкін болмаған жағдайларда ғана пайдаланылады.
Егер анафилаксия, Стивенс–Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз және эозинофилиямен және жүйелі көріністерімен қатар жүретін (DRESS) терінің дәрілік реакциясы сияқты аса жоғары сезімталдықтың жедел ауыр реакциялары байқалса, Клацид® СР препаратын қолдануды дереу тоқтату және сәйкесінше емдеуді бастау керек.
Клацид® СР препаратын СYP3A4 цитохромы ферментінің индукторларымен бір мезгілде сақ болып тағайындау керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін араңыз).
Сонымен қатар, линкомицин мен клиндамициннің арасындағы сияқты, кларитромицин мен басқа макролидтік препараттар арасында да айқаспалы резистенттіліктің болуы мүмкіндігін ескеру керек.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер).
Клацид® СР ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Клацид® СР препаратын басқа статиндермен тағайындаған кезде сақтық таныту керек. Клацид® СР мен статиндерді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиздің туындағаны туралы мәліметтер бар. Миопатияның белгілері мен симптомдарын анықтау мақсатында пациенттердің жағдайына мониторинг жүргізу қажет. Егер кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қолдану аса қажет болса, статиннің ең төменгі тіркелген дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A метаболизміне байланыссыз статинді, мысалы, флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Пероральді гипогликемиялық дәрілер /инсулин.
Клацид® СР препараты мен пероральді гипогликемиялық дәрілерді (сульфонилмочевина туындылары сияқты) және/немесе инсулинді бір мезгілде қолданғанда елеулі гипогликемия туындауы мүмкін. Глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Пероральді антикоагулянттар.
Клацид® СР препаратын варфаринмен бір мезгілде қолданғанда күрделі қан кетудің туындауы және ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынас) көрсеткіші мен протромбиндік уақыттың елеулі арту қаупі бар. Клацид® СР препараты мен пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда ХҚҚ көрсеткіші мен протромбиндік уақытты жиі бақылау қажет.
Қосымша заттар
Клацид® СР құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер аталған препаратты қабылдамауы тиіс.
Кларитромициннің босап шығуы өзгертілген таблеткаларының құрамында 1 таблеткасында 15.3 мг натрий бар. Егер, натрий тұтынылуы бақыланатын диета ұстанып жүрген пациенттер босап шығуы өзгертілген 2 таблетканы күніне бір рет қабылдаса, натрийдің жалпы мөлшерін (жалпы алғанда 1 қабылдауда 30,6 мг) ескеру керек.
Жүктілік және лактация
Жүктілік
Кларитромициннің жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Осы себепті, Клацид® СР препаратын жүктілік кезінде пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият талдап алмай қолдану ұсынылмайды.
Лактация кезеңі
Клацид® СР препаратының бала емізу кезіндегі қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ. Кларитромицин ана сүтімен шығарылады.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кларитромициннің көлік құралын және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы мәліметтер жоқ. Көлік құралдарын және механизмдерді басқару алдында Клацид® СР препаратын қолданған кезде туындауы мүмкін бас айналуы, вертиго, сананың шатасуы мен бағдарсыздықтың туындау мүмкіндігін ескеру керек.
Артық дозалануы
Симптомдары:
Қолда бар есептер, кларитромициннің көп мөлшерін ішу арқылы қабылдағанда асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялар күтілетінін көрсетеді. Сыртартқысында биполярлық бұзылысы бар, 8 грамм кларитромицинді қабылдаған бір пациент туралы мәлімет бар, содан кейін онда психикалық жай-күйдің өзгерісі, параноидальді мінез-құлық, гипокалиемия және гипоксемия туындаған.
Емі:
Артық дозалануымен қатар жүретін жағымсыз реакцияларын сіңірілмеген препаратты дереу элиминациялау жолымен және демеуші емнің көмегімен емдеу керек. Басқа макролидтерге қатысты жағдайдағы сияқты, гемодиализ немесе перитонеальді диализдің қан сарысуындағы кларитромицин мөлшеріне елеулі әсер ету ықтималдығы аз.
Үйлесімсіздігі
Ақпарат жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
7 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада.
1 немесе 2 пішінді қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25° С-ден аспайтын температурада сақтау қажет.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Аббви С.р.л., Италия
С.Р. 148 Понтина KМ 52, СНС - Камповерде ди Априлия (лок. Априлия) - 04011 Априлиа (ЛТ)
Тіркеу куәлігінің иесі
Абботт Лабораториз ГмбХ, Ганновер, Германия
Қаптаушы
Аббви С.р.л., Италия
С.Р. 148 Понтина KМ 52, СНС - Камповерде ди Априлия (лок. Априлия) - 04011 Априлиа (ЛТ)
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Абботт Қазақстан» ЖШС
050059 Алматы қ., Достық д-лы, 117/6, Хан Тәңірі 2
тел.: + 7 727 244 75 44, факс: +7 727 244 76 44,
e-mail: pv.kazakhstan@abbott.com
SOLID 1000297883 v 6.0